3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин(22%).
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру. 1.1 Тақырып жоспары:
1.Соғыстан кейінгі Азия және Африка елдерінің саяси жағдайы.
2.Екі дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Азия, Африка елдерінің экономикалық жағдайы.
3. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.
4.Соғыстан кейінгі Үндістан.
5.Соғыстан кейінгі Жапония.
Ақпараттық дидактикалық бөлім. Бірінші дүниежүзілік соғыс Таяу Шығыс, Африка аймақтарын да қамтыды. Париж бітім конференциясында бұл елдердің тәуелсіздігін беру туралы сөз қозғалмады. Ресейдегі революциялар Шығыс елдеріне де өз әсерін тигізді. Отарларда ұлт-азаттық күштер күннен-күнге өсті.
1918-1923 жж. Кемал революциясы Туркияны зайырлы мемлекетке айналдырды. 1921 ж. Туркия мен Ресей арасында достық келісімге қол қойып, он млн. сом көмек берді. Иран мен Ресей арасында да осындай келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Ираннан ағылшындар әскерлерін алып кетті. 1919 ж. Ауғанстанда ұлт-азаттық қозғалыс болып, тәуелсіздігін жариялап, Англияның ықпалын жойды. Осы кезде Кеңестік Ресей Иран мен Ауғанстанға қаржылай көмек берді.
Соғыстан кейін Қытайда импералистік күрес бұрынғыдан да күшейді. Қытай бытыраңқы ел болып қала берді. 1919 ж. Сунь Ятсен революциялық партиясын Қытайдың ұлттық партиясы деп жариялады. 1921 ж. Қытай Республикасының президенттігіне Сунь Ятсен тағайындалды. 1923 ж. Қытайда импералистерге қарсы революция басталды. Гоминьдан мен компартия арасындағы күрес жиырма жылға созылған азамат соғысына айналып, 1949 ж. дейін созылды. 1927 ж. Жапон үкіметінің басшысы генерал Танаканың меморандумында Азиядағы басқыншылық жоспары көрсетілді. Ол жоспар бойынша алдымен Қытай, содан соң Индоқытай, Бирма, Оңтүстік –Шығыс Азия, Үндістанды басып алу көзделді. Бұл агрессия 1931 ж. Маньчжурияны басып алудан басталды. 1932 ж. Қытай қорғанына өтетін жолдар басып алынды. 1933 ж. Жапония Ұлттар Лигасынан шығарылды. 1937-1945 жж. жапон-қытай соғысы басталды.
Соғыстан кейін де ағылшындар Үндістанға отаршылдығын жалғастыра берді. Халқының көп бөлігін шаруалар құрады. Ұлттық-қозғалысты ұйымдастырушылар да шаруалар болды. Өйткені бұл елде өнеркәсіп орындары өте аз еді. Тәуелсіздік үшін күресті М. Ганди басқарды. 1939 ж. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы 3 қыркүйекте Ұлыбританияның Германияға соғыс ашуы Үндістан вице-королі Үндістанды соғысқа қатысушы ел деп таныды.
Соғыстан кейн де Жапония басқыншылық саясатын жалғастырды. Жапония Азия елдерінің ішінде алдыңғы қатарға шықты. 1931 ж. Жапония Маньчжурияны басып алды. 1937 ж. Орталық Қытайға басып кірді. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында үш басқыншы мемлекет өзара одақтастық қатынастар орнатып, «Берлин-Рим-Токио» белдеуін құрды. Осылайша Жапония мемлекеті қайтадан Германияға жақындаса бастады.