Of L. N. Gumilyov Eurasian National University педагогика. Психология. ӘЛеуметтану



Pdf көрінісі
бет122/371
Дата14.04.2022
өлшемі3,76 Mb.
#31042
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   371
Байланысты:
Pedagogika 1,2021

Білім беру мекемелеріндегі ғылыми-әдістемелік жұмыс мұғалімдердің...


81
№ 1(134)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. 
Серия Педагогика. Психология. Социология
BULLETIN of  L.N. Gumilyov Eurasian National University. Pedagogy. Psychology. Sociology Series
терді тарта отырып, ғылыми-әдістемелік сүй-
емелдеу,  мониторинг,  талдау  және  бағалау 
қамтамасыз  етілетін  болады.  Ы.  Алтынсарин 
атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  «Назар-
баев  Зияткерлік  мектептері»  дербес  білім 
беру  ұйымдарымен  және  басқа  да  даму  ин-
ституттарымен,  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындарымен бірлесіп, ұзақ мерзімді қолдан-
балы зерттеулер жүргізу және Қазақстанның 
орта  білім  беру  жүйесін  ғылыми-әдістемелік 
сүйемелдеу  үшін  күш  біріктіретін  тораптық 
орталық құрады. [10]. Бұл бағдарламадан біз 
ғылыми-әдістемелік  жұмыстың  маңызының 
артып отырғанын көруімізге болады. 
Білім берудің модернизациясы, білім беру 
үдерісінің барлық компоненттерінің жаңаруы 
педагогикалық  жұмысшыларға  талаптарды 
күшейтіп  отыр.  Бүгінгі  педагог  жоғары  дең-
гейде  қиын  кәсіби  міндеттерді  кешенді  және 
шығармашылық  шеше  білуі  тиіс.  Атап  ай-
тқанда: оқушылардың даму деңгейін диагно-
стикалау, өз қызметі мен оқушыларының қы-
зметінің  нақты  мақсаттары  мен  міндеттерін 
құра  білу,  оқушылардың  әлеуметтік  және 
танымдық дамуы есебімен мазмұнды әдістер 
мен құралдарды орынды таңдай білуі, өз қы-
зметінің және оқушыларының жетістіктерінің 
нәтижелері мен қадағалауы, вариативті білім 
беру  бағдарламаларын  жасау  және  жүзеге 
асыру,  авторлық  білім  беру  идеяларын,  тех-
нологияларын,  әдістемелік  тәсілдерін  жасау 
және  белгілілерін  шығармашылық  қолдану, 
танымдық қызметті ұйымдастыру. 
Бұл  талаптар  заманауи  мұғалімнің  тек 
пән  мұғалімі  ретіндегі  емес,  сонымен  қатар 
педагог-зерттеуші,  педагог-психолог,  педа-
гог-технолог    ретіндегі  маңызын  анықтап 
отыр.  Осыған  байланысты  педагогикалық 
шеберліктің  дамуына  әсер  ететін  мектептегі 
ғылыми-әдістемелік  жұмыс  зор  маңызға  ие 
болып отыр. Ғылыми-әдістемелік жұмыс оқу 
мен тәрбие сапасына, білім беру мекемесінің 
соңғы  нәтижелеріне  әсер  ететіндіктен  оны 
білім беру үдерісін басқарудың маңызды фак-
торы ретінде қарастыруға болады.   
Ғылыми-әдістемелік  қызмет  педагогика-
лық қызметтің барлық түрлері бойынша және 
кадрлардың  сабақ  беретін  пәндері  бойынша 
біліктілікті  арттыру  мен  қайта  даярлау  жүй-
есі  болып  табылады.  Ю.  Бабанскийдің  «Мек-
тептегі  әдістемелік  жұмыс:  ұйымдастыру 
және басқару» деген еңбегінде әрбір мұғалім 
мен тәрбиешінің кәсіби шеберлігі жан-жақты 
біліктілігін  көтеруге  бағытталған  бір-бірімен 
тығыз  байланысты  іс-шаралардың,  оқу-тәр-
бие  үдерісімен  және    озық  педагогикалық 
тәжірибемен  анықталады  [11].  Мектептегі 
ғылыми-әдістемелік  жұмыс  –  педагогтардың 
шеберлік  мектебі,  шығармашылық  белсен-
ділік сияқты үздіксіз практикалық қызметтен 
көрінетін біліктілікті арттырудың ішкі форма-
сы болып табылады. 
Педагогикалық  әдебиеттерде  көрсетіл-
гендей,  жалпы  ғылыми-әдістемелік  жұмыс 
мұғалімнің үздіксіз білім жүйесінің маңызды 
звеносы  болып  табылады.  Мектепте  ғылы-
ми-әдістемелік  жұмысты  ұйымдастырудың 
үлкен тәжірибесі жинақталған, оның форма-
лары  мен  әдістері  жасалған.  Ғылыми-әдісте-
мелік  жұмысты  ұйымдастыра  отырып,  ұзақ 
уақыт бойы мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің 
көтерілуіне  әсер  ететін  әртүрлі  қызметтерге 
даярлық деңгейін және осы қызметті басқару-
ды зерттеуге болады. Педагогикалық сөздікте 
ғылыми-әдістемелік  жұмыс  -  мұғалімдердің 
ғылыми-теориялық, жалпы мәдени және кәсі-
би  шеберлік    деңгейін  көтеруге  бағытталған 
педагогикалық  кадрлардың  ұжымдық  және 
жеке қызметі болып табылады [12]. 
Қазіргі кезде бұл ұғымның мазмұны кеңей-
іп келеді. С.Г. Молчановтың пікірінше ғылы-
ми-әдістемелік  жұмыс  педагогикалық  және 
басшылықтық  іс-әрекеттерді  қамтамасыз 
ететін  теориялық  өнімдер  шеңберінде  жаса-
латын  кәсіби-педагогикалық  қызметтің  мін-
детті құрамды бөлігі болып табылады [13]. 
Ғылыми-әдістемелік  жұмыстың  пәні  тек 
қана 
кәсіби-педагогикалық 
коммуника-
ция  құралдары  емес,  сонымен  қатар  оқыту 
мазмұны және басшылықтық мазмұнды (бұй-
рықтар, нұсқаулар және т.б.) иемденеді. Ғылы-
ми-әдістемелік жұмыстың мақсаты білім беру 
үдерісін сүйемелдеу, білім беру үдерісінің са-
пасын көтеруге әсер ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   371




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет