ТӨлеген айбергенов



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі335,52 Kb.
#7321

Sauap.org 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВ 

 

 

 



ӨЛЕҢДЕР

 

 

 

 

 



Sauap.org 



Ана 

 

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,  



Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.  

Мен ӛзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,  

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.  

 

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,  



Кӛк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.  

Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді кӛк маған,  

Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. 

 

Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,  



Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.  

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,  

Жетім емес кей ананың жетімдігін кӛргенде,  

Кӛз алдымда жас дӛңгелеп булығам да ызадан,  

Маған тіпті сӛз келмейтін ұяттардан қызарам.  

 

Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па кӛп есең,  



О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!  

Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,  

Әлде ӛзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?  

 

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,  



Ӛз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.  

Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,  

Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дӛңгелек.  

 

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,  



Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.  

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,  

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.  

 


Sauap.org 



II 

 

Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың кӛп тілге,  



Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе?  

Ана десе әйтеуір мен ӛзге сӛзді есітпен,  

Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен.  

 

Құлағымда ол үн менің кӛрген емес толастап,  



Ӛйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ. 

Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп,  

Ӛзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп…  

 

Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға.  



Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға.  

Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің,  

Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім.  

 

Ұстаз болдым. Сӛз сӛйлетті болашақтың мінбері,  



Кӛз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді.  

Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені, 

Ӛміріме ӛзің қаққан қоныраудың үндері.  

 

Ӛзің қаққан қоңырауда ӛмір жыры бар екен,  



Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем.  

Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін,  

Ӛйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін. 

 

 



 

Sauap.org 



Бір тойым бар 

 

Бір тойым болатыны сӛзсіз менің,  

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.  

Бірақ... бірақ... Ешкімді де билетпей қайтармаймын.  

Онда ортаға тасталар ұран сондай:  

Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,  

Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,  

Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...  

Сәбилерге ағаны үлгі етемін,  

Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін.  

Менің жарым бұл түні кірпік ілмей,  

Ақ кӛңілімен қуаныш бүртігіндей,  

Омырауынан бір тәуір шайқап есіп,  

Ажырасқанды жүреді қайта қосып.  

Мен ӛзім де ән салам түн ауғанша,  

Менің жаным бұл күнге құмар қанша!  

Бәйгі берем жығылған палуанға да,  

Адалдығы сезіліп тұрар болса.  

Қыз қуатын жігітке ат беремін,  

Жанам деген жүрекке от беремін.  

Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді  

Бір тамаша той қылып ӛткеремін.  

Біздің үйді сол күні бетке ал қауым,  

Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.  

Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,  

Қазанымда бір асым ет қалмауын,  

Мен сӛйтіп бар шаңнан бір сілкінемін, 

Мен сӛйтіп рақаттанып бір күлемін.  

Кім білсін талай күнгі арманым еді, 

Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның. 

 

 

 



Sauap.org 



Өсіп келе жатырмын 

 

Сөзі Т.Айбергеновтікі  



Әні Қ.Сәтиевтікі  

 

Кеудесінде таулардың,  



Кемесінде арманның,  

Жалау етіп ӛрлікті,  

Ескек етіп ерлікті,  

Есіп келе жатырмын!  

Адал терін әрдайым,  

Моншақтатып маңдайым...  

Соқсын дауыл, соқпасын,  

Қиындықтың кӛк тасын,  

Кесіп келе жатырмын.  

Кейде күнмен теңесем.  

Таласып күнмен мен ӛсем.  

Гүл теремін жерімнен,  

Бірге туған елімнен  

Ӛсіп келе жатырмын! 

 

 

 



Sauap.org 



Ұқсаған көктегі ай асқан шамға 

 

Ұқсаған кӛктегі ай асқан шамға –  



Аспанға бейне шоқтан басқан таңба.  

«Жұлдыздан жез шегедей жымыңдаған»  

Шашылған ақ шекердей дастарқанға.  

Кӛк әуе - кӛзі қыздың москвалық,  

Бұлт жатыр биік таудан жастық алып.  

Қаңтардың қалшылдаған қатты аязы  

Барады тәнді үсітіп, тасты қарып.  

Суықтан дала жатыр тымауратқан,  

Мұртына теректердің қырау қатқан.  

Айналып қуғыншы жел жүгіріп жүр,  

Әупілдеп үрген иттей құр аулақтан.  

Аяздан алма жүзі арайланып,  

Жүр ӛне, күзетші шал қора айналып.  

Дәл қазір нені ойлап түр екен ол,  

Телміріп бір нүктеге қарай қалып? 

 

 



 

Sauap.org 



Қырыңда анам қыз күнін 

 

Қырыңда анам қыз күнін  



Қыздырып ӛткен Кегейлі.  

Келем деп қайтып, түз гүлін  

Үздіріп кеткен Кегейлі!  

Су алған сайда әжемнің  

Сырғасы қалған Кегейлі.  

Сырласы қалған Кегейлі,  

Мұңдасы қалған Кегейлі.  

Әмудің арғы бетінен  

Арқалап келдім кӛп ойды.  

Жүректің ыстық отымен  

Мархаббат, қарсы ал, Кегейлі!  

Кӛркімді кӛріп қуанған  

Баладай кемпір-шалдар-ай,  

Алыстан келген нарлар-ай,  

Арыстан кеуде жандар-ай.  

Жаралу шарт па егіз боп,  

Туысқа мен де ғашық ем.  

Тербеліп кеттім теңіз боп,  

Сүйдім де кӛздің жасымен.  

Анаммен тұстас болғандар,  

Әкеммен қиқу салғандар.  

Мендегі ыстық сәлемді ал,  

Мендегі ыстық арманды ал.  

Жанассаң жанда жаз қалар,  

Жарқырай түскен жарықтар.  

Қазылмай жатқан қазбалар,  

Жазылмай жатқан тарихтар.  

Тастыңдар неге бұлақтай,  

Ӛзен-ой басын сағалап.  

Жалынға тиген сынаптай,  

Жастарың кетті домалап.  

Жоқ ем ғой кірбің әкелген,  

Бар еді қандай сыр мұнда!  

Жан досың болған әкемнен  

Айнымай қалып тұрмын ба?  

Шаттыққа толы шақтарды ең  

Ӛткіздім сенде, қыр бастым.  

Сыбдырлап тұрған бақтармен  

Сыбырлап тұрып сырластым.  

Кӛңілі кӛктем кең кеуде  



Sauap.org 

Ағаймен пікір алыстым.  

Жаз келбет жарқын жеңгейге  

Әзілімді айтып таныстым...  

Жүректе ӛкпе назың жоқ,  

Күшті едің шіркін ой неткен!  

Кӛрінді маған алыс боп  

Қасымда тұрған бойжеткен.  

Қайтейін жаны пәк достар,  

Бозбала күндер ӛтті ғой.  

Сақылдап күлген кӛп қыздар  

Арман боп қалып кетті ғой... 

 

 



 

Sauap.org 



Қарай берші, аппағым 

 

Қарай берші, аппағым,  



Кӛңілімді қайтармай.  

Кӛп қой менің айтпағым,  

Жүрген саған айта алмай.  

Кӛз тілімен, кӛріктім,  

Кӛңіліңе салдым ба ой?  

Лағындай еліктің,  

Елең ете қалдың ғой. 

 

 



 

10 

Sauap.org 



Шығанға шұлғып шың басын 

 

Шығанға шұлғып шың басын,  



Қара тал қара тұяқты,  

Кісінеп желмен қимасын,  

Сағынып тұрған сияқты,  

Кейбіреу сылбыр ісімен,  

Етпейді әсер маған түк.  

Міңгірлеп тұрған кісіден,  

Күмбірлеп тұрған бақ артық... 

 

 



 

11 

Sauap.org 



Шараңа суың сыймастан 

 

Шараңа суың сыймастан,  



Теңселіп жатқан теңізсің.  

Теңі жоқ ғажап күй-дастан,  

Тербелген ыстық лебізсің.  

Сілкіле құлай жаздатып,  

Толқыныңмен қағып ӛт.  

Жіберші мені маздатып.  

Кеудеме жалын жағып от.  

Бойыңда туған балаңмын,  

Аяма, теңіз, барыңды.  

Арманын тындап даламның  

Алайын сенен бар үнді.  

Жандардың мынау кӛңілді  

Кемесін, теңіз, тербей біл.  

Тербеліп жатқан ӛмірді,  

Тебіреніп сүйген ел ғой бұл... 

 

 



 

12 

Sauap.org 



Теңізге мынау қарашы 

 

Теңізге мынау қарашы,  



Жетпейді кӛздің шарасы.  

Кеткендей боп тұр астасып,  

Аспан мен жердің арасы.  

Мұнда жоқ кінә-кек деген,  

Мұнда жоқ шет пен шек деген.  

Сан бақыт мұнда бүршіктеп,  

Сан мұрат мұнда кӛктеген.  

Оған жат қайғы-қасірет,  

Айтары ерлік ӛсиет.  

Теңіздің теңіз екенін  

Тану да үлкен қасиет. 

 

 



 

13 

Sauap.org 



Сапар 

 

Кӛк самолет біз мінген,  



Кӛтеріле аспанға,  

Мен де ұқсадым елемнің,  

Кӛк қақпасын ашқанға.  

Алда қазақ даласы,  

Ару қырын гүл басқан.  

Артта Арал жағасы,  

Әмуменен сырласқан.  

Алда қазақ даласы,  

Сансыз малы шулаған.  

Артта Арал жағасы,  

Ақ сазаны тулаған.  

Қыз қылықпен бұралған,  

Жылу құйып жанға тың.  

Құшақ жайып тұр алдан,  

Ай маңдайлы Алматым.  

Ойдың шолып тереңін,  

Жарыса ұшып желменен.  

Аспанына ӛлеңнің  

Алып ұшып мен келем. 

 

 



 

14 

Sauap.org 



Күн - бикеш көкжиектен құлап кеткен 

 

Күн - бикеш кӛкжиектен құлап кеткен,  



Самал жел сыбырлайды құрақты ӛпкен.  

Сүңгітіп тереңіне жұлдыздарды,  

Сақырлап қайнап жатыр бұлақ біткен.  

Тосшы сен құлағынды андай қалып,  

Барады кең дүние әнге айналып.  

Нар қамыс суылдаса жер бауырлап,  

Бақалар тамсанады тандай қағып... 

 

 



 

15 

Sauap.org 



Күлкілер 

 

О, күлкілер, ерке назды күлкілер,  



Сендер барда жүрегімде жыр түлер.  

Сендер барда кӛктемінде шаттықтың  

Аунап-қунап кӛңілім бір сілкінер.  

Сендер барда кӛңіл жайсаң күйге еніп.  

Шердің ӛзі шерленеді именіп.  

Жатады бір сол кездері кеудемнің  

Радиосы тасқын-топан күй беріп.  

Жақсы едіңдер неткен назды күлкілер,  

Болмағай да сәттерің де бір іркілер.  

Ӛз басы үшін жақсы атыңды жамылып  

Кетпесе екен бірақ кейбір түлкілер. 

 

 



 

16 

Sauap.org 



Кегейлі дәптерінен 

 

Кегейлім жердің еркесі,  



Жас жаным толқып тұр менің.  

Бердақтың сүйген ӛлкесі,  

Ажнияз айтқан жыр ма едің?!  

Қаһарман мынау халықтың  

Серті де сенің бетіңде.  

Еңбектен ӛскен алыптың  

Кӛркі де сенің бетіңде.  

Әлемнің жүзін селдеткен  

Жаңбыр күй сенің бетіңде.  

Даланың тӛсін гүлденткен  

Алғыр ой сенің бетіңде.  

Ӛзіңді кӛріп кеудеме  

Дүрсілі қонып жүз аттың,  

Осынау сұлу ӛлкеңе  

Ӛлеңнің қызын ұзаттым...  

Жоныңда әкем жорға атпен  

Жортып бір ӛткен Кегейлі,  

Атаның жолын жалғап мен  

Елтіп бір жеткен Кегейлі. 

 

 



 

17 

Sauap.org 



Отырмын түнді жамылып  

 

Отырмын түнді жамылып,  



Ауылда ояу мен ғана.  

Самалын шайқап сапырып,  

Кереді тӛсін кең дала.  

Естіліп бәсең бақ шуы,  

Тӛгеді нұрын жарық ай.  

Жаңбырдан қалған қақ суы  

Секілді сұйық сары май.  

Нар болып жусап жатыр паң,  

Ӛркешті дала қыр-жоны.  

Қиналтып мені отырған,  

Қиыспай тұрған жыр жолы. 

 

 



 

18 

Sauap.org 



Бақшаға саяхат 

 

Қаласың кірсең бір жасап,  



Тұра алмас бақтар сыр бүгіп.  

Сал самал ӛнін шырқаса-ақ  

Шыға бір келер дүрлігіп.  

Думанға толы ӛмірің,  

Есіңе түсер мүндайда.  

Шаңқобыз тартып кӛңілің.  

Айналар кеудең сырнайға.  

Жаныңда тулап ағындар,  

Қуаныш шоғын жайнатар.  

Тереңдеп кеткен тамырлар,  

Терең ой саған ойлатар.  

Күзетіп құба таңдарды,  

Кӛзіне күміс шық тосқан,  

Сүйем мен талма талдарды,  

Табанын жерге нық басқан. 

 

 



 

19 

Sauap.org 



Дала 

 

Арманың ада болмас арна сенің,  



Туған жер, сірә сенің бар ма шегің?!  

Сен үшін қызыл аяқ қырды кезіп,  

Жалаң аяқ жар кешемін.  

Шаттықтан мінген тӛбем шыңға айналып,  

Тамырлар ток жүретін сымдай жанып,  

Мен саған қарап тұрмын мың ойменен,  

Кӛзім күліп, тіл байланып. 

 

 



 

20 

Sauap.org 



Перзент жыры 

 

Сен менің мәңгілікке ӛлмес атым,  



Атымды ап алыс жылға жалғасатын.  

Әкеде ӛсиет бар ӛмір жайлы,  

Балада қасиет бар алға асатын.  

Сен менің ұшар басым биіктеген,  

Жолыңа тапқанымды үйіп-тӛгем.  

Сен менің дүрсілдеген жүрегімсің,  

Қай нӛрсе сол жүректен сүйікті екен?  

Сен мені ӛскен сайын ойландырып,  

Заңдарын табиғаттың ойға алдырып.  

Бір қадам басқан сайын ӛзің мені,  

Барасың шежіреге айналдырып... 

 

 



21 

Sauap.org 



Махаббат! 

 

Неткен алып, қайратты едің Махаббат!  



Неткен алып, қайратты едің,  

Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.  

Тұсаулап, табандатып тағдырымды,  

Қолына қара кӛздің байлап бердің.  

Кӛп екен ӛмір сыры білгізбеген,  

Жаны пәк таныстым да бір қызбенен,  

Түріліп шаттығымның томағасы,  

Сырласа бастадым ай, жұлдызбенен.  

Кӛз алмай қарай бердім кіл шыңдардан,  

Қиялдан қолын созып құлшынды арман.  

Әйтеуір, сол бір қызға кездестім де,  

Тап болдым қуанышқа тыншымды алған. 

 

 

 



 

22 

Sauap.org 



Өтті ғой, сәулем, ай талай 

 

Ӛтті ғой, сәулем, ай талай,  



Кӛрмедім қанша ӛзіңді.  

Қайталай берем, қайталай, 

Сүйемін деген сӛзіңді.  

Қайтейін жаным аңсады,  

Сабыр да керек десек те.  

Сағынған кӛздің моншағы  

Шашылып жатыр тӛсекте... 

 

 



 

23 

Sauap.org 



Алматыға 

 

Жүрегіме жақын сенің есімің,  



Әкем десем, анам десем несі мін.  

Жарқыраған кӛк тасында кӛшеңнің  

Ізі қалған Сәкен бӛтеңкесінің.  

Жамбыл жыры аспаныңда жаңғырып,  

Әуеніне кетті әлемді таң қылып.  

Алатаудың ақ шыңдары Күләшша  

Күләш әнін қайталайды мәңгілік.  

Жасыл барқыт жапырағы бақтардың,  

Саяңда жүр қүрбылары Саттардың.  

Осындағы талай залдар куӛсі  

Иса еліне жыр тыңдатқан шақтардың.  

Беу, Алматым, тұра алам ба сүйе алмай,  

Келемін мен, келемін мен қиялдай.  

Жас қаламым дірілдейді қиналып,  

Сен жайлы жыр ақ қағазға құя алмай... 

 

 



24 

Sauap.org 



Бір көргеннен адам сыры байқалмас 

 

Бір кӛргеннен адам сыры байқалмас,  



Байқаймын деп бәлкім ешкім айта алмас.  

Кей жандар бар ұйып тұрған қатықтай, 

Анау-мынау қозғағанға шайқалмас.  

Кӛбінше оған аса кӛңіл бӛлмейсің,  

Бӛлсең де оның терең сырын кӛрмейсің.  

Сондықтан да кӛп жағдайда қасыңда,  

Жан сыры мол жан жүргенін білмейсің. 

 

 



25 

Sauap.org 



Барсакелмес 

 

Үрейлі сенің атың «Барсакелмес»,  



Тұрады кӛз алдыңда қаншама елес.  

Қысса да қандай сындар қыспағына,  

Адамның жақсы үміті аңсауы ӛлмес.  

Надандық санасы сап шырмауына,  

Жылдардың жол беріпті зырлауына,  

«Пайдалы нәрсе бермес» «Барсакелмес»,  

Ешбір жан қана алмаған сырларына.  

Тӛсінде сан ғасырлар жан баспаған,  

Күрестер алмаспаған, жалғаспаған.  

Бүгін мен Айға ұшам деп тұрғанымда,  

Сен болдың жүрегімде ән бастаған.  

Сүйдім мен сені туған мекенім деп,  

«Соры бар» сор топырақ шекерім боп,  

Жаныңда жүріппін де, біліппін бе,  

Қойныңда бай қазына екенін кӛп?!  

Кешегі шексіз дала қаймақтанған,  

Мұнайдың кені болдың аймақты алған.  

Кейде мен бар бақытым, Табанымның  

Астында екен ғой деп ойлап қалам...  

«Бұл неткен есімі елге запы мекен,  

Әлде бір соқыр сезім аты ма екен»  

Деп саған кӛп қараушы ем, Жанарымдай  

Жаутаңдап мұнай толқып жатыр екен...  

Еліммен дүниеге аян атым,  

Жаным жоқ гүлдентуден аянатын.  

Кендердің кезі келді, Мен ұстаған  

Бұрғының солқылынан оянатын.  

Оятқан сол кендерді құрбылардың,  

Мен талмай ерлік ісін жыр қылармын,  

Заман бұл.- Дүйім халық Найза емес,  

Ұшымен бақыт тапқан бұрғылардың.  

Жайнатқан «Үшқұдықтың» нұрлы аспанын,  

Бәрі де менің ағам, құрдастарым.  

Ӛмірге қожа болып, дәуір жасап,  

Қиыны, қызығы мол күн бастадым.  

Жалғасқан зәулім кӛкке мұнаралар,  

Бір кӛрсең есіңе ой мың оралар.  

Соғыста болдырмайтын қарауылдай,  

Қасқиып дүниеге тұрады олар.  

Сыпырды сыр – томаға аспанымыз,  



26 

Sauap.org 

Білмейміз биіктеуден басқаны біз.  

Уақыт алыс емес, Әр ашылған  

Жұлдызбен есептелер жастарымыз.  

Толтырып тоғандарды жұлқи ағам,  

Жүйткимін бір қияға бір қиядан.  

Аспанға қанша метр биіктесем,  

Жерге де сонша метр сүңги алам.  

Табынса ата-бабам күн кӛзіне,  

Ол оны санамаған мін де ӛзіне.  

Ал, мен ертең Шолпаннан кӛз тігемін  

Күннен жарық Елімнің күмбезіне.  

Қалайша бүрқап ақпай басылам жай,  

Басқа нұр кӛргенім жоқ асылы ондай.  

Шашырап жатыр сәуле сол күмбезден  

Менің туған далама осынау бай.  

Ойыма бала күннен бермей тыным,  

«Барсакелмес» жанымды тербейтұғын.  

Мен қуанам бүгінгі сол дала үшін,  

Барған адам келгісі келмейтұғын! 

 

 



 

27 

Sauap.org 



Көктем – ол қуаныштың ізгі лебі 

 

Кӛктем – ол қуаныштың ізгі лебі,  



Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі.  

Аспанда жақсылықтың атын жазып,  

Тырналар қатар-қатар тізіледі. 

 

 



28 

Sauap.org 



Ойлай бер мені... 

 

Тағатсыз күткен ыстық үн,  



Жаралы хал ғой – ғашық хал.  

Күйсандық кӛрсең, бір тілін  

Мені ойлап бар да, басып қал.  

Тек қана кӛзге жас алма,  

Ойлай бер мені күніге.  

Махаббаттардың қашанда  

Ойламау жеткен түбіне.  

Жаныма қап ең жақын боп,  

Жүректе бүгін сыздау кӛп.  

Мен болсам кеттім ақын боп,  

Азырақ бақытсыздау боп...  

Жолығар болсам қайта мен  

Сағыныш толы сол шақпен.  

Бәрін де саған айтар ем  

Жалғыз-ақ тамшы моншақпен. 

 

 



 

29 

Sauap.org 



Адамдар 

 

О, адамдар, біргемін мен сендермен,  



Ықыласыңа еш нәрсені теңгермен.  

Сендер менің бақытымның бұлағы,  

Сендер менің дарыныма жел берген.  

Ӛздеріңмен ӛмір шыңын бірге астым,  

Жарты құртты бӛліп жедім, сырластым.  

Дүниеге келгенім жоқ шет жүріп,  

Рақатын ойлау үшін бір бастың.  

Гүлстанға айналдырған тақырды,  

Болат қолдар, алғыр милар ақылды,  

Сүйемін мен, сүйемін мен сендерді  

Алар демім қалғанынша ақырғы.  

Менің үшін бірдей тілің, жынысың,  

Кӛбің ана, кӛбің аға-інісің.  

Достық ӛскен, ерлік ӛскен ортаңа  

Енген сайын кеңи түсер тынысым.  

Не кездессе ӛздеріңмен кӛрмекпін  

Қарапайым адамдары еңбектің!  

Барлығын да бағыштар ем сендерге  

Махаббатын маған берсе жер-кӛктің.  

Қолыңнан қала тұрса тас қаланьіп,  

Құдіретіңе табынса аспан алып.  

Сен жасаған бақытты кӛріп тұрып,  

Сені сүймеу не деген масқаралық.  

Алдымнан кӛрген емес жол кесіліп,  

Келемін демеуіңмен ӛрге шығып.  

О, адамдар, ғапу ет, шалыс бассам,  

Кешіріңдер, Менікі пендешілік. 

 

 



 

30 

Sauap.org 



Мен жүрдім сені күнім деп 

 

Мен жүрдім сені күнім деп,  



Сен бе едің маған құмар шын.  

Қоштасқаныңмен күлімдеп,  

Жылап та жүрген шығарсың.  

Кӛп болды кӛрмегелі де,  

Кӛрдің деп сен де айта алман.  

Сезімнің пернелерінде,  

Кӛгілдір кӛлім шайқалған.  

Солдат боп жүрген кезімде,  

Таң болып талай атты арман.  

Сен салған аппақ қайыңның!  

Жапырағындай хаттардан. 

 

 



 

 


31 

Sauap.org 



Жүрек сөзі 

 

Жолменен жүрем мен ізгі,  



Беремін кӛрік кӛлдерге.  

Арындап жатқан теңізді,  

Ақтарып құям шӛлдерге.  

Ілесіп кӛптің кӛшіне,  

Жайлауға шығам қой айдап,  

Шадыман дала тӛсінде,  

Шалқамнан жатам ой ойлап.  

Шырқаймын шыңға жар салып,  

Жасану үшін жаз дәуір.  

Жаңбырлы күнді монша қып,  

Жуынам бұтқа қазбауыр. 

 

 



 

 

 



 

Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып алуды 

ұмытпаңыз! 

Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны  қалдырмай, 

жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз  авторлық  және 

аралас  құқықтар  туралы  заңға  сәйкес,  барлық  жауапкершілікті  өз 

мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды  жолмен  қол 

жеткізуге шақырады. 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет