Медбикеніц жұмыс орны Медбикелік пост жұмысының ұйымдастырылуы, Медициналық құжаттардың түрлері. Бөлімшедегі әр 25 - 30 орынға 1 пост тағайындалады. Медбике посты өзіне қатысты палаталардан алыс орналаспауы керек. Пост, ішінде ауру тарихтарын сактайтын бекітілетін жәшіктері бар столмен, медбикеге арналған кресломен, медикаменттерге және медициналық құрал-саймандарға арналған шкафпен, А және Б тізімдегі дәрілік препараттарды сактауға арналған сейфпен, тез бұзылатын дәрілік препараттарды сактайтын тоназытқышпен, дәрілік препараттарды тарататын қозғалмалы столмен, әртүрлі манипуляцияларды дайындауға арналған столмен, стол лампасы және телефонмен жабдықталған. Егер сейф болмаған жағдайда, медбике столының үстінде А және Б тізімдегі дәрілік препараттарды сактауға арналған шкафтар болады. Медбикенің жұмыс орны таза болуы керек. Столының үстінде палаталардан келетін сигнализация болады. Сонымен қатар, қолды жууға арналған раковина болуы керек. Егер бөлімшеде жеке егу бөлмесі болмаса, онда постта егуге арналған стол, стерильді материал, құрал-саймандары бар бикс болуы керек. Постта медикаменттері бар шыны шкаф болады. Шкафтың әрбір сөресінде «Ішке», «Сыртқа», «Инъекция» деген жазулары болуы керек. Аурухана тәртібіне байланысты медбике постынын жүмысы ұйымдастыры-лады:
Медбике жұмысынын негізгі бөлігі - кезекшілікті тапсыру болып табылады. Егер сменаға келмесе медбике өзінін постын тастап кетпеуі керек. Сменаға келген медбике кезекшілігін аяқтаған медбикемен палаталарды аралап, бөлімшенің санитарлык жағдайын тексеруі, ауыр жағдайдағы науқастарға аса көңіл бөлуі керек. Кезекшілікті тапсырып жатқан медбике, науқастар жағдайларындағы өзгерістер жөнінде хабарлайды. Дәрігер нұскауларын, оның орындалуын айтады. Келесі кезекшіліктегі орындалатын нұскауларды айтады. Кезекшілікті атқарған медбике келесі кезекшілікке келген медбикеге мыналарды тапсырады:
Медициналык кұрал-саймандарды (шприцтер, термометрлер) және дәрілік препараттарды;
Наркотикалық дәрілік препараттарды есепке алу және жұмсау журналына тапсырғаны және қабылдап алғаны жөнінде медбикелер кол кояды;
4. Ауру тарихынан көшіріп алынған манипуляциялар, егулер, лабораторлы және ннструментальды зертгеулер сиякты дәрігердін тағайындаған нұсқаулар жазылған журналды;
Улы және күшті әсер ететін препаратгарды есепке алу журналын;
Кезекшшкті тапсыру және кабылдап алу журналын;
Онда науқастардын жалпы саны, ауыр жағдайдағы және кызбасы бар науқастардын саны, жедел көрсетілетен нұскаулар, медициналық кұрал-саймандардын саны, техникалық жағдайы көрсетіледі.
Медбикелік кұжаттардың негізгі түрлері: ауру тарихының сыртқы беті, дәрігерлер тағайындаған нұскаулар егу және дене кызуын тіркеу парағы пориионник «наркотикалык дәрілік препараттарды есепке алу және жүмсау» журналы «кезекшілікті тапсыру және қабылдау» журналы.