Обөж тақырыбы: М.Қашқаридің «Түбі бір түркі тілі сөздігіндегі»



Дата14.12.2022
өлшемі19,16 Kb.
#57395
Байланысты:
Әдеби сын. 1 ОБӨЖ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
ОБӨЖ
Тақырыбы: М.Қашқаридің «Түбі бір түркі тілі сөздігіндегі» эстетикалық ойлары. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы сын элементтері.
Орындаған: Мұхаметжан Рабиусұлтанбегім
Тобы: Қазақ тілі мен әдебиеті-401
Тексерген: Айтбаев Бегімжан
Ақтөбе 2022


«Қайырымды, мейірімді Алланың атымен бастаймын» деп, дәстүр ұстап «Түбі бір түркі тілін» жазған Махмұд Қашқари түркілердің адамзат тарихындағы ықпалды орнына айырықша мән береді. Осы бағалы жәдігердің, ауызша сақталған әдебиет үлгілерінің үздік поэтикалық кеңістігі мен қазақтың сөз өнеріндегі түбегейлі тамырластық даусыз. 
«Түркілер өздерінің қатарына қосылғандарды барлық игі тілектеріне ортақтастырып залымдардың зорлық-зомбылықтарынан сақтады. Олардың қаһарынан сақтану үшін түркілердің салты мен жолын ұстау сол заманның ақыл иелеріне дәстүр болып қалыптасты. Қасірет-мұңын түсіндіріп, шағыну үшін түркілерге өз тілінде сөйлеуден басқа жақсы жол жоқ. Өзінің ортасындағы жауларынан жерініп, сыйынып келгендерді түркілер әрқашан қамқор қанатының астына алып, төнген қауіп-қатерден құтқарады. Олармен бірге басқалар да пана табады. Сол себепті түрік тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдеді» 

Махмұд Қашқари кітабында сөз ұстау шеберлігін ұштауда қайнар бұлақтай тіршілік дарытыпотыратын айнала дүние-болмыстың жаратылыс сұлулығын сұқтана жырлау-пейзаждық лирика үлгілері де берілген. 
Шөл дала Көктемде жайқалыпты, Өзгеше таулар басы ой танытты. 
Бар жәйі дүниенің байқалыпты. 
Өрімдей уыз гүлдер шешек атып. 
Өлең үлгісі, құрылымы жаңағы саятшылық өлеңінен басқа. Бәлкім, туған дәуірі де басқа. 
Махмұд Қашқари топтамаға «бәйіт» атауын берген. Сол бәйітке келетіндей өлең. Ұйқасы – аааб. Сипаттауы суреттен басымдау. 
«Сөздікте» берілген әдеби туындылар ішінде кейінгі поэзия үлгілерінде кездесе бермейтін ұтымды теңеулер бар. Ақ бұлттың желігіп, қайық боп көкте көкте жүзуі – керемет. Қар, мұз еритін көктемгі шақтың ұлы құбылысын судың жаратылыс еркімен – ағу еркіндігімен астастырған поэтикалық иірімдерде дара ақындықтың нышандары мен мұндалап тұр. 
«Сөздіктегі» Қазақ поэзиясындағы тұрақты желілердің, басты сарындардың, көркемдеу тәсілдерінің арғы замандардан жалғасқан дәстүрлі үлгілері жаугершілік замандар суреті түскен жауынгерлік поэзия, азамат ердің тұлғасы; дүние туралы толғану, тоқтам айту; ел басқару, билік иесіне арнау сөз; ынтық сезім иірімдері; адам құлқы, пенделік пиғыл, т.б. толып жатқан өміршең, озық әсер, мазмұнымен баурайды. 
Ұрыс даласындағы жауынгер ахуалы Доспамбет жыраудың «Озушылар, озмаңыз» толғауында айтылғандай ақиқат ауыртпалығымен жеткен үлгілер — жаугершілік замандардың куәсі. 
Жарасы жайсаң ердің ауыр тартты, Жанын көп қан тоқтамай жабырқатты. Сонан да қайран сабаз тауға тартты, Енді оны қалтарыстан кім таба алар. 
Аңғарымпаз беймәлім автор ұрпақ өсіру парызы сынды ұлы миссияны шалқар игілікке кенелген екі ауыз сөзбен айтып өтеді. 
Жеткіз менің сөзімді білімді адамдарға, Тай ат болса – енесі артына алаңдар ма. 
Бұлжымас адамгершілік қағидаларға бағынып отырмаған ел басқарушының ақыр түбі қандай қалде қалатындығы ескертілген шығармада да адамның өмір сүру өзегіндегі мығым, мызғымайтын ұстанымдар меңзелген. 
Әкім осы асқынған 
Өз еліне қас қылған, 
Жазықсызды басқа ұрған, Отыр енді бүкшиіп. 
«Сөздіктегі» әдебиет нұсқаларында сипаттау мен суреттеудің қызметіне жегілген сөзді кәдеге жарату, ұқсатудағы айшықтау, құбылтудың әдіс-тәсілдері озық. 
Адамның қасіретті, қамырыққан бір сәттерін баяндауда өлеңді шығарушы алабөтен тапқыр 
әсірелеуге жүгінген. 
Көз жасым бұлақ болып толып ақты, Аққу, қаз жүзуге оған келіп жатты. 
… … … 
Көл боп жасым төгілді, Оған құстар шомылды. Көз жасына құс шомылып, аққу, қаз жүзген әсірелеу үлгісін бұрын-соңғыда кездестірдік пе!? 
«Сөздіктегі» әдебиет үлгілерінің ауызша сақталып жеткендігі, немесе жазбаша түрден алынғандығы туралы бұл туралы арнайы зерттеу жүргізілмегендіктен, қазірде бізде жарытымды мәлімет жоқ. 
Қазақтың авторлық ауызша әдебиет үлгілірі үзік-үзік болса да сақталып жеткен XV-XVIII ғасырлардағы дәстүрлі қалып, дәстүрлі тіркес басымдығы Махмұд Қашқари түзген поэзиялық туындыларда ара-тұра ғана байқалады. Жазбаша поэзия үлгілерінен озық кеткен тіркестер молдығы бұл дүниелердің шығу тегі, сақталып жету ерекшеліктері туралы біржақты байламдар жасаудан сақтандырады. 
Адам мінездері, жауынгер, азамат ердің баласының жан-күй құбылыстарын жеткізудегі тосын поэтикалық тапқырлық, тың сипаттау тәсілі – дара ақындық қолтаңбаның үлгісі. 

Авторлық ауызша әдебиеттің айқын ерекшеліктері оның өнертұтастығы сипатымен синкреттілік қалпымен де айқындалады. 
Рухани, мәдени кеңістіктегі сал-серілер шығармашылығындағы осы дара белгі авторлық ауызша әдебиеттің басқа да жанрларында байқалып отырады. Бар. Әдеби мұраны игеруде ауық-ауық қорғалып, айтылып жүрген айтушы мен тыңдаушы арақатынасындағы жіпсіз байланысты. Көпқырлы шығармашылықтарының дарынның құдірет құлашы кең. Тыңдаушы ұйытатын Сөз болғанда, сол сөзді « түте алмай жүн етпей», өңін ашу – өнер. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет