«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
4.1.4. дирЕКторлАр КЕңЕсінің
жұмысы турАлы ЕсЕп
Директорлар кеңесі өз мәжілістерін жылдық жұмыс
жоспарына сәйкес, сонымен қатар қажеттілігіне қарай
өткізеді. 2012 жылы Директорлар кеңесінің 10 мәжілісі
өткізіліп, 118 мәселе қарастырылды.
Директорлар кеңесі «Қазпочта» АҚ-ның 2020 жылға
дейінгі Даму стратегиясын әзірлеуге белсене қатысты.
Директорлар кеңесінің жұмысына ішкі бақылау,
тәуекелді басқару және ішкі аудит жүйелерін күшейту
жөнінде мәселелерге айрықша көңіл бөлінді. Бұдан
басқа, «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі ашық
конкурс өткізілгеннен кейін маңызды лауазымдарға
жұмыскерлерді тағайындау тәжірибесін енгізді.
Сондай-ақ, Директорлар кеңесі өз жұмысында жоспар-
ды жүйелі түрде қайта қарастыру және Директорлар
кеңесі мен оның комитеттерінің есептерін қарастыру
тәжірибесін енгізді.
Директорлар кеңесі тоқсан сайын Корпоративтік
хатшының және Ішкі аудит қызметінің есебін тыңдап,
олардың жұмысын бағалайды, есепті кезеңде Компания
қызметінің келесі негізгі мәселелері қарастырылды:
1) Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің
2011 жылғы қызметі туралы, «Қазпочта» АҚ
2011-2015 жылдарға арналған даму жоспа-
рын іске асыру туралы 2012 жылғы 9 айдағы
есебі, ірі инвестициялық жобаларды іске асы-
ру туралы есебі қарастырылып, «Қазпочта» АҚ
Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
мақұлданды.
2) Директорлар кеңесінің 2012 жылға арналған
жұмыс жоспары, Ішкі аудит қызметінің 2012
жылға арналған жылдық аудиторлық жоспары,
«Қазпочта» АҚ-да табыстардың, шығындардың
бөлек есебін және тартылған активтерді енгізу
жөнінде іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда
бекітіліп, «Қазпочта» АҚ 2011 жылғы қаржылық
есептілігі алдын ала бекітілді.
3) «Қазпочта» АҚ «Электронпост.KZ» ЖШС-дағы
AS Eesti Electronpost (Эстония) және Astermann
LLP (Ұлыбритания) қатысу үлестерін сатып алу
туралы шешім қабылданып, «Қазпочта» АҚ
2011-2015 жылдарға арналған даму жоспарына
түзетулер енгізу қарастырылды.
4) Бірқатар құжаттар бекітілді: «Қазпочта» АҚ
2011-2015 жылдарға арналған даму страте-
гиясын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспа-
ры, «Қазпочта» АҚ есеп саясаты, «Қазпочта»
АҚ Даму стратегиясы, 2013-2015 жылдарға
арналған шығындарды қысқарту бағдарламасын
әзірлеп, «Самұрық-Қазына» АҚ тобында енгізу
жөнінде іс-шаралар жоспары, «Қазпочта» АҚ-да
тәуекелді басқарудың корпоративтік жүйесінің
тиімділігін бағалау әдістемесі, «Қазпочта» АҚ-
да ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау
әдістемесі, «Қазпочта» АҚ-да тәуекелді
басқарудың корпоративтік жүйесінің тиімділігін
бағалау әдістемесі, 2012 жылғы «Қазпочта»
АҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттері
мүшелерінің білімдері мен дағдыларын
жетілдіру жоспары және «Қазпочта» АҚ 2011
жылғы Жылдық есебі алдын ала бекітілді.
4.1.5. дирЕКторлАр КЕңЕсінің
КомитЕттЕрі
Директорлар кеңесінің құрамына келесі комитеттер
кіреді:
1. Аудит жөніндегі комитет;
2. Стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі
комитет;
3. Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі коми-
тет.
Аудит жөніндегі комитет
Корпоративтік басқару кодексіне, сонымен қатар
Компания Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі
комитеті туралы ережеге сәйкес Аудит жөніндегі
комитеттің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін
белгілеу, оның төрағасы мен мүшелерін сайлау,
сондай-ақ олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын
тоқтату Директорлар кеңесінің құзырына жатады.
Аудит жөніндегі комитеттің құрамы Компанияның Ди-
ректорлар кеңесі мүшелерінен және «Қазпочта» АҚ
Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінде
жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби білімдерге ие са-
рапшылардан жасақталады. Ішкі аудит жөніндегі
комитет кем дегенде екі адамнан тұруы тиіс, біреуі
Тәуелсіз директор болып табылады. Аудит жөніндегі
комитеттің төрағасы тәуелсіз директорлар қатарынан
сайланады.
Егер Директорлар кеңесі ішкі аудит мәселелері
жөніндегі комитетке аталған тұлғаның мүшелігін
Қоғам мен оның Жалғыз акционері мүдделеріне
қажет деп шешсе, онда Тәуелсіз болып табылмайтын
директор ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитеттің
құрамына сайлануы мүмкін. осындай тағайындаулар
туындаған жағдайда Компанияның Директорлар
кеңесі Компанияның Жалғыз акционері алдында
директордың тәуелділік сипатын ашуы және оның
Аудит жөніндегі комитетке қабылдануы туралы
шешімді негіздеуі тиіс.
Ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитеттің
құрамындағы кем дегенде бір мүшесі бухгалтерлік
есеп және/немесе қаржылық есептілікке дайындық
және/немесе қаржы және/немесе аудит саласында
терең білімге ие болуы тиіс.
2012 жылы төмендегі тұлғалар Аудит жөніндегі
комитеттің құрамына кірді:
24/25
Аудит жөніндегі комитеттің құрамы
№
Аты-жөні
Лауазымы
2012 жылғы өкілеттік мерзімі
1
Найджел Стейплтон «Қазпочта» АҚ Тәуелсіз директоры,
Комитет төрағасы
2012 жыл бойы
2
Калле Тариен
«Қазпочта» АҚ Тәуелсіз директоры,
Комитет мүшесі
2012 жыл бойы
3
Кузьмин В.М.*
«Самұрық-Қазына» АҚ аудит және бақылау
департаментінің бас менеджері, Комитет
мүшесі (дауыс беру құқығы бар сарапшы).
2012 жыл бойы
4
Эдриан Хоуинк
«Қазпочта» АҚ Тәуелсіз директоры,
Комитет мүшесі
27.08.2012 ж. бастап
2012 жылғы Аудит жөніндегі комитеттің мәжілістері:
Аудит жөніндегі комитет мүшелерінің 2012 жылғы мәжілістерге қатысуы
№
Аты-жөні
Мәжіліс саны
Мәжілістерге
қатысуы, саны
Мәжілістерге қатысу %
1
Найджел Стейплтон
10
10
100
2
Калле Тариен
10
10
100
3
Кузьмин В.М.*
10
8
80
4
Эдриан Хоуинк**
3
3
100
* Еңбек демалысында болуына және қызметтік қажеттілікке байланысты бір ашық жиналысқа қатыспады.
** 2012 жылғы 27 тамыздан бастап аудит жөніндегі комитеттің 3 мәжілісі өткізілді.
2012 жылы комитет 10 мәжіліс: 1 сырттай, 7 ашық, 2
аралас мәжіліс өткізді, мәжілістің күн тәртібіне сәйкес
47 мәселе қарастырылды.
Аудит жөніндегі комитет тоқсан сайын «Қазпочта» АҚ
Тәуекелді басқару жөніндегі қызметінің басшысымен
«Қазпочта» АҚ тәуекелдері туралы есептері жөнінде
кездесулер өткізді.
Комитет есепті кезеңде Ішкі аудит қызметінің бас ауди-
торы лауазымына үміткерлерге, Ішкі аудит қызметінің
сандық құрамы мен штаттық кестесіне қатысты
Қоғамның Директорлар кеңесіне ұсынымдар мен ішкі
аудит саласындағы маңызды ішкі құжаттарды ұсынды.
Комитет 2012 жылғы Жылдық аудиторлық жоспарды,
тоқсан сайынғы есептерді әзірлеп, тұжырымдарды
ұсынды.
Аудит жөніндегі комитет Ішкі аудит қызметін
жинақтауға қатысты Ішкі аудит қызметінің басшысы-
мен кездесті.
2012 жылы комитет мүшелері Қоғамның ішкі және
сыртқы аудиторларымен кездесіп, комитеттің
қарауына тез арада енгізуді талап ететін мәселелер
шеңберін талқылады.
Комитет 2012 жылғы Жылдық аудиторлық жоспарды,
тоқсан сайынғы есептерді әзірлеп, тұжырымдарды
ұсынды. Комитет сондай-ақ Компания басшылығы
мен жұмыскерлерінің аудиторлар жұмысына қажетті
көмекті қамтамасыз еткенінен хабардар.
Тұтас алғанда, Комитет Компанияның сыртқы
және ішкі аудиторлары арасындағы өзара іс-әрекет
деңгейіне оң баға береді.
Аудит жөніндегі комитет есепті кезеңде 2012 жылғы
қаржылық есептілік аудитінің қорытындысы бойынша
сыртқы аудиторлық ұйымның ұсынымдарын орындау
жөнінде іс-шаралар жоспарын орындау туралы есепті,
жаңа редакциядағы «Қазпочта» АҚ басқарушылық
есептілік жүйесін енгізу жөнінде іс-шаралар жоспа-
рын бекіту туралы, несиелік және кепілдік саясат-
ты бекіту және басқа да жоспардан тыс мәселелер
қарастырылды.
2012 жылы Комитет мүшелері сыртқы аудиторлармен
ішкі бақылау, тәекелдерді басқару жүйелері және өзге
мәселелер бойынша бірнеше рет кездесті. Комитеттің
барлық елеулі аспектілеріне баға беру бойынша
сыртқы аудиторлардың тәуелсіздігін қамтамасыз
етеді.
стратегиялық және инновациялық даму
жөніндегі комитет
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық
және инновациялық даму жөніндегі комитетінің
құрамына Директорлар кеңесінің мүшелері және ко-
митетте жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімдерге ие
сарапшылар кіреді.
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
Корпоративтік басқару кодексіне, сонымен қатар
Компанияның Директорлар кеңесінің Стратегиялық
және инновациялық даму жөніндегі комитеті туралы
ережеге сәйкес комитеттің сандық құрамын, өкілеттік
мерзімін белгілеу, оның төрағасы мен мүшелерін сай-
лау, сондай-ақ олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын
тоқтату Компания Директорлар кеңесінің құзырына
жатады.
Комитет құрамы Компанияның Директорлар кеңесі
мүшелерінен және сарапшылардан жасақталады.
Қажет болған жағдайда Комитет құрамына Комитет-
те жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімдерге ие, дауыс
беру құқығы жоқ сарапшылар кіруі мүмкін. Салада
кәсіби тәжірибелерге және біліктілікке ие сарапшылар
Комитет мақсаттарына, міндеттеріне және құзырына
сәйкес Комитет қызметінің тиімділігі мақсатында
тартылады. Комитет құрамындағы сарапшылар рөлі
Комитеттің мәселелерді жан-жақты зерттеп, Дирек-
торлар кеңесінің ұсынымдарын әзірлеуге мүмкіндік
беретін арнайы білімдер мен кәсіби тәжірибелерді
пайдалана отырып, шешім қабылдау кезінде Комитет
мүшелерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуден
тұрады.
Егер Директорлар кеңесі комитетке аталған тұлғаның
мүшелігін Қоғам мен оның Жалғыз акционері
мүдделеріне қажет деп шешсе, онда тәуелсіз болып
табылмайтын директор комитеттің құрамына сайла-
нуы мүмкін.
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық
және инновациялық даму жөніндегі комитетінің жаңа
құрамы 2012 жылғы 27 тамызда сайланды.
стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі комитеттің құрамы
№
Аты-жөні
Лауазымы
2012 жылғы өкілеттік
мерзімі
1
Эдриан Хоуинк
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз
директор-төрағасы
27.08.2012 ж. бастап
2
Калле Тариен
«Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры, Комитет мүшесі
27.08.2012 ж. бастап
3
Саудабаев С.Б.
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,
«Самұрық – Қазына» АҚ коммуникациялық активтерді
басқару жөніндегі директоры, комитет мүшесі
27.08.2012 ж. бастап
4
Дагарова А.М.
«Самұрық – Қазына» АҚ коммуникациялық активтер
дирекциясының бас сарапшысы
27.08.2012 ж. бастап
26/27
2012 жылы стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі комитетінің мәжілісі:
2012 жылы стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі комитет мүшелерінің
мәжілістерге қатысуы
№
Аты-жөні
Мәжілістер саны
Мәжілістерге қатысу
саны
Мәжілістерге қатысу %
1 Эдриан Хоуинк
3
3
100
2 Калле Тариен
8
8
100
3 Саудабаев С.Б.
8
8
100
4 Дагарова А.М.
3
3
100
Стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі
комитет 2012 жылы 8 мәжіліс өткізіп, мәжілісте 28
мәселе қарастырылды, атап айтқанда: «Қазпочта»
АҚ 2011-2015 жылдарға арналған даму стратегия-
сын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары бекітіліп,
«Қазпочта» АҚ 2011-2015 жылдарға арналған даму
жоспары мен «Қазпочта» АҚ 2012 жылға арналған
бюджеті қарастырылды; «Қазпочта» АҚ 2020
жылға дейінгі даму стратегиясы, «Қазпочта» АҚ
стратегиялық инвестициялық жобалары, «Қазпочта»
АҚ коммерциялық даму стратегиясы және басқалары
қарастырылды.
тағайындау және сыйақылар жөніндегі коми-
тет
Корпоративтік басқару кодексіне, сонымен қатар
комитет туралы ережеге сәйкес комитеттің сандық
құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның төрағасы
мен мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттігін
мерзімінен бұрын тоқтату Компания Директорлар
кеңесінің құзырына жатады.
Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет кем
дегенде үш адамнан, оның үштен екісі Тәуелсіз дирек-
торлардан тұруы тиіс.
тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің құрамы
№
Аты-жөні
Лауазымы
2012 жылғы өкілеттік
мерзімі
1
Калле Тариен
«Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры, Комитет мүшесі
2012 жыл бойы
2
Найджел Стейплтон «Қазпочта» АҚ Тәуелсіз директоры, Комитет төрағасы 2012 жыл бойы
3
Саудабаев С.Б.
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,
«Самұрық – Қазына» АҚ коммуникациялық активтерді
басқару жөніндегі директоры, комитет мүшесі
2012 жыл бойы
4
Дагарова А.М.
«Самұрық – Қазына» АҚ коммуникациялық активтер
дирекциясының бас сарапшысы
27.08.2012 ж. бастап
тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет мүшелерінің 2012 жылғы мәжілістерге
қатысуы
№ Аты-жөні
Мәжілістер саны
Мәжілістерге
қатысу саны
Мәжілістерге
қатысу %
1
Калле Тариен
8
8
100
2
Найджел Стейплтон
8
8
100
3
Саудабаев С.Б.
8
8
100
4
Дагарова А.М.
3
3
100
2012 жылы комитет 8 мәжіліс өткізіп, мәжілісте 35
мәселе қарастырылды, атап айтқанда: «Қазпочта»
АҚ 2012 жылғы Директорлар кеңесінің комитеттері
мен мүшелерінің білімдері мен дағдыларын жетілдіру
жоспарын, «Қазпочта» АҚ орталық аппаратының
жұмыскерлерінің жалпы санын оңтайландыру
мәселесін, «Қазпочта» АҚ кадрлық резервін жасақтау
және басқа да бірқатар мәселелерді қарастырды. Ко-
митет 2012 жылы жұмыскерлердің келесі санаты: Ішкі
аудит қызметінің жұмыскерлері мен Корпоративтік
хатшы жөніндегі ұсынымын ұсынды.
Комитет мүшелері Компанияның басты лауазымда-
рына үміткерлермен әңгімелесті. Сондай-ақ, кадр
саясатының бағыты мен нақты үміткерлерге қатысты
Компания басшылығымен және Жалғыз акционердің
өкілдерімен кездесу өткізді.
4.1.6. жАлғыз АКционЕрдің
піКірін дирЕКторлАр
КЕңЕсінің ЕсЕпКЕ Алуы
бойыншА қАбылдАнғАн
шАрАлАр
Директорлар
кеңесі
Жалғыз
акционердің
айқындамасы мен пікірін есепке алу үшін барлық
қажетті шараларды қолданады, оның ішінде:
- Директорлар кеңесінің мүшелері Директор-
лар кеңесінің құзырына жататын Компанияға
қатысты Жалғыз акционердің тапсырмаларын,
шешімдерін уақтылы алады;
- Жалғыз акционердің жұмыс топтарына, ко-
миссияларына белсене қатысады, хат алмаса-
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындау
және сыйақылар жөніндегі комитетінің төрағасын Ди-
ректорлар кеңесі тәуелсіз директорлар қатарынан сай-
лайды.
Қажет болған жағдайда Тағайындау және сыйақылар
жөніндегі комитет құрамына Комитетте жұмыс істеу
үшін қажетті кәсіби білімдерге ие сарапшылар кіре
алады.
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындау
және сыйақылар жөніндегі комитеті келесі құрамда
сайланды:
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет мүшелерінің 2012 жылғы
мәжілістерге қатысуы:
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
28/29
ды, сонымен қатар Жалғыз акционер өкілімен
сұхбаттасады.
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереже-
ге сәйкес Директорлар кеңесінің төрағасы Жалғыз
акционермен тиімді байланысты қамтамасыз етеді,
Жалғыз акционердің көзқарасын Директорлар
кеңесіне тұтастай жеткізеді және Жалғыз акционердің
сұрауларына жауап береді.
4.2. ішКі Аудит қызмЕті
Ішкі аудит қызметі Компанияның қаржы-шаруашылық
қызметіне бақылауды жүзеге асырады, ішкі бақылау,
тәуекелді басқару саласында баға береді, Компа-
ния қызметін жетілдіру мақсатында корпоративтік
басқару және кеңес беру саласында құжаттарды
орындайды.
Қызмет әділ пайымдаманы қамтамасыз ету және
оларды тиісті түрде орындау мақсатында оған
жүктелген міндеттер мен атқарымдарды орын-
дау кезінде қандай да бір тұлғалардың ықпалына
көнбейді.
Қызмет миссиясы Компанияның стратегиялық
мақсаттарға
қолжеткізуі
жөніндегі
олардың
міндеттерін орындауда Директорлар кеңесі мен
Басқармаға қажетті көмек көрсету болып табылады.
Қызметтің негізгі мақсаты – тәуекелді басқару, ішкі
бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін
жетілдіруде жүйелік ыңғайды енгізу арқылы Компа-
нияны тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған
тәуелсіз және әділ ақпаратты Директорлар кеңесіне
беру.
ІАҚ жылдық аудиторлық жоспары стратегиялық жо-
спар, тәуекелдер картасы, аудит саласындағы карта
негізінде, сонымен қатар Компанияның Директорлар
кеңесі мен аудит жөніндегі комитетінің ұсынымдарын
есепке алғанда, қадағалау органдарының талапта-
ры мен ішкі талаптарға сәйкес әзірленеді. Жылдық
аудиторлық жоспар тәуекелге бағытталған болып
табылады.
Аудиторлардың жұмысы 2012 жылы қаржы, пошта
қызметтері, ақпараттық технологиялар мен есеп
және есептілік қызметтерінің түрлері бойынша ма-
мандандырылды. Директорлар кеңесі қызмет басшы-
сы мен оның жұмыскерлерінің 2013 жылғы маңызды
қызмет көрсеткіштерін (KPI) қарастырды.
Ішкі аудит қызметі 2012 жылы келесі негізгі іс-
шараларды өткізді:
- IТ–аудит өткізу әдістемесі бекітілді; тәуекелді
басқарудың корпоративтік жүйесі мен ішкі
бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау; Ішкі аудит
қызметінің бюджетін жасақтау; стратегиялық
жоспар дайындау іс-шараларын өткізді;
- Ішкі аудит қызметінің жұмысын автоматтандыру
үшін ақпараттық жүйе енгізілді;
- корпоративтік басқару диагностикасы өткізілді,
ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне баға беріліп,
есептер Директорлар кеңесіне ұсынылды.
Ішкі аудит қызметі Компанияның жұмыс кеңестеріне
қатысады, Басқарма және тәуекелдер жөніндегі
комитеттің мәжілістеріне қадағалаушы ретінде
қатысады.
2012 жылы орындауға қарастырылған 22 аудиторлық
тапсырманың 18-і орындалды.
2012 жылы ІАҚ атқарған жұмысы жаңа өнімді,
инвестициялық
жобаларды
енгізуде,
IPO
бағдарламасын өткізуге дайындық кезінде қауіп-
қатердің алдын алуға бағытталды. Қаржы, агенттік
қызметтер, трансфер-агенттік қызмет, сатып алуды
ұйымдастыру, бюджеттендіру, тарифтік саясатты
ұстану, қаржы мониторингі жағдайы, проблемалық
қарызбен жұмыс, тәуекелді басқару рәсімдері бойын-
ша қызметтерге аудиторлық тексерулер жүргізілді.
Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша ішкі
бақылау жүйесінің тиімділігін және сенімділігін
көтеру мақсатында Ішкі аудит қызметі анықталған
жөнсіздіктер жөнінде 227 ұсыным дайындап берді.
Ішкі аудит қызметі тоқсандық негізде жүргізілген
тексерулер нәтижелері бойынша ұсынымдардың
орындалу мониторингін, сонымен қатар сыртқы ау-
диторлар берген ұсынымдар мониторингін жүзеге
асырды.
4.3. бАсқАрмА
Басқарма заңмен, Қазақстан республикасының
өзге де заңнамалық актілерімен және Компания
Жарғысымен Жалғыз акционердің және Директор-
лар кеңесінің құзырына жатқызылмаған Компания
қызметінің кез-келген мәселелері бойынша шешім
қабылдауға құқығы бар және Компанияның қызмет
көрсеткіштерінің тұрақты өсуіне қол жеткізуін және
дамуын қамтамасыз ететін Компанияның алқалы
атқарушы органы болып табылады және Жалғыз
акционер мен Директорлар кеңесінің алдында өзіне
жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілік
тартады.
Басқарма мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Қазақстан
республикасының
заңнамасымен,
Жарғысымен, «Қазпочта» АҚ Басқармасы туралы
ережемен және еңбек шартымен белгіленеді.
басқарма құрамы (31.12.2012 ж. жағдайы бойынша)
Аты-жөні
Лауазымы
Арыстанов Аркен Кеңесбекұлы
Басқарма төрағасы
пірімбетов Ермек Серікұлы
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма
мүшесі
Көпеева гаухар Мұхамбетқызы
Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
Жарылқағанов Мұрат Өтепбергенұлы
Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
Құсайынов Асқар Маратұлы
Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
4.3.1. бАсқАрмА мүшЕлЕрінің
қызмЕттіК тізімі
Басқарма төрағасы – Арыстанов Аркен Кеңесбекұлы,
1966 жылғы 7 наурызда дүниеге келген, М. Ломо-
носов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін
аяқтады, экономикалық ғылымдар докторы. Сыртқы
экономикалық ұйымдарда – «Қазақстан коммер-
ция» рСЭА, мемлекеттік құрылымдарда – Қр Ұлттық
банкінде, Қр Экономика министрлігі жанындағы
шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттікте,
банк саласында – Алматы сауда-қаржылық банкінде,
Қр Халық банкінде, Қазақстан республикасы Алматы
қ. Өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі
агенттікте жұмыс істеді.
«Қазпочта» АҚ 6 жылдан аса басқарып келеді.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары –
пірімбетов Ермек Серікұлы, 1973 жылы 23 тамызда
дүниеге келген, Қазақ Мемлекеттік басқару ака-
демиясын «Халықаралық экономикалық қарым-
қатынастар» мамандығы бойынша (1991-1995
жж.) бітірді. Алматы сауда-қаржы банкінде түрлі
қызметтер атқарды. 2006 жылғы тамыз айынан ба-
стап 2009 жылғы қазан айы аралығында Еуразия
даму банкінің жоба тобын басқарды. 2008 жылғы
қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін «республи-
ка» ЖзҚ» АҚ тәуелсіз директоры мәртебесіндегі Ди-
ректорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. 2011
жылғы 17 маусымнан бастап Басқарма төрағасының
бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Басқарма төрағасының орынбасары – Жарылқағанов
Мұрат Өтепбергенұлы, 1956 жылғы 4 қазанда дүниеге
келген, Мәскеу мемлекеттік жол қатынастары
университетін бітірді, экономикалық ғылымдар кан-
дидаты. 2000 жылғы қаңтардан бастап 2002 жылғы
сәуір аралығында – Алматы почтамтының дирек-
торы. 2002 жылғы шілдеден бастап 2009 жылғы
ақпан аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да басшылық
лауазымдарды атқарды. 2009 жылғы ақпан айы-
нан бастап «Қазпочта» АҚ басқарушы директоры-
бас қаржы директоры, ал маусым айынан бастап
Басқарма төрағасының орынбасары болып сайлан-
ды. “Қазпочта” АҚ-да 4 жылдан астам уақыт жұмыс
істейді.
Басқарма төрағасының орынбасары – Құсайынов
Асқар Маратұлы, 1961 жылы 16 шілдеде дүниеге кел-
ген, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік
университетін «физика» мамандығы бойынша бітіріп
шықты, физика–математика ғылымдарының кандида-
ты. 1995-2005 жылдар аралығында «Қазақтелеком»
АҚ-да жауапты қызметтер атқарды: ақпараттық тех-
нологиялар департаментінің директоры, ақпараттық
технологиялар жөніндегі атқарушы директор,
ресейдегі (Мәскеу қаласы) өкілдіктің директоры.
2005 жылғы ақпан айынан 2010 жылғы ақпан айы
аралығында «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма
төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2011
жылғы 22 маусымнан бастап осы уақытқа дейін
«Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Басқарма төрағасының орынбасары – Көпеева
гаухар Мұхамбетқызы, 1973 жылғы 3 қыркүйекте
дүниеге келген, Қазақ мемлекеттік басқару ака-
демиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын
бітірген, экономикалық ғылымдар кандидаты.
Мемлекеттік құрылымдарда: Қр мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі агенттікте, Қр мемлекетттік табы-
стар министрлігінде, Ақмола облысы бойынша салық
комитетінде, Қр Қаржы министрлігінде, Шымкент
қаласы әкімінің аппаратында, Қр Қоршаған орта-
ны қорғау министрлігінде, «Самұрық-Қазына» АҚ
басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Достарыңызбен бөлісу: |