Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың «Қазақстан тарихы» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/6
Дата16.09.2023
өлшемі91,68 Kb.
#108162
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы
Оқу- ағарту министрінің
20__ жылғы «__» _______
№ бұйрығына
105 - қосымша



Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың «Қазақстан тарихы» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың «Қазақстан тарихы» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.


2. «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мақсаты – отандық тарихтың негізгі оқиғалары мен процестерін оқыту негізінде тарихи санаға, азаматтылық пен отансүйгіштік қасиеттерге ие, тарихи білім мен дағдыларды оқу және қоғамдық іс-әрекеттерде тиімді және шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
3. «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің міндеттері:
1) Қазақстан аумағындағы қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі мәселелері туралы білім қалыптастыру;
2) тарихи қалыптасқан мәдени, ұлттық дәстүр, әлеуметтік және адамгершілік нормаларды білім алушылардың түсінуі негізінде оларда азаматтылық пен қазақстандық бірегейлікті, дүниетанымдық ұстанымдарды тәрбиелеу;
3) әлемдік тарихи процестегі Қазақстанның орны мен рөлі туралы жалпы тұтас түсінік қалыптастыру;
4) тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, өткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;
5) өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;
6) әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;
7) әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
8) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
9) коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдану.
4.Оқу бағдарламасы тарихи ойлаудың негізгі дағдыларын қалыптастыруға бағытталған: тарихи дереккөздерді түсіндіру, уақыт пен кеңістіктегі бағдар, тарихи талдау және түсіндіру дағдылары.
Тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқыту мақсаттарын тиімді іске асыру: 1) өзгеріс пен сабақтастық; 2) себеп пен салдар; 3) дәлел; 4) ұқсастық пен айырмашылық;
5) маңыздылық; 6) интерпретация.
Пәннің мазмұны 8 бөлімнен тұрады:

  1. өркениет: даму ерекшеліктері. Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы. «Орталық Азия» ұғымының тарихи және географиялық аспектілері. Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы. Орталық Азия өркениеттері пайда болуының факторлары. Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктері. Ұлы Дала өркениеті. «Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы. Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі). Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктері. Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті. Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығы және өзара байланысы. Ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсері. Орталық Азия және әлемдік өркениет. Орталық Азия халықтарының әлемдік материалдық мәдениеттің дамуына қосқан үлесі. Орталық Азия халықтарының әлемдік рухани мәдениеттің дамуына қосқан үлесі;

  2. этникалық және әлеуметтік процестер. Қазақ халқының шығу тегі. «Антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдары. Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер. Қазақ этносының қалыптасуы – көп ғасырлық этникалық процестердің нәтижесі. Мәдени-генетикалық код - ұлттың негізі. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы. Қазақтарда ру-тайпалық құрылым қалыптасуының тарихи шарттары. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының эволюциясы. Туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызы. «Ауызша тарихнама», «шежіре», «ру», «тайпа», «ата-жұрт», «атамекен», «ел» ұғымы. Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасуының біріктіруші рөлі. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі. «Ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдары. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың қызметі;

  3. мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан. Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттер. Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы. «Мемлекет», «билік», «саяси ұйым» ұғымдары. Ұлы Дала көшпенділерінің империялары. Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Ұлы Түрік қағанатының қалыптасуы мен дамуы. Түркі империясының мұрагерлері. Мемлекеттік құрылым түрлерінің сабақтастығы. Ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігі. Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы түркі империясының рөлі. Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері. Шыңғысханның әлем тарихындағы рөлі. Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуы. XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігі және олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер етуі. Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет. Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығы. Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақ хандарының Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі. Қазақ хандығының саяси институттары. Мемлекеттік құрылым түрлерінің сабақтастығы. Бабаларымыздың ұлан-ғайыр аумақты қорғап сақтаудағы рөлі. Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы. Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуы. Қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген ұлт-азаттық күресі. Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендіктің қалпына келтірілуі. Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі. «Автономдық кеңес республикасы», «Кеңес одағы республикасы», «унитарлы мемлекет» ұғымдары. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтары. Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы. Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі – тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стратегиялары мен бағдарламалары;

  4. мәдениеттің дамуы. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы. Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері. «Мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» ұғымдары. Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің эволюциясы және сабақтастығы. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. «Әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», «діл (менталитет)» ұғымдары. Қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтары: әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрмет көрсету- шынайы патриотизмнің көрінісі. Дала өркениеті тарихымен мәдениетінің ескерткіштері. Тарихи және мәдени ескерткіштердің классификациясы. Қазақстанның рухани құндылықтары – ұлттық бірегейліктің негізі. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы: бастауы, дәстүрі, қазіргі уақыттағы дамуы. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның мәдениеті. Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет. Қазақстандық мәдениеттің дамуы. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесі;

  5. өркениет: экономикалық даму ерекшеліктері. Қазақтардың тіршілігін қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі. Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік. Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсері. «Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі», «қоныстану жүйесі», «экожүйе» ұғымдары. Дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерінің классификациясы. Қазақ халқының тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесіндегі кәсіптері мен қолөнері. Қазақтардың қолөнері мен кәсіптерінің этнографиялық зерттелуі. Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдары. Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі. Отырықшы және көшпенді халықтардың экономикалық және мәдени өзара қарым-қатынасы және өзара әсері. Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. «Экономикалық жүйе», «дәстүрлі (аграрлы) экономика», «жоспарлы (социалистік) экономика» ұғымдары. ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторлар. Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болашағы;

  6. саяси-құқықтық процестер. Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы. «Аграрлық саясат», «көші-қон саясаты», «моноэтностық құрам» ұғымдары. Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдері. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы полиэтникалық қоғамның қалыптасуы. «Депортация», «арнайы қоныс аударылғандар», «полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат», «интернационализм» ұғымдары. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлері. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты. «Көші-қон», «эмиграция», «иммиграция», «репатриант», «диаспора», «ирридента» ұғымдары. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтары. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі. Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі;

  1. қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ойдың эволюциясы. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы. «Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары. «Алаш» – қоғамдық ой және ұлттық идея. «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастары («Алаш» қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары). «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізі. Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары. «Мәңгілік Ел» идеясының біріктіруші құндылықтарының маңыздылығы. Мемлекеттің идеология саласындағы саясаты;

  2. білім мен ғылымның дамуы. Ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасы. Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы. Ортағасырлық Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен ойшылдары. XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы. XVIII-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы зерттеулер. Зерттеушілердің Қазақстандағы ғылымды дамытуға қосқан үлесі. XIX ғасырда Қазақстанда оқу орындарының пайда болуы мен дамуы. XIX ғасырда -ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өмір сүрген білім беру мекемелерінің ерекшеліктері. Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары. Сауатсыздықты жою. Мектептік, кәсіби және жоғары білім беру. Кеңестік білім беру жүйесінің реформалары. Қазақстан ғылымын дамытудағы Қазақ КСР Ғылым академиясының рөлі. Қазақстанның көрнекті ғалымдары. Кеңестік саяси жүйе жағдайында Қазақстан ғылымы дамуының қиындықтары және қарама-қайшылықтары. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім және ғылым жүйесі. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесінің дамуы: жетістіктері, проблемалары және болашағы. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жаңғыртылуы. Қазақстанның әлемдік білім және ғылым кеңістігіне кірігуі. Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы стратегиялары мен бағдарламалары. Қазақстан Республикасының «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы. Қазақстан Республикасының инновациялық ғылыми және білім беру ұйымдары.

5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлу (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлау бағыты мен біліктілігіне байланысты 96-120 сағатты (4-5 кредит) құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет