Оценка природных туристско-рекреационных ресурсов гнпп «Буйратау»



бет2/6
Дата10.02.2023
өлшемі491,3 Kb.
#66914
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
макала туризм

Ключевые слова: природные туристско-рекреационные ресурсы, ГНПП «Буйратау», национальные парки, оценка, совокупный туристский потенциал, туристско-рекреационная деятельность.
«Бұйратау» МҰТП-нің табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын бағалау

А.С. Ақтымбаева, А.Ж. Сапиева


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
E-mail: alia_79-30@mail.ru, mashok_1993@mail.ru


Аннотация
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік-рекреациялық іс-әрекеттің дамуы әлемдік туризмнің заманауи трендтерінің бірі болып табылады. «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі елімізде 2011 жылдың 11 наурызында пайда болды және жас, әрі толық зерттелмеген табиғатты қорғау мекемесі болып саналады. Зерттеу мақсаты «Бұйратау» МҰТП туристік-рекреациялық іс-әрекетін дамыту факторының бірі ретінде табиғи туристік-рекреациялық ресурстарды бағалау болып табылады. Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде С.Р. Ердавлетовтің жиынтық туристік әлеуетті бағалау әдістемесі арқау болды. Бұл әдістеме балдық бағалау (бонитировка) қағидасына негізделген. Жиынтық туристік әлеуетті бағалау әдістемесін қолдану нәтижесінде «Бұйратау» МҰТП-нің табиғи туристік-рекреациялық ресурстарының инвентаризациясы жүргізілді, сонымен қатар, зерттелініп отырған ұлттық парктің басқа мемлекеттік ұлттық табиғи парктермен салыстырмалы түрде алғандағы ахуалы мен жағдайы анықталды. Осылайша, «Бұйратау» МҰТП-нің табиғи рекреациялық ресурстарының туристік аттрактивтілігі 306 балға тең болды, соның ішінде ұлттық парк аумағының ландшафтын қоса алғанда, әрі туристік-рекреациялық іс-әрекетті дамыту тұрғысынан мағынасы бар 304 табиғи рекреациялық нысандар құрайтыны анықталды. Зерттеу нәтижесі «Табиғи ландшафттардың туристік аттрактивтілігі дәрежесі бойынша Қазақстанның МҰТП-рі аумақтарының бөлінісі» картасын құрастыру болып табылады. Зерттеу «Бұйратау» ұлттық паркінің туристік-рекреациялық іс-әрекетінің мультипликативті әсерін одан әрі бағалау мақсатымен жүргізілді.
Түйін сөздер: табиғи туристік-рекреациялық ресурстар, «Бұйратау» МҰТП, ұлттық парктер, бағалау, жиынтық туристік әлеует, туристік-рекреациялық іс-әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет