Зерттеу нәтижелері және талдау. Қазіргі таңда әлемде термопаралық кабельден дайындалатын термолектрлік түрлендіргіштер кеңінен таралған. АВВ, Ari, JUMO, Pirotenax, Siemens және т.б. әлемдік өндірушілер термоэлектрлік түрлендіргіштердің 90-95% көлемін кабельден дайындайды. Аспап икемді металдан жасалған түтікше түрінде болады, оның ішіне бір-біріне параллель орналасқан бір немесе екі жұп термоэлектродтар орналасады. Термоэлектродтардың айналасы ұсақ шашыраңқы минералды оқшаулағышпен нығыздалып толтырылады (1-сурет). Термопаралық кабельді екі түрлі термоэлектродтармен шығарады: КТМС-ХА және КТМС-ХК (хромель-алюмельді немесе хромель-копельді термоэлектродтары бар, минералды оқшауланған, болат қаптамасы бар термопаралық кабель), оқшауламасы электротехникалық периклаз (негізі MgO – 98%), диаметрі 0,9 – 7,2 мм (ТУ 16-505.757-75 (1-кестеге сәйкес). Кабель қаптамасы ыстыққа төзімді болаттан немесе оның балқымасынан дайындалады [1, 67 бет].
Сурет 1 - Бір немесе екі жұп термоэлектродтары бар термопаралық кабель
1 – кабель қаптамасы; 2 – термоэлектродтар; 3 – минералды оқшаулау (MgO); d – кабель қаптамасының сыртқы диаметрі; s – кабель қаптамасының қалыңдығы.
Кесте 1 – КТМС термопаралық кабелінің негізгі техникалық сипаттамалары
Кабель қаптамасының сыртқы диаметрі d, мм
|
1,0
|
1,5
|
3,0
|
4,0
|
4,6
|
5,0
|
6,0
|
Термоэлектродтардың саны
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Термоэлектродтардың номиналды қимасы, мм2
|
0,03
|
0,06
|
0,30
|
0,50
|
0,44
|
0,60
|
0,90
|
Термоэлектродтар диаметрі, мм
|
0,20
|
0,27
|
0,65
|
0,85
|
0,75
|
0,90
|
1,08
|
Қаптама қалыңдығыS, мм
|
0,15
|
0,25
|
0,35
|
0,52
|
0,35
|
0,62
|
0,75
|
Қаптама материалы
|
Болат 12Х18Н10Т, қорытпа ХН78Т
|
Термопаралық кабель периклазбен нығыздалып толтырылып, тығыздығы жоғары болғандықтан цилиндр диаметрінің бойымен 1800 айнала алады және кабельдің диаметрінен бес есеге тең иілуге дейін шыдайды. Мысалы, диаметрі 3 мм кабельді диаметрі 15 мм болатын түтікшеге орауға болады. Термопара ішіндегі электродтардың арасында немесе қаптаманың арасында қысқа тұйықталу болмайды. Кабельдің периклазбен нығыздалып толтырылуы кабельді дайындау технологиясына негізделген. Құрғақтай престеу тәсілі арқылы периклаз ұнтағынан екі каналды моншақтар дайындайды, олардың ішіне термоэлектродтар орнатады, соданкейін диаметрі 20 мм болатындай түтікшеге салады да бірнеше рет фильерлер арқылы өткізіп, сутегі мен аргон орталарында аралық күйдіру жұмыстарын жүргізеді.
Термопараны дайындаудағы негізгі және күрделі жұмыстардың бірі болып термопараның жұмыс түйіспесін (спай) дәнекерлеу саналады, өйткені дәнекерлеу кабель қаптамасының ішінде жүргізіледі және де бұл жұмысты жүргізген кезде дәнекерленген жерде технологиялық ақау пайда болуы мүмкін. Термопараның жұмыс түйіспесінің (спай) ақауы болып ондағы микрожарықтар, электродтардың шөгуі, саңылаулардың пайда болуы т.б. саналады. Аталған ақаулардың әсерлерінен термотүрлендіргіш ұшының (спай) мерзімнен бұрын бұзылуына әкеліп соғады, әсіресе бұл жағдай термопара жылуға ұшыраған кезде және термопараларды термоциклдеу режимінде пайдаланған кезде жүзеге асырылады [2, 129 бет].
Көптеген зерттеулер кабельдік термопараның қарапайым өткізгішсымды термопарамен салыстырғанда тұрақтылығының жоғары екендігін көрсетті. Сонда, диаметрі 4 мм ХК типті кабельдік термопара көрсеткіштерінің өзгеруі келесідей болды: 425±100С болғанда 10 000 сағат ішіндегі өзгеріс 0,50С, ал 25 000 сағат ішіндегі өзгеріс +1,150С құрады, ал өткізгіш сымды термопара үшін 10 000 сағат ішінде 10С болды [3, 156 бет].
ХА типті термопараны салыстырмалы зерттегенде мынадай нәтижелер алынды: сыртқы диаметрі 3 мм (термоэлектродтар диаметрі 0,65 мм) болатын кабельді термопараның 8000С температурада 10 000 сағат ішіндегі термоЭҚК өзгеруі 2,50С құрады, термоэлектродтарының диаметрі 3,2 мм болатын қарапайым ТХА термопарасының сол уақыттағы өзгеруі 30С жетсе, ал электродтардың диаметрі 0,7 мм термопара үшін 200-250 мкВ (5-60С) болды.
Ыстыққа төзімді қаптамасы бар КТХА кабельдік термопараны зерттеу нәтижесі оның тұрақтылығының жоғары екендігін дәлелдейді (2-сурет), 1085±100С температурада термоЭҚК 250 сағатта өзгеруі 10С артық болмаған, ал диаметрі 3,2 мм өткізгішсымды термопараның 10000С температурада дәл осы уақыт ішіндегі термоЭҚК өзгеруі 30С құраған [4].
ТермоЭҚК өзгеруі, мкВ
|
|
|
Қызу ұзақтығы, сағ.
|
Сурет 2 - 1085±10 0С температурасында үздіксіз ұстап тұру нәтижесінде КТХА 02.01 кабельдік термопараның термоЭҚК өзгеруі: КТМСп кабелі ХА: диаметрі 3 мм, қаптамасы – болат 10Х23Н18
Достарыңызбен бөлісу: |