Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет33/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126

Әдебиеттер тізімі

1.  Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (орта) деңгей. 2013.

2.  Н.Гульчевская. Особенности коучингового подхода в образовании на разных уровнях 

компетентности учащихся. [онлайн: http://www.slideshare.net/Alphakun1/gulchevskaya-

cieconf] (22.08.2015 ж. алынды).

3.  Н.Гульчевская.  Коучинг  и  коучинговый  подход  в  обучении,  управлении,  развитии. 

[онлайн: https://www.youtube.com/watch?v=2jV5mIiPqZk] (22.08.2015 ж. алынды).

4.  Шатохина А. Коучинг – рост качества жизни. Территория коучинга [онлайн: http://

coachplanet.ru/about/#.VBErhfl_tfQ] (20.09.2014 ж. алынды).


220

5

5.  Джон  Уитмор.  Мысли  о  коучинге  [онлайн:  http://prof-coach.ru/stati/myisli-o-

kouchinge-ser-dzhon-uitmor] (23.08.2014ж алынды).

6.  Майлз Дауни (Myles Downey), Эффективный Коучинг. М.: Добрая книга, 2008. -254 с.

7.  Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші (ілгері) деңгей. 2013.

8.  О коучинге. [онлайн: http://coach-world.ru/o-kouchinge] (6.07.2012 ж. алынды).



Ж

АҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА СӘЙКЕС САБАҚТАРДА КЕРІ 

БАЙЛАНЫСТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Егизбаев А. Ж.

Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы 

Шымкент қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді сөздер: Елбасының Жолдауы, жаңартылған білім мазмұны, Білім және ғылым 

Министрлігі,  бастауыш  білім  беру  стандарты,  кері  байланыс  түрлері,  оқу  және  оқыту, 

мұғалімнің біліктілігі, рефлексия

Аңдатпа

Мақалада  автор  Қазақстан  Республикасының  қазіргі  білім  саласында  болып  жатқан 

өзгерістерге нақты талдау жасап, осы өзгерістердің не себептен енгізіліп жатқанын негіздеген. 

Автор  жаңартылған  білім  мазмұнына  сәйкес  жаңа  форматтағы  мұғалім  оқу  үдерісінде  кері 

байланысты тиімді пайдалану керектігі туралы оқырманға ой салады. Осы мақаланың ғылыми-

практикалық жаңалығы – кері байланыс түрлеріне терең талдау жасалынып, оның тиімді әдіс-

тәсілдерін енгізу үшін автор өзінің мұғалімдік, тренерлік тәжірибесіне сүйене отырып, нақты 

мысалдар  келтіре  отырып,  дәлелдеген.  Мақаланың  маңыздылығы  және  негізгі  нәтижелері 

толық  негізделген,  әдіс-тәсілдердің  тиімділігі  мысалдар  арқылы  келтірілген  және  мақала 

соңында автор кері байланысты тиімді пайдалану үшін нақты пайдалы кеңестерін беріп отыр.



Аннотация

Автор в статье дает конкретный анализ тех изменений, которые происходят в сегодняшней 

системе  образования  Республики  Казахстан,  а  также  дает  четкое  обоснование  причин  этих 

изменений.  Автор  дает  читателю  пищу  для  размышлений  по  эффективному  применению  в 

учебном процессе обратной связи учителем новой формации в связи с обновлением содержания 

образования. Научно-практическая новизна этой статьи заключается в том, что дается глубокий 

анализ видам обратной связи, автор опираясь на собственный учительский и тренерский опыт 

приводит конкретные примеры по внедрению эффективных методов и приемов обратной связи. 

Значимость и основные результаты статьи полностью обоснованы, эффективность приемов и 

методов показана с помощью  приведениея примеров и в конце статьи автор дает полезные 

советы по эффективному применению обратной связи.

 Abstract

The author of the aricle gives specific analysis of those changes that occur in today’s educational 

system of Republic of Kazakhstan and also gives a clear reasons for these changes. The author gives 

the reader food for thought on effective use of feedback in the learning process because of the updating 

of educational content. Scientific and practical novelty of this article lies in the fact that provides an 


221

indepth analysis of types of feedback. The author based on his own teaching and coaching experience 

gives specific examples on the implementation of effective methods and techniques of feedback. The 

significant and main results of the article are completely justified. The effectiveness of the examples 

and methods are shown by providing examples. At the end of the article the author gives useful tips 

on effective use of the feedback.

   

Қазақстан  Республикасында  соңғы  жылдары  білім  саласы  қарқынды  дамып  келеді. 



Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 

бағыты» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз қолжетімді және сапалы білім беруді 



дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз» деп маңызды идеясын айтқан [1]. Сол Жолдауында 

Елбасымыз білім саласына қатысты: «Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек 



ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  да  зор  көңіл  бөлу  қажет»  деп  нақты  тапсырма 

да берген еді. Осыған орай, мынадай түйінді идеяларды іске асыру керектігі Жолдауда нақты 

көрсетілген: ... Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту керек.

•  Отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды 

қарқынды енгізуге тиіспіз.

•  Ескірген немесе сұранысы жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу керек...

•  Орта  және  жоғары  білім  берудің  оқу  жоспарларының  бағыттылығы  мен 

басымдықтарын  оларға  тәжірибелік  машықтарға  үйрету  бойынша  және 

тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту керек... [2].

Міне,  сондықтан  білім  мазмұнын  жаңарту  –  қазіргі  заман  талабы  болып  отыр. 

Қазақстандық  білім  жүйесі  әлемдегі  дамыған  30  елдің  қатарына  қосылу  керек.  Дамыған 

елдердің  қатарына  қосылу  үшін  12  жылдық  білім  жүйесіне  біртіндеп  көшу  –  Білім  және 

ғылым министрлігінің басты стратегиясы болып табылады. Қазіргі заман талабына сай сапалы 

білім беріп, оқушыларымыз өзге елдердегі құрбылармен бәсекеге қабілетті болып жеке тұлға 

ретінде қалыптасу қажет. Осы мақсаттарды  орындау үшін Білім және ғылым министрлігі білім 

мазмұнын жаңарту үшін бастауыш білім сатысынан бастап білім беру стандартын біртіндеп 

жаңартып  жатыр.  Бұл  идея  Елбасы  тарапынан  қолдауын  тапты.  Сондықтан,  ҚР  Үкіметінің 

25.04.2015  ж.  №327  Қаулысына  сәйкес  «Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  бастауыш  білім 

беру  стандарты»    бекітілді.  Биылғы  2015-2016  оқу  жылынан  бастап  Қазақстандағы  барлық 

облыстарда осы жаңа бастауыш білім беру стандартын эксперименттен өткізу үшін 30 пилоттық 

мектептер бастауыш сыныптардан бастап білім беру стандарты бойынша жұмыстарын бастап 

кетті. Бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдер жаңартылған білім мазмұнына сәйкес өз 

жұмыстарына көптеген өзгерістер енгізуде. Мысалы, сабақты жоспарлаудан бастап, сабақты 

өткізуде, сабақтан кейін қорытындылау, өз жұмысына талдау жасап, мониторингілеу үдерістерін 

жаңаша    іске  асыра  бастады.  Осы  мақаламда  мен  мұғалімнің  сабақ  өткізу  үдерісінде  кері 

байланысты  тиімді  пайдалану  жолдары  бойынша  өз  тәжірибеммен  бөліскім  келеді.  Себебі, 

кері байланысты сабақта тиімді пайдалана алған мұғалім сабағының сапалы өткізуіне және 

қойылған мақсаттарына қол жеткізе алады деп есептеймін.  Мұғалімдерде оқу үдерісінде кері 

байланыстың  тиімді  жолдары  туралы  қажетті  түсінік  қалыптасып,  өз  сабақтарында  тиімді 

пайдалана алады деп ойлаймын.

Білім  сапасын  арттыру  мақсатында  қазіргі  білім  саласында  озық  педагогикалық 

тәжірибелерді  көптеген  мұғалімдер  пайдаланып  келеді.  Соңғы  3-4  жылда  қазақстандық 

мектептерде біліктілігін арттыру бойынша деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер оқытудың 

жаңа әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелерінде пайдаланып келеді. Жаңашыл мұғалімдер 7 модульдің 

түйінді идеяларын оқыту үдерісіне тиімді енгізіп жатыр. Басты мақсат – білім сапасын арттыру 

болып табылады. Оқыту нәтижелері де жақсы. Оқушылардың оқуға қызығушылықтары артып, 

жаттанды  білім  емес,  өз  ынтасымен  білім  алуға,  ізденуге  құштарлығы  дамып  келеді.  Осы 


222

5

бағытта қазіргі заманғы шығармашыл, білімді және білікті мұғалім сапалы білімді қаншалықты 

беріп  жатыр?,  шын  мәнінде  білім  сапасы  артып  жатыр  ма?,  сабақ  барысында  пайдаланып 

жатқан әдіс-тәсілдердің  тиімділігі бар ма? деген сұрақтар туралы үнемі терең ойланып, тиісті 

қорытынды шығарып отыру керек. Сондықтан, оқу нәтижелеріне тиісті  бағалау жүргізу үшін 

әрбір мұғалім сабақ барысында кері байланыстың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану қажет деп 

есептеймін. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер мені жақсы түсінеді деп ойлаймын. Мұғалімге 

арналған Нұсқаулықта мұғалімдер үшін өте маңызды идея айтылған: «Жетістікке жеткендігін 

көрсететін - бұл кері байланыс ( оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері 

байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі 

мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, 

түсіну және дағды туралы хабар беру болып табылады.» [3].

Оқуды  дамыту  үшін  және  оқушыларға  жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  кері 

байланыстың түрлерін тиімді пайдалану қажет. Кері байланыс арқылы оқушылар оқудағы өз 

кемшіліктеріне, қиын мәселелеріне, қиындықтарына басты назар аударады. Кері байланыстың 

ықпалы соншалықты мықты - ол жалпы оқудың алға жылжуына әсер береді, табысты оқуға 

қол  жеткізуге  болады.    «Hattie    және  Timperley  (2007)  кері  байланыста  қандай  ресурстар 

қолданылса да, олар оқушы үшін мынадай үш басты сұраққа жауап беру керектігін көрсетеді: 

Оқу барысында мен қайда ілгерілеймін? (оқу мақсаты қандай?). Оқу барысында мен қалай 

ілгерілеймін?  (мақсатқа  жету  үшін  қандай  ілгерілеу  жасалды?).  Болашақта  нені  оқу  керек? 

(оқуда үздік нәтижелерге жету үшін қандай әрекет жасау қажет?). Осылайша, кері байланыс 

оқу үдерісін жақсарту үшін пайдалану керек» [4].

Енді  осы  кері  байланыстың  түрлерін  қалай  іс-тәжірибеде  пайдалануға  болатыны 

туралы айтайын. Негізінен кері байланыстың 2 түрі бар: ауызша және жазбаша. Джон Хэтти 

«Оқушылардың оқуына әсер ету» мақаласында дәлелдегендей, ең тиімдісі – ауызша алған кері 

байланыс. Оның себептері де бар: 45 минуттық сабақ барысында ауызша кері байланыс көп 

уақыт алмайды, оған қажетті ресурстарды алдын ала дайындаудың қажеті жоқ, оқушылардың 

мұқият тыңдалым мен терең ойлау, анық, нақты жауап беру, сөйлеу дағдылары қалыптасады. 

Және де мұғалім мен оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас қалыптасады. Сондықтан, 

ауызша  кері  байланыс  түрлерін  әрбір  мұғалім  тиімді  және  үнемі  пайдалану  керек  деп 

есептеймін. Осы орайда мұғалімдерге мынадай кеңестер берер едім:

•  Ауызша  кері  байланыс  нақты  білім  мен  дағдыларды  дамыту  үшін  мақсатты  және 

анық болу қажет.

•  Кері байланыс өте жағымды болу керек. Себебі, оқушы жауап бергенде бағаланып 

жатқанын сезінбеу керек, ол баға алу үшін жауап беріп жатқан жоқ, мұғалім оның 

әрбір пікірі маңызды екенін, оны ескеріп отырғанын түсіну керек. Оқушыны өз ойын 

ашық, қорықпай, ешкімге жалтақтамай анық айта білуге үйрету керек.

•  Кері байланыс арқылы оқушының дәлелді ойын біліп, мұғалім үнемі ынталандырып 

отыру қажет.

•  Ауызша кері байланыс барысында мұғалімнің қойған сұрақтары өте маңызды болады, 

әсіресе төменгі дәрежеден жоғары дәрежеге дейін қойылған сұрақтар және сынып 

оқушыларының  қажеттіліктерін  ескерген  дұрыс  болады.  Сұрақтар  жаттанды  емес, 

шынайы, әділ болып,  «жүректен шығу керек». Оқушылардың жауаптарын мұғалімнің 

мұқият тыңдауы – өте маңызды қасиет.

•  Тәжірибелі мұғалім үстірт, асығыс кері байланыс жасамау керек, себебі ондай кері 

байланыс  тиімсіз  болып,  оқушының  нәтижелерін,  жетістіктерін  толық  анықтау 

қиынға соғады.

•  Кері байланыстан кейін мұғалім міндетті түрде оқушыларға өзінің субъективті пікірін 

нақты, дәлелді жеткізе алу керек, себебі соңғы нүктені қоятын –  мұғалім.


223

Әрине, тек ғана ауызша кері байланыс алу жеткіліксіз. Сондықтан, ауызша кері байланыс 

түрлерімен қатар жазбаша кері байланыс түрлері оқушылардың меңгерген негізгі білімдері 

мен біліктерін түсінуін дамыту үшін және көрсету үшін ынталандыру керек. Олар түсініктеме 

берген кезде, қандай жұмыстың жақсы орындалғанын, қай жұмыс әлі де жақсартуды талап 

ететінін нақты жазбалар арқылы дәлелдеп жазуға дағдыландыру қажет. Ол үшін мұғалім сабақ 

барысында  сабақтың  қай  кезеңінде  кері  байланыстың  қай  түрін  қандай  әдіс-тәсіл  арқылы 

пайдалану керектігін алдын ала тиімді жоспарлай алу керек. 

Осы ауызша және жазбаша кері байланысты  мұғалім өз сабағында 3 бағытта жүргізгені 

дұрыс болады: 

Көңіл-күй мен эмоцияны анықтау. Ол үшін мұғалім сабақ барысында әрбір оқушының 

көңіл-күйін үнемі назарда ұстау қажет. Мысалы, сабақтың алғашқы кезеңінде «Менің көңіл-

күйім»  атты  тапсырма  арқылы  алдын  ала  дайындалған  смайликтерге  (үш  түрлі  смайлик 

тақтада  ілініп  тұрады:  көңіл-күйім  «жақсы»,  «орташа»,  «көңіл-күйім  жоқ»)  оқушылар  өз 

көңіл-күйлерін  белгілеп  шығады.  Одан  басқа,  тәжірибелі  мұғалім  сабақ  барысында  үнемі 

оқушылардың жауаптарына сәйкес әртүрлі стикерлер беріп, ауызша қолдау, мадақтауды үнемі 

жүргізіп  отырады,  мысалы:  «Жарайсың!»,  «Өте  жақсы  жауап!»,  «Керемет!»  сияқты  қолдау 

сөздерін барлық оқушылар қажет етеді. Сабақ соңында да оқушылардың көңіл-күйлері қай 

дәрежеде екенін анықтау үшін «Тау шыңына шығу», «Алма ағашы», «Сыныптасыма тілектер» 

сияқты стратегиялар арқылы анықтауға болады. 

Сабақтағы  іс-әрекетке  кері  байланыс.  Сабақ  барысында  оқушылармен  тәжірибелі 

мұғалім  түрлі  жұмыс  түрлерін  ұйымдастырады:  топтық,  жұптық,  жеке.  Осы  жұмыстар 

барысында оқушылар түрлі іс-әрекет жасайды. Әсіресе, мұғалім оқушылар арасындағы қарым-

қатынасқа, қойған сұрақтарға және берген жауаптарына өте үлкен мән беру керек. Сондықтан,  

оқушылардың  жасалған  іс-әрекеті  қаншалықты  тиімді  болғанын  анықтау  үшін  әртүрлі  кері 

байланыс  түрлерін  жүргізу  керек.  Мысалы,  «Блоб  ағашы»,  «Блоб  сыныбы»,  «Блоб  көпірі» 

сияқты жазбаша кері байланысты өткізу арқылы мұғалім оқушының сыныптағы оқушылар 

арасындағы қарым-қатынасты немесе жеке өзінің сыныптағы рөлін нақты анықтап, дәлелдей 

алады. Жазбаша кері байланыстың тағы мынадай да түрі тиімді болады: «Ет тартқыш, сандық 

және қоқыс шелегі». Бұл әдістің ерекшелігі: оқушылар сабақ барысындағы өз әрекеттеріне, 

немесе сыныптастардың әрекеттеріне жүйелі талдау жүргізе алады. Ол үшін олар тақтадағы 

осы үш суреттерге өз ойларын нақты жаза алады: «Ет тартқышқа» - Бүгінгі сабақтағы білімді 

әлі де өңдеу қажет. «Сандыққа» - Бүгінгі алған білімнің алдағы уақытта пайдалануға болатынын 

белгілейді.  «Қоқыс  шелегіне»  -  Бүгінгі  сабақтағы  білімнің  қажет  емес,  пайдаланбайтынын  

анықтайды. Міне, осы әдіс арқылы әрбір оқушы өзінің білімі туралы ойларын, әрекеттерін 

жүйелеп, жинақтап, бағалай алады. Сондықтан, осы әдіс өте тиімді деп есептеймін. Ал ауызша 

кері байланыс ретінде тәжірибелі мұғалім «Бір қадам артқа» сияқты стратегияны пайдаланып, 

тиімді сұрақтар қою арқылы оқушының жетістіктеріне көз жеткізе алады. Қойылатын сұрақтар 

мынадай болуы мүмкін:  - Сізге не ұнады? Не себептен ұнамады? Сыныптастардың топтағы 

әрекеттері  қаншалықты  тиімді  болды?  Шағын  топтағы  Сіздің  әрекетіңіздің  тиімділігін 

қалай дәлелдейсіз? Бұл жерде ең маңыздысы – қойылатын сұрақтар төменгі дәрежеден жоғары 

дәрежеге дейін біртіндеп күрделену керек. 

Оқу материалының мазмұнын меңгергеніне байланысты кері байланыс түрлері. Сабақ 

барысында  мұғалім  сапалы  білім  беру  екендігін  ұмытпай,  оқушылардың  оқу  материалын 

қаншалықты  сапалы  меңгергенін  анықтау  үшін  әртүрлі  ауызша,  жазбаша  кері  байланысты 

тиімді пайдалану қажет. Мысалы, «Жетістіктер баспалдағы» әдісі арқылы сабақтың әр кезеңінде 

оқу  материалын,  жаңа  тақырыпты  қаншалықты  меңгергенін  анықтауға  болады.  Немесе, 

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі де өте тиімді болады. Мысалы, мынадай үлгіде жазбаша кері 

байланыс алуға болады: Бүгін мен ________________ білдім. Мен үшін      ______________ 


224

5

қиын болды.  Мына тапсырманы ____________  орындау қиындық туғызды. Оқушылардың 

алған  білімінің  тереңдігін  анықтау  үшін  SWOT-талдау  әдісі  өте  тиімді  болады.  Себебі,  бұл 

әдіс арқылы алған білімге, тақырыпқа, термин мен түсінікке төрт бағытта терең талдау жасау 

керек.  Strengths – Күшті жақтары,  Weaknesses – Әлсіз жақтары, Opportunites – Мүмкіндіктер, 

Threats – Қауіп-қатерлер сияқты бағыттарда кесте жасалынып, оқушылар жеке, жұпта немесе 

топта талдау жасай алады [4].

Әрине, осындай кері байланыстың түрлері қазіргі педагогика мен сабақтар әдістемесінде 

көп кездеседі, қажетті үлестірме материалдар мен ресурстар жеткілікті дәрежеде. Дегенмен, 

өзімнің ұстаздық, тренерлік тәжірибеме сүйене отырып, мен мынадай қорытындыға келдім. 

Әрбір  мұғалім  сабақ  барысында  кері  байланыстың  түрлерін  пайдаланар  алдында  мынадай 

мәселелерге назар аудару қажет: 

•  Біріншіден,  кері  байланысты  сабақта  не  үшін  пайдалану  қажет?  деген  сұрақтың 

жауабын мұғалімнің өзі нақты білу керек. Керек болса - не үшін керек, керек болмаса 

– не үшін керек емес. 

•    Екіншіден,  кері  байланыстың  қай  түрі  (ауызша  немесе  жазбаша)  бүгінгі  сабақта 

тиімдірек  болады?  Оны  сабақ  құрылымында  қалай  тиімді  жоспарлап,  әдістемелік 

талаптарға сай өткізу керек? Бұл жерде мұғалімнің нағыз шеберлігі, кәсіби біліктілігі 

көрінеді деп есептеймін. 

•  Үшіншіден,  кері  байланысты  сабақ  барысында  үнемі  жүргізу  керектігін  ұмытпау 

керек. Себебі, ол «көпір» сияқты, мұғалім мен сынып, оқушы мен оқушы арасындағы 

тиімді байланысты көрсете алады. 

•  Төртіншіден,  кері  байланыс  пен  рефлексия  арасында  тығыз  байланыс  бар  екенін 

ұмытпау  қажет.  Мұғалім  сабағын  өткізіп  болғаннан  кейін,  сабақ  барысында  алған 

кері байланысқа талдау жасап, терең рефлексия жасау керек. Рефлексия латын тілінен 

аударғанда «артқа кері қарап, терең ойлану» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, 

мұғалім  кері  байланыс  пен  рефлексия  жасау  арқылы  өзінің  тәжірибесін  әрі  қарай 

дамытуға тамаша мүмкіндік алатынын ұмытпайық. Ал рефлексия  - өзімен өзі үлкен, 

ауқымды білім. Ол туралы келесі мақаламда баяндап беремін.

Айтылған  ойларымды  қорытындылай  келсем,  егерде  мұғалім  оқу  үдерісінде  кері 

байланысты үнемі және тиімді пайдаланатын болса, ол мұғалім шын мәнінде керемет, нәтижелі 

жұмыстарға қол жеткізе алады. Себебі, кері байланыс – мұғалімнің әдістемелік қоржынындағы 

тиімді құралдардың бірі болып табылады. Ал қаншалықты оны мұғалім пайдалана алады – ол 

өзіне, шеберлігіне байланысты екенін ұмытпайық. 

Әдебиеттер тізімі

1.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 

Қазақстан халқына арналған Жолдауы. Астана, 14.12.2012.

2.  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» www.akorda.kz сайтынан

3.  «Мұғалімге арналған Нұсқаулық» ІІІ (базалық) деңгей, Астана қ., 2014. 107- б.)

4.  Айтпукешев А.Т. және т.б. «Оқытудың нәтижесін қалыптастырушы және жиынтық 

бағалау». Әдістемелік құрал, Астана, 2014, 41-б.

5.  Бактыбаева  К.С.  «Тиімді  кері  байланыс  ұйымдастыру  техникалары»  мастер-класс 

жоспары». infourok.ru сайтынан.


225

КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ  ҰСТАЗ – ОҚУШЫ БОЛАШАҒЫНЫҢ 

ЖАРҚЫН ҮМІТІ

Ералиева А. Қ.          

 Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді сөздер:   кәсіби құзіреттілік, білім сапасы, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру, 

нәтижелі білім беру, білім сапасына әсері, оқу-тәрбие үрдісі, білім беру кеңістігі, сыни тұрғыда 

ойлай білу.

Ключевые  слова:  профессиональная  компетентность,  качество  образования, 

эффективность  образования,  влияние  на  качество  образования,  учебно-воспитательный 

процесс, пространство образования,  уметь критически мыслить.

Key words:  the  professional  competence,  the  quality  of  knowledge,  the  effectiveness  of 

knowledge,  the influence to the quality of knowledge, educational process, the expanse of education, 

the critical thinking ability.

 

Аңдатпа

Бұл  мақалада  мектеп    ұстаздардың  кәсіби  құзіреттіліктерін  қалыптастыру    мектеп 

оқушыларының болашағына, білім сапасына  тигізетін әсері жайлы  және  ұстаздың кәсіби 

құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі екеніне көз жеткізу жайлы баяндалады.

                                                                                  



Аннотация

В  статье  рассматривается  вопрос  профессиональной    компетентности  педагога 

способствующий    повышению  качества  образования  учащихся    и  влияния  на  их  будущее,     

акцентируется,  что  профессиональная  компетентность  педагога  -  это  основа,  и  залог  

эффективности  образовательного процесса.

 Abstract

In this article there were spoken about to build the professional competence between teachers 

for influencing to the quality of student`s knowledge  in the future, and it is also about that professional 

competence of a teacher is the base of effective education.

           

Бүгінгі  таңда  қазақ  халқы  ғасырлар  тоғысында  тәуелсіз  мемлекетке  айналып,  өзінің 

қоғамдағы  саяси,  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени-білім  парадигмасы  жүйесін  әлемдік 

өркениет  үлгісінде  дамытуда.  Өйткені  кез  келген  жаңа  тәуелсіз  мемлекеттің  рухани  даму 

үрдістерінің  өзіндік  ерекшеліктері  болады.  Бұл  ерекшеліктер  оның  аумағында  тұрған 

халықтардың бүгінгі өмірінен туындайды, оның тарихи сабақтастығы және салт-дәстүрімен 

айқындалады. Сондай-ақ оның өткен өмірі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық 

идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталады. Міне, 

сол  ғасырлар  қойнауында  қорытылып,  жинақталып  қалыптасқан  қазақ  халқына  тән  ұлттық 

білімнің озық, өнегелі үлгілерін оқушыларға білім беруде, соның ішінде қазақ тілін оқытуда 

қолдану бүгінгі күннің басты міндеті болуы тиіс.  

Ұлттық білімнің қайнар көзі – ұлылардан бүгінгі күнге жеткен шешендік сөздер, нақыл 

сөздер мен мақал-мәтелдерді оқыту үрдісіне пайдалану   заман ағымы ғана емес, ол – бүгінгі 

таңдағы ең бір зәру қажеттілік, себебі білім нәрінің тұнығына терең бойлау, адам баласына 



226


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет