Білім беру мекемелеріндегі ғылыми-әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке кәсіби қалыптасуының маңызды жүйесі Аңдатпа. Білім беру жүйесіндегі педагогтардың ғылыми-әдістемелік қызметінің басты мақсаты - инновациялық технологияларды енгізу арқылы техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту. Кәсіптік білім жүйесін игерген маманды келешекте өндірістік – басқарушылық, маркетингтік, ғылыми – зерттеушілік және білім беру салалық қы- зметі түрлерін атқара алатындай, сонымен қатар жоғары оқу орындарында білімін жалғастырып, кемел келешектің зиялы әлеуеті қатарын толықтыратындай тұлға ретінде қалыптастыру заман талабы. Сондықтан мақалада білім беру мекемелерін- де ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері, әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны мен ұйымдастырылуы, мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттерін жетілдіру, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру фор- малары мен қағидалары қарастырылған. Заманауи білім беруді модернизациялаудағы ғылыми-әдістемелік жұмыстың бағыты мен білім беру мекемелерін басқаруда және мұғалімдердің жеке кәсіби қалыптасуындағы маңыздылығы қамтылған. Түйін сөздер: ғылыми-әдістемелік жұмыс, білім беру мекемелері, мұғалімнің кәсіби қалыптасуы, кәсіби шеберлік, біліктілікті арттыру.