Одағай – толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін



бет3/3
Дата12.05.2023
өлшемі18,91 Kb.
#92561
1   2   3
Да, де, та, те шылаулары сөзден бөлек жазылады. Да, де, та, те жалғаулығы сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен тұлғалас. Жатыс септік жалғауы сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал шылау бөлек жазылады және оны түсіріп немесе басқа жалғаулықпен алмастыруға болады. Мысалы, Жасымда ғылым бар деп ескермедім. – Жасым ғылым бар деп ескермедім депда жатыс септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Ал Жас та, кәрі де риза дегенді Жас пен кәрі немесе жас, кәрі риза деп айта аламыз.
Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасайды да, өзі тіркескен сөзден бөлекжазылады. Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе болымсыз етістік жұрнағымен ұқсас келеді. Шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып бірге жазылады. Кейде бұл шылау -мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады. Мысалы,
– Әкесісіз бе?
– Әкесімісіз?
-ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -ды демеуліктері дефис арқылы жазылады. Мысалы, Өзің-ақ бара бер. Күннің суығын-ай. Ертеде бір балықшы болыпты-мыс. Қарағым-ау, неге кешіктің? Бұл жерде бұрын да болған-ды, т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет