Одағай – толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін


Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады



бет2/3
Дата12.05.2023
өлшемі18,91 Kb.
#92561
1   2   3
2. Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Мысалы, Күн бұлттанған сайын, Тілек жас төлдерін ойлай бастады.
Септеуліктер мына сөздердің шылауында айтылады:
1. Түбір сөздермен немесе атау тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: сайын, секілді, туралы, тәрізді, сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы. Мысалы, хат арқылыхабарлау, осы үшін келу, оқу жайындасөйлеу, көрген сайын қызығу, Әлиясынды батыр.
2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетінсептеуліктер: шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін.Мысалы, орманға дейін жүгірутүскеқарай келдіжүзге жуық жылқыалтыға таяу оянды, кешке таманоралды.
3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: соң, гөрі, бері, әрі, бұрын. Мысалы, сабақтан кейіндайындалутаудан әрі асуағасынан бұрын көмектесу.
4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: бірге, қатар, қабат. Мысалы, сонымен бірге, досыменқатароқумен қабат.
Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердіңнемесе салалас құрмаластың сыңарларын төмендегі мағыналық қатынаста байланыстырады:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтармен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі.
2. Қарсылықтық қатынасты білдіретінжалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе.
3. Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
Демеулік шылаулар сөзге немесесөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді. Демеуліктер сөзге не сөйлемге үстейтін мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:
1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? көріп пе ең? – көріппісің? айтып па ең? – айтыппысың?
2. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те. Мысалы, Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау, Тілек те келді. 
3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана (қана) тек. Мысалы, тек қана, сен ғана.
4. Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс.Мысалы, болыпты-мыс, өмір сүріпті-міс.
5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ. Мысалы, Ол түгіл, сен тұрмақ.
6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы, сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді.
Және, мен, бен, пен шылаулары сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда қолданылады да, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды.Мысалы, Абай мен Мұхтар және Шәкәрім – қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар. 
Мен, бен, пен жалғауы көмектес септікжалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас, алайда олардың бір-бірінен жазуда айырмашылығы бар. Көмектес септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Мысалы, Жақсымен жолдас бол деген сөйлемді Жақсы жолдас болдеп айтуға болмайды. Ал шылауды түсіріп айта аламыз. Мысалы, Жақсы мен жаман дегенді жақсы, жаманнемесе жақсы және жаман деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет