ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫМЕН ЖҰМЫС Салық Гүлдана Асанбайқызы, МДҰ «Дони» балабақшасы
Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен,тұқым
қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарыынан қаршадай бастарынан қасірет дертке
шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.Әрбір елде мүмкіндігі
шектеулі балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет
ететін жандар.Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті
мәселелердің бірі.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан
кедергісіз аймаққа айналуы тиіс Ондай жандарға қамқорлық көрсетілуі керек-бұл біздің қоғам
алдындағы үлкен парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады».,-делінген Елбасы Н.
Назарбаевтың биылғы жолдауында. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру
қызметтерін Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің ҚР білім беру заңында
белгіленген тәртіппен арнаулы ұйымдар психологиялық педагогикалық түзеу кабинеттері
қызмет көрсетеді