Of L. N. Gumilyov Eurasian National University педагогика. Психология. ӘЛеуметтану



Pdf көрінісі
бет123/371
Дата14.04.2022
өлшемі3,76 Mb.
#31042
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   371
Байланысты:
Pedagogika 1,2021

У.Ж. Конакбаева


82
№ 1(134)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы
  
ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
Көптеген  авторлардың  пікірінше  әдісте-
мелік  жұмыстың  міндеттері  төмендегідей: 
[14]. 
1. озық педагогикалық тәжірибелерді зерт-
теу және ендіру,
2.  мұғалімнің  ғылыми  деңгейін  көтеру 
мақсатында  психологиялық-педагогикалық 
ғылымның жетістіктерімен танысу,
3. мұғалімнің кәсіби шеберлігін көтеру.
Ал  ғылыми-әдістемелік  жұмыстың  негізгі 
міндеттеріне төмендегілерді жатқызамыз: 
1.  мұғалімнің  инновациялық  қызметке 
енуі,
2.  мұғалімнің  ғылыми-зерттеу  қызметіне 
енуі,
3. мұғалімнің тәжірибелік-экспериментал-
ды қызметке енуі. 
Осы  бағыттағы  күш-жігерді  шоғырланды-
руды қажет ететін маңызды міндеттердің бірі 
мұғалімдердің  ғылыми-әдістемелік  жұмы-
сын  жетілдіру  болып  табылады.  Оқу-тәрбие 
үдерісінің  нәтижесі  мұғалімнің  кәсіби  даму 
деңгейіне  байланысты.  Педагогтарды  ғылы-
ми-зерттеу және тәжірибелік-экспериментал-
ды  жұмысқа  енгізу  инновациялық  қызметте 
ғылыми-әдістемелік  жұмыс  шеңберінде  пе-
дагогикалық  шеберлікті  дамытуға  ғана  емес, 
оның  жеке  тұлғасын  дамытуға  да,  білім  са-
пасын  арттыруға  да  ықпал  етеді.  Сондықтан 
инновациялық қызметте жалпы білім беретін 
мектеп  мұғалімдерінің  ғылыми-әдістемелік 
жұмысын  жетілдіруге  бағытталған  жұмыс 
ерекше маңызға ие.     
Әзірленіп жатқан заманауи педагогикалық 
ғылымда  педагог  кейпі  ХХІ  ғасырда  ең  ал-
дымен,  білікті,  шығармашылықпен  дамыған 
жеке  тұлға  және  органикалық  өзгерістерге, 
сыртқы  ортаға  бейімделуге  қабілетті  болуы 
тиіс. Бұл жағдай бірінші кезекте өзін қалып-
тастыруға бағытталған белсенділіктің жоғары 
деңгейінде  көрінеді,  бұл  педагог  дамуының 
негізін құрайтын білімнің, жеке қасиеттерінің, 
қабілеттерінің арқасында болуы мүмкін. Бұл 
міндетті іске асырудың табыстылығын қамта-
масыз ететін фактор ғылыми-әдістемелік жұ-
мыс  болып  табылады,  ол  білім  беруді  дамы-
тудың  қазіргі  кезеңінде  педагогтың  әртүрлі 
деңгейдегі  білім  беру  мекемелерінде,  оның 
ішінде орта арнаулы білім беру мекемелерін-
де  жеке-кәсіби  қалыптасуында  басым  рөл 
атқара алады.
Ғылыми-әдістемелік  жұмыстың  мазмұны-
на кейбір авторлар оқытушылардың даярлық 
бағытының  жиынтығын  кіргізеді:  дидактика-
лық,  тәрбиелік,  психологиялық-педагогика-
лық,  этикалық,  құқықтық,  техникалық,  жал-
пы мәдени, басшылықтық, әдіснамалық және 
дүниетанымдық даярлықтар.  
Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстың 
көптеген артықшылықтары бар [15]: 
1.  Мектептегі  ғылыми-әдістемелік  жұмыс 
4-5  жылда  бір  өтілетін  біліктілікті  арттыру 
мекемелеріндегі  даярлықтарға  қарағанда 
үздіксіз,  тұрақты  сипатты  иемденеді.  Сон-
дықтан  да  әрбір  мұғалім  өзінің  анықталған 
уақытын ғылымның, техника мен мәдениеттің 
заманауи  жетістіктерін  және  озық  тәжірибе-
лерді меңгеруін ереже деп қарау керек. Зама-
науи мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс - 
мұғалімнің үздіксіз білім жүйесінің маңызды 
звеносы.
2.  Мектептегі  біліктілікті  арттыру  және 
мұғалімдердің  шеберліктері  ғылыми-әдісте-
мелік  жұмыстың  мазмұны  мен  сипатын  пе-
дагогикалық  проблемалармен  және  нақты 
оқу-тәрбие  үдерісінің  нәтижелерімен  байла-
ныстыруға мүмкіндік береді. 
3.  Мектептегі  ғылыми-әдістемелік  жұмы-
сты  ұйымдастырушылар  ұзақ  уақыт,  нақты 
оқытушылар мен сынып жетекшілерінің жеке 
қасиеттері мен қызметтерін, олардың қызмет-
теріндегі  қиыншылықтар  мен  кемшіліктерді 
анықтауға,  прогрессивті  тенденциялар  мен 
озық жаңашылдықтың өсуін қадағалауға мүм-
кіндіктерді иемденеді. Ал бұл үдеріс педагог-
тардың  педагогикалық  шеберліктерін  басқа-
руға икемді болуына мүмкіндік береді. 
4.  Мектептегі  ғылыми-әдістемелік  жұмыс 
нақты  жұмыс  істеп,  дамып  жатқан,  ауызбір-
шілігі бар педагогикалық ұжымда жүргізіледі, 
сондықтан  да  бірлесіп  жұмыс  атқару  және 
ауызбіршілік  ғылыми-әдістемелік  жұмыстың 
дұрыс жолға қойылуына және педагогикалық 
ұжымның ары қарай шығармашылық дамуы-
на септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   371




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет