249
балалардыңойлау қабілеттерін, ой-өрісі аясын кеңейтіп, сөйлеу қабілеттеріндамытуды назарда
ұстау абзал.
Жанұя ортасы - әр бала үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, үлкен өмірге аттандыратын
мейірімді биік тұғыр. Гүл күнге қарап өсетін сияқты, бала да мұғалімнің мінез-құлқына қарап,
ер жетеді. Мұғалімдер ең алдымен өзі үлгі болатындай етіп, өз-өзін тәрбиелеуі керек. Әр
баламен жеке дара жұмыс жасап, әңгімелесіп, сырласу ғанибетті іс, ол табиғи болуы
қажет.Олардың жылы жүрегі, мейірімді жүзі, аялы алақаны, ыстық құшағынан балаға дүние
есігі ашылады. Әр мұғалімнің бойында, балаларға деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімі,
елеулі рухани күштің, сезім сұлулығы мен мінез байлығының, өмірдің әр қырының жағымды
үлгі-өнегесі болуы шарт.
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептерде оқитын оқушылар тез
шаршағыш болып келеді,сөйлеу тілідамымаған, сөздік қоры өте аз, дыбыс шығарулары дұрыс
емес, айтқан сөздері түсініксіз болады.Қоршаған ортаның сөздерін ұғынуға қиналады. Баланы
ұжымдық рухта тәрбиелеу, оның өз тәртібін, жеке басының жауапкершілігін тәрбиелеуді,
барлық оқу міндеттерін орындауды талап етеді.Әсіресе, есту қабілеті бұзылған балаға
мұғалімнің сабақта қалыптасқан қарым-қатынас стилінің тәрбиелік маңызы зор. Мұғалім мен
оқушының сабақ үстіндегі қарым-қатынасын, олар балалар арасында үстем болатындай етіп
ең жоғарғы адамгершілік қарым-қатынастар түрінде құрудың маңызы өте зор. Арнайы
мектепте мұғалімнің оптимизмі, оның оқушы мүмкіндігіне деген шексіз сезімі, бала
бойындағы жақсы қасиеттерге сүйенеді. Мұғалімдердің қарым-қатынас стилі ең алдымен,
оның қояр талабының мазмұнынан, балаларды іс-әрекетке ынталандыру мен бағалай білу
жүйесінен байқалады. Мұғалім әр сабақта балалар арасында өзара қарым-қатынастарын
қалыптастыруға, балаларды бір-біріне ынталы болуға үйретуге, бірге еңбектенуге, бір-біріне
көмек беруге, өзі мен өз жолдастарының жетістіктері мен кемшіліктерін дұрыс бағалай білуге
бағытталған талаптар қояды. Бұл үшін мұғалім әр түрлі тәсілдер қолданады. Мысалы, сабақ
үстінде бір оқушының орындаған жұмысын бүкіл сыныпқа тексеру арқылы бағалатады.
Жолдастары кеткен қателерін көрсетіп, нақты бағасын қояды. Тапсырманы тексерудің мұндай
әдісі, балалардың өз-өзіне, бүкіл ұжым ісіне деген жауапкершілік қасиетін арттырады.
Тәрбие жүйесіндегі тиімділік көрсеткіштерінің бірі- бала адамгершілігінің дамуы, оның
рухани адамгершілік дүниесінде елеулі өзгерістер болуы тиіс.Арнайы мектептерде
оқытылатын оқушылардың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін, оның
дербес әрекеттері ерекше маңызды. Адамгершілік қасиеттердің жетілуі - тәрбие жүйесінің
нәтижесі және тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі критерийі.Оқушылардың сабақ үстінде
мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қарым-қатынаста отыруы нәтижесінде баланың
адамгершілігі қалыптасып, өмір тәжірибесі баи түседі. Оқушылардың тебіреністері, олардың
қуаныштары мен реніштері, ең алдымен оқуға байланысты. Сондықтан, арнайы мектептерде
өтетін сабақта тәрбие үдерісінің барлық негізгі элементтері, мақсаты, мазмұны, құралдары,
әдістері, ұйымдастырылуы өзара әсер етеді. Сабақта мұндай оқушыларды
тәрбие беру сәттері
ғана емес, бүкіл оқыту үдерісі тәрбиелейді. Сабақта адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігі сабақ
мазмұны, оның ғылымилығы, идеялылығы, мұғалімнің жұмыс әдістері мен тәсілдерінің
адамгершілік-экономикалық
қуаты,
сабақта
мұғаліммен
оқушылардың
арасында
қалыптасатын өзара қарым-қатынас стилі, мұғалімнің жеке басының адамгершілік
қасиеттерінің бағыттылығы, оның оқытатын материалдарға қатынастарын қамтамасыз етеді.
Сабақ үстінде оқушылар арасында белгілі бір іскерлік және адамгершілік қатынастар үнемі
туып, пайда болып отырады.
Сабақтарда жүргізілетін дидактикалық ойындардың да тәрбиелік мәні өте зор. Бұл
жағдайда балалардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыру формасы тәрбиелеуші фактор болып
табылады, мұнда оқушылар бір-бірімен араласып,ортақ жауапкершілікті көтеріп, бір-біріне
көмектеседі, тапсырмаларды шеше алмай жатқанда бір-біріне жандары ашиды. Міне, осы
жағдайды арнайы мектептегі педагог, балалар арасындағы жолдастық, ізгі ниеттік
қатынастарды қалыптастыруға, әдептілік және жолдастық сезімді тәрбиелеуге пайдаланады.
250
Еңбек сабақтарында балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы өте зор.Онда мұғалімнің
міндетіне оқушыларды еңбек қарым-қатынасына, еңбек мәдениетіне, еңбекке дұрыс көзқарас
және еңбек етудегі жауапкершілік, бірлесе жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық қатынас
жасауға тәрбиелеужатады.Сабақта өздері жасайтын бұйымдар балаларға өте көп тәрбиелік
ықпал береді. Бұл бұйымдардың әдетте, белгілі бір тәжірибелік құндылығы болуы тиіс,
оқушыларға немесе басқа адамдарға пайда келтіруі тиіс. Дамуында ахауы бар оқушы өз
еңбегінің нәтижесін, яғни жасаған бұйымдарын жолдастары немесе мұғалімі бағалайтынын
білгенде, ол өз жұмысының сапасына жоғары талап қойып, өз жұмысын көрсетуге ұялмайтын
болып істеуге ұмтылады, талпынады.
Арнайы мектептердің зерттеу жұмыстарынан, естімейтін және нашар еститін
оқушыларды еңбек саласының әр түрлі қызметіне немесе іс-әрекеттеріне бейім екенін көруге
болады. Оқушыларды еңбек тәрбиесіне араластырудың маңызы өте зор. Сондықтан,
психологиялық және тәжірибелік көмекші мектептерде оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің
қоғам үшін пайдасы өте көп, әр оқушыға мұғалім еңбектенудің қажет екенін, еңбек арқылы
табысқа жететінін түсіндіру қажет. Еңбекке тәрбиелеуде оқушыларды өнеркәсіптерге, ауыл
шаруашылығына апарып, еңбек түрлерімен таныстырудың маңызы зор. Бұндайда оқушылар
еңбек түрлерімен танысып қана қоймай,
сонымен қатар, еңбек адамдарымен де танысады.
Арнайы мектепте оқушылардың көбі, бейнелеу өнеріне қабілетті болады. Бұл әрекет –
балада әлемді эстетикалық тұрғыдан ұғыну қажеттілігін тудырады, сол арқылы бала бойында
эстетикалық тәрбие қалыптасады. Бейнелеу әрекетінде баланың бақылағыштық, қиял, көру
арқылы азда болса, есте сақтауы, қабылдауы қалыптасады. Сонымен қатар эстетикалық,
алғырлық, өмірден әсемдікті түсіну және бағалай білу қабілеті де қалыптаса бастайды.
Әсемдікті қабылдай білу баланың өмірін байытады, қоғамдық құбылыстардың кез-келген
көріністеріне ынталарын арттыра түседі. Бейнелеу әрекетінің балалардың рухани өміріне,
адамгершілік саласына әсер ету олардың сезімдерді өзгерту және байыту жолымен өтеді.
Бейнелеу сабағында табиғат әлемін оқушыларға эстетикалық тұрғыдан ұғынуды
үйренеді. Балалар суреттерінің мазмұны - бұл баланың бақылаулары, әсерлері мен тілектері.
Эстетикалық, тәрбиенің негізі - оқушылардың қабылдауын, сезуін, көптеген нәрселердің
жақсы жақтарын өнерде, табиғатта, еңбекте, қоғамдық қарым-қатынаста, адамның іс-
әрекеттерінде қалыптастыру.Есту қабілеті бұзылған оқушыларда жалпы оқушыларға
қарағанда эстетикалық дамуы баяуырақ жүреді, сондықтан эстетикалық тәрбие балалардың
ой-өрісін кеңейеді, танымы
белсендіріледі, ерік біршама жетіледі. Сурет салғанда оқушының
моторикасы дамып, есте сақтау қасиеті жақсарады.Оқушылар шығармашылық өнерлерімен
де, мысалы, әдебиет, драма, ән, би, өлең айту, сурет салу арқылы өз бойына эстетикалық
тәрбиені қалыптастырады. Балаларды эстетикаға тәрбиелеу үшін, оларды мұражайларға,
театр-концерттерге,
табиғатқа серуендеуге, көрмелерге апарған жөн.
Серуендеуді оқушыларға жақын және түсінікті құбылыстардан бастау керек. Мысалы,
мектеп мұражайларын, мектепке жақын көшелерде орналасқан завод, фабрика, пошта, дүкен,
кітапхана, дәріхана, балалар бақшасы, клуб, қаладағы шеберхана мен фермаларға
саяхаттаудан бастау керек. Баланың байқампаздығын, қиялын, сезімдерін дамытуға-
табиғаттың ықпалы өте зор.Қазіргі кезде арнайы мектепте оқытылатын оқушылардың оқу
бағдарламасында балаларды әр түрлі серуендерге шығару енгізілген.
Дидактикалық міндеттер оқушылардың ой-өрісін кеңейту, олардың өздерін қоршаған
әлем туралы түсінігі мен білімін, табиғаттың өзара сабақтас құбылыстары туралы білімін
байыту танымдық мүдделерін дамыту міндеттерін шешуге бағыттайды.
Табиғатта серуендеу, оқушыларға өздерін қоршаған аймақтың жер бедерімен,
өсімдіктерімен таныстырып, зерттеуді, оның ерекшеліктерін анықтауды мақсат етеді.
Сонымен қатар мұғалім оқушыларды тәрбиелеуде табиғатты қорғау, оған мейлінше
ұқыптылықпен қарау керектігі туралы әңгімелесуі керек. Дұрысы бұл мәселеге әлдеқайда
кеңірек қарау керек. Табиғатпен араласу - балаларда мейірімділік, қайырымдылық,
сезімталдық қасиеттерін тәрбиелеудің тамаша мектебі. Кімде-кім бала кезінде табиғатқа
немқұрайлы қарап, оның сұлулығын көре алмай, хайуандарға табиғаттағы әлсіз тіршілік иесі
251
ретінде қарап, қамқорлық жасауды үйренбесе, кейін ондай оқушылардың адамгершілік
мейірім күту қиын, өйткені қайырымдылықтың жақын адамға деген нышаны адамға бала
кезінен егіледі ғой.
Осындай балаларға мектептегі тәрбие жұмысында қолайлы әдістерді таңдап алу
оқушылардың жас және психологиялық, дене, дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне,
ақауының күрделілігіне, құрамына тәуелді. Сондықтан есту қабілеті бұзылған балаларға
арналған мектепте жүргізілетін тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске
алған жөн.
Балалардың өздерінің қабілеттерін оқу әрекетінде дамытуға мүмкіндіктері бар.
Мектептегі оқыту мен тәрбиенің арқасында балаларға белгілі қоғамдық тәжірбие беріледі. Оқу
бағдарламасының күрделенген түрлерін меңгере отырып, оқушылардың қабілеттері дамиды.
Білім жүйесін меңгере отырып, балалар сана операцияларын меңгереді және өзінің сана
қабілеттерін дамытады. Дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысы оқушылардың жеке
адам болып қалыптасуының алғы шарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: