Одағай – толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін



бет1/3
Дата12.05.2023
өлшемі18,91 Kb.
#92561
  1   2   3
Байланысты:
Документ


Одағай  толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер.
Одағайға тән негізгі белгілер: 
1. Лексикалық мағынасы болмайды;
2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;
3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.
Одағайдың үш түрі бар: 1) көңіл күйодағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3) шақыру одағайлары.
1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.
2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.
3. Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс;ешкіге қатысты шөре-шөреитке қатысты кә-кә, айтақ-айтақмысыққа қатысты пырс, т.б. одағайларқолданылады.
Одағай сөйлем басында да, ортасындада, соңында да кездеседі. Соған байланысты одағайға қойылатын тыныс белгілер төмендегідей:
1. Одағай сөйлем басында келсе, одағайдан кейін үтір қойылады. Мысалы, Пай-пайтуған жер қандай ыстықҚұрау-құраукер бесті!
2. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, одағайдың екі жағынан да үтірқойылады. Мысалы, Далаға шықсамойпырай, батыс жақ от болып жанып жатқандай...
3. Одағай сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Осы алған бетіңнен танбабәрекелдіКөз жасыңды көрсетпетәйт!
4. Кейбір жағдайда одағай қатысқан сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Мысалы:
ҚазақстанПай, пай, пайардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.
5. Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы, Паһ-паһ!Сөз деп осыны айт!


Шылау  толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы, үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:
1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;
2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;
3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады
4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;
5. Шылаулар түрленбейді, яғникөптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.
Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.
Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты үстеме мән береді.
Септеулік шылаулар екі түрлі қызметатқарады:
1Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы, ел үшін тер төгу; үйге қарайаяңдау; туған жер жайлы толғану,Бауыржан сынды батыр, жүз қаралыжылқы, сабақтан соң келу, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет