Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ



Pdf көрінісі
бет23/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ  
 
Адылханова Гулмира Аманкелдиевна, 
Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектебі, бастауыш класс мұғалімі 
 
Бүгінгі таңда ерекше білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде 
белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген 
оқушылар  білім  алуда.  Әр  оқуышының  білім  алуда  өз  ерекшеліктері  бар.  Мәселен  әр 
оқушының  эмоционалдық  және  психикалық  таным   процестерінің  дамуы  деңгейі  әртүрлі. 
Десекте  қазіргі таңда  әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру 
өмір  талабы  болып  табылады.Осы  ретте  мектебімізде  әрбір  мүмкіндігі  шектеулі 
оқушының    даму  деңгейі  мен  жас  ерекшелігі  ескеріліп   білім  берілуде.  Бүгінде  еліміздің 
барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім 
беретін  мекттептерде  түзете-дамыта  оқыту  сыныптары  біртіндеп   ашылып  жатыр.    Бұл 
сыныптың  мақсаты:  әр  сыныптағы  ерекше  оқушыларды  бір  сыныпқа  топтастырып,  әр 
оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен 
өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. 
Себебі:  бұл  сыныпқа  кей   мектептерде  әртүрлі  сыныптан  жиналған  оқушылар  оқиды. 
Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес 
білім берілу керек. Үшіншіден білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден мұндай 
сыныпқа  сабақ  беретін  пән  мұғалімдерінің  арнайы  педагогикалық  білім  көлемінің 
аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан – ақ қиыншылықтарға 
тап  болады.  Мұғалімдер  бұл  қиыншылықтарды  субьективті  талдап  бала  дамуындағы 
кемістіктерін  күрделендіреді.  Мұндай  интеграцияның  салдарынан  балаларға   жалпы  білім 
беру жүйесі ретсіз дамуын жалғастырады. 
Ерекше  оқыту  –  барлық  балаларға  мектепке  дейінгі  оқу  орындарында,  мектепте  және 
мектеп  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  береді;  оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды 
және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті 
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Даму  мүмкіндігі шектеулі  балаларға білім беруді 
ұйымдастыру  мақсатында,  типтік  арнайы  білім  бағдарламасы  жасалды.  Онда  балалардың 
мұқтаждықтары  ескеріліп,  білім  алуларын  қамтамасыз  ететін  жалпы  білім  үрдістері 
қарастырылған. Ерекше  оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, 
оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту 
мен  сабақ  беруге  енгізілген  өзгерістері  тиімді  болса,  онда  ерекше  қажеттіліктері  бар 
балалардың  жағдайлары  да  өзгереді.  Ерекше  оқытуды  ашқан  мектептерде  оқыған  балалар 
адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас 
жасауға,  танып-білуге,  қабылдауға  үйренеді.  Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының 
назарын  аударып  отырған  мәселе  балалардың  жеке  сұраныстары  мен  ерекшеліктеріне 
ортаның,  отбасының  қатысуымен  білім  беру  үрдісіне  толық  қосуды  қарастыратын  ерекше 
білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: ерекше  білім 


27 
 
беру  дегеніміз  -  барлық  балаларды,  соның  ішінде  ерекше    балаларды  жалпы  білім  үрдісіне 
толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, 
балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға,  баланың 
түзеу-педагогикалық  және  әлеуметтік  мұқтаждықтарына  арнайы  қолдау,  яғни,  жалпы  білім 
беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға  бағытталған  мемлекеттік  саясат.    Ерекше  оқыту  – 
ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқыту  үрдісін 
сипаттауда  қолданылады.  Демек,  ерекше  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір 
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, 
сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру 
идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір 
сүру жағдайын қалыптастырады. 
Ерекше балалар біздің қоғамда бар - бұл шындық! Және әрбір ата-ана өз баласын дамуы 
қалыпты  балалар  қатарынан  көргісі  келеді.  Сондықтан,  ерекше    білім  беруді  жүзеге 
асырушы,ата  -  ана  арманын  жүзеге  асырушы  -біздер,  ұстаздар!  Бұл  баяндама    Шалва 
Александрович  Амонашвилидің  "Өзіңнің  жүрегіңді  ашу  керек.  Тағы  бір  міндет-мұқтаж 
адамды  шабыттандыру.  Оған  сенім  білдіру  арқылы  шабыттандыру.  Мұндай  педагогика 
мүмкін,  ол  бар  және  де  ол  жағдайларға  тәуелді  емес.Жағдайларды  жасаушы  мен  болып 
табыламын. Мен қайда болсам,менің педагогикам - менің жүрегім,менің санам- сонда" деген 
сөздері арқылы аяқтағым келеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет