Of L. N. Gumilyov Eurasian National University педагогика. Психология. ӘЛеуметтану



Pdf көрінісі
бет118/371
Дата14.04.2022
өлшемі3,76 Mb.
#31042
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   371
Байланысты:
Pedagogika 1,2021

Негізгі  бөлім.  С.Г  Азариашвили  [2],  Л.И. 
Дудина  [3],  М.М.  Поташник  [4]    сияқты  ға-
лымдар  өз  зерттеулерінде    «әдістемелік  жұ-
мыс»  және  «ғылыми-әдістемелік  жұмыс» 
ұғымдарының  мәнін  анықтауға  мүмкін-
дік  берді,  ол  ғылыми-әдістемелік  жұмыста 
субъективті  құрамды  күшейту  қажеттілігі-
не  дейін  педагогтың  кәсіби  шеберлігін  арт-
тыруға  бағытталған  ғылым  мен  педагогика-
лық  тәжірибенің  жетістіктеріне  негізделген 
практикалық  іс-шаралардың  арнайы  кешені 
түрінде әдістемелік жұмысты қарастырудағы 
дәстүрлі  тәсілдерден  ғылыми  ой  қозғалысын 
талдау негізінде, өзін-өзі жүзеге асыру проце-
стерін белсендендіру деп атап көрсетті. 
Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ме-
кемелері  арнайы  әдебиеттерде  жан-жақты 
зерттелген  әдістемелік  жұмыстардың  әді-
стері мен формаларын  дәстүрлі түрде жүзеге 
асырып  келді,  алайда  заманауи  зерттеулер-
де  әдістемелік  жұмыс  ғылыми-әдістемелік 
жұмыс  болып,  кеңейтілген  түрде  берілген. 
Қазіргі  кезде  білім  беруді  модернизациялау 
жағдайында  әдістемелік  жұмысты  жетілдіру 
тұжырымдамасы және оның сапалы мәнінің, 
негізгі  мақсатының,  шешетін  міндеттерінің 
жаңаруымен, оның ұйымдастыру талаптары-
ның  өзгеруімен  және  білім  беру  мекемесінің 
жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге 
асырып жатқан жаңа деңгейге ғылыми-әдісте-
мелікке ауысуы маңызды болып отыр. Осыған 
байланысты  ғылыми-әдістемелік  жұмыстың 
әдістемелік  жұмыстан  айырмашылығы  бар 
ма?,  деген  сұрақ  туындайды.  Кәсіптік  білім 
беру  мекемелеріндегі  ғылыми-әдістемелік 
жұмыстың  әдістемелік  жұмыстан  негізгі  ай-
ырмашылықтары  бірінші  кестеде  анық  көр-
сетілген.  
Көріп  отырғанымыздай,  елеулі  айыр-
машылықтар жеткілікті. Олардың ең бастысы 
- ғылыми-әдістемелік жұмыстың ұйымдамты-
рылуы  мен  жобалануының  заманауи  тәсіл-
дерінің  негізгі  мұғалім  тұлғасының  дамуы 
ретінде  мақсатын  сезінуі  болып  табылады. 
Өзін-өзі  сезінуі  үшін  педагог  ғылыми,  кәсі-
Білім беру мекемелеріндегі ғылыми-әдістемелік жұмыс мұғалімдердің...


77
№ 1(134)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. 
Серия Педагогика. Психология. Социология
BULLETIN of  L.N. Gumilyov Eurasian National University. Pedagogy. Psychology. Sociology Series
У.Ж. Конакбаева
Өлшемдері 
Әдістемелік жұмыс
Ғылыми-әдістемелік жұмыс
Анықтамасы
Әдістемелік  жұмыс  –  әр-
бір  мұғалімнің  біліктілі-
гі  мен  кәсіби  шеберлігін 
жан-жақты көтеруге, жал-
пы  педагогикалық  ұжым-
ның 
шығармашылық 
әлеуетін  дамытуға,  білім 
берудің тиімді нәтижелері 
мен оқушылардың дамуы-
на,  ғылыми  жетістіктерге, 
оқу-тәрбие үдерісінің тал-
дауына  негізделген  іс-ша-
ралар жүйесі [5]. 
Ғылыми-әдістемелік  жұмыс    –  білім  берудің  жаңа 
мазмұны    мен  жоғары  нәтижелі  технологияларын 
құруға  мүмкіндік  беретін,    мұғалімнің  әдіснама-
лық  мәдениетін  қалыптастыратын,  педагогтар  мен 
оқушылар  ұжымының  өмірлік  қызметінің  интел-
лектуалды баюына әсер ететін педагогикалық ғылым 
мен  практиканың  бір-бірімен  байланысты  бірыңғай 
жүйесі.    Ғылыми-әдістемелік  жұмыс    –  білім  беру 
мекемесінің  оқу-тәрбие  қызметінің  дамуына  бағыт-
талған  ғылыми-зерттеушілік  және  әдіснамалық 
үдерістердің синтезі  [6].
Мазмұны
Оқу  мен  тәрбиенің  раци-
оналды әдістері мен тәсіл-
дерін меңгеру, педагогтың 
оқу-тәрбие  жұмыстарын 
жүргізуге  және  ұйымда-
стыруға  жалпыдидакти-
калық  және  әдіснамалық 
даярлығының 
деңгейін 
көтеру  және  мұғалім-
дердің  біліктілігін  көтеру 
мен тәжірибелерін тарату, 
зерттеу.  
Білім  беру  мекемесінің  философиясын  анықтау, 
ұжым  өмірінің  рухани  негіздемелерін  жасау.  Инно-
вациялық  идеяларды  іздеу,  жүзеге  асыру,  зерттеу-
лерді,  тәжірибелік-эксперименталды  жұмыстарды 
ұйымдастыру.  Оқу  мен  тәрбиенің  жаңа  әдістерінің, 
тәсілдерінің, құралдарының педагогикалық техноло-
гияларының  жаңа элементтерін жасау. Педагогтар-
дың  кәсіби-тұлғалық  қасиеттерін  дамыту,  олардың 
ғылыми-теориялық  деңгейін  көтеру,  өзін-өзі  дамы-
туға ынталандыру.  
Формасы
Әдістемелік 
бірлестік-
тердің,  пәндік  комиссия-
лардың  құрамында  жұ-
мыс жасау.
Жеке  оқытушылар  мен  бүкіл  ұжымның  тәжіри-
белі-эксперименталды  жұмыстарын  жүргізетін 
ғылыми-зерттеу  жұмысымен  айналысатын  шығар-
машылық  ұжымдық  орталықтар,  лабораториялар 
мен кафедралар құру.  
Нәтижесі
Білім  беру  мекемелерін-
де  оқу-тәрбие  үдерісінің 
жоғары сапасына қол жет-
кізу.  Әдістемелік  нұсқау 
түрінде 
педагогикалық 
тәжірибелерді тарату. 
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименталды 
жұмыс нәтижесінде алынған қорытындылар мен тео-
риялық және практикалық ережелерінің жиынтығы 
және олардың білім беру жүйесінің әртүрлі деңгей-
лерінде  ғылыми  және  практикалық,  педагогикалық 
қызметтерде  қолдану.  Ғылыми  кадрларды  көбейту. 
Ғылыми  мақалалардың,  оқу-әдістемелік  құралдар-
дың,  монографиялардың  және  ғылыми-зерттеу  жұ-
мыстарының (диссертациялар) санын көбейту. 
Өнімі 
Ұсынымдар,  нұсқамалар, 
әдістемелер  түрінде  қыз-
меттерді жалпы сипаттау. 
Ғылыми-теориялық негіздеу және педагогикалық қы-
зметті қамтамасыз ету 
Кесте 1
«Ғылыми-әдістемелік жұмыс» және «әдістемелік жұмыс»  
ұғымдарының салыстырмалы сипаттамасы


78
№ 1(134)/2021


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   371




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет