Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН  БАЛАЛАРМЕН



Pdf көрінісі
бет19/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

 
 
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН  БАЛАЛАРМЕН  
ОҚУ ҮДЕРІСІН БЕЙІМДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
А.Б.Сарсекенова,Ж.Т.Балапанова, 
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Атырау облысы бойынша ПҚБАИ
С.К.Жанесеева
Атырау қаласы, №37 орта мектеп 
 
Инклюзивті  білім  беру  инновациялық  жолдармен,  қажетті  жаңа  технологияларды 
қолдануда  болашақта  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  білім  алуда  еш  кедергі  келтірмеуіміз 
керек.  Инклюзивті  білім  берудің  маңызды  міндеттерінің  бірі  болып  оқушылардың  оқудағы 
қажеттіліктерін ескере отырып оқу процесін нәтижелі ұйымдастыру, білім алу жағдайларын 
жасау  табылады.  Ерекше  назарды  инклюзивті  сыныптарда  оқыту  процесін  қамтитын  оқу 
жоспарлары мен оқу бағдарламаларына аудару керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы 
мектептерде оқытуды қолдайтын, қалыпты сыныптардың мұғалімдерінің ойынша балаларға, 
оқу  бағдарламасын  меңгеруде  қойылатын  талаптарды  жеңілдету  керек.  Олар,  балалардың 
танымдық  процестеріне  сүйене  отырып  көмек  беру  қажеттілігін  түсінгенімен,  инклюзия 
жағдайында  оқу  процесін  ұйымдастырумен  байланысты  арнайы  білімдерді  меңгермеген. 
Тәжірибеде  оқу  үлгермеушілігі  мәселесі  пайда  болады,  өйткені  даму  ауытқушылығы 
жағдайында  оқу  материалын  меңгертуге  мүмкіндік  беретін  әдіс-тәсілдер  дұрыс 
пайдаланылмайды.  Мұғалімдер  оқу  тапсырмаларының  мазмұнын  жеңілдету  мен  ата-


22 
 
аналардың көмегіне жүгінгенді дұрыс көреді. Нәтижелердің жоқтығы түсінбестікке әкеледі, 
мұғалімде  мүмкіндігі шектеулі  бала  оқуға  қабілетсіз  деген  пікір  қалыптасады,  осылай  бала 
өзін жайсыз, шеттетілген және «қажетсіз» деп сезінеді.  
Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім  алуына  жасалатын  жағдайлар,даму 
бұзылыстарын түзету  мен әлеуметтік бейімдеу жолдары қарастырылған Стандарт  бойынша 
инклюзивті  мектептерде  оқу  процесі  іске  асырылады.  Еске  салу  қажет,  инклюзивті  білім 
беруде жалпыға білім беру мектебінің баланың дамуына немесе дайындық деңгейіне қандай 
да болмасын талаптар қоюға құқығы жоқ. Мүмкіндігі шектеулі балалар жалпыға білім беру 
сыныбында басқалармен қатар, қосымша үздіксіз түзету көмегін алу арқылы оқып, тәрбиелену 
жағдайында инклюзивті білім беру процесі іске асырылады. 
Инклюзивті  сыныпта  оқыту  процесін  бейімдеу  мен  модификациялау  мәселесіне 
қатысты, Стандартта қолданылатын анықтамалар: 
Жұмыс оқу жоспары – оқушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, типтік 
оқу жоспарының негізінде жалпыға білім беру мекемесі құрастыратын құжат. 
Міндетті оқу бағдарламасы – типтік оқу инварианттық компонентіне кіретін, әрбір оқу 
пәні бойынша білімдер, іскерліктер және дағдылар мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат. 
Вариативтік  оқу  бағдарламасы  –  типтік  оқу  жоспарының  вариативтік  компонентіне 
кіретін, оқу курсы бойынша білімдер, іскерліктер, дағдылар мазмұны мен көлемін анықтайтын 
құжат. 
Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады: жекетұлғалық 
нәтижелер; жүйелі іс-әрекеттік нәтижелер; пәндік нәтижелер. 
Жекетұлғалық  нәтижелер  білім  алушының  тәрбиелік,  әлеуметтену  және  рухани-
адамгершілік,  шығармашылық  және  физикалық  даму  деңгейлерін  психологиялық 
мониторингі арқылы бақыланып, оның портфолиосына жинақталады. 
Жүйелі іс-әрекеттік нәтижелер білім алушының пәндік олимпиадалар, таңдау курстары, 
шығармашылық  оқу  жобаларын  орындау,  сонымен  қатар  басқа  да  зерттеу  іс-әрекеттері 
түрлерінен  жетістіктерімен  анықталады,  оның  портфолиосына  жинақталады.  Пәндік 
нәтижелер  білім  алушының  орта  білімнің  негізгі  мазмұнын  меңгеруде  көрініс  табатын 
білімділік пен іс-әрекеттік дайындықтарымен анықталады.  
Инклюзивті  мектепте  оқыту  процесін  бейімдеу  мен  модификациялау  контекстінде 
арнайы  білім  беру  тәжірибесін  пайдалануға  болады:  нақтырақ,  жаңа  түзету  педагогикалық 
технологияларын 
(А.Т.Баймуратова, 
В.В.Воронкова, 
А.М.Змушко, 
Л.Р.Муминова, 
Л.И.Солнцева  және  т.б.)  және  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларды  интеграциялау  мақсатымен 
құрастырылған жалпы білім беру кешендерін (Н.Н.Малофеев, Л.М.Шипицина, Т.В.Егорова, 
Е.В.Резникова, Н.В.Щевцова, М.Л.Баранова және т.б.). 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  білім  беру  нормативтері  Стандарт  негізінде 
құрастырылған  арнайы  жалпыға  білім  беру  мектептерінің  Типтік  оқу  жоспарларында 
құрастырылған.  Оқу  жоспарлары  мектептерде  оқыту  мен  білімдерді  меңгеру  процестерін 
байланыстырады. Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің Типтік оқу жоспарлары келесі 
міндеттерді шешеді: 
  Стандарт талаптарының деңгейінде мүмкіндігі шектеулі балалардың білімін дамыту, 
ал  интеллект  бұзылыстары  бар  оқушыларға,  мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктеріне  сай 
білім беру; 
  білім  алушылардың,  тәрбиеленушілердің  даму  бұзылыстарын  түзету  немесе  орнын 
толықтыру; 
  білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай дамуға 
жағдай жасау; 
  білім  алушылардың,  тәрбиеленушілердің  физикалық,  психикалық  және  әлеуметтік 
денсаулығын сақтау және шынықтыру. 
  Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің Типтік оқу жоспарларының құрылымына, 
мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  даму  бұзылыстарын  жою,  алдын  алу  үшін,  «түзету 
компоненті» енгізілген. 


23 
 
«Түзету компоненті»  -  арнайы жалпыға білім  беру  мектептерінің оқу жоспарларының 
ерекше  бөлігі.  Арнайы  жалпыға  білім  беру  мектептерінің  Типтік  оқу  жоспарларына,  білім 
алушылардың  даму  бұзылыстарының  ерекшеліктеріне  сай,  түрлі  «түзету  компоненттері» 
қосылады. 
Даму бұзылыстары бар оқушылардың психикалық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері оқу 
жоспарларын 
модификациялауды, 
ерекше 
бағдарламаларды 
пайдалануды, 
оқу 
материалдарының көлемі мен оны өту жылдамдығын өзгертуді талап етеді. 
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу 
мүмкіндіктері  (түрлері)  білім  беру  жүйесінің  қолданыстағы  нормативтік  құжаттарымен 
бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен 
бекітілген жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң 
үлгілік  қағидаларының  18-тармағында  белгіленген:  «Ата-аналардың  немесе  өзге  де  заңды 
өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім 
бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың 
бірлесіп  оқитын  сыныптары  (бір  сыныпта  даму  мүмкіндігі  шектеулі  екі  баладан  артық 
оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген 
толымдылыққа  сәйкес  бұзушылық  түрлері  бойынша  арнайы  сыныптар  ашылуы  мүмкiн. 
Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға 
арналған  түзету  сабақтарын  арнайы  педагогтер  (олигофренопедагог,  сурдопедагог, 
тифлопедагог,  логопед)  жүзеге  асырады.  Жалпы  сыныптарға  қосылған  даму  мүмкіндігі 
шектеулі  балалар  жалпы  білім  беретін  бағдарламалар  бойынша  білім  алады»  [1].  Білім 
бағдарламаларын  бейімдеу  жұмыс  жалпыға  білім  беру  мектебінің  әкімшілігі  мен 
педагогтарының  инновациялық  іс-әрекеті  болып  қарастырылады.  Сонымен  қатар, 
жаңашылдығы  мен  күрделігіне  қарамастан,  бұл  жұмыс  барлық  білім  алушылардың 
құқықтарын  теңестіреді.  Жалпыға  білім  беру  мектептерінің  мұғалімдері  даму  мүмкіндігі 
шектеулі балаларға білім беру мазмұнын білулері тиіс, сондықтан арнайы жалпыға білім беру 
мектептерінің «түзету компоненттеріне» жатқызылатын пәндерді қарастыру керек. 
Типтік оқу жоспарын бейімдеу үшін мұғалім дайындық жұмысын жүргізу керек. 
Мақсатқа жету үшін инклюзивті мектептің мұғалімі келесі міндеттерді шешуі керек: 
1.     Инклюзивтің  сыныптың  барлық  оқушылары  білім  беру  бағдарламасын  меңгеруі 
үшін жағдайлар жасау; 
  білім  алушылардың  мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктеріне  сай  замануи 
технологияларды,  әдістерді,  тәсілдерді,  оқу  жұмыстарын  ұйымдастыру  түрлерін 
қолдану; 
  мүмкіндігі шектеулі балаға қажетті оқу материалын бейімдеу; 
  түрлі  топтағы  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  қажетті  оқу  және  дидактикалық 
материалдарды бейімдеу немесе құрастыру. 
2.     Мектеп қоғамына, құрдастары тобында мүмкіндігі шектеулі баланың бейімделуіне 
жағдай жасау: 
  интерактивті тәсілдер көмегімен сабақтар, сыныптан тыс сабақтар мен іс-шаралар 
ұйымдастыру; 
  әр баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, өзін-өзі таныту қажеттілігін іске 
асыруға, мектептің, сыныптың өміріне қатыстыруға бағытталған жұмыс жүргізу; 
  балалардың  оқу  жетістіктерін,  оқу  және  сыныптан  тыс  іс-әрекет  нәтижелерін 
адекватты бағалау тәсілдерін қолдану. 
Инклюзивті білімнің сегіз қағидаты 
  Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес; 
  әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті; 
  әрбір адам қарым-қатынас жасауға және пікірін айтуға құқылы; 
  барлық адам бір – біріне қажет;  
  түбегейлі білім шынайы өзара қарым – қатынас негізінде жүзеге асады;  


24 
 
  барлық адам бір – бірінің қолдауына, құрдастарының достығына мұқтаж
  әр алуандылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді 
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру 
Оқуға жалпы қабілеттерін дамыту және дамуындағы жеке кемшіліктерді жеңу  
Балалар  мультидпәндік  мамандар  командасының:  логопед,  психолог,  арнайы  педагог 
көмегін қажет етеді.  
Оқушыларды  оқыту  стратегиялары  мен  әдістерін  таңдау  оқушылардың  танымдық 
қызметі мен жұмыс қабілеттілігі ерекшеліктерімен анықталады.  
Сараланған  тәсілдеме  олардың  білім  мазмұнын  меңгеру  мүмкіндіктерінің  біртекті 
еместігімен айқындалатын айрықша білім алу қажеттіліктерін есепке алуды қарастырады.  
Оқу бағдарламаларын құруда сараланған тәсілдемені қолдану ақыл-ой кемістігі бар білім 
алушыларға  жеке  даму  әлеуетін  жүзеге  асыру  мүмкіндігін  бере  отырып,  мазмұнның 
әралуандығын қамтамасыз етеді. 
Жоғары оқу уәждемесін қолдау үшін оқушыларда өзіне деген сенімділік және барабар 
өзін-өзі  бағалау  қалыптастыруда  педагог  оқыту  процесінде  әр  баланы  табысты  жағдаймен 
қамтамасыз  етуі  қажет.  Оқуға  тұрақты  уәждемені  қалыптастыру  балалар  жетістігін  ерекше 
түрде ұйымдасқан бағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін:  
  оқушылар жетістігін салыстырудан аулақ болу;  
  оқушының жетістігін оның өзінің алдыңғы жетістіктерімен салыстыру;  
  бағаның ашық сипатты түрін қолдану;  
  мұғалімнің бағасын оқушының өзін өзі бағалауымен үйлестіру өте маңызды болады.  
Оқытудың жақсы нәтижелерін талқылауда оқушылар жетістігінің себептерін (тырысу, 
зер  салу,  шыдамдылық,  ұйымдасқандық,  яғни,  адам  өзінде  өзгертуге  қабілеттілірдің  бәрін) 
атап көрсетуге болады. Оқушының сәтсіздігін талқылауда ішкі тұрақты факторларды (мінез, 
қабілеттілік деңгейі және т.б.) көрсетпеуге тырысу керек.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет