Образования



бет38/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   248
Кілт сөздер. Прогресивті технологиялар, агроөнеркәсіп кешені, энергияүнемдегіш технологиялар, ресурс үнемдеу


Кіріспе. Ауыл шаруашылығын цифрландыру талаптарына байланысты еліміздегі ауылшаруашылық өнімін өндірушілер мен ірі кәсіпорындардың қызметкерлері арасында экономикалық өзара қарым-қатынас структурасында біршама өзгеріс болды [1]. Мысалы, 1990 жылдардың басында қайта өңдеу кәсіпорындарының барлығы тек қана мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасады. Өнім мөлшері өте көп болды және дер кезінде тұтынушыларға жетіп отырды. 90-жылдардың ортасында өнім дайындау жүйесі нарықтық қатынасқа көшті [2]. Өнім тек өзара келісім жүйесі арқылы ғана өндіріліп отырды. Осыдан кейін кәсіпорындарды қайта құру немесе жаңадан жобалау қажеттілігі туындады. Қазіргі заманауи талаптарға сай мақсатты несиелеу көмегімен прогрессивті технологияны енгізу; маркетинг талаптарын орындау; нарық талабына сай өндірісті қайта құру; халықтың әртүрлі шоғырланған аймақтарына сәйкес өнімнің арнайы ассортименттерін жеткізіп отыру қажет.
Міне, осы және тағы басқа уақыт талаптарына сәйкес мал шаруашылығы кәсіпорындарын экономикалық міндеттерге сәйкес қайта жобалау міндеті қазіргі таңда кезек күттірмес негізгі мәселе болып саналады [3].
Зерттеу материалдары және әдістемелері. Мал шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарын жобалауды жер телімін таңдаудан бастайды, оның орналасуын шаруашылықтың дамуының келешек жоспарымен, санитарлық гигиеналық және өртке қарсы нормалармен байланыстырады. Кәсіпорынның құрылысына арналған жер телімін тегіс аумақта не болмаса тұрғын ғимараттарынан жауын сулары мен ағын суларының ағып кетуін қамтамасыз ететіндей 3-50 еңкіштікпен таңдайды [4,5]. Телім елді мекен құрылыстарынан, су жинайтын ғимараттардан және ветеринарлық бөлмелер мен көң жинайтын құрылыстардан төмен орналасуы қажет. Сонымен қатар негізгі жел бағытын (тұрғын үй секторынан ферма бағытына болуын) да ескереді және санитарлық қорғаныс аумағын алдын-ала қарастырады.
Жаңа жобаны орындау барысындағы нақты міндеттер:

  1. Өндірістік процестері кешенді механикаландырылған мал шаруашы-лығы фермасын және фермерлік шаруашылықты жобалау әдістерін игеру.

  2. Технологиялық процестерді механикаландыру үшін қолданылатын машиналар мен жабдық кешенін оқу зерделеу және берілген нақты жағдайда қолдануға мейлінше қолайлысын таңдау.

  3. Мал шаруашылығы фермасын және фермерлік шаруашылықты жобалау барысында тиімділігі жоғары еңбекті ұйымдастыруды ұсыну.

  4. Жобаның экономикалық тұрғыда тиімділігін негіздеу.

  5. Технологиялық линияларда орнатылған бөлек машиналар мен оның механизмдерінің конструкциясын жетілдіру [6,7].

Жобаны бағалау есептік түсіндірме жазба мен графикалық бөлімнің орындалу сапасын көрсетуі қажет, ең бастысы аяқталған жобаны қабылдау барысында анықталатын есептік және конструкциялық бөлімдерін терең білуімен бағаланады.
Сонымен қатар, жаңадан жобаланатын мал шаруашылығы кәсіпорындарының сипаттық белгілері мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс (1-сурет).


Сурет 1 – Мал шаруашылығы кәсіпорындарының сипаттық белгілері






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет