Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Филология факультеті ОБӨЖ Тақырыбы: М.Жұмабаев және сын. Орындаған:Мұхаметжан Рабиусұлтанбегім Тобы:Қазақ тілі мен әдебиеті-401 Тексерген:Айтбаев Бегімжан
Ақтөбе2022 Абайдан кейінгі дəуірдің ең атақты ақыны — Мағжан Жұмабаев ХХ ғасырдың қазақ поэзиясында алатын орны алабөтен. Əр заманның өзіндік стилі, қыры, ойшылы, ақын болады десек, ақын – заманының ұлы. Заманның бағыты əдебиетіне əсер етпей тұрмайтыны белгілі. Жаңа идея, тың ой, тосын образдар əлемі дүниеге келе бастайды. М.Əуезов 20-шы жылдардағы əдебиеттің даму сипатын саралай келіп, жаңа дəуір ұсынған бағытты “сыршылдық” деп атады. Сыршылдық – романтизм бағытының негізгі көркем шарттарының бірі. Романтизм «ағылшынша -romanticism, немісше -romantic» – кейіпкерлері əдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм – тарихи құбылыс. Оның əсері айтарлықтай болып, көркем өмірдің барлық саласын, философияны тарих жəне филология ғылымдарын, табиғаттанудың көптеген салаларын, тіпті медицинаны да өзіне бағындырып алды . XVIII ғасыр ортасында «романтика» сөзі ағылшын поэзиясында шығармашылықты таныту мақсатында қолданылады. XX ғасыр басында Б.Күлеев, М.Жұмабаев поэзияларында романтизм биік деңгейде көрінді. Мағжан шығармасындағы романтизмнің көркемдік жүйесі көп десек болады. Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы» (1927ж) мақаласында «Мағжан романтизмге салынып, көшпелі дəуірдің рухын айнаға түсіріп отыр деуге болады» [1. 157 б.] деген пікірінде ақын романтизмнің табиғатын танудың негізі жатыр деп ойлаймыз. Əдебиеттегі романтизмнің қайнары – қазақ халқының көшпелі салтында. Табиғат аясында ғұмыр кешкен халықтың көркем мұрасында асқақ рухта, сыршылдықта, болашаққа жетелеген арман да болатын. Мағжан романтизмі жаңа дəуірдегі қазақтың мұңы мен шерін, арманын, аңсарын дəл көрсетті. Жүректің сөзі – ақынның жан сыры. Романтиктер үшін жан-рух-өте маңызды. Жалпы адамның жан сыры табиғатпен, өнермен байланысты. Ал, шабыт пен ерекше жан сергісін туғызатын махабатты бастан кешіргенде ашылмақ. Демек, адамның шын болмысы күнделікті жағдайлардан емес, рухани қажеттіліктер мен жан сырының қалауымен жүрген кезде ғана танылмақ. . Мағжан нағыз романтик ретінде өмір, өлім, өнер, табиғат, махаббат жайындағы пікірі ерекше. «Батыр Баян» поэмасын — романтикалық деп алуымызға болады. Мұнда ақын жалғыздықты жырлайды. Қалмақ қызының сұлулығын, əсемдігін автор өз сөзімен жеткізгендей болады. Заман мен ақын, тарих пен ақын, ел намысы, махаббат, туыс сезімі жəне қызғаныш сияқты құбылыстармен астастыра жеткізуі «Батыр Баян» поэмасын рухани сеніммен, келешекке көз тіккен үмітпен аяқтауының өзі кез келгеннің қолынан келе бермейтін жай екендігіне көзімізді жеткізеді. Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалық батыр Баян –деп, Баянды өзге батырдан жоғары қояды. Мағжанның поэмасында бар батырлар кездеседі: Хан Абылай, Қанжығалы Бөгенбай, Ер Жəнібек, Жас Жанатай. Поэманың алғашқы жəне соңғы бөлімдерінде Мағжанның толғанысы бар. «Меннен» бастау алған терең лиризм Баянның оқиғасына əдемі үйлесіммен ауысады. Екі жас аттарынан ұшып түсті, Түскенде бірін-бірі құшып түсті. Жүректен атып, ыршып шыққан қанмен Жалғыз-ақ «Ах» десті де «Жаным!» — десті. «Батыр Баяндағы» жүрек шері, сезім толғауы, -Дариға, жазамнан да күнəм басым, Тəңірден кешірім болмас, дегенмен алты алаш кешер»,-деп аласұрған Батыр Баяндағы жан арпалыс байқалады. Романтизм романтизмге келіп, оның жалпы жүрісін өзгертуге əрекет жасап, шамалары жетпей, кейін одан кетуге мəжбүр болған романтиктердің өздерінің жеке бас тарихтарымен де сəйкес келе бермейді. Романтиктер тарих сахнасын əр түрлі кездерде кетті. Бір елде оның ықпалы 20- шы жылдардың өзінде тоқталса, енді бірінде жетістікке жеткен уақыт болды. Бірақ та ғасыр ортасына қарай оны реализм ығыстырып, өткеннің естелігіне айналды. Творчестволық əдіс екеу — романтизм, реализм. Екеуінің де негізгі сипаттарын Ф.Энгельс белгілеп бергені – романтизмді «ерекше жағдайда ерекше характер» жолы ретінде түсіндірсе, реализмді «детальдар шыншылдығымен» қоса, «типтік жағдайда типтік характер жасау» жолы ретінде түсіндіреді. Романтизмді реализмнен бөліп əкетіп, араларына ылғи шек қоя берудің қажеті жоқ. Белинскийше айтсақ, «бір-біріне кереқар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас əдістер». Бұл сөзімізге дəлел ретінде «Гүлсімге» өлеңін саралайық: Ботакөз, сиқырлы сөз, Гүлсім ханым, Əр жерде өткізсек те өмір таңын-деп өз жырларын арнайды. Бұл өлеңнен романтизм мен реализм қатар келгенін байқаймыз. Ақын көптеген кəрі жас ақындар жырлаған мамажай, сылбыр көктемге ұқсамайтын, өзгеше жан. Романтизмнің түп тамыры жайлы айтсақ, толық анықтама берген германдық жазушы Шеллинг болды. Шеллинг «Тамаша бір уақыт еді… адам рухы барынша ашылып,өзін өмірдегі бар еркіндікке жəне оның не нəрсе екендігін емес, не істеуге болатындығын сұрауға толық құқылы еді» — деп жазды. Бұл бағытты біреулер дұрыс түсінсе, кейбіреулері бұрыс түсініп, əртүрлі кереғар ұғымдар пайда бола бастады. Əр заманның өзіндік стилі болады десек, сол стильді жасайтын, дамытатын да, жаңғыртатында – адам. ХХ ғасыр басындағы орыстың бірінші буржуазиялық төңкерісінің қазақ зиялыларына əсері, олардың қауымдасып, ұлт азаттығы жолында саяси, мəдени шараларға көшуі албырт, əсершіл жас ақын лирикасының мазмұнын белгіледі. Табиғаты өзімшіл, сыршыл Мағжан сол іс –шаралар мен идеялардың нəтиежелі боларына сенді, екінші жағынан сол тұстағы қазақ елінің бодандықтағы ауыр халіне наразылық білдіреді. Лирика –көркем əдебиеттің негізгі саласының , жанрының бірі, басты ерекшелігі –адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді .Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын терең оймен суарылған, нəрленген жалынды сезім. [Ахметов З.Əдебиеттану терм-ң сөздігі,Алматы,1996 , 133-б] Мағжанның «Сүйгеніме» өлеңінен лиризмді байқаймыз. Сөзім, көзім айтып тұр сүйгенімді, Қуарған, сарғайған, жүз күйгенімді. Талған жүрек, жүдеген, солған дене- Сүюдің қолына ен тигенімді. Е.Тілешовтың «Суреткер жəне көркемдік əдіс» монографиясында ақынның поэзиясы жайлы, романтизм, реализм, сентиментализм, символизм көркемдік əдістерін кеңінен қарастырған. Негізгі нысан ретінде романтизм болғандықтан, автор ақынның романтизмін қарастыра отырып, ондағы айырмашылық жайлы, заман, уақыт, туу, қалыптасу себептерін айқындайды. Оның еңбегі ақынды арнайы зерттеумен бағалы десек болады.