32
Арнаулы мектеп мұғалімдерінің басты міндеттері - есту мүмкіндігі шектелген оқушылардың
қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік туғызу болып табылады. Сөздерді байланысқа түсіріп
айта алмайды.Бұл оқу үрдісіндегі ең күрделі мәселе болып отыр. Бірақ соған қарамастан біз
олардың қалдық есту қабілеттерін дамыта отырып, ауызекі сөйлеу және жазу тілін
қалыптастыру, дыбыстардың дұрыс әрі оның түсінікті айтылуын үйрету,сөздерді
байланыстыра айта білу дәрежесінде түрлі жұмыстар ұйымдастырамыз. Әрине бұл
жұмыстарды қазіргі жаңа технология элементтерімен байланыстыра отырып,сабақ өткізу
барысында оқушыларға сапалы білім,саналы тәрбие беру үшін әдістердің тиімді жақтарын
пайдалана білуіміз керек. Сондықтан өзім сабақ беретін сыныптарда қазіргі заманауи
техникалық құралдарды пайдалануда пәнді өзіндік тың ізденістермен толықтыруға талпынып
келемін.
Оқушылар интерактивті тақтаны өте тиімді пайдалана алады.Мен барынша оқытудың
жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып сабақта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп
келемін.
Бұл
оқушылардың
жан-жақты
білім
алып,қоршаған
орта
туралы
дүниетанымдарының кеңейе түсуіне үлкен септігі бар екендігін көріп отырмыз.Осының
нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы артып, өмірді тану белсенділіктері дамиды.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі баланың ертеңгі күні белсенді өмір сүруін қарастыру
жағдайы жан-жақты қарастырылып жатқаны белгілі.Сондықтан да баланың өміріне жақын
тақырыптарды жүйелеп алып,оның қоршаған орта туралы танымдық түсініктерін тереңдете
түсу керек.
Баланың осындай жұмыстардың нәтижесінде өмірден өз орындарын тауып жатуына
септігін тигізіп жатса,біздің мақсатымыздың жүзеге асқаны деп білеміз.Әрине,біз сондықтан
да баланың бойындағы қабілетін дамытуға көп жұмыстар жүргізуіміз керек. Мүмкіндігі
шектеулі баланы оқытып тәрбиелеу,оны өмірге әлеуметтендіріп бейімдеу оңай емес, бірақ ол
үшін ұстаздар жалықпай,ерінбей көп ізденсе,өз мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Специальная школа.Направление и указания для занятий с детьми и подростками,
имеющими тяжелую степень умсвенной ограниченности., 1996 г.
2. «Социальная реабилитация детей с ограничеными возможностями» Акатов Л.И. М,
2004 г.
3. Әбдіғалиев Қ. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі. // Қазақстан мектебі. – 1998.-
№11-12, 24-35б.
4. Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. -
5. №3,4, -1999.
Достарыңызбен бөлісу: