84
№ 1(134)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы
ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
жұмыс педагогтардың жалпы психологи-
ялық-педагогикалық дайындығы мен кәсі-
би-педагогикалық құзыреттілігін арттыруға
ғана емес, сонымен қатар педагогтардың әр
түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыруда айтар-
лықтай нәтижелерге қол жеткізу мақсатында
педагогтардың дайындықтарының нақты түр-
лерін дамытуға бағытталуы мүмкін. Болашақ
мұғалімнің жалпы теориялық дайындығын
емес, дайындық түрлерінің бірін дамытуға
бағытталған біліктілікті арттыру процесін қа-
растыратын бірқатар зерттеулер бар:
- психологиялық-педагогикалық ұсы-
нымдар әзірлеу,
- педагогтарды педагогикалық қызметте
өзін-өзі ұйымдастыруға бағыттау,
- бастауыш сынып оқушыларының құн-
дылық-гуманистік бағдарын қалыптастыру,
- оқытудың техникалық құралдарын қол-
дану,
- оқушыларды оқытуға жеке-бағытталған
тәсілдерді жүзеге асыру,
- оқытуды дараландыру мен саралауды жү-
зеге асыру.
Сонымен зерттеу барысында кәсіптік білім
беру мекемелеріндегі «ғылыми-әдістемелік
жұмыс» ұғымы нақтыланды, кәсіптік білім
беру мекемелерінің ғылыми-әдістемелік жұ-
мыс жүйесі сипатталды және оны жетілдіру
жолдары анықталды, мұғалімдердің ғылы-
ми-әдістемелік жұмысын жетілдіруге қойы-
латын талаптар талданды.
Кәсіптік білім беру мекемелерінің мұғалім-
дерінің ғылыми-әдістемелік жұмысты атқа-
руға даярлықтарын қалыптастырудың әдісна-
малық тұғырларына төмендегілер жатады:
жүйелілік тұғыр – кәсіби даярлық барысын-
да кәсіптік білім беру мекемелерінің кәсіби
құзыреттілікті әдіснамалық, теориялық, әді-
стемелік және технологиялық компоненттер
бірлігінде қарастырады;
тұлғалық-іс-әрекеттік тұғыр – кәсіптік
білім беру мекемелерінің мұғалімдерінің
өздерін субъект ретінде сезінуіне көмекте-
седі және олардың кәсіби құзыреттілігінің
құрылымын және мазмұнын меңгеру тетігін
айқындауға мүмкіндік жасайды;
аксиологиялық тұғыр – кәсіптік білім беру
мекемелерінің мұғалімдерінің жаңа білім
беру философиясының және соған сәйкес за-
манауи педагогиканың әдістемесінің негізін
меңгеруге бағыттайды;
құзыреттілік тұғыр – кәсіптік білім беру
мекемелерінің мұғалімдерінің іскерлігі мен
қабілеттерімен, теориялық және тәжірибелік
даярлығымен, жоғары деңгейлі технологи-
ялылығымен, мәдениетілігі және шеберлі-
гімен, түбегейлі білімінің жиынтығымен,
өзін-өзі дамытуға үнемі дайын болуымен
қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: