Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет229/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

 
 
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ  
СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
Тулебаева Г.Б., Саликина П.М., 
Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған 
балалар мектеп-интернат-колледжінің сурдопедагогтары 
 
Дамудың  ең  жоғарғы  сатысы  ойлауға  қол  жеткізген  биологиялық  түр  ретінде  адам 
ойындағысын, таным-түсінігін тіл арқылы  жеткізеді, жарыққа шығарады, әлемнің санадағы 
бейнесін қалыптастырады. Яғни, адамдар  бұл бейнелерді қалыптастыруда  тілді пайдаланады, 
бір-бірімен қарым-қатынасқа тіл арқылы түседі. 
Естімейтін  балалардың  сөйлеу  қабілеттерінің  негізін  қалыптастырудың  мәселесі  
саңырау  балалардың  тілін  дамыту  туралы  сұрақтарды  қарастырудан  бастауды  талап  етеді. 
Көптеген зерттеулерде (Л.С.Выготский,1983;  М.И.Лисина,1974;  
Д.Б. Эльконин, 1958)  баланың осы мезеттегі бас әрекетіне яғни, тілдің жаңа функциясы 
және тілдік құралдардың қажеттілігін туғызатынына байланысты екенін көрсетеді. 


331 
 
Естімейтін балалардың тілінің даму заңдылықтары  мен кезеңдерін талдай келе, баланың 
сөйлеу тілін дамыту үшін қажетті жағдайларды бөліп қарастыруды көрсетеді: 
1.  Жаңа білім сияқты сөйлеу қабілетін дамыту, оның осы даму кезеңіндегі  бас әрекетімен 
тығыз  байланысты  болу  керек.  Жаңа  әрекет  түрі  сөйлеу  қабілетінің  жаңа 
құрылымдарын қалыптастыруға тиімді жағдай туғызатындай болу керек.Яғни,пәндік 
сағаттардан  басқа  мектеп  ішілік  кез-келген  шара,  тәрбие  сағаттары  тақырыпқа 
байланысты арнаулы мақсатымен қатар баланың сөйлеу тілін дамытуға бағытталғанын 
педагогтар естен шығамаулары керек. 
2.  Сөйлеу қабілетін қалыптастырудың ең бастысы - сөздік қарым-қатынасқа қажеттілікті 
туғызу. 
3.  Сөйлеу қабілетін дамыту үшін олардың еліктеуіне үлгі болып табылатын ересектердің 
араласуы, олардың сөздерінің нақтылығы мен баланың жас ерекшелігіне сай ұғымды 
болуы. 
Естімейтін  балалардың  сөйлеу  қабілеттерін  дамыту  үшін    ең  маңызды  орынды    жеке 
тұлғаның  жеке-психикалық қасиеттері алады. Яғни, қоршаған ортаға деген қызығушылығы 
(пәнге,  құбылысқа,  ортада  болып  жатқан  жәйттергет.б.),  оның  қарым-қатынасқа  түсуі  мен 
көпшілдігі.  Сонымен  қатар  орталық  жүйке  жүйесімен  байланысты  жұмысқа  қабілеттілігі, 
шаршауы анықтаушы роль атқарады. 
Дегенмен саңырау балалар үшін тіл мен тілдік  қабілетінің дамуына қажетті жағдай 1) 
сақталған есту қабілеті және 2)  сөйлейтін ортада болулары және олармен қарым-қатынасы. 
Қазіргі  жағдайда  естімейтін  балалардың  тілін  дамыту  арнайы  сурдопедагогикалық 
әдістерді қолдану барысында жүргізіледі. Сурдопедагогикадағы естімейтін балалардың  тілдік 
қарым-қатынасын  түрлі    әрекет  барысында  қалыптастыру  болып  табылады.  Есту  қабілеті 
диопазонының    болмауы  немесе  аз  қашықтықта  болуы,  қоршаған  ортадағы  адамдармен 
қарым-қатынастың  шектелуі  арнаулы  оқыту  жағдайында  да  сөйлеу  қабілетін  дамытуды 
қиындатады. Сондықтан сақталған есту  функцияларын дамыта және осының барысында ғана 
мұғалімнің сөзіне, сөйлеу мәнеріне есту-көру негізінде еліктеу жолдары арқылы тілін дамыту 
мүмкіндігін кеңейтетіні әр педагогқа белгілі. Бұл орайда есту функцияларының дамуына, ал 
ол өз кезегінде бала тілін дамытудың бірден-бір таптырмас құралы – аппаратура екенін баса 
айта кетуім керек. 
Есту  қабілеті  бұзылған  балалар  мектеп-интернат  жағдайында  балалардың  тіл 
белсендіктерін  тудыруға  себепші,  тілдік  қарым-қатынасқа  итермелеуші  жағдайлар  құрумен 
сипатталады.Интернат  жағдайында  тілдік  ортаны  орнату.  Мектеп-интернаттың  барлық 
жұмысшылары балалармен тілдік қарым-қатынасқа түсулері ғана емес, өзінің әр сөзі балаға 
үлгі екенін естен шығармауы тиіс. 
Естімейтін балалардың сөйлеу қабілеттерін дамытушы факторларына тоқталсақ, ол ең 
алдымен    саңырау  баланы  қоршаушылардың  ауызша  тілде  сөйлеулері.    Қарым-қатынас 
практикасында баланың сөздік қоры дамиды, ойларын сөзбен жеткізу тәсілдері мен ойлары 
күрделенеді. 
Сауатты грамматикалық  тілді игеру үшін тілдік қарым-қатынас принципіне құрылған 
пәндік-практикалық әрекетке негізделген  арнаулы оқыту маңызды орын алады. 
Мектептегі  сөйлеу  қабілетін  дамыту    бала  лексикасының  молайуына,    айтылатын 
ойлардың грамматикалық  құрылымы мен олардың мазмұнының күрделенуіне бағытталады. 
Жоғарыда  айтылып  кеткендей  саңырау  баланың  белсенді  тілдік  қарым-қатынасын 
ұйымдастыру маңызды. Және де  баланы тек қана мұғалім немесе өзге де ересектермен ғана 
емес,  бір-бірімен  сөйлеу  арқылы  қарым-қатынасқа  түсуге    итермелеу  керек.  Балаларды 
қатынас кезінде педагогтың сөзінде кездескен фразаларды ғана емес, жолдастарының сөзінде 
кездескен  фразаларды  қолдануға  итермелеу  және  оларды  өзі  құрастыратындай  жұмыс 
түрлерін қарастыру керек. Мысалы, ана тілі сабағындағы «Екі әтеш», «Сабыр ынталы бала» 
әңгіме  және  ертегінің  мазмұнын  айтуға    байланысты  жұмысты  жалпы  оқылған  мәтіннің  
идеялық мазмұнын бейнелейтін сұрақтарға жауап  (балалардың кітаптан тауып оқуы немесе 
өз беттерне жауап беретіндей) беруден бастадық. Кейін осы мазмұн мен әрекеттер арасындағы 


332 
 
жүйелікті  сақтай  отырып,  балалар  мынадай  суреттер  салды.  Ал  осы  суреттерді  пайдалана 
отырып,  өз  ойларын  айтуда  балалардың  тілдік  қорларының  дамуы  мен  сөйлеу  қабілеттерін 
ескердім.  
Естімейтін балалардың сөйлеу тілінің әрі қарай дамуы  олардың қоршаған орта туралы 
терең  білімдеріне  байланысты.  Осы  орайда    пән  аралық  байланыс  та  саңырау  балалардың  
сөйлеу тілін дамытудың бір  жолы болып табылмақ. 
Естімейтін балалардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастыратын сөздік әдістер: а)әңгіме, б) 
түсіндіру, в) сұхбат болып табылады. Осы мезеттердегі сурдопелагогтың сөзі саңырау балалар 
үшін  білімнің  көзі.Әңгімелеу  барысының  құндылығы  азғантай  уақыт  ішінде  үлкен  көлемді 
мәлімдеме жасау.Әңгімелеу барысында педагог  оқулықтағы бар мәліметтерді дәл нұсқасында 
жеткізіп  қана  қоймай,  ол  саңырау  баланың  сөздік  қорын  дамытатын  жаңа  сөздермен 
толықтырулары  керек.  Әңгімелеу    барысы  қалыпты  артикуляциямен  айтылып,  бала 
педагогтың  бетін  толық көріп,  сөзі анық, мәнерлі, ырғақты, барлық орфоэпиялық нормалары 
сақталған болу керек. Мұғалімнің сөйлеу темпі  сөздік материалға және жас ерекшеліктеріне 
байланысты болады. Бастауыш кластар мұғалімінің  әңгімелеуі барысында  педагогтың сөзі 
қалыпты  жәй,  нақты,  бірақ  табиғи  артикуляциямен  болады.  Кейін  оқушылардың  көру-есту 
қабылдауларының  дамуына  сай  мұғалім  сөзі  қалыпты  әңгіме  ырғағына  ауысады.    Педагог 
өзінің сөзін барлық оқушылардың жақсы түсінуін  ескереді, яғни, әр балалардың  есту және 
көрі-есту арқылы қабылдау дәрежесін толық білуі керек.   
Педагогтың саңырау балалармен жүргізілетін қай жұмысы болса да, ол мазмұнды,  нақты 
құрастырылған, көлемі бойынша қысқа болуы керек.  Естімейтін балаларға сай қалыптасқан 
ерекшелік  олар  сұрақтарға  қалыптасқан  жүйелікте    жауап  беруге  дағдыланған.  Сондықтан 
сұрақтардың бірнеше нұсқаларын, олардың тәртіп жүйелерін өзгертіп отыру керек.  Педагог 
үй  тапсырмасын  сұрау  барысында  немесе  өтілген  материалдарды  пысықтау  барысында 
балаларға таныс емес материалдарды алмауы тиіс. Саңырау балаларды бір сұраққа толық та, 
қысқа  да  жауап  беруге  үйрету,  олардың    мектептен  тыс  өзге  ересектермен,құрбыларымен 
қарым-қатынасқа еркін түсулеріне негіз бола алады. 
Естімейтін у балалардың сөздерінің мәнерлі, анық болулары ол сабақта және сабақтан 
тыс барлық жұмысы барысындағы педагог пен тәрбиешінің сөзінің саңырау балаға үлгісінің 
бірден-бір  нәтижесі.  Бұл  жұмыс  жүйелілік  пен    саңырау  баламен  жұмыс  барысында  үлкен 
жауапкешілікті  қамтиды.  Әрине  саңырау  балалармен  жұмыс  барысында  кез-келген  жұмыс 
түрі түзету жұмысымен ұштастырылмаған жағдайда өз нәтижесін де, мағынасын да жояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет