Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет170/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  «Бастауыш мектеп» 2001 ж №9, 15  
2.  «Сыныптағы тәрбие» 2005 ж № 7, 8 –11 
3.  Аманжолов С.А. Балалар суреттерін ғылыми негізде зерттеу. 
4.  Бадмаев Б.Ц. Психология в работе учителя – МВЛАДОС, 
 
 
ЕРЕКШЕ ОҚУШЫЛАРМЕН ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН 
ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 
 
Нысаналина Алтынбек Мырзакалиевна
Қандыағаш қалалық №4жалпы білім беретін орта мектебінің коррекциялық класс мұғалімі 
 
Баланың  ақыл-ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, маз-мұнды 
ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті,  еңбек,  ойын  процесінде  жан-жақты  қалыптасады.  Бала 
өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде 
баланың  ақыл-ой  қабілеті,  қасиеттері  және  эстетикалық  сезімдері  қызықты,  маз-мұнды 
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын процесінде жан-жақты қалыптасады. 


253 
 
Ойын – бала өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің алғы шарты. 
Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Халқымыздың ұлы ойшыл - ақыны 
Абай  Құнанбаев  «Ойын  ойнап,  ән  салмай,  өсер  бала  бола  ма?»,-  деп  айтқандай  ойын  бала 
өмірінде  айрықша  орын  алады.  Сәбидің  өмірді  тануы,  еңбекке  қатынасы,  психологиялық 
таным – дағдылары осы ойын үстінде қалыптасады. 
К.Д  Ушинский:  «Ойын  -  балалардың  өз  бетімен  ерікті  атқаратын  іс  -  әрекеті,  ойын 
арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары, жүректілігі, ерік  - жігері қалыптасады»,- 
деген  ой  айтады.  Ойынның,  әсіресе  балалардың  психологиясына  тигізетін  әсері  көп,  ойын 
кезінде балалардың ортамен қарым – қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез  – құлқы 
қалыптасады, ойынның сан алуандылығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, 
шапшаңдыққа баулиды. Ойын арқылы баланың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығы 
өзгереді,  таным  белсенділіктері  қалыптасып,  ақыл  –  ой  процесі  өсіп  –  жетіледі,  түрлі 
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, 
бір  –  біріне  деген  қайырымдылық,  мейірімділік,  достық,  жолдастық,  бауырмалдық,  ортаны 
сыйлау сезімдеріне тәрбиелеуге болады.  
Ойынның  дамуы  бала  психикасының  үдемелі  өзгеруіне  ықпал  жасайды.  Ойында 
психикалық  үрдістер  (таным  процестері):  қабылдау,  зейін,  ес,  сөйлеу,  қиял,  ойлау 
қалыптасады, танымдық қызығушылығы артады – бұл баланың ой - өрісін кеңейту қажеттігін 
туғызады.  Бала  бойында  қалыптасқан  танымдық  процестерді  біртіндеп  дамыту  мақсатында 
ойын түрлерін де біртіндеп күрделендіріп, балаға байқатпай көздеген мақсатқа бұрып отыру 
арқылы  біз  өзіміздің  түпкі  мақсатымызға  жетеміз  –  ол  –  балада  ойын  әрекеті  арқылы 
қалыптасып келе жатқан психикалық үрдістерді біртіндеп дамытып отыру.  Мысалға, сөйлеу 
қабілетін  қалыптастырып,  сөздік  қорын  дамыту  мақсатындағы  ойындар  «Бұл  не?  Қалай 
аталады?» әдістемелік ойынын өткізу үшін әр түрлі суретті 10 - 15 карточка дайындап, балаға 
жеке - жеке көрсетіп, суреттің атауын сұраймын. Бала ойынға белсене араласып, жарыса жауап 
беріп  жатады  –  менің  «жасырын  көздеген  мақсатым»  да  осы,  яғни  баланы  сөйлету,  сөздік 
қорын дамыту. Нәтижесі картаға түсіріледі. 
 
 
 
 
Ойын  үстінде  баланың  сана-сезімі,  еркін,  өзін-өзі  бақылауы,  өзінің  іс-әрекетімен 
салыстыру  қасиеттері  жетеледі.  Қозғалыс  ойындары  арқылы  баланың  зейіні  қалыптасады.  
Зейін  –  адам    санасының  белгілі  бір  затқа  бағыттала  тұрақталуын  көрсететін  құбылысты 
айтады. Адамға тән әрекеттің кекелген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. 
Зейін туралы орыс педагогы К.Д.Ушинский былай деген: «Зейін адам санасынан қорытылып 
өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек бұл 
есікке  ілімнің  бірден  бір  сөзі  соқпай  өте  алмайды,  егерде  ол  соқпай  өтсе,  онда  баланың 
санасында ештене қалмайды». 
Сондай - ақ, кімде – кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой 
қабілетін дамытуы тиіс,», - деп  атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты ойлау қабілетін 
арттыруға  арналған  «Сен  білесің  бе?»,  «Бұл  қай  кезде  болады?»,  «Суреттерді  аяқтайық» 
ойындары. 
Ойынды  тек  баланы  алдандыру,  ойнату  әдісі  деп  қарамай,  жас  ерекшеліктеріне  сай 
олардың  көзқарасының,  мінез-құлқының  қалыптасу  құралы  деп  қарап,  тиімді 
пайдаланғанымыз жөн. 


254 
 
Психологтардың айтуынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде, еңбекте де сондай 
болады.  Ойын  –  адамның  өмір  танымының  алғашқы  қадамы.  Дидактикалық  ойын  – 
балалардың  оқу  әрекетін  жандандырып,  оқуға  деген  ынтасын  арттыратын  маңызды  құрал. 
Оның  нәтижесі  –  балалардың  білімді  игеруде,  ақыл-ой  қызметін  дамытуда,  өзара  қарым-
қатынас  жасауда  жеткен  жетістіктерінің  көрсеткіші.  Әрбір  сабақта  тиімді  әдіс-тәсілдерді 
пайдалануға,  түрлендіріп  ұйымдастыруға  тырысуымыз  қажет.  Сөздік-қимылды  ойындар, 
мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  санамақтар,  тақпақтар,  ертегілер  және  суретті  кітапшалар 
қолдану  балалардың  қиялын  шарықтатып,  дамытады.Тіл  дамыту,  көркем  әдебиет 
сабақтарында “Ғажайып қоржын”, “Кім не істеді?”, “Дыбысына қарап таны”, “Төлдерін ата”, 
т.б. ойын түрлерін пайдалану арқылы балалардың сөздік қоры молайып, есте сақтау қабілеті 
дамитынын  байқаймыз.Математика  сабақтарында  қолданған  “Кім  тапқыр?”,  “Сиқырлы 
сандық”,  “Қай  сан  жоқ?”,  “Тез  жина”,  “Қай  пішін  жоқ?”  сияқты  ойындар  барысында 
қызығушылығы  туып,  белсенділігі  артатынын  және  логикалық  ойлау  қабілеті  дамитынын 
аңғарамыз. Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер мұғалім ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол 
балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады.  
 
 
 
А.П.Усова  былай  деп  атап  көрсетті:  «Балалардың  өмірі  мен  іс-әрекетін  дұрыс 
ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның 
өзара  қарым-қатынастары  формаларында  жүзеге  асырылатын  себебі  сол,  бала  мұнда  өмір 
сүруді  үйренбейді,  өз  өмірімен  тіршілік  етеді».  Ойынды  балалар  өмірін  ұйымдастырудың 
формасы  ретінде  пайдалана  отырып  алдымен  солардың  ортақ  мүддесін  бағыттап  және 
дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. 
Ойын-тәрбие  құралы,  ақыл-ойды,  тілді  ұстартады,  сөздік  қорды  байытады,  өмірді 
танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет