31
Алғы
сөз
1. Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары жəне
жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің РОƏК «Білім» тобы мамандықтары бойынша
Оқу-əдістемелік бірлестігінде ДАЙЫНДАЛҒАН
жəне ҰСЫНЫЛҒАН
2.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен
БЕКІТІЛГЕН
жəне
ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
3. Типтік оқу бағдарлама 2016 жылғы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ
30.06.2016 ж., № 2 хаттамасымен бекітілген)
4.
Пікір берушілер:
Низамова М.Н. – п.ғ.к., Алматы Мемлекеттік технологиялық университетінің
доценті.
Уайсова Г.И. – педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚазҰПУ профессоры.
5.
ҚР
БҒМ
Републикалық
Оқу-əдістемелік
Кеңесі
мəжілісінде
ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
30.06.2016 ж., Хаттама № 2.
Осы типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОƏК «Білім» тобындағы
мамандықтары бойынша ОƏБ рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға болмайды.
32
Түсінік
хат
Пəннің негізгі қызметі бастауыш мектеп мұғалімінің кəсіби
дайындығының қазіргі қоғамның əлеуметтік сұранысын,
тілдік құзыреттілік
бағытын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге
бағытталған. Біздің қоғамымыз өмірінің барлық салаларындағы əлеуметтік-
саяси жəне экономикалық өзгерістер білім беру саласына да елеулі өзгерістер
енгізді. Оның ішінде, жоғары оқу орнындағы пəн ретіндегі қазақ тілі де
өзгерді.
Кəсіби қазақ тілі – бұл кəсіби тұрғыдан қарым-қатынас қызметін
атқаратын əдеби тілдің ерекше бір түрі. Бағдарлама
қазақ тілін шет тілі
ретінде оқып-үйренетін студенттерге арналған.
Аталмыш тілді тұтынушыдан талап етілетін қажетті сапа іс-əрекеттің
белгілі бір саласының ұғымдық-категориялық аппаратын жəне соған сəйкес
терминдер жүйесін игеруді талап ететін кəсібилік болып табылады.
Халықаралық байланыстардың кеңеюі, қазақ тілінің мемлекеттік
мəртебеге ие болуы, біздің еліміздің дүниежүзілік кеңістікке енуі қазақ тілін
мемлекеттің, қоғам мен жеке тұлғаның сұранысын қанағаттандыратын тілге
айналдырды.
Орыс тілді студенттерге арналған қазақ тілі – толыққанды қарым-
қатынас құралы, іс-əрекеттің нақты саласында мамандардың өзара түсінісу
құралы, өзге ұлттың мəдениетімен жақын таныстыру жəне
студенттердің
зияткерлік қабілеттерін, олардың жалпы білімдік мүмкіндіктерін дамытудың
ең маңызды құралы.
Пəнді оқытып үйретуге қажетті алғашқы талап «Қазақ тілі» пəнін
студенттердің табысты игеруі болып табылады. Пəн:
•
педагогикалық терминдер, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің
метапəндік терминдерінің базасы ретіндегі міндетті психологиялық-
педагогикалық
(педагогикалық
мамандыққа
кіріспе,
педагогика,
этнопедагогика, психология жəне адам дамуы,
ғылыми-педагогикалық
зерттеулер əдістемесі) пəндерді;
•
тілдік терминдер базасы ретіндегі ана тілінің теориялық негіздері,
бастауыш білім беру педагогы пайдаланатын жалпы ғылыми жəне арнайы
терминдер базасы ретіндегі бастауыш мектеп математикасының, балалар
əдебиеті жəне жаратылыстану негіздері пəндерін;
•
«бастауыш
білім
берудің
қазіргі
заманғы
педагогикалық
технологиялары», «кіші жастағы мектеп
оқушысының психологиясы мен
баланың мектепке дайындығын анықтау əдістемесі» сияқты психологиялық-
педагогикалық бағыттағы арнайы таңдау бойынша пəндерін;
•
сауат ашу, ана тілі, əдебиеттік оқу, дүниетану (немесе «Қоршаған орта),
информатика, бейнелеу өнері, əн-күй, дене шынықтыру, жазу тілін дамыту,
еңбекке баулу, «Өзін-өз тану» сияқты бастауыш сыныптардағы дербес
пəндердің оқыту əдістемелерін (оқыту теориялары мен технологияларын)
оқып үйренген соң енгізіледі.
33
Психология, педагогика, оқытудың қазіргі заманғы технологиялары
жəне дербес пəндер əдістемелерін оқып үйрену барысында студенттер
«Кəсіби қазақ тілі» пəнін оқуға қажетті дайындықтан өткен: өз
мамандығының ерекшелігін, педагогикалық жəне əдістемелік пəндердің
ғылыми аппаратын, психологиялық-педагогикалық ұғымдардың мəні мен
ерекшелігін біледі.
Пəнді оқып-үйренген соң студенттердің педагогикалық шеберлік, сөйлеу
мəдениеті, бастауыш мектептегі тілді жəне
математиканы оқыту
əдістемесінің тарихы, əлеуметтік педагогика, жазуға үйрету əдістемесі
сияқты пəндерді игеру үшін қазақ тілінде қосымша əдебиеттерді оқуға
мүмкіндіктері туады. Сонымен бірге алған біліктерін ғылыми жұмыстар,
мақала, рефераттар, т.б. орындауда қолдана алады.
Студенттердің ғылыми
конференцияларына қатыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: