Ж. Сәкенов 1 , А. Жұбандықова 2 , Ж. Сұлтанова 2 , Р. Нәбуова 2 , С. Осипова 1 1 Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар, Қазақстан 2 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан Университет оқытушысының шығармашылық белсенділігін дамыту Аңдатпа. Мақалада университет оқытушысының шығармашылық белсенділігінің дамуына негіздеме
берілген. Мұнда қолжетімді психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулер негізінде мұғалімдердің
шығармашылық қызметін дамыту мәселесінің қазіргі жағдайының теориялық ұстанымдары талданады
және жалпыланады. Жұмыста, А. Миррахимова сипаттаған озық тәжірибелерге негізделген, мұғалім-
дердің шығармашылық белсенділігін дамытуды басқару негіздемесі берілген. Сондай ақ, университеттің
оқытушыларына қолданылатын шығармашылық белсенділікті дамыту моделін құру және эксперимен-
талды тестілеу сипаттамасы берілген. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетін дамыту моделінің апро-
бациясы оның тиімділігін растады. Мақалада мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетін дамыту моделінің
компоненттерін модернизациялау перспективалары анық көрсетілген. Мұғалімнің шығармашылық
іс-әрекетін дамытудың әрі қарайғы зерттеу бағыттары көрсетілген. Зерттеу нәтижелері профессорлық
оқытушылық құрамның басқарушылық қасиеттерінің тиімділігін арттыру мақсатында университеттер-
де практикалық қолдануға ұсынылады.
Түйін сөздер: даму, шығармашылық, белсенділік, университет оқытушысы, А. Миррахимова, мо-
дель.