Образования


Материалдар және зерттеу әдістемелері



бет55/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   248
Байланысты:
ХАБАРШЫ (1) (1)

Материалдар және зерттеу әдістемелері. Суармалы жерлердің ауыл шаруашылық мақсатында игерілмей қалуы, суармалы жерлердің тұздануына, жер құнарлылығының нашарлауына, мелиоративтік жағдайының төмендеуіне әкеліп соғады. Бұл жерлерді қайта қалпына келтіруге үлкен қаражат қажет. 2020 жылы мекеме мамандары және ғылыми зерттеу жүргізген ғалымдар орындаған агромелиоративтік бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша облыстағы жалпы көлемі 574,4 мың га суармалы жерлерінің 515,6 мың гектары пайдаланылып, 58,8 мың гектары түрлі себептер бойынша пайдаланылмағанын анықтады, оның себептері топырақтын тұздануы - 7,9 мың га; жер асты суының деңгейі шектеуден тыс жоғарылығы - 4,8 мың га; судың жетіспеушілігі - 14,6 мың га және басқа себептері – 31,5 мың га.
Бұл жерлердің мелиоративтік жағдайының одан әрі нашарлауы ұсынылған суару режимінің сақталмауы, су жүйелері жағдайының төмендігі және қашыртқы жүйелері жұмысының төмендігі (ашық қашыртқылар лай басқан, қамыстан тазартылмаған, Мақтарал, Жетісай және Түркістан аудандарында ТҚҚ жобаға сәйкес жұмыс істемейді, кейбіреулерінде электросымдары, КТП жоқ), сонымен қатар суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға жасалынған ұсыныстардың орындалмауынан болуда.
Суарудың топырақтың физика - химиялық қасиеттеріне тигізетін ықпалы өте күрделі: топырақтың дымқылдығын, температурасын, жылу сиымдылығын, механикалық құрамын, борпылдақтығын, құрлымын, су өткізгіштігін, ылғал сиымдылығын,әр қабатындағы химиялық элементтер мен қосындыларын мөлшерін және бөлінуін, жер асты суларының деңгейін, минералдығын өзгертеді [9-12].
Түркістан облысы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау және суармалы алқаптардағы қолайсыздығы себептерін талдау мақсатында зерттеу жүргізілетін жұмыстардың негізгі түрлері: барлық суармалы жерлердің агромелиоративтік зерттеу жұмыстары, яғни нақты жер көлемі бойынша жерлердің пайдаланылуы, оның ішінде дақылдар бойынша орналасуы және пайдаланылмаған жерлердің көлемін себептері бойынша анықтау; жер асты суының деңгейін анақтау үшін гидрогеологиялық байқаулар жасау және оның тұздылығын анықтау мақсатында химиялық талдаулар үшін су сынамаларын алу; қашыртқымен кеткен су көлемін анақтау үшін гидрологиялық байқаулар жасау және оның тұздылығын анықтау мақсатында химиялық талдаулар үшін су сынамаларын алу; суармалы суларының тұздылығын анықтау мақсатында химиялық талдаулар үшін су сынамасын алу; суармалы жерлер топырағынын тұздану дәрежесі мен түрін анықтау мақсатында далалық топырақ-тұздық түсірілім (почвенно-солевая съемка) жұмыстарын орындау; топырақ және су сынамаларына зертханалық зерттеулер; бақылау құдықтарын қалпына келтіру мақсатында ағымдағы жөндеу.
Осы негізгі жұмыстардың көрсеткіштері бойынша суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы бағаланып, ол жерлерді жақсарту, тиімді пайдалану жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстар дайындалды.
Топырақтың тұздануымен күресудің тағы бір маңызды әдісі суару кезінде суды үнемдеу озықты технологияны (жанбырлатып, тамшылатып суару) пайдаланып жер асты суларының деңгейін көтертпей топырақтың тұздануының болдырмау. Осы әдіс тұзданған жер асты суларының табиги жолдарымен көтерілмейтін желсіз жерлерде өте жақсы нәтиже беру мүмкін. Жерлер тұзданбайды себебі суару судың аз мөлшерде берінетіне байланысты олар тұзданған жер асты сулармен қабыспай тұздарды жер бетіне көтерткізбейді.
Ғылымдарының пікірі бойынша дақылдарының тұзға тұрақтылығын ұлғайту үшін олардың дәндерін егу алдында MgSO4 –ің 0,2 пайыздық ерітіндісінде бір тәулік ұстау керек. Сонда олар сулфаттық тұздарға төзімді болады. Топырақта хлоридтік тұздар көп болса, онда дәндерді NaCl-дің 3 пайыздық ерітіндісінде бір сағат устап, кейін 1,5 сағат кәдімгі сумен шаю керек [13-15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет