3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20мин(22%)
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру. 30мин(33%)
1.1Тақырып жоспары:
1.Екінші дүниежүзілік соғытың басталуы.
2 .Кеңеc-фин соғысы.
3. Германияның Батыс Еуропа елдеріне қарсы соғысы.
4.Екінші майданның ашылуы.
5.Ұлы Отан соғысының аяқталуы.
6. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.
Ақпараттық дидактикалық бөлім. 1939 ж. 1қыркүйекте Германия әскерлері Польшаға басып кірді. Польшаның одақтастары Англия мен Франция 3 қыркүйекте Германияға соғыс жариялады. Осылайша Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Соғыс басталған соң екі аптадан соң Польша талқандалды. Осы кезде құпия келісім бойынша 1939 ж. 17 қыркүйекте кеңес әскерлері Польшаға басып кірді. Екі жүз мыңнан аса поляк әскері кеңес тұтқынына айналды. 1939 ж. 28 қыркүйекте Мәскеуде шекара туралы кеңес-герман келісіміне қол қойылды.
Польша мемлекеті жойылып, Батыс Украйна мен Батыс Беларуссия КСРО құрамына енді, ал Германиямен шектесіп жатқан поляк жерлері неміс губернаторлығы деп жарияланды. КСРО Латвия, Литва, Эстония елдерін өзінің құрамына енуін талап етіп қосып алды.
1939 ж. 30 қарашада кеңес әскерлері Финляндияға соғыс ашты. Ұлттар Лигасы КСРО – ның бұл бағытын айыптап, ұйымнан шығарды. Финляндия ақыры жеңіліп, 1940 ж. 12 наурызда кеңес-финляндия бітім шартына қол қойылды. Келісім бойынша Карел мойнағының жері Выборг қаласымен қоса КСРО құрамына кірді.
1940 ж. көктемінде неміс әскерлері Батыс майданда шабуылға шықты. Осы жылы Норвегияны, Бельгияны, Голландияны басып алды. 1940ж. 10 маусымда Англия мен Францияға қарсы соғысқа Италия қосылды. 1940 ж. 25 маусымда француз-герман , француз-итальян уақытша бітім шартына қол қойылды. Шарт бойынша Франция барлық соғыс қимылдарын тоқтатты. Германия оның территориясының үштен екі бөлігін Парижді қоса басып алды. Прибалтика елдеріне Кеңес үкіметі әскерін орналастырды. Франциядан кейін Англияға қарсы Германия мен Италия бірігіп соғысты. Ағылшындарға бітім жасау туралы ұсыныс жасады. Біріақ ағылшындар бұған келіспеді. Ағылшындарды жаулап алу үшін немістердің әскери басшылығы «Теңіз арыстаны» жоспарын жасады.
1940 ж. АҚШ президенті Рузвельттің бастамасымен ленд-лиз заңын қабылдады. Бұл заң бойынша маңызы бар елдерге АҚШ қару мен құрал-жабдықтарды қарызға не жалға берді. Англияның өзімен Германия соғысса, Африкадағы территориясындағы отарларына Италия соғыс ашты.Ұлыбританияның ұзақ уақыт берілмей соғысуының нәтижесінде «Теңіз арыстаны» жоспары күйреді. Өйткені Германия КСРО-ға қарсы соғысқа дайындалуды бастады.
1941 ж. жазында Германия соғысқа дайындығын жасап болды. «Барбаросса» жоспары бойынша Германия қысқа уақыт ішінде КСРО –ны жаулап алып, ары қарай Англиямен соғысты жалғастырамын деп ойлады.
1941 ж. 22 маусымда фашист әскерлері соғыс жарияламастан КСРО-ға қарсы Ұлы Отан соғысы басталды. Германияның жақтастары ретінде КСРО-ға қарсы соғысқа Румыния, Финляндия, Италия, Венгрия т.б мемлекеттер қатысты. Кеңес-герман майданы екінші дүниежүзілік соғыстың басты майданына айналды. Кеңес әскерлерінің қарулары, танктері мен самолеттерінің көпшілігі ескі еді. Қызыл Армияның соғыс қабілеттілігі соғыс алдында 40 мыңнан аса командирлер мен саяси қызметкерлердің жаппай жазалануына байланысты әлсіреген болатын. Кеңес әскерлері көп шығынға ұшырады. 1941ж. қысына қарай неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдавияны, Украйнаны, Беларуссияны, Ленинградты қоршауға алып, Москваға таяп қалды. 1941 ж. Москва түбінде кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты. Ұлы Отан соғысы барысында бірінші рет шабуылға шықты, дұшпанды 100-200 км. ары қуып тастады.
1942 ж. неміс әскерлері Шығыс майданда шабуылға шықты. Олар Қызыл Армияға Қырымда және Харьковта жеңіліс таптырды. 1942 ж. Антифашистік одақ құрылып оған КСРО қосылды. Ленд-лиз заңының күші Кенес Одағына таралды.
1942ж. 11 маусымында Вашингтонда өзара көмек туралы кеңес-герман келісіміне қол қойылды. Үш ұлы мемлекеттің –КСРО-ның, Ұлыбританияның және АҚШ - тың әскери-саяси одағы құрылды. 1942ж. фашизмге қарсы одақтың күші арта түсті. Жаудан азат етілген аудандарда шахталар, темір жолдар салынып, қалпына келтірілді. Жұмыс уақыты 11-16 сағатқа дейін созылды. Жалпы есеппен КСРО ленд-лиз заңы бойынша 40 мыңнан астам автомашина, 18,7 мың самолет, 10 мыңнан аса танк, көптеген өнеркәсіп құралдары, шикізат, азық-түлік алды.
1942 ж. Сталинград түбінде соғысты Г. К. Жуковтың, Н.Ф. Ватутиннің, А.И.Еременконың т.б. қолбасшыларының басшылығымен жауды кері шегіндірді. Қызыл Армия өзінң территориясын тазартқан сайын Англия мен АҚШ басшылары екінші майданды тезірек ашу керек деп шешті.Тегеран конференциясындағы келісім бойынша 1944 ж. жазына Францияда екінші майдан ашатын болып келісті. Екінші майдан 1944 ж. 15 тамызда ашылды.
1944 ж. жазы мен күзінде Қызыл Армия Польшаның, Румынияның, Югаславияның Венгрияның территориясына енгізілді. Осы жылы Болгарияны басып алды. 1944ж. бастап Кеңес Одағы польшаны азат етіп, басқару құзырын өзінің қолына алды..
1945ж. ақпанда Қырым конференциясы болып, КСРО соғыс аяқталғаннан кейін де Жапонияға қарсы соғысты жалғастыратын болып қол қойды.
1945 ж. 17 шілдеде Потсдам конферециясы болып,оған КСРО-да қатысты. 1945 ж. 25 сәуірде Кеңес әскерлері қоршауға алды. 1945 ж. 8 мамырда Г. К. Жуковтың төрағалық етуімен салтанатты жағдайда Германияның тізе бүгуі арқылы актіге қол қойылып, Еуропадағы соғыс аяқталды. Ұлы Отан соғысы КСРО-ның жеңіске жетуімен аяқталды.
1941 ж. Германия мен Италия 12 елді жаулап алды. Жаулап алған елдерде олар фашистік диктатураны орнатып, оны «жаңа тәртіп» деп атады. Польша мен Германиядағы лагерлер өлім фабрикаларына айналды. Милиондаған адамдарды жою жоспары қабылданды, оның ішінде еврейлер ісін «түпкілікті шешу» (Холокост) қарастырылды. «Жаңа тәртіпке» қарсы және фашистерге қарсы қозғалыстар пайда болды.
1943ж. 10 шілдеде ағылшын-американ әскерлері Италияның оңтүстігіне басып кірді. Осы кезден бастап Б. Муссолиниге қарсы фашистік партияның басшылары сенімсіздік танытты. Б. Муссолини қамауға алынды. 1943 ж. 8 қыркүйекте кіріп Италия уақытша бітімге қол қойды. Дәл сол кезден бастап Шығыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде қарсы қозғалыстар кең тарады.
1943 ж. Сталин, Рузвельт және Черчилль Иранның астанасы Тегеранда бас қосты. Конференцияға қатысушылар 1944 ж. жазында Францияда екінші майдан ашатын болды. 1945 ж. Ялтада үш елдің басшылары қатысқан конференция болды. Үш ұлы мемлекет басшылары герман қарулы күшін жоюға, соғыс қылмыскерлерін жазалауға, нацистік заңдарды, ұйымдарды жер бетінен жоюға Германияға репарация төлетуге мәжбүрлеу болды. Ол үшін одақтас елдер Германияны басып алу керек болды. Қырым конференциясында Еуропадағы соғыс аяқталған соң Жапонияға қарсы соғысты жалғастыру керек деп шешті. Бұл конференцияда қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамассыз ететін ұйым құру мәселесін талқылады. Бұл ұйым кейін БҰҰ. деп аталды.
1945 ж. 25 сәуірде Сан-Францискода БҰҰ. құрылып, Құрылтай конференциясы ашылды. Оған Германияға қарсы 42 мемлекеттің өкілдері қатысты. 1945 ж. 25 сәуірде Кеңес әскерлері Берлинді қоршауға алды. 30 сәуірде Гитлер өзін-өзі атып өлтірді. 8 мамырда Германия жеңілгені туралы мойындап, келісімге қол қойды.
1945ж. 17 шілдеде Берлин маңында Потсдам қаласында үш мемлекет басшылары қатысқан жаңа конференция ашылды. Оған қатысушылар Германияны қарусыздандыру, нацистік партияны жою, зардап шеккен елдерге Германия репарация төлеу, басты соғыс қылмыскерлерін Халықаралық соғыс трибуналының сотына беруге шешім қабылдады.
Тынық мұқит пен Азиядағы Жапонияға қарсы соғысты Англия мен АҚШ жүргізді. Американ самолеттері жапон қалаларын аяусыз жазалады. 1945ж. 6 тамызда Америка Хиросима қаласына атом бомбасын тастады. 300 мың тұрғынның 90 мыңы қаза болды. 8 тамызда Кеңес Одағы Жапонияға қарсы соғыс жариялады. 9 тамызда екінші қаласы Нагасакиге атом бомбасын тастады. Атомдық бомбалау, КСРО-ның соғысқа енуі Жапонияның жеңілуіне алып келді. 1945ж. екінші қыркүйекте Жапонияның тізе бүгуі туралы келісімге қол қойылып, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.