5
«Жаркент өңірі»
№ 45 (8836)
4 қараша 2016 жыл
Әйтсе де сол бір айтулы
әлемнің бір бөлшегі біздің жазира-
лы Жетісу өлкесі су қорына өте бай.
Осы шұрайлы өңірдің бір пұшпағы
Жаркент жері де сулы, нулы аймақ.
Енді Панфилов ауданы аумағындағы
су жүйелерін реттеп отырушы, су
шаруашылығы тарихына келсек, ол со-
нау ХХ ғасыр басындағы 1914 жылдан
бастау алады екен. Сол жылы Алматы,
Пішпек, Қарақол, Лепсі сияқты нулы
өңірдің су қорын пайдалануды ретке
келтіруші уездік ұйымдар құрылды.
Ал, мекеменің эксплуатациялық
және гидрометриялық жұмыстары
тек 1925 жылы іске асып, алғашқы
су бақылаушылар штаты ашылып,
гидрометрлік бекеттер тұрғызылды.
Кейін 1930 жылы 28 қазанда «Жар-
кент су шаруашылығы» жүйесінің
басқармасы аталып, құрамына:
Қорғас, Шежін , Бұрхан, Тышқан,
Өсек, Китің – Бурақожыр т.б. ірілі –
ұсақты су жүйелері енгізілді. Бергі
жылдары атауы неше өзгерген бұл
мекеме - 02.04.2012 жылдан бастап
АШМ СРК ШЖҚ «Қазсушар» РМК
Алматы филиалының Панфилов
өндірістік учаскесі болып өзгертілді.
Қазіргі таңда кәсіпорын құзырында
--Қорғас, Тышқан, жоғары – қалалық,
Бурақожыр, Үшарал және Еңбекші
атты 6 - өндірістік су учаскелері
бар. Аталмыш су бөлімшелерінің
таңмен таласа тынымсыз еңбек етіп
жүрген айтулы мамандарын: Қорғас
су учаскесінен – Иминов Х, Тулақбаев
Р, Баситов М; жоғарғы - қалалықтан –
Каймұхаметов А, Евдокименко Е, Исаев
М; Тышқан су учаскесінен - Сатыбал-
диев Т, Қосынбаев Е; Бурақожырдан
– Төреханова Ж, Абдолдаев Б;
Үшаралдан – Алмабаев А, Оразов Д
және Еңбекші су учаскесінен – Тыш-
манов Т, Сұлтанқұлов М , т.б. ұжым
мүшелерін атап өтуді жөн көріп отыр-
мыз.
Мекеме балансына - 5
бөгетті су торабы кіреді. Оладың
қатарында: Өсек өзені, су жіберу
қабілеті – 339,0м3/сек, Тышқан өзені –
120,0м3/сек, Бурақожыр өзені – 150,0м3/
сек, сондай-ақ, 05.07.2013 жылы
Қорғас өзені бойында Халықаралық
дәрежедегі «Достық» су торабы іске
қосылды, су жіберу қабілеті – 450,0м3/
сек құрайды. Және де кіші су тораб-
тарынан басқа ұзындығы – 287,25 км
болатын шаруашылық жерлерін су-
ландыру жүйелері жұмыс істеуде. Оның
бетонмен қапталғаны – 175,8 км болса,
жер арналысының ұзындығы – 104,65
км, ал құбыр арқылы су тасыма-
лы – 6,8 км-ге жетеді.Бұл суландыру
жүйелері жалпы аудан бойынша – 49,1
мың га алқаптан тұратын жер көлемінің
мемлекеттік жүйедегі – 40,2 га жататын
суармалы жерді тіршілік нәрі- сумен
қамтамасыз етуде.
Енді айтулы мекеменің жұмысшы
мамандарының сапалық құрамына
тоқталсақ, орташа саны – 154 адам.
Оның ішінде: 15-инженер гидротех-
ник, 8-инженер гидромет, 15-канал
технигі, 2- су технигі, 36-су реттеуші,
8- су бақылаушы маманы болса, тағы
70-адам түрлі жұмыстар атқарып, еселі
еңбек етуде.Мінекей, өзіміз сөз етіп
отырған, бір ғасырдан астам тарихы
бар «Қазсушар» Панфилов өндірістік
учаскесін 2013 жылдан бастап аудан
экономикасы мен ауыл шаруашылығын
дамытуға зор үлес қосып жүрген
тәжірибелі маман Тоқтарбай Әкімұлы
Керімқұлов басқарып келеді.
Қызметке келген алғашқы
күннен-ақ, ұжымның жұмыс тәртібін
ретке келтіруден бастаған басшы ме-
кеме қызметі мен тыныс-тіршілігінің
тың, жаңаша қарқынмен жандануына
СУ БЕРГЕННІҢ
САУАБЫ БАР...
Міне ,осыдан 25 жыл бұрын қазақ елінде тәуелсіздік таңы
атты.
Тәуелсіздік! Осы ерекше атау әр адамның жаны-
на нұр құяды.Сол тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.
Қазақстанның жалындаған жастары 1986 жылы көзімізді жеткізді.
Ел басына нәубет келгенде, жас ғұмырын қиған боздақтар ертең
біз арайлаған ақ таңда тәуелсіздікке жетеміз деп, аңсаған әр
жастардың арманына қанат бітірді.
Сол тәуелсіздігімізге қол жеткізуде жастардың тамшыдай
үлесі бар емес пе?Солардың бірі жалындаған жастық, студенттік
шағының бұлыңғыр күнінде тайсалмастан үлесін қосқан -Бағдат
Бейсенқызы.Ол өз елінің,Отанының, ұрпақтардың болашағы
үшін ештеңеден аянған емес.Тек еліміздің тәуелсіздігін аңсаған
қаршадай қыз бүгінгі таңда сол арманына жетіп, жемісті еңбек
етуде.
Сонау дауылды да, аязды желтоқсанды нағыз көзбен көріп,
өз үлестерін қосқан патриоттарға мәңгі басымызды иіп, болашақ
ұрпақтарымызға үлгі-өнеге етіп әрқашан есімдерін құрметтеу
біздің парызымыз.
Жамал МАХАЖАНОВА,
Ават орта мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.
ТӘУЕЛСІЗДІК-
ТӘҢІР БЕРГЕН
ТӘТТІ СЫЙ
ЖАҚСЫНЫҢ
ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ...
«Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен
белгіленеді» -деп, Президентіміз Н.Назарбаев атап айтқандай,
шындығында қазіргі уақытта бүкіл әлемге балалардың білімділігін ын-
таландыру мен дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.Осыған
орай жақында «А.Луначарский атындағы мектеп-гимназиясының бас-
шысы Н.Нұрғалықұлының бастауымен мектеп ұжымы педагогика –
ғылымдарының докторы, академик, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы акционерлік қоғамының басқармасы төрағасының бірінші
орынбасары, оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық
технологиясының авторы Караев Жаумбай Амантұрлыұлымен, педаго-
гика ғылымдарының докторы Кобдикова Жанартай Уажитқызымен және
психолог мамандығының кандидаты, әлеуметтік ғылымдардың магистрі,
аға оқытушы Христофорова Валентина Кельсиевнамен кездесу өткізді.
Бұл басқосуда Ж.Караев «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі»
педагогикалық технологиясының тиімділігін , оның көздейтін мақсаттарын
түсіндіріп, мұғалімдердің ойландырған сұрақтарына жауап берді.
Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары С.Суранбекова
«Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы бойынша
жүргізіліп жатқан жұмыс жоспармен таныстырды.Ж.Кобдикова мектеп
ұжымының атқарып жатқан жұмыстарына өзінің ризашылығын білдіріп,
мұғалімдердің әлі талай белестерді бағындыра алатынына тілектестігін
білдірді және мектеп ұжымына оқулықтар сыйлады.
Кездесу соңында мектеп басшысы Н.Нұрғалықұлы келген
қонақтарға жылы лебізін білдіріп, мектеп ұжымының атынан естелік
сыйлықты тарту етті.
Жансая ОРМАНБЕКОВА ,
Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ЖҮЙЕСІ
Су
– жер ана төсіндегі барлық тіршілік иелеріне нәр
беруші табиғаттың баға жетпес байлығы. Суды адам баласы
ішуге, егін суаруға, мал шаруашылығы мен өнеркәсіптің түрлі
салаларында барынша пайдаланады. Алайда, суды үнемді
қолдану біздің қоғам үшін өте қажет. Себебі, дүниежүзінің
көптеген елдерінде тұщы су жағдайы күн тәртібіндегі өзекті
тақырыптардың біріне айналған.
ерекше серпін берді. Төраға бастамасы-
на бірауыздан жұмыла кірісіп, қолдау
көрсетуші Панфилов өндірістік учаскесі
бастығының орынбасары – Беширов Ю,
бас инженер – Харченко Н, І – дәрежелі
есепші – Джумагулов Б, есепшілер –
Қоянбаева Қ, Ибраимкулова К, Салим
В, Турапбеков Ж, экономист – Турдиева
Н, хатшы – Насремова Р, су бөлімінің
бастығы – Исаев Б, инженер – гидро-
метр – Сманова М, Бедрек А, құрылыс
бөлімінің бастығы – Джазыкбаева Д,
Каримов Н. сынды азаматтар қажымай
еңбек етіп, мекеменің мерейін үстем
етуде.
Белгіленген
мақсат
бой-
ынша - кәсіпорынға тиесілі сулан-
дыру каналының эксплуатациясы,
гидротехникалық
құрылыс
саласы
мен су есебінің әдістері, сондай-
ақ, шаруашылыққа қарасты арнайы
ғимараттардың техникалық тұрғыдан
талапқа сай болуы тексеріліп, сара-
ланды. Жалпы шаруашылықтың жұмыс
жоспарының жүзеге асырылуы алдыңғы
орынға шығып, берілген мерзімде орын-
далуы қатаң талап етілді. Межелеген
міндет үдесінен шығуды көздеген шебер
басшы әр ауылдың округ әкімдерімен,
шаруа қожалықтарының төрағаларымен
іс бабында жеке-жеке кездесулер
өткізді, түсінік жұмыстары жүргізіліп,
шаруалардың заңдық тұрғыда арнай
келісімшартқа отыруы міндеттелді.Енді
мекендер маңайындағы арықтардың,
тоғандардың уақтылы қазылып, таза-
лау жұмыстарының жүргізілуімен қатар,
жаз мезгіліндегі күннің ұзаруына бай-
ланысты жерге жарық түскен таңсәріден
егіс алқабынан табылып су алу,
сушылардың кезекшілігі мен берілген
судың ысырапсыз пайдаланылуы рет-
ке келтірілді. Дер кезінде атқарылып,
нақты жүзеге асқан іс-шаралар өз
нәтижесін беріп, диқандарға жылдың
су берудің көлемін біршама арттыруға
мүмкіндік туғызды.
Мысалы: 2013 жыл мемлекеттік
суландыру қызметі 246,7 млн. м3 су
беруді жоспарлағанымен, нақты берілген
су мөлшері – 284,2 млн. м3 болып
артығымен орындалды.Бұл үрдіс одан
әрі жалғасын тауып – 2014жылы 328,3
млн. м3, 2015 жылы - 381,0 млн. м3 -
дейін артып, аудан, облыста берілетін
жалпы су көлемінің 49%-ын берді. Ал,
биылғы жылғы меже бойынша-357,5
млн. м3 су беру жоспарланып отыр.
Аталмыш
меке-
ме мамандарының сапалық құрамымен
бірге техникамен жабдықтау ісі де
басшылық назарынан тыс қалған емес.
Оған дәлел, 2014 жылы инвесторлық
бағдарлама
бойынша
«Қазсушар»
кәсіпорны LW-500 маркалы фронтал-
ды жүк тиегіш тракторын, 2015 жылы
ЕК-18-90 маркалы дөңгелекпен жүретін
эксковатор сатып алынып жұмыс жа-
сауда. Нарық сұранысына сай келген
бұл әрекет өз кезегінде сырттан техника
жалдауды жойып, шығын көлемін азай-
тумен қатар мыңдаған теңгені құрайтын
мекеме қаржысын үнемдеуге жол ашты.
Сондай-ақ, кәсіпорының жұмыс
сапасы мен еңбек өнімділігін артты-
руды ойға алған төраға өзінің ше-
бер ұйымдастырушылық қабілетіне
сүйеніп, ұжым мүшелерінің әлеуметтік
жағдайын көтеруді ең бірінші кезекке
қойып отыр. Мәселен, ауданымыздың
шығыс аумағындағы ауылдық округ-
терге су бөлу мен оны тәулік бойы
қадағалауға ыңғайлы болу үшін :
Алмалы-су магистральді каналының су
қысымын өлшеу бассейніне, Алмалы-
су, Басқұншы каналдарының су бөлгіш
күзетшілеріне, Аяқ-Құншан каналының
Р-11 маңындағы су реттеушіге кон-
тейнерден үйшік қойылып, айналасы
жасыл-желекпен абаттандырылды.
Және де Алмалы ауылында жергілікті
тұрғындардың су шаруашылығы
жұмыстарына
қатысты
туындаған
мәселелерін оңтайлы шешу мен келісім
шарттарды іске асыру үшін арнайы
кеңсе ашылса, Аяқ-Құншан каналының
Р-12 су бөлгішіне тұрғын үй салынып
берілді. Иә, жұмысшылардың әлеуметтік
әлеуетін
көтеріп,
ризашылығына
бөленген осыншама келелі істер одан әрі
Бурақожыр су бөгетіндегі тұрғын үйдің
шатырын жаңалауға ұласты, 30-жыл
бойы жарықсыз отырған осы баспанаға
электр желісі тартылып, жарық көзімен
қамтамасыз етілгенін қуана хабарлай-
мыз.
Қиыннан қиыстырып жол таба
білетін алғыр басшысы бар ұйымшыл
ұжым қызмет бабындағы кездескен
түрлі кедергілерге қарамастан, уақытпен
санаспай еңбек етудің арқасында
мекеменің бас ғимаратын да (Жаркент
қаласындағы) заман талабына сай
жабдықтауды аяқтап қалды. Оған дәлел
ретінде: жылдар бойы қараусыз қалған
кәсіпорын ауласының жаңа дуалмен
қоршалып және осы ауладағы механиза-
торлар бөлмесінің қайта жабдықталуы,
ыстық сумен қамтылуымен қатар үлкен
қойма мен ағаш шеберханасының да
төбесінің жаңадан жабылғандығын
қосыңыз. Оған қоса түрлі техникалар-
ды жөндеуден өткізетін шеберхананың
керекті құрал-саймандармен толықтай
жабдықталып, реттеліп, бір жүйеге
келтірілгенін естігенде тәжірибелі
төрағаның еңбегіне шексіз риза болдық.
Иә, біз әңгімеге арқау етіп отырған
мекеме жұмысшылырын биылғы көктем,
жаз мезгілдерінің толассыз жаңбырлы
болуы біршама әбігерге түсірді. Табиғат
апатының аяқ астынан орын алып,
орны толмас өкінішке соқтыратынын
жақсы білетін тәжірибелі мамандар
аянбай еңбек етті. Тасқын салдарынан
Өсек, Бурақожыр, Шежін т.б. өзендер
суының шектен тыс көтерілуі, сел алу
қаупін туғызды. Шұғыл түрде дер
кезінде жүзеге асырылған іс –шара
барысында барлық адам күші мен
техника бір бағытқа жұмылдырылып,
апаттың алды алынды. Аз уақытта то-
лайым жұмыстар атқарылды. Жедел
түрдегі әрекеттің нәтижесінде табиғи
апаттың беті қайтарылды. Алай-
да орын алған табиғи кедергілерге
қарамастан аудан аумағындағы барлық
шаруа қожалықтарына қажетті
мөлшердегі су үзіліссіз беріліп
тұрды. Бұл дегеніңіз жәй кезде көзге
көріне бермейтін қарапайым еңбек
адамдарының қажырлы да қайратты
еңбектерінің бір жарқын көрінісі
екендігі даусыз. Аудан экономикасының
көтерілуі мен туған жерді көркейтуге
атсалысып, еселі еңбек етіп жатқан
«Қазсушар» ұжымының алдағы жылға
дайындаған жоспары да қомақты.
Дәлірек айтсақ: Өсек өзеніндегі су
бөгетіне күрделі жөндеу мен Тышқан,
Шежін су бөгеттеріне қайта жаңғырту
жұмыстарын жасап, көптен бері иесіз
қалған кейбір су жүйелерін айқындап,
теңгерімге алу, оларды жөндеу
жұмыстары арқылы қалпына келтіруді
іске асыру көзделіп отыр.
Елжанды, іскер басшысы бар,
жұдырықтай жұмылған айтулы мекеме
мүшелері Тәуелсіздіктің 25 жыл толу
мерекесін, бұрын –соңды болмаған
зор жетістіктерімен қарсы алуға тас –
түйін дайын. Аз уақытта осынша қыруар
жұмыс тындырып, мемлекет дамуына
зор үлес қосып жүрген қарапайым еңбек
майталмандарына мың алғыс!
Заман ағымына бейімделген,
мақсаты айқын, сапалық деңгейі
жағынан жоғары көрсеткішке жеткен
«Қазсушар» мекемесі мүшелерінің
ерен еңбегі қандай құрметке болса да
лайық, ағайын!
Қ.ТҰРДЫҒАЗЫҰЛЫ,
Жаркент қаласы.
Жолың
түсіп
Панфи-
лов су құбырына келе қалсаңыз
осынау еңбекқор ұжым халыққа
қызмет көрсетіп отырғанын көруге
болады. Су тіршілік көзі деп бекер
айтылмаған. Құрамында жүзден аса
қызмет иелері мен бақылаушысы
бар ұжымды Айдос Айтбекұлы Ар-
саланов басқарады. Ұжым бас-
шысы Айдос Айтбекұлы жас болса
да өмірден түйген тәжірибесі мол.
Ұжым айтуға тұратындай халыққа
қалтқысыз қызмет көрсетеді. Опера-
тор бөліміндегі Айида, Гузеля атты
қыздарымыз әрбір тұтынушының
САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ КЕПІЛІ
МЕРЕЙ
Өнегесі мол өндіріс
назарын жылы лебізбен қабылдап, жылы шыраймен жауап береді. Есеп
бөліміне кіре қалсаңыз Гулнара, Соня, Әсем тағы басқа қыздардың
өз қызметінің жауапкершілігін жақсы меңгерген. Бір ұжым болса су
құбырындай ұжымшыл, еңбекққор, келген әрбір тұтынушыға дұрыс лебізін
айтып отырса екен деп тілейсің. Осындай мақтауға тұратын ұжым Панфи-
лов су құбыры қашанда үлгілі.
Сондай үлгілі ұжымда еңбегіне он төрт жыл толған тұтынушылар
бөлімінің меңгерушісі Халықова Қанышаны (суретте) мақтанышпен
айтуға болады.Жолдасы Халықов Асқар Алтынсарин мектебінде ұстаз,
Дәурен атты ұл, Данара атты қыз тәрбиелеп отыр, үлгілі отбасылардың
бірі.
Қатира ҚҰРМАНБЕКОВА,
Қоңырөлең ауылдық су құбырының бақылаушысы.
6
«Жаркент өңірі»
№ 45 (8836)
4 қараша 2016 жыл
Өмір жолында кездескен, кезінде аралас-құралас болған, кейде көмек қолын созған жандарды
құрмет тұтып, айта жүру, оларға ілтипат-көңіл білдіру Сіздің бойыңызға біткен қасиетті бүгін осы сүйікті
газетіміз арқылы жолдағанды жөн көрдім.
Дәл бүгін 24 немере, 10 шөбере сүйдіңіз. Олардан шаңырақ көтергендері- Әлихан, Назерке, Данияр,
Зере, Қайсар, Мақпал, Ақерке, Олжастарға мектеп табалдырығын аттағанда, алғашқы мектепке барғандағы
хикаяңызды жыр қылып айтып қызықтырып, алтын ұя мектебіңізге, өз ұстаздарыңызға деген көзқарасыңыз,
шәкірттік пейіл-ықыласыңыз да тым ерекше болғанын айтқаныңызды да талай естіп біз де қызықтап
тыңдайтынбыз.
Кезінде ауданда жаңадан құрылып жатқан аудандық кәсіподаққа келіп, ақыл-кеңесіңізбен ғана емес,
бізбен бірге жүріп аудандық кәсіподақ комитетін аяғынан тік тұрғанша басы-қасында болып, шапқылап қолдау
көрсетіп біздің, кәсіподақ мүшелерінің мерейін асырғаныңыз есімізде. Жаңа бастаған ұйымның жұмысын,
қаншалықты тиімді екенін елге түсіндіріп, жаңадан бере бастаған сауықтыру жолдамаларын көрсетіп
аудандық, облыстық газеттерге шығарып тағы да қолдағаныңызды ұмытқан жоқпыз.
Сіздің әдебиет пен өнерге деген құштарлығыңыз – жанның нәзіктігі. Ал жаны нәзік жан адам баласы-
на жамандық ойламайды, қайта қайырымдылық көрсетіп, қолдап, демеп жіберуге дайын тұрады. Мұны Сіздің
бүкіл ғұмырыңызда тәрбиелеген балаларыңыз, немерелеріңіздің жоғарғы оқуды бітіріп еліне үлгілі қызмет
етуінің өзі де дәлелдеп келеді.
Жора-жолдастарыңыз, құдаларыңыз Сіз жайында жайдары, жаймашуақ қалыпта кең көсіле отырып,
бүкпесіз, риясыз сыр жасырмайтыныңызды айтады.
Жаркент өңірінде ұстаздық етіп ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен Сіздің білімді өркендетуге
қосқан үлесіңіздің өзі бір төбе. Білім алған шәкірттеріңіз республика, облыс көлемінде елінің қамын ойлап,
мемлекетіне қызмет етіп келеді.
Еліміз жыл сайын өрге басып, өркендеп келеді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі арналған Даму
стратегиясында көрсетілген міндеттер, Елбасының Жолдауындағы міндеттер дәйектілікпен жүзеге асыры-
лып жатыр. Болашаққа деген сенім зор. Қазақстанның Орта Азияның барысы болары күмәнсіз. Өйткені ел
экономикасының серпінді дамуы соны айғақтайды. Осындай түбегейлі істерді тындырымды атқаруға Сіздің,
Сіз сияқты сан мыңдаған тұлға азаматтардың қосқан үлесі орасан.
Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтай отырып, өмірлік жарыңыз Жұмахан апай
екеуіңізге ғұмырларыңыз ұзақ болып, бала-шағаның, немере-шөберенің ортасында бақытты өмір сүрулеріңізге
тілектестігімізді білдіреміз.
Тілектес ініңіз: Марат ИЛИПОВ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН - АҒАЛАР
ÅÐ ÌÅÐÅÉІ -ÅË ÌÅÐÅÉІ
«ТӘУЕЛСІЗДІК –
ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК
ЖОЛЫ»
Тәуелсіздік-ең алдымен
қазақ халқының бостандыққа
ұмтылған асқақ армандары
мен қайсар рухының жемісі.
Тәуелсіздік күні –ең қастерлі
күн.Тәуелсіздік бұл арман.
Сол арманға жету жолында
талай қас батырлар жанын
қиып,талай боздақтар құрбан
болған сәттер бүгінде алтын
әріптермен өрнектеліп тарих
қойнауына жазылып қалды.
Қазақ елін дүр сілкінткен 1986
жылғы желтоқсан оқиғасына
30 жыл. Елінің еркіндігі үшін
қақаған суық аязда алаңға
шыққан боздақтар арасында
жерлестеріміз Ербол Сыпатаев
пен Ләззат Асанова да ерлікпен
көз жұмған еді.Азаттық жо-
лында құрбан болған Ербол
мен Ләззаттың ерлігін жас
ұрпаққа дәріптеуде ұстаздар өз
үлестерін қосып жүр.
Осыған
орай
А.Луначарский атындағы
мектеп-гимназия директоры
Нүсіпәлі Нұрғалықұлының
қолдауымен
және
жас
мұғалімдердің
ұйымдастыруымен
27-қазан
күні мектебімізде «Тәуелсіздік
–елімнің
ерлік
жолы»
тақырыбында кездесу кеші бо-
лып өтті.
Кездесу кешіне Ер-
бол Сыпатаевтың ұстазы
Дәулетқазы
Рақымқазыұлы
мен
сыныптасы
Раушан
Жапарқызы және Ләззат
Асанованың ұстазы Кемал
Шалипова қатысты.
Кешке келген қонақтар
өз ойларымен бөлісіп ,Ербол
Сыпатаев жайлы естеліктерді
ортаға
салды.Оқушыларды
Ерболдың туған жері Еңбекші
ауылынан ашылған музейге
шақырды.
Кездесу кешінде жас
ұстаздар сахналық қойылым
қойып,
жыр-шумақтармен
жерлестеріміздің
ерлігін
көрсетуге
тырысты.Кезде-
су кеші шағын мерекелік ән-
шашумен аяқталды.
Балқия БЕКТЕМБЕКОВА,
Луначарский атындағы
орта мектеп-
гимназиясының мұғалімі.
Достарыңызбен бөлісу: |