fэ = 1/5,
Мэ = 158/5 = 31,61г/моль
Егер қышқыл аз болатын болса титрлеудің соңына қарай MnO2 түзіліп, эквиваленттік нүктені анықтауды қиындатады:
2MnO4- + 3Mn2+ + 2H2O = 5MnO2 + 4H+
Калий перманганатының титрленген ерітіндісін тұзының анық нақты мөлшерінен алып дайындауға болмайды, себебі, перманганат сақтау барысында ыдырап MnO2↓ тұнбасы түзіледі құрамында тотықсыздану нәтижесінде пайда болған MnO2 болады:
Калий перманганатының титрленген ерітіндісін тұзының анық нақты мөлшерінен алып дайындауға болмайды, себебі, перманганат сақтау барысында ыдырап MnO2↓ тұнбасы түзіледі құрамында тотықсыздану нәтижесінде пайда болған MnO2 болады:
4MnO4- + 2H2O = 4MnO2↓ + 3O2↑ + 4OH–
Сонымен қатар оның судағы ерітіндісі су мен ауадан кіретін әртүрлі қоспалармен (органикалық заттар, тозаң, аммиак және т.б.) тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысуы мүмкін, нәтижесінде өзінің концентрациясын өзгертеді. Сондықтан, әдетте перманганттың ерітіндісін алдын-ала 7-10 күн бұрын даярлайды. Дайын болған ерітіндіні ептеп MnO2 тұнбасынан бөліп алады да, оны күңгірт шыны ыдыста сақтайды.
Қолданар алдында оны стандарттайды, яғни титрі мен нормальдылығын басқа стандартты ерітінді бойынша анықтайды.
Перманганатометрия әдісі Перманганатометрия әдісі Стандарт ерітінді ретінде қымыздық қышқылының 0,05 н ерітіндісі қолданылады (Н2С2О4 · 2Н2О). Сонымен қатар натрий, аммоний оксалатын қолдануға болады.
2KMnO4 + 5Н2С2О4 +3H2SO4 → 2MnSO4 + K2SO4 + 8H2O + 10СО2 2MnO4- + 5С2О42- + 16H+ → 2Mn2+ + 10СО2 + 8H2O
С2О42- - 2е → 2СО2; f(Н2С2О4 · 2Н2О) = 1/2
MnO4- + 8Н+ + 5е → Mn2+ + 4H2O; f(KMnO4) = 1/5
Титрлеуді артық бір тамшыдан бәсең күлгін түсті ерітінді пайда болғанда тоқтатады.
Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісі Оксалат иондарын пермангантпен титрлеу барысында ерітіндінің редокс-потенциалы біртіндеп өседі. Эквивалентті нүктеге дейін оның шамасы СО2/С2О42- жұбының тотығу-тотықсыздану потенциалымен келесі Нерст теңдеуі бойынша анықталады:
Титрлеу кезінде оксалат иондарының концентрациясы төмендеп, ал СО2-кі артып, нәтижесінде СО2/С2О42- жұбының тотығу-тотықсыздану потенциалы өсе бастайды.
Эквивалентті нүктеде тепе-теңдік орнайды да екі жұпқа да (СО2/С2О42- мен MnO4-, H+/Mn2+) ортақ потенциал пайда болады. Оның шамасын келесі теңдеу бойынша есептеуге болады
Эквивалентті нүктеден кейін жүйенің потенциалы ерітіндіде MnO4-, H+/Mn2+ - жұбының пайда болуымен анықталады:
Жүйе потенциалы бұл жағдайда күрт өседі, ерітіндіде артық мөлшерде MnO4- - иондары пайда болады. Калий перманганатының артық тамшысы ерітіндіні бірнеше минут бойы жойылмайтын ашық қызғылт түске бояйды.