Қорытынды. Мектеп әкімшілігі ғылы-
ми-әдістемелік жұмыстың мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, мектеп үшін және жалпы
білім беру жүйесі үшін өзекті мәселені шешу-
ге мүмкіндік беретін қуатты басқару құралы.
Егер жұмыс мақсатты түрде жүргізілсе, бар-
лық басшы қызметкерлер мен мұғалімдердің
іс-әрекеттері үйлестірілетін болады, онда
әдістемелік жұмыс дайындықтың белгілі бір
түрін дамытудың факторы болып табылады.
Белгілі бір проблеманы шешуге бағытталған
ғылыми-әдістемелік жұмыс тиімсіз болады.
Сондықтан да мұғалімдердің ғылыми-әді-
стемелік жұмысты атқаруға құлшыныста-
рын арттыру үшін олардың инновациялық
тәртібіне көңіл бөлуіміз керек. Мұғалім-
дердің инновациялық тәртібі ішкі мотивация,
шығармашылық белсенділігі және әлеумет-
тік мотивациясы сияқты факторларға тәуел-
ді болады. Осы мотивацияның механизмдері
мұғалімдердің инновациялық белсенділігін,
құлшыныстарын өзгертуге септігін тигізетіні
анық [17]. Ғылыми-әдістемелік жұмыс пе-
дагогтардың кәсіби құзыреттілігін үздіксіз
арттырудағы нақты қажеттілігін көрсететін
біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуі тиіс.
Осылайша, зерттеу объектісі ретінде ғылы-
ми-әдістемелік жұмыс жүйесі мұғалімдер іске
асыратын өзара байланысты іс-шаралар, қи-
мылдар, түрлі сипаттағы іс-әрекеттер жиын-
тығы болып табылады және білім беру ме-
кемелері қызметкерлерінің кәсіби біліктілік
деңгейі әдістемелік жұмыстың тиімділігіне
тікелей байланысты.
Білім беру мекемелеріндегі ғылыми-әдістемелік жұмыс мұғалімдердің...
85
№ 1(134)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Педагогика. Психология. Социология BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Pedagogy. Psychology. Sociology Series