Of L. N. Gumilyov Eurasian National University педагогика. Психология. ӘЛеуметтану



Pdf көрінісі
бет121/371
Дата14.04.2022
өлшемі3,76 Mb.
#31042
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   371
Байланысты:
Pedagogika 1,2021

У.Ж. Конакбаева


80
№ 1(134)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы
  
ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
Бұлардың ең алғашқысы бейімделу және әле-
уметтендіру.  Ғылыми-әдістемелік  жұмысқа 
белсенді қатыса отырып, оқу-тәрбие үдерісін 
жетілдіре отырып, инновация ендіре отырып, 
мемлекеттік стандартқа сәйкес білім беру са-
пасын  арттыруға  әсер  ете  отырып,  мұғалім 
өзіне  мұғалім-зерттеуші  мәртебесін  иемде-
неді.  Ғылыми-әдістемелік  жұмыс  мұғалімге 
ескірген  көзқарастардан  арылуға,  сыртқы 
өзгерістерді  тез  қабылдауына  әсер  ете  оты-
рып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. 
Ғылыми-әдістемелік жұмыстағы ең негізгісі – 
педагогқа көмек көрсету.    
Мектептегі  ғылыми-әдістемелік  жұмыс 
–  әр  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігі  мен  құзы-
реттілігінің  жан-жақты  көтерілуіне  бағыт-
талатын  және  озық  педагогикалық  тәжіри-
бенің,  ғылымның  жетістіктеріне  негізделетін 
тәжірибелік  іс-шаралардың  арнайы  кешені. 
Бұл  кешен  педагогикалық  ұжымның  шығар-
машылық  әлеуетінің  көтерілуіне  және  соңғы 
нәтижесінде  білім  беру  үдерісінің  нәтижесі 
мен  сапасының,  басқаша  айтқанда  оқушы-
лардың  білім  деңгейінің,  тәрбиелілігі  мен 
дамуының  өсуіне  бағытталады.  Сондықтан 
да мұғалімнің құзіреттілігі қандай қасиеттер-
ден тұрады, бүгінгі күн талабына сай педагог 
қандай болу керек екенін анықтау, мұғалімге 
қойылған  біліктілік  талабына  қарай  құзірет-
тіліктің  барлық  түрлері  жетекші  болуы  тиіс. 
Себебі,  өзінің  қызметін  жоғары  дәрежеде 
атқармаса және өздік кәсіби дамуын одан әрі 
жобалап, болжам жасамаса, онда ол тоқырау-
дағы педагог. «Құзіреттілік» ол білім сапасын 
арттыруды  дәстүрлі  тәсілмен  білім  мазмұ-
нын  ұлғайту  арқылы  шешудің  арасындағы 
қарама-қайшылықта  туындаған  дағдарысты 
жағдайдан шығудың бір жолы. Оның сапасы 
алған  білімінің  көптігінен  емес,  сол  білімді 
қолдана  білуімен  маңызды.  Құзіреттілік 
мұғалімнің кәсіби тұлғалық білімінің теңдес-
сіз  жүйесі,  еңбекке  шығарамашылық  көзқа-
рас, педагогикалық жағдайды меңгерту үшін 
үнемі  кәсіби  жетілуге  ұмтылу  нәтижесінде 
жаңа  ой-мағына  туғызатын  қабілет.  Ғылы-
ми-әдістемелік  жұмыстың  мақсаты  педагог-
тың  кәсіби  құзыреттілігінің  деңгейін  көтеру, 
оның  нағыз  маман  болып  қалыптасуын  қа-
дағалау болып табылады. Кәсіби құзыреттілік 
–  оқушының  дамуын  қамтамасыз  ететіндей 
деңгейде  педагог  тұлғасының  өзін-өзі  жетіл-
діретіндей педагогикалық қарым-қатынас пен 
педагогикалық  қызметтің  әртүрлі  жақтары-
ның мұғалімнің еңбегінде қалыптасуы. Ғылы-
ми-әдістемелік жұмыстың тақырыбы педагог-
тың  коммуникативті,  ақпараттық,  құқықтық, 
кәсіби құзыреттіліктер арқылы білім берудің 
жаңа сапасына қол жеткізу, мұғалімнің әдісте-
мелік шеберлігінің деңгейін көтеру, педагоги-
калық тәжірибені ендіру және кең тарату  [9].          
Мұғaлімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтeріп 
oтыруы oның шығaрмaшылық қaбілeтін дaмы-
туды жәнe дeрбeс пeдaгoгикaлық тәжірбиeсін 
үнeмі  дaмытудың  шaрты  бoлып  тaбылa-
ды.  Eгeр  мұғaлім  қoғaмдық  oртaдa  бeлсeнді 
пoзиция  ұстaнып,  oның  дeрбeс  тәжірбиeсі 
әлeумeттік жәнe пeдaгoгикaлық тәжірибeмeн 
кірігіп,  пeдaгoгикaлық  ұжымдық  қoлдaнуғa 
иe  бoлып,  кәсіптік  шығaрмaшылық  іздeнісі 
көтeрмeлeніп  oтырсa,  мұғaлімнің  кәсіби 
шeбeрлігі мeн пeдaгoгикaлық мәдeниeтінің aр-
туы бaрыншa жeмісті бoлaды. Мұғaлімдeрдің 
біліктілігін  жeтілдіру  жoспaрынa  сәйкeс 
oлaр бeс жылдa бір рeт мұғaлімдeр біліктілі-
гін  көтeру  институттaрындa  нeмeсe  пeдaгo-
гикaлық  жoғaры  oқу  oрындaрының  aрнaулы 
фaкультaтивтeріндe  aрнaйы  дaйындықтaн 
өтуі тиіс. 
Осыған байланысты жақында ғана жария-
ланған білім беруді және ғылымды дамытудың 
2020  –  2025  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасын басшылыққа алуымыз қажет. 
Онда  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 
академиясының  әдістемелік  инновациялар-
дың  орталығына  айналатынын  және  Респу-
бликалық  оқу-әдістемелік  кеңес  педагогика-
лық ЖОО-мен тығыз өзара қарым-қатынаста 
еліміздің  барлық  оқу-әдістемелік  қызмет-
терінің,  пән  мұғалімдері  қауымдастығының 
қызметін  біріктіретін  және  үйлестіретін  бо-
лады  деп  атап  көрсетілген.  Сонымен  қатар 
білім  берудің  жаңартылған  мазмұнын  бекіту 
және одан әрі жетілдіру мақсатында жетекші 
ғалымдарды,  сарапшыларды  және  практик-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   371




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет