Қоғам дамуының шешуі секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. Акт стандарттары


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму перспективалары



бет31/32
Дата07.01.2022
өлшемі135,08 Kb.
#17512
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
о ам дамуыны шешуі секторларында а паратты -коммуникациялы те

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму перспективалары.

Perspectives of development of ICT

Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең -ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтер қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. тіркестермен тығыз байланысты. 


        Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Біздер әлемдік білімнің таңдаулы көздерін пайдалана отырып, біздің еліміздің ұлттық және әлемдік рыноктардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, Қазақстанның серпінді инновациялық дамуы үшін негіз қалаймыз. Кәсіби біліктілікті арттыруда корпоративтік оқыту орталығына басқа лекторларды тарту арқылы дәріс беруді жүргізеді. Оқытулар семинарлар, курстар, тренингтер, симпозиумдар, конференциялар, шеберлік-кластар түрінде жүргізіледі.Бір немесе бірнеше білім беру мекемелері қызметкерлерін корпоративтік оқыту әріптестер арасындағы достастық өзара қарым-қатынастар, білімдерін,тәжірибесін және әртүрлі ақпаратты алмастыру жағынан өте пайдалы болып табылады.

Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.


  

Қазақстандағы дарынды балаларға білім беруді ақпараттандыру мәселелері:


- білім берудің жаңа технологияларын (оқу теледидарлары, Internet Telekom, Relkom және қашықтықтан оқытудың өзге түрлері) жасау, жүзеге асыру.
- дарынды жастар мәселесінің және балалардың ақпарат алмасуының бағдарламаларын әзірлеу.
            Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,  компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

 

Әсіресе, олардың тиімділігі:



1.      Қашықтықтан білім алу мүмкінділігінің туындауы;

2.      Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкінділігі;

3.      Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с. материалдық шығынды қажет етпеу);

4.      Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруге (ағылшын, орыс, қазақ т.с.с. тілдерді) айқын сезіледі;

5.      Іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуге (би өнері, қол еңбек, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);

6.      Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктер болмайтын табиғаттың таңғажайып үрдістері мен әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

7.      Оқушының ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор (теледидардағы ғылыми – көпшілік, рухани, тарихи танымдық хабарлар мен компьютерлік жүйедегі шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.с.с логикалық ойындар).

 

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу


интернет, электрондық почта, телеконференция, видеоконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Бірақ кез – келген жаңалықтың жақсылығымен қатар зияны да болатыны да белгілі. Мұндағы ең басты назар аударалық мәселе: олардың ара салмағы. Демек кемшілігін түзеп, зиянын жойып, артықшылығын жетілдіре түсу қажет.
            Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет