Обөж тақырыбы: 1960 жылдардағы әдебиеттану және сын. Орындаған



Дата24.05.2023
өлшемі19,72 Kb.
#96815
Байланысты:
Әдеби сын. 9 ОБӨЖ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
ОБӨЖ
Тақырыбы: 1960 жылдардағы әдебиеттану және сын.
Орындаған: Мұхаметжан Рабиусұлтанбегім
Тобы: Қазақ тілі мен әдебиеті-401
Тексерген: Айтбаев Бегімжан
Ақтөбе 2022
1960-70 жылдар – Қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың кезеңге лайық шындығын ашуда, поэтикалық формалар /түрді/ мен образды, бейнелеу құралдарын барынша терең тамырлы дамытуда, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір күрделі кезең болды. Позиядағы айтарлықтай жаңа бір құбылысқа айналды. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда жыл келгендей жаңалық сездіре келген Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Шаханов, т.б. ақындар әдебиет есігін өзіндік үнімен, өзіне лайық даусымен батыл еніп, еркін ашты.
Бұл арада 70 жылдан астам уақыт өз өктемдігін жүргізіп келген Кеңестік жүйенің әдебиетіміздің өсу процесіне кері ықпал тигізген әсерін айтып өтпеуге болмайды:
Біріншіден, бес ғасырлық ғұмыры бар қазақ әдебиетінің алтын қоры, бай қазынасы – фольклордың, ауыз әдебиетінің дәстүрі жалғасын таппай дағдарысқа ұшырады.
Екіншіден, Қазан төңкерісінен кейін, көп ұзамай: «Революцияны жақтайсың ба, жоқ оған қарсысың ба?» деген жалауды көтеріп, оған нақты жауап іздеді де, идеялық мазмұнына, әрі шығармашылығына қарай төрт топқа бөлінді.
Біріншісі – Кеңес үкіметіне сеніп, қолына қалам да, қару да алып күрескен Сәкен Сейфуллин, Баймағанбет Ізтөлин т.б. ақындар тобы. Екіншісі – бұл дүниенің болашағына барлай қарап, баянына үлкен ой көзімен қараған Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. ақындардың жұлдызды шоғыры. Үшіншісі – әдебиетке демократтық бағыт ұстаған нағыз бұқарашыл ақындар – Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров. Төртіншісі – еңбекші бұқара, халық арасынан шыққан ел ақындары – Жамбыл Жабаев, Иса Байзақов, Нұрпейіс Байғанин, Нартай Бекежанов т.б. тегеурінді талант иелері.
1937-1936 жылдардағы репрессиядан М.Жұмабаев тұрғыластарының поэзиясы кейінгі ұрпаққа беймәлімдеу болып келді. Лириканың алтын жібінің арқауы үзілді де, поэзияның табиғи арналы ағысына, дамуына кері ықпалын тигізіп, орасан зор залал жасалды. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин поэзиясы да өктемдік қамалына тірелді.
Үшіншіден, заман мен қоғам ағымына байланысты жалаң үгіт-насихаттық поэзияға жол берілді де, адам жанының лирикалары уақытпен үндеспейді дегенге дейін барды.
Төртіншіден, жеке басқа табынушылыққа байланысты басқа елдермен қатар, қазақ лирикасы өзінің табиғи дамуына жол аша алмады.
Төрт түрлі себеп-салдары бар, әлеуметтік жағдайдың салдарынан 30-шы жылдардан 60-шы жылдар аралығы қазақ лирикасының дамуына қолайсыз болғаны анық.
Міне осындай сәтте, 1956 жылы /30.06./ «Жеке адамға табынушылық және оның зардаптарын жою туралы» қаулы жарық көрді де, әдебиет пен өнерде жаңа бір бағыт белең алды. Бұрынғыдай әрбір көркем шығармада міндетті түрде аталатын – Сталин есімінен біртіндеп арыла бастап, шығармашылықта еркіндік, біршама көзқарас бостандығы қалыптаса бастады, ой өрнегінің табиғилығы ірге тепті. Бұл кезең – 60-жылдардың басы еді. Әсіресе, бұрын тұсаулы аттай ғұмырды басынан кешірген поэзияның шоқтықты жанры – лирикаға қанат біте бастады. Жаңадан қуат ала бастаған лирика қазақ әдебиетінің көгіне самғап ұшып, көктемде оралған құстай өз айдынына қонып, аққу қанатын қомдай жүзді.


Ал, 60-шы жылдардың басынан бастап, лирикаға жан бітті. Қазақ поэзиясының туған топырағына алғашқы дәндер де жемісін берді. Қаулап өскен 60-шы жылдар жас ақындары өздерінің «Мені» лирикалық геройларымен, лирикалық тұлғаларымен келді. Олар Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, сәл кейіндеу үн қосқан Мұхтар Шаханов еді.
Лирикада суреткердің, ақынның «мені» азаматтық менге айналып, халықтың көкейкесті ойларына ұласады. Әрбір оқырман лириканы оқып отырып өзі жазғандай сезінсе, немесе, сол көңіл күй өз жүрегімен үндессе, лирикалық туындының діттеген биігінен көрінгені. Лиризм, ойшылдық және психологизмнің ұштаса көрінуі де 60-шы, 70-ші жылдар поэзиясының еншісіне тиген жетістік. Адамның сыртқы пішінінен ішкі жан дүниесіне ену, оның сыры мен сезімін қоса қабат ашу өріс алды.
XX ғасырдың басында Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев поэзияларында лирикалық толғаныс әлеуметтік мәнге ие болса, төңкерісшіл рухтағы ақын С.Сейфуллиннен бастап, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин, Ш.Иманбаеваның лирикалы жырлары уақыт талабына үндесті. Одан кейінгі А.Тоқмағанбетовтың «Бәтиманың хаты», /1928/,Ә.Тәжібаевтың «Сырдариясы» /1936/, Ғ.Ормановтың «Қараймын да асығамын» өлеңі /1930/, М.Хакімжанованың «Азбай күткен жар – алтыны» /1944/, Ә.Сәрсенбаевтың «Ақша бұлты» /1943/», «Сен құрметте оны» /1945/, Ж.Саинның «Есімде Айдар өзені» /1947/, Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» жыры /1948-1954/, Қ.Бекхожиннің «Өзіңе сен, жас ойшылы» /1936/, Х.Ерғалиевтың «Ауылға» өлеңі /1943/ - лирикалы жанрының кезеңдік көркем дүниелері.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет