Қорытынды. Кабельдік термопаралардың тұрақтылықтарының жоғары болуы кабель ішіндегі оттегі көлемінің шектеулігіне байланысты термоэлектродтардың тотығуының баяулығына әкеледі, сонымен қатар термоэлектродтардың жұмыс ортасының әсерінен металды қаптамамен және магний оксидімен қосымша қорғалуында.
Кабельдік термопараның тағы бір артықшылығы болып оның жоғары жұмыс қысымдарды төзуге қабілеттілігі. Яғни, келтірілген мәліметтер бойынша диаметрі 33 мм ХН78Т қаптамасы бар термопара 10000С температурада және 8,7 МПа қысымда жұмыс жасай алса, ал 12Х18Н10Т қаптамасы бар термопара 3000С температурада 31,5 МПа дейін жұмыс жасай алады [5].
Сонымен қатар кабельдік термопараның келесі артықшылықтары болып мыналар саналады: өткізгішсымды термотүрлендіргішпен салыстырғанда термоэлектрлік тұрақтылығы және жұмыс ресурсы 2 – 3 есеге жоғары; кабельдің иілгіштігі, бақылауға қиын орындарға кабель каналдарымен монтаждау мүмкіндігі, және бұл кезде термопара ұзындығы 60 – 100 м жетуі мүмкін, термопараны температураны өлшейтін ортаға дәнекерлеуге, жабыстыруға болады; жылу инерциясының көрсеткіші төмен, осыған байланысты оны жылдам өтетін үрдістерді тіркеу үшін қолдануғаболады; термопараны әртүрлі пайдалану шарттарында қолдануға болады, технологиялық тұрғыда жақсы жұмыс жасайды, материал сыйымдылығы аз болып келеді; кабельдердің негізінде термотүрлендіргішті қорғаныс қаптамасында болкты-модульді түрде дайындауға болады, термопараны бұлай дайындау термоэлектродтарды жұмыс ортасының әсерінен қосымша қорғау үшін және сезімтал элементті жедел түрде ауыстыру мүмкіндігін тудырады.
Алайда кабельдік термопараның барлық артықшылықтарын толықтай қолданылуы үшін оны дайындаудың күрделі технологиялық үрдістерін қатаң түрде сақтаған дұрыс және де мұндай термопараны дайындауда заманауи технологиялық жабдықтарды қолданып, олардың жұмысын үнемі бақылап отыру қажет.
Әдебиеттер: Белевцев, А. Богатов Б., Каржавин А. Термоэлектрические преобразователи температуры. Теория, практика, развитие // Журнал «Современные технологии автоматизации» – ООО «СТА-Пресс», 2004, с.66-76.
Каржавин, А.В. Коломбет С.В., Улановский А.А.Новые методы и средства поверки термоэлектрических термометров в диапазоне температур 300-11000С //Сб.докладов 1-й Всероссийской конференции «Температура-2001» – Подольск, 2001, с. 126-135.
Каржавин, А.В. и др. Термоэлектрические преобразователи температуры. Теория, практика, развитие / Обнинск, 2004, с. 156-164
Каталог керамических изделий фирмы Haldenwanger Technische Keramik GmbH (ФРГ)/ Measurement and Control Technical Ceramics., P.13