180
аппараты бұзылған, күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектерге алған
білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Ерекше білім беру қалыпты дамыған құрдастарымен бірге оқитын ерекше балалар үшін
білім беру нәтижелерінің мақсаты мен оны түсінудегі өзгерістерді неғұрлым толық көрсетеді.
Білім беру нәтижелерін бағалауды өзгерту бағыттарының бірі даму мүмкіндігі шектеулі
балаларға білім берудегі жаңа мақсаттарды қалыптастыратын құзыреттілік тәсілдемесі болып
табылады.
«Құзыреттілік тәсіл» түсінігі оқыту процесінің тұлғада басты және пәндік құзыреттерді
қалыптастыру мен дамытуға бағыттылығын білдіреді. Оқушылардың құзыреттілігін
қалыптастыру тек жаңартылған білім мазмұнын ғана емес, сондай –ақ оқытуды тиімді әдістері
мен технологияларын іске асырумен байланысты.
Әр оқушының дайындық деңгейін, оқытудағы жеке прогресін өлшемшарттық бағалау
жүйесінің көмегімен анықтау білім алушының оқуға талпынысын ғана емес сонымен қатар
мектептегі білім беру процесінің сапасын да арттыруға ықпал етеді. Бағалау жүйесі білім беру
жетістіктерді объективті көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге білім беру процесінде осындай
білім алушыларды психологиялық- педагогикалық қолдаудың одан әрі жасайтын қадамдарын
жоспарлау үшін негіз болып табылады. Инклюзивті ортада оқу жетістіктерін бағалаған кезде
білім алушының психикасына мұқият болған жөн, оларға жарақат келтіруі мүмкін
жағдайларды болдырмау керек, ерекше білім беру өажеттіліктері бар балалрды дамытудың
психофизикалық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Осылайша, инклюзивті ортадағы өлшемаралық бағалау ерекше білім беру қажеттіліктері
бар балалардың денсаулығын сақтау мен табысты әлеуметтендіруді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: