жетіп, көңіліміз құлазып отыр.
дан, облыс, республика көлемінде мәдени іс-шараларға қатысып, талай өнер
саңлақтарын тәрбиеледі.
үлкенді үлкендей, кішіні кішідей сыйлай білетін түсінігі терең , жаны нәзік абзал
жылдығына арнап «Отаныма ант етемін», «Ата-бабам көк түрік» атты патриоттық
әндер жазып кетті. Әнді баспа беттеріне беріп , әннің шыққанын күтіп болашақта
оның айтылуын армандаған еді. Әніне қарап өшпес өлең қалдырғанын , әкеміздің
Менде сенің сеніміңді ақтаймын.
Жарқырасын өзің жаққан шырағың.
Содан қалған батырлық та, тектілік.
Көкте менің қалықтайды қыраным.
Иесі мен көк түріктік мұраның.
Көк түріктік дуалы сөз тілімде.
Сол рухпен ғарышқа ұштым көк тіліп.
Тасқынынан жібердім жыр төктіріп.
«Жаркент өңірі»
№ 45 (8836)
4 қараша 2016 жыл
Қант диабеті
туралы
не білесіз?
Суға құмар, жиі-жиі су іше беретін
адам көрсе үлкен адамдар «сусамыр болып
қалған ба, сонша су ішкені несі?» деп ұрсып
жататынын құлағымыз жиі шалатын. Сөйтсек,
ол ұрысқаны емес, әлдебір нәрседен қауіп ет-
кеннен айтқан ескертулері көрінеді. Ата-баба-
ларымыз адамның әдеттен тыс дағдыларынан
кез келген сырқаттың сырын аңғарып отырған
десек, соның бірі-бүгінде бізді ғана емес,
әлем жұртын алаңдатып отырған, қазақтың
жалпақ тілімен айтсақ сусамыр, медицина
тілімен жеткізсек-қант диабеті. Өлім-жітім
жағынан қатерлі ісік, жүрек қан тамырла-
ры ауруынан кейінгі үшінші орынды иеленіп
тұрған, үндемей жатып, қауіп түсіретін қант
диабетіне бүгінде дүниежүзі бойынша 180 мил-
лион адам шалдыққан. Бұл санда Қазақстан
тұрғындарының да үлесі бар. Панфилов ауда-
нында 893 науқас, 15 бала «Д» есепте тұрады.
Бұл дертке шалдығу қаупі күн
өткен сайын артып келеді. Оған адамдардың
аз қимылдауы, шектен тыс салмақ қосуы,
ұн өнімдерін көп пайдалану, майлы және
қуырылған тамақтарды көбірек тұтынуы да
себеп болып отыр. Қандағы қант мөлшері
3,5-5,5 ммол болуы керек. Тексеру кезінде
қан құрамындағы глюкозаның мөлшері
осы мөлшерден асып кеткен жағдайда
міндетті түрде маман-дәрігерлерге қаралу
керек. Уақытында эндокринолог-дәрігерге
қаралмаудың соңы зағиптыққа, инфаркт мио-
кардына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Ал белгілері қандай деген-
ге тоқтала кетсек, адам қатты шөлдейді,
кіші дәретке жиі барады. Кей жағдайда
шөлдеумен қатар тамаққа тәбеті күшейеді.
Аурудың кейбір белгілері терінің, әсіресе, екі
шаптың ортасының қышуы, субөртпенің пай-
да болуынан да байқалады. Тері құрғайды.
Жарақаттар тез жазылып кете қоймайды.
Қант диабеті пайда болуына
бейімділік себептерге: тұқым қуалаушылық,
семіздік, қан, жүрек қан тамыры ауруы,
ұйқы безі қабынған, сонымен бірге жасы
40 пен 50-ден асқан адамдар, қызылша,
қызамық, шошқа мойын және тағы басқа да
жұқпалы аурумен ауырған балалар жатады.
Жүйке жүйесінің аурулары, өмірде болатын
жағдайлардан кейінгі күйзелістер, уайым-
қайғы да жасырын диабеттің нақты диабетке
ауысуына ықпал етеді.
Мұндайды болдырмас үшін не
істеу керек:
-Қан
құрамындағы
глюко-
за көрсетілімін қалыпты деңгейге жеткізу
керек, дұрыс тамақтануды, яғни дието-
терапияны қолға алу қажет, мөлшерлі
физикалық жаттығулар жасау, еңбек және
демалыс тәртібі, қалыпты салмақты ұстау,
қан қысымын, холестерин деңгейін қалыпты
жағдайға келтіруі керек. Тағы қайталап
айтайын, диабеттің өзі оның салдарына
қарағанда қорқынышты емес. Қант диабетін
емдеудің де, асқындырмаудың да бірақ
жолы бар-ол диетаны сақтау. Әлемдік
тәжірибе көрсетіп отырғандай емдеудің
медикаментті
құралдарын
қолданбастан
тек диетотерапиялық әдіспен ғана ауруды
3 жылға дейін асқындырмай ұстауға бо-
лады. Диетотерапиядан толыққанды көмек
болмаған жағдайда ғана науқасқа қантты
азайтатын дәрі-дәрмектер тағайындалады.
Егер науқастар осы
айтылған кеңестерге құлақ асып, аурулары-
на немқұрайдылықпен қарамаса, науқасқа
қажетті жағдайлар жасау - эндокринолог
дәрігерлер, біздің басты міндетіміз.
б.Қожахметова,
аудандық емхана мейірбикесі.
-Дамир Бердіғалиұлы,
«APL Construction» ЖШС-ның Жар-
кент қаласына дейін газ құбырының
құрылысына қатысы қандай?
-Біздің компаниямыз Жаркент
қаласы жанындағы «Шолақай» ауда-
нында орналасқан автоматтандырылған
газ таратушы станциядан қаланың
өзіне дейін газ құбырын тарту бойынша
жұмыстардың тапсырыс берушісі болып
табылады, сондай-ақ барлық қалада та-
ратушы газ құбырларының құрылысын
жүзеге асырады. Шын мәнінде, «APL
Construction» ЖШС осы газ құбырының
жүйесін салу үшін өзінің және қарыз
қаражатын сала отырып, осы жобаны
іске асырып жатыр.
Бұдан басқа, құрылыс аяқталғаннан
кейін біздің компаниямыз салынған
газ құбырын және Жаркент қаласының
барлық газ таратушы жүйесін жұмысқа
жарамды күйінде күтіп ұстау үшін пайда-
лануды жүзеге асырады.
Бұл тұтынушыларға – жеке
де, заңды да тұлғаларға – кәсіпкерлерге
және басқа санаттағы адамдарға газ-
бен қамтамасыз ету жүйесіне кедергісіз
қосылуға қол жеткізеді және үздіксіз газ
берілуіне сенуге болады.
-бірінші тұтынушыларды
қосу қашанға жоспарланған?
-Құрылыстың жылдамдығы
қамтамасыз ету тұрақтылығына және
тартылған адамдар мен техника санына
байланысты. Салынып жатқан нысан-
дарда не біріншімен, не екіншімен про-
блема жоқ, алайда кез келген газшы
жылыту маусымның қарбалас кезінде
және газ тұтынудың маңызды кезеңінде,
жабдыққа салынатын жүктемелерде
соншалықты ауқымды жүйені жіберуге
болмайды деп айтушы еді.
-Құрылыс жұмыстарын 2017
жылдың наурыз айында аяқтауды және
барлық 2017 жыл бойы тұтынушыларды:
жеке
тұлғаларды
да,
қаланың
кәсіпорындарын газбен жабдықтау
жүйесіне қосуды жоспарлап отырмыз.
Біздің
әлеуетті
тұтынушыларымыздың назарын бүгінде,
олардың үйлерін және басқа нысан-
дарды газдандыруға өтінімдерді беру
қажеттілігіне аударамыз. Осы мақсатта
біз Жаркентте Юлдашев көшесінде
кеңсе аштық, қалада тиісті жарнамалық
материал орналастырдық, алдағы газ-
дандыру туралы ақпарат беру үшін
8-776-0-104-104 арнайы телефон нөмірін
бөлдік. Түскен өтініштер және бірінші
кезекте газдандыратын қаланың аудан-
дарын іріктеу негізінде газдандыруды
жүзеге асыру кестесі қалыптастырады.
Бұл қандай да бір ауданнан түскен
өтінімдердің санына байланысты бола-
Ағымдағы жылғы 15-ақпанда өткен Үкімет отырысында «Жұмыспен қамту
2020» бағдарламасының жобасы мақұлданды. Мемлекет басшысы өз Жол-
дауында халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзірлеу
міндетін жүктеді. Осы мақсатта Жаркент көпсалалы колледжінде Жаркент қаласы
тұрғындары арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында Жаркент қаласының
әкімі аппаратының аудандық мәслихат депуттаттары жанынан құрылған тұрақты
комиссия мүшелерінің кездесу жиналысы болып өтті. Жиынға аудан депутаттары
мен қоса мекеме ұжымы, жас кәсіпкерлер қатысты және колледж оқытушылары
А.Мүлкібаева, Б.Борамбаева, З.Бекмұрат, Н.Қоқанованың қолдауымен көрме
ұйымдастырылды.
Жиналысты Жаркент қаласының әкімі Е.Шоқпаров ашты.
Жиын барысында Жаркент көпсалалы колледж директорының кәсіптік оқыту
жөніндегі орынбасары Д.Мырзахметов колледжде жас мамандарды дуалдық
жүйеде оқытып, дайындау және оларды жұмысқа орналастыру туралы айтып өтті.
Жаркент қаласы әкімі апппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскері
Р.Джарилкасинова «Жаркент қаласы тұрғындары арасындағы жұмыссыздықты
азайту» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу барысында колледж студенттері: Ж.Жабыков, А.Даулет, Ұ.Несіпбай,
Д.Абдраимов, А.Кадиров көкейлерінде жүрген сұрақтарын аудандық мәслихат
депутаттарына қойып,ауқымды жауап алды.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаты-Н.Нұрғалықұлы студенттерге қала
тазалығының көркеюіне ат салысуға шақырды. Жігерлі жастар бірден пікірді
қолдап, үндеу жариялады.
Жиын соңында әр ұлттың киімін киген студенттердің қойылымы тама-
шаланып, тағы бір мәрте жалынды жастардың патриоттық сезімі асқақтай түсті.
мөлдір салҚынбаева,
жаркент көпсалалы колледжінің оқытушысы.
ПроеКт
о переименовании
улиц города жаркент
Панфиловского района
В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от
23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике
Казахстан», подпунктом 5-1) статьи 12 Закона Республики Казахстан «Об административно–
территориальном устройстве Республики Казахстан» от 8 декабря 1993 года и учитывая мнения
населения города Жаркент, на основании заключения областной ономастической комиссии,
маслихат Панфиловского района РЕШИЛ и акимат Панфиловского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Переименовать улицу № 1 в городе Жаркент на улицу «Шарипа Омарова».
2. Переименовать улицу № 14 в городе Жаркент на улицу «Жаксыбая Исаева».
3. Переименовать улицу № 18 в городе Жаркент на улицу «Бакрима Зайнудинова».
3. Возложить на заместителя акима города (по согласованию А.Е. Келемсеит)
опубликование данного совместного постановления после государственной регистрации в
органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ре-
сурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе районного
маслихата.
2. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления возложить на заместителя
акима города Жаркент Келемсеит Айдыну Ермековичу.
3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции
и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официаль-
ного опубликования.
Председатель сессии Аким района
районного маслихата ________________________
______________________ ______________
Секретарь маслихата
_______________
Бұл үндеу 2016 жылдың 1
қарашасында аудандық мәслихат де-
путаттары жастармен кездесу жиынын-
да қабылдады.Еліміздің дамуына бей-
жай қарамайтын Жаркент қаласының
белсенді жастары ауданымыздың
нығаюы мен болашақта дамуымыздың
басым бағыттарын тиімді жүзеге асыруға
бар күш-жігерлерін аянбай жұмсауға
дайын екендіктерін жеткізеді.
«Біз жастар таза қала үшін» деген
ұранмен құтты қоныс мекеніміз –ауда-
нымызды көркейген, таза елді-мекенге
айналдыруға шақырамыз.
Біз жастар-егеменді еліміздің ертеңгі
тірегі. Ауданымызда жігерлі де жалынды
жастар тазалық жұмыстарын жүргізіп,
абаттандыруға атсалысайық.
«Мен жастарға сенемін...»
Достарыңызбен бөлісу: