Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ



Pdf көрінісі
бет173/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
 
Рән Шынар Әлібекқызы, 
С.Бәйішев жоғары медициналық колледжі 
 
Суда «қалай жүзу керектігін білетін», бірақ өзі жүзе 
алмайтын құтқарушы бола алмайды.  
А.Н. Леонтьев 
 
Адамның  кәсіпқойлығының  қажетті  құраушысы  кәсіби  құзыреттілік  болып  табылады. 
Кәсіби құзыреттілік зерттеушілермен маманды даярлау сапасының сипаттамасы және еңбек 
әрекетінің  нәтижелілігінің  әлеуеті  ретінде  қарастырылады  [1].  Ал  педагогтың  кәсіби 
құзыреттілігі пәндік салада, сонымен қатар педагогика және психология саласында ғылыми-
теориялық  білімдер  жүйесі  кіретін  маман  тұлғасының  сапалық  сипаттамасын  көрсетеді. 
Педагогтың  кәсіби  құзыреттілігі  –  бұл  мұғалімнің  теориялық  білімдер  жүйесі  мен  оларды 
белгілі педагогикалық жағдайларда қолдану, педагогтың құндылықтары, оның мәдениетінің 
интегративті  көрсеткіштерінен  (сөйлеуі,  сөйлесу  мәнері,  өзіне  және  жұмысына  қарым-
қатынасы, т.б.) тұратын көпфакторлы құбылыс [2].  
Маркова А.К. кәсіби құзыреттіліктің төрт түрін көрсетеді: арнайы, әлеуметтік, тұлғалық 
және жеке: Кәсібилікті маманның жетілуінің әр түрлі аспектілерімен сәйкестендіре отырып  
1. Арнайы, немесе әрекеттік кәсіби құзыреттілік әрекетті жоғарғы кәсіби деңгейде меңгеруді 
сипаттайды. Ол тек арнайы білім ғана емес, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдана алуды 
білдіреді.  
2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас 
тәсілдері мен бірігіп кәсіби өзара әрекеттестікті қолдану жолдарын меңгеруді сипаттайды.  
3.  Тұлғалық  кәсіби  құзыреттілік  өзін  өзі  дамыту  мен  өз  ойын  білдіру  әдістерін,  кәсіби 
деформацияға қарсыласу құралдарын меңгеруді сипаттайды. Бұнда маманның өзі кәсіби 
әрекетін жоспарлау, өздігінен шешімдер қабылдау, проблеманы көре алу қабілеті де кіреді.  
4.  Жеке  кәсіби  құзыреттілік  өзін  өзі  реттеу,  кәсіби  өсуге  дайындық,  кәсіби  қартаюға  қарсы 
тұру, тұрақты кәсіби уәждемесінің тәсілдерін меңгеруді сипаттайды.  
Маркова А.К. кәсіби құзыреттіліктің маңызды құраушыларының бірі ретінде өздігінен 
жаңа білім мен біліктерді игеру және тәжірибеде қолдану қабілетін атайды. Ресейлік зерттеуші 
Коточитова  Е.В.  әрбір  блок  келесі  компоненттердің  «өсу  платформасы»  болатын,  алдыңғы 
блокқа сүйеніп құрылатын педагогикалық құзыреттіліктің иерархиялық моделін ұсынады.  
Ресей зерттеушісі Дружилов С.А. педагогтың кәсіби біліктіліктің келесі компоненттерін 
бөледі: мотивациялық-еріктік, қызметтік, коммуникативті және рефлексивті 
Мотивациялық-еріктік  компонент  құрамына  түрткілер,  мақсаттар,  қажеттіліктер, 
құндылық  ұстанымдарыкіреді,  тұлғаның  мамандықтағы  шығармашылық  көріністерін 
ынталандырады, кәсіби әрекетке қызығушылықты қарастырады.  
Қызметтік  (лат.  тілінен  functio  –  орындау)  компонент  жалпы  алғанда  белгілі  бір 
педагогикалық  технологияны  жобалау  және  жүзеге  асыру  үшін  мұғалімге  қажетті 
педагогикалық әрекет тәсілдері туралы білім ретінде көрінеді.  
Коммуникативті  (лат.  тілінен  communico  –  байланысамын,  сөйлесемін)  құзыреттілік 
компонентіне  өз  ойын  анық,  дәл  жеткізу,  сендіру,  дәлелдеу,  талдау,  пайымдаулар  жасау, 
рационалды  және  эмоционалды  ақпарат  беру,  тұлға  аралық  байланыстар  орнату,  өз 
әрекеттерін  әріптестердің  әрекеттерімен  келісіп  жасау,  әр  түрлі  іскерлік  жағдайларда 
сөйлесудің тиімді мәнерін таңдау, диалогты ұйымдастыру және қолдау іскерліктері жатады.  
Рефлексивті  (кейінгі  лат.  тілінен  reflexio  –  қайта  айналу)  компонентке  өз  әрекетінің 
нәтижелері  мен  өзінің  даму  деңгейін,  жеке  жетістіктерін  саналы  түрде  бақылау  іскерлігі; 
креативтілік,  бастамашылдық,  ынтымақтастыққа,  шығармашылыққа  бағыттылық,  өзін  өзі 
талдауға  бейімділік  сияқты  қасиеттері  мен  қабілеттерінің  қалыптасқандығы  жатады. 


259 
 
Рефлексивті  компонент  тұлғалық  жетістіктердің  реттеушісі,  адамдармен  қарым-қатынаста, 
өзін  өзі  басқаруда  жеке  тұлғалық  маңызын  іздеу,  сондай-ақ  өзін  өзі  тануға,  кәсіби  өсуге, 
шеберлікті  жетілдіруге,  шығармашылық  маңызды  әрекетке  және  жұмыстың  жеке  стилін 
қалыптастыруға түрткі болып табылады [3] 
Атақты  неміс  педагог-дефектолог  П.  Шуман  айтқандай,  баланың  психикалық  даму 
деңгейі төмен болған сайын, мұғалімнің білім деңгейі соғұрлым жоғары болуы керек. Берілген 
пікір  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмыс  істеу  үшін  ерекше  білімнің  қажеттілігін 
айқындайды.  Себебі,  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  мұғалімнің  позициясы  өзгереді. 
Мұғалім  өзінің  автономдығын  жоғалтып,  арнайы  педагогпен,  психологпен,  логопедпен, 
әлеуметтік  педагогпен  және  ата-аналармен  өзара  тығыз  әрекеттестікте  жұмыс  істейді. 
Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  педагог  өз  әрекетінде  білім  мазмұнын  бейімдеу,  тұлға 
аралық  қарым-қатынасты  дамыту  сияқты  т.б.  қосымша  міндеттер  мен  қызметтерді  атқару 
керек. Бұған даму мүмкіндіктері шектелген балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді 
ұйымдастыру  бойынша  Әдістемелік  ұсынымдарда  көрсетілген  педгогтарға  қойылатын 
талаптар дәлел:  
−  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  оқитын  сыныпта  қызмет  ететін  бастауыш  сынып 
мұғалімдері мен пән мұғалімдері әрбір оқушының білім алу қажеттіліктеріне байланысты оқу 
бағдарламаларын бейімдеу қажет;  
− сыныптағы мұғалім (сынып жетекші) даму  мүмкіндігі шектеулі  оқушыларға арнайы 
қолдауды келесі бағыттарда қамтамасыз етеді: оқу үдерісі аясында жұмысты ұйымдастыруда 
оқушыларға  көмек  беру;  балалар  ұжымын  қалыптастыру  және  дамыту  (жағымды  қарым-
қатынасты қалыптастыру); ата-аналармен [4].  
Ресей зерттеушісі Самарцеваның Е.Г. пікірінше, педагогтың инклюзивті білім беруге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет