м.жұмабаев
Жас келсе - іске
жоба
Панфилов ауданының
жаркент қаласына қарасты
көшені қайта атау туралы
«Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан республикасы заңының 6-бабының
1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан республикасының әкімшілік-аумақтық
құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан республикасы заңының
12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және жаркент қаласының пікірін ескере отырып,
облыстық ономастикал комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов ауданының
әкімдігі Қаулы етеді және аудандық маслихаты ШеШім Қабылдады:
1.жаркент қаласының № 1 көшесі «Шәріп омаров» көшесі деп қайта аталсын;
2.жаркент қаласының № 14 көшесі «жақсыбай исаев» көшесі деп қайта аталсын;
3.жаркент қаласының № 18 көшесі «бакрим зайнудинов» көшесі деп қайта аталсын.
4.Қала әкімінің орынбасарына (келісім бойынша а.е. Келемсейіт) осы бірлескен қаулыны
әділет органдарында мемлекетік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа баслымдары-
на, сондай-ақ Қазастан республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста, аудандық
мәслихаттың және аудандық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
5.осы шешімнің орындалуын бақылау жаркент қаласы әкімінің орынбасары Келемсейіт
айдын ермекұлына жүктелсін.
6.осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
аудандық мәслихат аудан әкімі
сессиясының төрағасы
_______________ _____________
аудандық мәслихаттың хатшысы
«Байлық тұнған киелі, қазағымның
бір елі»- деп түгін тартса майы шығатын,
шымын тартса шырыны сорғалайтын ,
бір ғасырдан астам тарихы бар, баты-
сында Басшидің бұйра құмды бөктеріне
дейін, солтүстігінде Жоңғар Алатауының
ақ бас шыңдарымен, оңтүстігінде інжу-
маржанды ерке Іле өзеніне дейін созы-
лып жатқан , Ұлы Жібек жолының бой-
ында орналасқан Жазиралы Жаркент
өңірі қасиетті қоныс . Ауданымыздың
жарқын, сәулелі болуы, тұрақты әрі
үздіксіз дамуы бізге байланысты. Егемен
Қазақстанның болашақ іргетасын қалау-
азаматтық ұстанымы айқын, білімі мен
білігі жарасқан белсенді жастардың
қолында.
«Өз еліңе пайдалы болу, өз Отаныңның
тағдыры үшін жауапты болу-әрбір
қазақстандықтың борышы мен ар-
ожданы» деп, Елбасы атап өткендей,
біз - жастар ауданымыздың гүлденуіне
өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Біз
ауданымыздың жалынды жастары-таза
қала үшін әр айдың 1-нші жұлдызында
барлық жастарды сенбілікке шығуға
үндейміз.
Ендеше, осы тұрғыда құрметті
ауданымыздың жалынды жастары осы
үндеуді қолдауға шақырамыз!
Біздің отансүйгіштігімізге,
ауызбіршілігімізге,
білімге
ұмтылысымыз бен еңбексүйгіштігімізге
тек жеке жетістігімізбен ғана емес,
бірлескен
ұйымшылдығымызбен
жетеміз.
Жаркенттегі газ : қаШан? қайДа? неШеДен?
«APL Construction » жШс
директорының орынба-
сары дүсіпов дамир
бердіғалиұлымен сұхбат
ды.
-Көгілдір отын барлыққа
жетеді ме және ол қалай бөлінеді?
-Табиғи немесе газшылар
оны «тауарлық» деп атайтын газдың
негізгі
артықшылықтарының
біреуі,
көмірмен, мазутпен немесе дизель оты-
нымен салыстырғанда, ауа райының
құбылмалығына және басқа авто неме-
се теміржол жүктеліміне қарамай, құбыр
арқылы үздіксіз беру болып табылады.
Жаркентке газ көлемдерінің жеткілігі
бөлігінде өңірді газбен жабдықтау көзі
«Қазақстан – Қытай» халықаралық
транзитті магистральдік газ құбыры бо-
лып табылатын ескеру қажет, бұл Жар-
кент қаласының мұқтаждықтарына газ
берудің тұрақтылығын және сенімділігін
қамтамасыз етеді.
Алайда
Жаркент
қаласы
типтік елді мекендерді газдандырудың
техникалық ерекшеліктері де бар:
біріншіден, алда айтқандай, алғашқы ке-
зекте өтінімдердің ең көп саны түскен
көшелер газдандырылады, екіншіден,
қалаға газ беру үшін құрылғыларды
құрастыру газды іріктеу өскеніне қарай
жеке блок арқылы жүргізіледі. Әр осын-
дай блоктың өткізу қабілеттігі бойынша
шектеулері болады. Алғашқы осындай
блок бір сағат ішінде 20 мың текше мет-
рмен шектеледі, бұл қарбалас уақытта
барлық қаланың жалпы қажеттілігінен,
шаруашылық
етуші
субъектілерді
қоса, шамамен 55-60%-ын қамтамасыз
етуге жетеді. Екінші осындай блокты
құрастыру газ жүйесіне қосылу бойын-
ша тұтынушылардың белсенділігіне,
тиісінше, газбен жабдықтау ұйымының
экономикалық тиімділігіне байланысты
болады. Алайда, қазірге газ қаншалықты
көлемде тұтынылатынын ешкім бол-
жай алмайды. Біз бірінші кезекте қала
кәсіпкерлерінен өтінімдер ағынын күтеміз,
өйткені олар ең біріншіден экономикалық
пайданы көреді және оларда қаражатты
үнемдеу мүмкіндігі болады.
Сондықтан, азаматтар
газдандырғысы келсе және бұған
материалдық мүмкіншіліктер болса,
өтінімдер беру мен шарт жасасуды созба-
уды ұсынамын.
-Газдандыру үшін материалдық
мүмкіншіліктер
туралы
сөз
қозғадыңыз. мысалы, жеке үйді
газдандыруға қанша қаражат керек?
-Компаниямыз
Жаркент
көшелерінен газ құбырын сала отырып,
қаланы газдандырады, бұл ретте, осы
орам ішіндегі желілерге қосылу тұтынушы
өзінен шығындарды талапетеді, атап
айтқанда, қосылу үшін, қосылу нүктесінен
өз үйіне дейін монтаждау жұмыстары,
үйдің ішінде тарамдау, жылыту қазанды
монтаждау және іске қосу, газды есеп-
теу құралын орнату және тағы басқа
шығындарға қаражатты талап етеді. Со-
нымен бірге, тұтынушы таңдайтын жы-
лыту құралдарында да, баға, бекемдік
сапасы, жылытудан басқа, ыстық сумен
жабдықтау үшін суды жылыту мүмкіндігі
бойынша және т.б. айырмашылықтар бо-
лады.
Біз тұтынушыларды қаланың газ тарату-
шы жүйесіне қосылудың және құрастыру
жұмыстарының құнын бір қосылу нүктесі
үшін шамамен 300-360 мың теңге
көлемінде болжаймыз.
-сіз айтқан шығындар әр
отбасы үшін қомақты сома болады,
газбен жылытуға ауысу үшін соншама
ақша шығындануға керек пе?
-Әрине, керек! Көмірмен жы-
лыту үшін шығындарды есептесек, газбен
жылытумен салыстыра отырып есептеу-
ге оңай: тауарлық газдың 1 мың текше
метрі 7,9-8,2 мың килокалория жылыту
қабілеттігі бар, ал көмірдің 3,5 бастап
6,2 мың килокалорияға дейін жылыту
қабілеттігі бар.
Әрине, көбі көмірдің бағасы да тиісінше
азырақ және тиімдірек деп айта алады.
Алайда, бұнда қажетті сападағы көмірді
тауып, машинаға жүктеп, үйге апару және
арнайы бөліңген сарайға салғыздыру
керектігін ұмытады. Содан соң, қыс бойы
үйге оны шелектеп апарып отыру және
соншалықты күлді шығару, оны бір жер-
ге төгу керектігін есепке алмайды. Біз
кір, күйе және тұншықтырғыш газдың
иісі туралы айтпасақ та, пештегі көмір
жануын тұрақты түрде байқап жүру ке-
рек. Сонымен бірге, пайдалы әсердің
кэоффициенті, қарапайым сөздермен
айтсақ, жылуды өңдіру үшін, оның нақты
әсері газ қазандықтарында 90%-дан кем
емес, тұрмыстық пештерді есепке ал-
маса да, қатты отындағы өнеркәсіптік
қазандықта тиісті көрсеткіш 80%-дан
аспайды. Кәдімгі көмірдегі үй пеші 50%
аспайтын көмір энергиясын барынша
пайдалануды қамтамасыз етеді, ал отын
ретінде ағашты пайдаланса, пештің
тиімділігі 30% дейін төмендейді.
Сонымен, үйде көмірді не-
месе басқа қатты отынды пайдала-
ну «Суды елеуіште тасу» нақыл сөзіне
лайық, яғни босқа еңбектенуді білдіреді.
Демек, дене қимылдарын ескермесек
те, жылытуға кететін көмірдің құны бір
қысқа 50-60 мың теңгені құрайды, ша-
мамен сондай ақшаға кез келген жыл
мезгілінде және тәулік бойы автоматты
реттелетін жылытуға және ыстық суға ие
боласыз. Көмір орнына газ пайдалану
көзге түсерлік экономикалық пайдаға да,
тұру тұрғысынан тиісті жайлылыққа да
бөленеді.
Кез келген жанатын зат
секілді табиғи газ тұрмыста пайдалануға
ұқыпты қарауды талап етеді. Алайда,
бүгін қалалықтар баллонда ұстайтын
сұйытылған газға қарағанда, табиғи
газ ауадан да жеңіл, ағып кеткенде
жоғары көтеріледі және қазіргі кезде
қолданылатын жабдықтың сапасын
ескерсек, төтенше жағдайлар пайда болу
ықтималдығы өте аз.
түсіндіргеніңізге
рақмет.
Газбен
жылытуға ауысу пайдасы көзге түсерлік,
алайда,
менің
пікірімше,
орташа
деңгейлі кірістері бар отбасыға өз үйін
газдандыруға 350 000 теңге табу қиын
болатын сияқты, бұл жағдайда не істеу
қажет?
Компаниямыз газды сату, оны газ
құбырының жүйесі арқылы тасымалдау
және осы жүйеге қызмет көрсетумен
айналысады. Абоненттерді газдандыру
біршама басқа қызметке жатады және
мемлекет лицензиясы бар нарықтық
негіздегі монтаждау ұйымдары жүзеге
асырады. Алайда, өз жұмысымның
тәжірибесінен шыға отырып, несиеге
де, бөліп төлеу арқылы газдандыру
мүмкіндігі бар екенін айтқым келеді. Бан-
ктер жеңілдік мөлшерлемелері бойынша
осы жұмыстарды несиелендіреді. Газ
құбырын және қазанды монтаждау үшін
қаражатты бір кезде жұмсағысы келме-
ген немесе мүмкіндігі жоқ отбасыларға
маңызды көмек бола алады деп ой-
лаймын. Қазіргі кезде газдандыру
мақсаттарына халықты несиелендіру
мүмкіндігі жөнінде жергілікті банктермен
жұмыс жүргізілуде.
-жаркентті
газдандыру
туралы оқырмандарға бір қызықты
нәрсе жайлы айтқыңыз келеді ме?
-Біріншіден,
Жаркент
қаласының алдағы газдандыру емес,
ол барынша күшпен жүзеге асырылуда,
алайда қазір тұрғындарға ең көрінбейтін,
бірақ сол кезде ең маңызды кезеңді
өткізудеміз – елді мекенге газды тартып
жатырмыз. Бұл елеулі материалдық
және уақыт шығындарын талап етеді,
сол кезде қаланың барлық газ тара-
тушы жүйесінің тұрақты жұмысына
іргетасты құрайды. Мен жоғарыда
газға
ауысудың
артықшылықтары
жөнінде айтқанмын, осы отынның
құндылығы бүкіл әлемде танылған бо-
латын – экономикалық пайдалылық,
қолданудағы қарапайымдылық.
Тұрғындар қайда және қалай
көмір немесе дизельдік отын сатып
аламын, оны қалай жеткіземін, қалай
сақтаймын деген сұрақтарға жауап
іздемейді. Шүмекті бұрауға жеткілікті
болады және қыста да, жазда да, кез
келген тәулік уақытында үйде жылы бо-
лып тұрады. Әр тұрғынның пайдасынан
басқа, Жаркентті газдандыру тұрғын үй
құрылысын дамытуға қарқынды күш
береді, сондай-ақ қаланың экология-
сын жақсартады. Бұл қаланың даму-
ына да жаңа қарқын береді, күмәнсіз,
қарапайым азаматтарға да өмірін
жеңілдетеді, ресурстарға қарамай, биз-
неске даму үшін жол ашады.
Газ – жылы да, ыстық су да,
тұрақтылық пен пайда болып табыла-
ды.
7
жарКент КөП салалы
Колледж жастарының
Ү н д е у і
8
№ 45 (8836)
4 қараша 2016 жыл
«Жаркент өңірі»
БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАҒЫТЫ
АЙДАЙ АЙҚЫН
Енді екі жылдан кейін 90 жыл толатын байырғы оқу орны да жыл өткен
сайын жақсарып, жасампаз еліміздің жаңарғанын дәлелдеп, көркейе түсуде.
Мұғалімдер мерекесіне алдын – ала шақыру қағазын алып, жолдасым Мұхаммед
Шәріп Ілиясұлы Қасеновпен колледжге келдік. Үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу
ұстаздардың ең жоғарғы кредосы болғандықтан, олар біздерді – зейнеткер
байырғы ұстаздарды зор қошаметпен, ерекше ілтипатпен қарсы алды. Ұлағатты
ұстаздардың болашақ иелерін тәрбиелейтін ордада ұлыларды ұлықтап, кішілерді
құрметтеп, керемет дайындықпен өткен салтанатты мерекелік концерті де ба-
сталып кетті. Кешке келген байырғы ұстаздар Ұлжан Сауранбаева, Хивизәм
Хапизова, Бақыткүл Нұғыманова, Қарлығаш Искакова, Жанат Шалғынбаев, Бо-
латбай Көбекбаев, Әсия Мырзабаратқызы, Манап Исабеков, Бибінұр Сейде-
ханова, Клара Ахметовна көптеген зейнеткер ұстаздар мен аудандағы құрметті
азаматтар қатысты. Бұл салтанатты кеште ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық
тәрбие, мамандыққа баулу жас өнерпаздардың таланттары ұшталып, тәрбиелік
мәні зор-ғажап кеш өтті. Мұнда қонаққа келген ұстаздардың барлығы да аудан
көлемінде емес, республика көлемінде танымал мамандар. Ұлжан Сауранбае-
ва, Бақыткүл Нұғыманова, Хивизәм Хапизова, Клара Ахметқызының білім алған
шәкірттердің сөзі республикамыздағы жоғары дәрежелі, білікті ұстаздар колледж
өнерпаздарын тәрбиелеп жатқан Алмагүл Исабекова, Гүлшат Касымова музыка-
дан дәріс беретін ұстаздардың сол күнгі концерттің өте әсерлі болуына, тартымды
өтуіне атқарған еңбектері орасан зор.
Тәуелсіз еліміздің тәлейлі ұрпақтарының да ұстаздарына деген алғысы
шексіз, өз өнерлерімен, қонақтарға берген сұрақтарымен ойлы да, парасатты бо-
лып өсіп келе жатқан болашақ иелеріне риза болдық.
Енді екі жылдан кейін колледждің 90 жылдық тойын тойлағалы отырмыз.
Сара Нұрғалыққызына:
Дарасың, көп ішінде сен бір ерен!
Күнде бір биіктіктен сені көрем.
Аласармас, өжеттік, қайсар мінез,
Болашаққа жеткізер даңқыңды ерен! -деген арнаған өлеңім бар еді. Қаншама
жетістіктерге жетіп отырсың айналайын, өркениетті елдің өрендеріне үлгі - өнеге
болып отырсың. Қанатың талмасын, қажымас қайрат тілеймін. Денің сау болсын
демекпін.
Бұдан кейін колледж ұстаздары тарих пәнің мұғалімі Меруерт
Жақыбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Гүлжанат Балғабекова,
Рыскүл Қожабергенова өздері кураторлық етіп отырған 201 топқа, 205,105 топқа
кездесу кешіне шақырып, тамаша тәрбие сағаттарын өткізді.
Шығармашылықпен еңбек етіп жүрген Гүлжан Әшімбекова, Шырын
Әбдіхалықова, Сауранбекова, Маржан Мұхамеджанова, Айгүл Жүнісова, Айгүл
Махметова, Күләнда Құсайынова, Айжан Хақанқызы, Қанат Қасенов, Бақыт
Шәкіржанов, оқытудың жаңа формаларын пайдаланып, өз жұмыстарын жоғары
деңгейде атқарып отырған ұстаздар.
Иә, осыншама тебірентіп, қаламымды тербеуге қамқор болған, құрметті
демалыста жүрсем де ұмытпай өз орталарына шақырып бата тілек сұраған
әріптестеріме: қиын да, қызықты ұстаздық қызметтеріңізге табыс тілеймін.
Баққайша қажы БҰЛАНБАЙҚЫЗЫ.
Қазан айының
29-ы күні ауданымыздағы
ежелгі білім ошағы бо-
лып саналатын қаладағы
№6 орта мектеп өзінің
60 жылдығын атап өтті.
Салтанатты шараға осы
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ
ТӘЛЕЙЛІ ҰРПАҚТАРЫ
мектепті бітірген түлектер,
ардагер ұстаздар, арнайы
шақырылған азаматтар
қатысты.
Мектептің 60
жылдығына байланысты
өткен салтанатты шарада
осы мектептің директоры
Айтжамал Көбелекова ба-
яндама жасап, мектептің
тарихы мен болашағына
қысқаша тоқталды.
Осы шараға ар-
тулы азаматтарға «Белсенді
түлектер» деген жазуы бар лен-
та тағылды. Зейнетке шыққан
азаматтарға бағалы сыйлықтар
берілді.
«Самғатқан
сан
қыранды алтын ұя» атты
мектептің 60 жылдық мерей-
тойында
келушілер
мектеп
ішін аралап көрді. Сондай-ақ
«Балалық шаққа оралу» деген
тақырып бойынша интернатта
болып, оқушылардың концерттік
бағдарламасы
тамашаланды.
Одан кейін түлектер аллея-
сына саялы ағаш көшеттері
отырғызылды.
Ж.НҰРАҚЫНҰЛЫ.
Қазақ елі өзінің Тәуелсіздігін алған 25 жылдың ішінде ел әлеуетін арттыруға бағытталған та-
лай ірі бағдарламалардың тұсауын кесті. Бұл бастамалар үдеден шығып, халықтың әл-ауқатын
жақсартты. Сондай бағдарламалардың бірі де, бірегейі бола білген «Жұмыспен қамту-2020»
бағдарламасы өз кезегінде ел азаматтарын лайықты жұмыспен қамтамасыз етті.
САМҒАТҚАН САН ҚЫРАНДЫ
АЛТЫН ҰЯ
найы қатысқан аудан әкімінің
орынбасары Ш.Құрбанов сөз
алып, ауданымыздағы білім
беру саласында атқарылып
жатқан
жұмыстар
туралы
баяндады.
Сондай-ақ
озат
мұғалімдерге «Құрмет грамота-
лары» мен «Алғыс хаттар» табыс
етілді.
Арада
қонақтарды
жас ұландар құттықтады. Одан
кейін сөз алған осы мектептің
бұрынғы директоры А.Лян, Жам-
был атындағы орта мектептің
директоры Р.Айсаев ескерткіш
сыйлықтарын табыс етті. Мектептің
түлектері
Р.Худайбердиева,
А.Әбдікаримовтер
сөз
алып,
естеліктерін айтты.
Шара барысында ай-
Суретте: мектептің белсенді түлектері.
МЕРЕЙТОЙ
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы елімізде 2011 жылы қабылданды.
Басты мақсат-тұрақты және өнімді жұмыспен қамту жолымен халық кірісін арттыру.
Бағдарлама негізгі төрт бағыттан тұрғаны белгілі. Біріншісі, білім беру және жұмысқа
орналастыруға жәрдемдесу, жалақы төлемдерін субсидиялау арқылы жұмысқа
қабылдауды ынталандыру. Екіншісі-ауыл тұрғындарын шағын несиемен қамтамасыз
ете отырып, ауыл ішіндегі кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Үшінші бағыт-еңбек
ресурстарының тиімділігін арттыру. Соңғысы - инфрақұрылымды дамыту арқылы халық
көп шоғырланған ауылдарды дамыту.
Бағдарламаның негізгі қатысушыларын жұмыссыздар, оқу орындарының
түлектері, еңбекке қабілеттілігін жоғалтпаған мүгедектер, балалар үйінің
тәрбиеленушілері, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар, 23 жасқа дейінгілер,
зейнеткерлер, жалпыға ортақ жаста зейнетке шыққандар, этностық мигранттар және
басқалар құрады.
Жалпы, жұмыспен қамту шараларымен ауданда 3192 адамды жұмысқа
тарту жоспарланған, 1-ші шілдеге 1950 адам тартылды. «Жұмыспен қамту -2020»
бағдарламасының бірінші бағыты бойынша екі жоба жүзеге асырылуда, олар Тұрпан
ауылындағы Сатай батыр және Пенжім ауылындағы А.Розыбақиев орта мектептерінің
ғимаратын күрделі жөндеу. Бұл нысандарда 50-ге жуық жергілікті тұрғындар жұмыс жа-
сауда. Екінші бағыт бойынша 24 адамға 62,8 миллион теңге шағын несие берілді. Үшінші
бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 50 жұмыссыз, жастар тәжірибесіне 68
адам, кәсіптік даярлауға 35 адам жолданды.
Тұрғындардың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау бойынша бюджет-
тен 3771 адамға 44,3 миллион теңге қаржы жұмсалды, оның сыртында 1017 адамға
демеушілер есебінен 3,2 миллион теңгенің материалдық көмегі көрсетілген. Ал Жаркент
қаласы бойынша жыл басынан бері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы
1531 адам жұмысқа орналасып, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 40 адам
жұмыс істеуде. Әлеуметтік жұмыс орындарына 20 адам жіберілді.
Бағдат АЙТМҰҚАЕВА.
№ 45 (8836 )
4 қараша 2016 жыл
«Жаркент өңірі»
9
Эхинококкозбен сүт қоректі
жануарлар мен адам ауырады. Олар-
да зхинококтың балаң құрт сатысы
тоғышарлық тіршілік етеді, сондықтан
жануарлар және адам аралық иелері болып
есептеледі.
Жетілген таспа құрт- эхинококктар,
ұзындығы 10 миллиметрге дейінге ұсақ це-
стодалар, иттердің және кейбір жабайы
ет қоректілердің (қасқыр, шибөрі, түлкі
т.б.) ащы ішектеріне тоғышарлық тіршілік
етеді.
Цестодтардың артқы таспаларында
көптеген жұмыртқалар жетіледі.
Таспалар жетілген сайын ажырап, сыртқы
ортаға жұмыртқа тастайды.
Залалданған иттерден бөлінген
жұмыртқалар жайылымда, аула- қора
маңын, су қоймаларын ластайды.
Шөппен және сумен бірге жұмыртқалар
малдың ас қорыту органдарына түсіп,
сол арада жұмыртқалардың қабығы жа-
рылып, босаған балаң құрттар ішек
қабырғаларына қадалып, қан ағымымен
ілесіп түрлі органдарға жайылады. Олар
көбінесе бауыр, өкпе, бүйрек сияқты ор-
гандарда өсіп-жетіліп, көлемі жағынан
үлкендігі бұршақтан бастап адамның
басының үлкендігіндей бершімек - көпіршікке
айналады. Иттер өлген не амалсыздан
сойылған малдың зақымданған органдарын
жегенде ауруға шалдығады.
Адамдарға эхинококк жұмыртқалары
көкеніс пен жемістерден немесе иттен
жұғады. Көптеген жұмыртқалар иттердің
жүндерінде жабысып, ұзақ уақыт бойы
өзінің ауру туғызу қабілетін жоймайты-
нын ескерсек, адамға ауру жұқтырған әр
иттің қаншалықты қауіпті болатынын
түсіну қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: |