Қоғамының 2012 жылғы Қызметі туралы жылдыҚ есеп Астана қ., 2013 жыл


шартты міндеттемелер және шартты активтер



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата31.03.2017
өлшемі1,43 Mb.
#10689
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

шартты міндеттемелер және шартты активтер 

туралы ақпарат 

Ағымдағы салықтар

Қазақстанның  салық  заңнамасы  мен  нормативтік-

құқықтық  актілері  тұрақты  өзгерістер  мен  түрлі 

түсіндірмелердің мәні болып табылады.  Жергілікті, 

өңірлік  және  республикалық  салық  органдары 

арасында  пікір  алысуда  келіспеушіліктер  болып 

тұрады.  Қазіргі  таңда  Қазақстандағы  қолданыстағы 

заңдар  негізінде  анықталған  құқық  бұзушылықтар 

үшін  қолданылатын  айыппұл  және  өсімпұл  жүйесі 

өте  қатал.  Айыппұл  санкциялары  Қазақстан 

республикасының Ұлттық Банкімен белгіленген қайта 

қаржыландыру  мөлшерлемесі  бойынша  есептел-

ген  өсімпұлдар  мен  қосымша  есептелген  салықтар 

сомасының  50%  мөлшеріндегі  айыппұлдардан 

тұрады. Қаржылық кезеңдер 5 (бес) күнтізбелік жыл 

ішінде қаржы органдарының тексеруі үшін ашық бо-

лып қалады. 

Белгілі  бір  жағдайларда  салық  тексерулері  ұзақ 

мерзімді  қамтуы  мүмкін.  Қазақстандық  салық  салу 

жүйесіне  тән  белгісіздік  жағдайында  салықтар, 

айыппұл  санкциялары  мен  өсімпұлдар  болған 

жағдайда  олардың  әлеуетті  сомасы  2012  жылғы 

31  желтоқсандағы  есептелген  және  осы  уақыттағы 

шығыстарға  жатқызылған  сомадан  асып  түсуі 

мүмкін.

46/47


шарттық міндеттемелер

2012  жылғы  31  желтоқсандағы  жағдайы  бойын-

ша  5529  мың  теңге  сомасында  негізгі  құралдар  мен 

құрылыс  қызметтерін  сатып  алу  жөнінде  (2011 

жылғы  31 желтоқсанда 138484 мың теңге сомасын-

да) шарттық міндеттемелер. Сондай ақ, 2012 жылғы 

31 желтоқсандағы жағдайы бойынша Компания 11528 

мың теңге сомасында (2011 жылғы 31 желтоқсанда: 

179350 мың теңгеге) тауарлық-материалдық қорларды 

және өзге қызметтерді сатып алуға міндеттенді.



операциялық жалгерлік жөнінде 

міндеттемелер

Компания  өзінің  қалыпты  операциялық  қызметін 

жүзеге  асыру  үшін  коммерциялық  жылжымай-

тын  мүлікті,  сонымен  қатар  көлік  құралдары  мен 

компьютерлік техниканы  жалдау жөнінде  келісімдер 

бойынша жалға алушы болып табылады. 

Барлық жағдайларда жалға берілген активтерге бай-

ланысты барлық тәуекелдер мен пайдаларды Компа-

ния жалға алушы ретінде әрекет ететін жағдайларда 

осындай  операциялық  жалгерлік  әрекеттер  кезінде 

жеткізушіге сақталады. Жалгерлік келісімдер бойынша 

қолданыс мерзімі есепті күннен бастап кем дегенде 12 

айды  құрайды  және  бұзу  құқығынсыз  Компанияның 

шарттары болмайды.

операциялық жалгерлік жөнінде міндеттеме – Компа-

ния жалға беруші ретінде әрекет етеді. 

Компания  кеңсе  және  өндірістік  алаңдардың  артық 

жылжымайтын  мүлігін  коммерциялық  жалға  беру 

туралы  келісімдер  жасасты.  Бұзу  құқығынсыз 

Компанияның шарттары болмайды.



негізгі құралдардың өтемпұлды есептеу 

әдістері

«Қазпочта»  АҚ  негізгі  құралдардың  барлық  топта-

ры  бойынша  өтемпұлды  есептеу  үшін  тура  әдісті 

қолданады. 



Компанияның есеп саясаты туралы ақпарат

«Қазпочта»  АҚ-дағы  қаржылық  есеп  «Қазпочта» 

АҚ  Директорлар  кеңесінің  шешімімен  бекітілген 

«Қазпочта» АҚ Есеп саясаты негізінде жүзеге асыры-

лады.

мемлекеттің субсидиялары мен кепілдіктері 

туралы ақпарат

Қазақстан  республикасының  Қаржы  министрлігі 

«Қазпочта» АҚ 2003 жылы Ислам даму банкінен алған 

қарызына кепілдік берді. Қарызды өтеу мерзімі 2019 

жылғы  маусым  айы,  қарыз  валютасы  –  АҚШ  долла-

ры,  2012  жылдың  31  желтоқсанындағы  қарыз  бой-

ынша берешек сомасы  896 716 мың теңгені құрады. 

Қазақстан  республикасының  Қаржы  министрлігінде 

«Қазпочта» АҚ-ның осы қарызына негізгі құралдары 

кепілге салынған,  2012 жылдың 31 желтоқсанында 

олардың теңгерімдік құны 163916 мың теңгені  (2011 

жылдың  31  желтоқсанында:  227487  мың  теңгені) 

құрады.  Сондай-ақ,  қарыз  шартының  талаптары 

бойынша  Компания  «Альянс  Банкте»  «Ислам  даму 

банкінің»  қарызын  қамтамасыз  ету  ретінде  ұзақ 

мерзімді депозитті орналастырды.

Байланысты тараптардың әрбір жеке санаттары бой-

ынша байланысты тараптармен жүргізілген операция-

лар туралы ақпарат 

байланысты тараптармен жасалған мәмілелер 

талаптары

Байланысты  тараптардың  пошта  және  қаржы 

қызметтерін  жеткізуі  тараптар  арасында  келісілген 

талаптар  бойынша  жүргізіледі.  2012  жылдың  31 

желтоқсанында  аяқталған  жылғы  тауарларды, 

хатқалталарды,  ашықхаттарды,  және  т.б.  қосқанда 

сату және байланысты тараптардан сатып алу нарық 

талаптары бойынша жүзеге асырылды.

Жыл  аяғындағы  теңгерімдік  есептілік  қамтамасыз 

етілмеген,  пайызсыз  болып  табылады  және  сол 

бойынша  төлем  ақша  қаражатымен  жүргізіледі. 

дебиторлық берешекті құнсыздануына қарай бағалау 

әрбір есепті жылда өзі жұмыс істейтін нарық пен бай-

ланысты  тараптардың  қаржылық  жағдайын  тексеру 

арқылы жүргізіледі. 2012 жылдың 31 желтоқсанында 

аяқталған жылы Компания байланысты тараптардың 

дебиторлық берешектерінің құнсыздануын байқамады 

(2011 жылдың 31 желтоқсанында: нөл).

Компания 2012 және 2011 жылдардағы 31 желтоқсанда 

айтарлықтай  сальдоға  ие  болған  немесе  маңызды 

операцияларды  жүзеге  асырған  байланысты  тарап-

тармен  өзара  қарым-қатынастар  сипаты  төменде 

көрсетілген. 

5.9. бАғАлы қАғАздАр 

шығАрылымы турАлы 

мәлімЕт, нАрықтық 

КАпитАлдАндыру

Компанияның 100% акциясына ие «Самұрық Қазына» 

әл  ауқат  қоры»  АҚ  Компанияның  Жалғыз  акционері 

болып  табылады.  Компанияның  айырбасталатын 

бағалы қағаздары жоқ.

Шығарылған акциялардың жалпы саны 10 167 784 (он 

миллион жүз алпыс жеті мың жеті жүз сексен төрт)  

дана,  оның ішінде:

-   жай акциялар: 10 167 784 (он миллион жүз алпыс 

жеті мың жеті жүз сексен төрт)  дана;

-   артықшылықты акциялары жоқ;

-   атаулы құны – 1000 тг.

-   2012ж.  орналастырылған  акцияларының  жалпы 

саны:


-   жай акциялары – 177 224 (жүз жетпіс жеті мың екі 

жүз жиырма төрт) дана:

-   артықшылықты акциялары – жоқ.

2012ж.  орналастырылмаған  акцияларының  жалпы 

саны (есепті кезеңде) – жоқ.

2012 жылы Компания жарияланған акцияларының са-

нын ұлғайтты және жалпы сомасы 177 млн. теңгеге 

басымдықпен  сатып  алу  құқығымен  Жалғыз  акцио-

нерге  сату  арқылы  орналастырды,  бағалы  қағаздар 

шығарылымын  мемлекеттік  тіркеу  туралы  мәлімет 

алынды.


«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ

48/49


дивидендтер 

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 3 

мамырдағы  шешіміне  сәйкес  Компания  241952  мың 

теңге көлемінде, бір акциясы 24 теңге (2011 жылы: 

42151 мың теңге, бір акциясы 4 теңге) дивидендтер 

жариялап, төледі. Бас компанияның жай акцияларын 

ұстаушыларға  түсетін  таза  пайда  943  млн.  теңгені 

құрады.


«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 8 

мамырдағы  шешіміне  сәйкес  Компания  177224  мың 

теңге сомасында қосымша жай акциялар шығаруды 

бекітті. Шығарылған акцияларды «Самұрық-Қазына» 

АҚ 2012 жылғы 27 маусымда төледі.

Компания  акциялары  қазіргі  таңда  бағалы 

қағаздардың  ұйымдастырылған  нарығындағы  айна-

лымда жоқ. 



Акциялардың теңгерімдік құны, теңге

2010


2011

2012


860

934


917

5.10. қАржы АКтивтЕрі мЕн 

міндЕттЕмЕлЕрі бойыншА 

пАйыздАр мөлшЕрлЕмЕлЕрі 

Компания инвестициялық жобаларды қаржыландыру 

үшін  екінші  деңгейдегі  банктерден  ұзақ  мерзімге 

қарыз  алу  жөнінде  жұмыстар  жүргізуде.  Есепті 

кезеңде  Компаниямен  мөлшерлеме  бойынша  8,3% 

ға дейін 1,5 млрд. аса теңге тартылды. 

Сондай-ақ,  Компания  депозиттік  базаны  кеңейту 

арқылы  инвестициялық  қоржынды  нығайту  және 

әртараптандыру жөнінде іс-шараларды жүзеге асы-

рады. 2012 жылы инвестициялық қоржынның жалпы 

көлемі  мөлшерлеме  бойынша  8%-ға  дейін  4  млрд. 

теңгені құрады.



Капиталдың жеткіліктілігі көрсеткіштері 

туралы ақпарат

Меншікті 

капиталдың 

жеткіліктілігі 

коэффициенті 

Меншікті капитал  

8 877 126

Активтер


46 124 980

Норматив: 12% дан 

кем емес

19,2%


өтімділік көрсеткіштері туралы ақпарат

Ағымдағы 

өтімділік 

коэффициенті

Қысқа мерзімді 

активтер

15 386 558

Қысқа мерзімді 

міндеттемелер

29 981 204

Норматив: 30% 

дан аспайтын

51,3%


5.11. КлиЕнттЕрмЕн өзАрА 

іс-әрЕКЕт, өтКізім жәнЕ 

мАрКЕтинг сАясАты

Компания  пошта  және  қаржы  қызметтерінің  негізгі 

даму  бағыттарын  белгілейтін  2013-2017  жылдарға 

арналған  коммерциялық  стратегиясын  бекітті. 

Құжатта Компанияның 2013-2017 жылдарға арналған 

ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылығы тез дамитын 

нарықтар  мен  сегменттерде  нарықтық  жайғасымын 

нығайту және қызметтер көлемінің өсуіне қолжеткізуде 



орналастырылған акциялар эмиссиясының серпіні

 Саны, мың данада

  Сомасы, млн. 

2004


2005

2006


2007

2008


2009

2013


2212,1

2212,1


3656,8

3656,8


4556,8

4556,8


5456,8

5456,8


7990,6

7990,6


9990,6

9990,6


10167,8

10167,8


көрінген мақсаттық даму көрсеткіштеріне қолжеткізуге 

қажетті тәжірибелік шаралар кешенін сипаттау арқылы 

белгіленген.

Коммерциялық  стратегияда  қызметтердің  әрбір 

түрінен өмірлік кезеңіне сәйкес азық-түлік қоржынын 

жасақтау  мақсатында  әрбір  сегментте  мінез-құлық 

үлгілерін анықтау қарастырылған, әрқайсысы бойын-

ша  нарықтағы  жоспарланған  жайғасымы  мен  сату, 

табыс  көлемдері  бойынша  стратегиялық  мақсаттары 

белгіленген 

қызметтер 

қоржынын 

дамытуға 

бағытталған іс-шаралар көрсетілген. 

Компания  5  жыл  ішінде  дамыған  бәсекелестікпен 

елді  мекендердегі  баға  бойынша  бәскелесе  отырып, 

түрлі  табыс  деңгейіндегі  қала  мен  ауыл  және  халық 

тұрғысында нарықтың әрбір белгіленген сегменті үшін 

тиімді тарифтік жоспарды ұсынып, қолданыстағы және 

жаңа  қызметтер  мен  сервистердің  брендтерін  дамы-

та отырып, бірқатар қызметтер бойынша дискаунтер 

болуға ниеттенеді.

Коммерциялық  стратегияда  көрсетілген  негізгі  іс-

шаралар  қалалар  мен  ауылдық  жерлерде  ғаламтор-

технологияны дамыту әлеуеті есебімен әзірленген. 

Компания клиенттер сұранысын зерттеу және қызмет 

көрсету  сапасын  көтеру  бойынша  тұрақты  жұмыс 

істеп келеді және 2012 жылы тақырыптық зерттеулер 

қатары жүргізілді:

1. пошта және қаржы қызметтерінің тұтынушыларын 

саралау;

2. Компанияның  пошта  және  қаржы  қызметтерін 

тұтынушылардың қанағаттану деңгейін анықтау;

3. Компанияның 

өндірістік 

объектілерінде 

Қызмет  көрсету  сапасының  стандарттарын 

регламенттейтін қағида талаптарының орындалу-

ын тексеру;

4. Компанияның пошта қызметтерін пайдаланушы – 

шағын және орташа бизнес субъектілері мен жеке 

тұлғалар  арасында  клиенттердің  жасырын  неме-

се қанағаттандырылмаған сұраныстарын анықтау 

үшін маркетингтік тексеру.

Корпоративтік  клиенттермен  жүргізілген  жұмыстар 

шеңберінде  2012  жылы  пошта  қызметтеріне  икемді 

тарифтерді  ұсынуға  қатысты  клиенттерді  ұстап  қалу 

және жылы шырай таныту бағдарламасын қолдау үшін 

Компанияның  корпоративтік  және  ірі  клиенттерімен 

жұмыс  тәртібін  регламенттейтін  ішкі  нормативтік 

құжат әзірленіп, бекітілді.

Холдинг  ішіндегі  кооперацияны  дамыту  шеңберінде 

«Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін компаниялармен 

нәтижесінде шарттарды ұзарту жөнінде шарттар мен 

қосымша келісімдер жасалған кездесулер, келіссөздер 

өткізілген бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. 

Бұдан  басқа,  компаниялар  мен  шетелдік  ұйымдар 

арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2012 

жылы сауда миссиясы ұйымдастырылды.

Компанияның  клиенттермен  қаржы  қызметтеріне 

қатысты қарым-қатынасы осы шарттарды сүйемелдеу 

және қаржы қызметтерін көрсету туралы шарттарды 

жасасу үдерісінде қалыптасады. 

Қаржы  қызметтерін  өткізу  сату  жоспарына  сәйкес 

жүзеге  асырылады,  қаржы  қызметтерін  сату  страте-

гиясы коммерциялық стратегияға сәйкес жүзеге асы-

рылады.

5.12. бизнЕс-шолу

поштА қызмЕттЕрі

Ақпарат  және  байланыс  саласы,  оның  ішінде  по-

шта  мен  шабармандық  қызмет  саланың  өнімділік 

көрсеткіштерімен дәлелденген дамыған саласы болып 

табылады. 

Қазақстан  республикасының  статистика  жөніндегі 

агенттігінің  деректері  бойынша  жалпы  ішкі  өнім 

құрылымында  (ЖІӨ)  пошта  және  шабармандық  бай-

ланыс саласы 2009-2012 жж. кезеңде оң өсу серпінін 

көрсетеді  және  ЖІӨ  құрылымында  0,06%-ға  тең 

тұрақты үлеске ие.

-   2010 жылы 2009 жылға қарағанда 12,2%-ға өсті;

-   2011 жылы 2010 жылға қарағанда 16,7%-ға өсті;

-   2012 жылы 2011 жылға қарағанда 21,1%-ға өсті.

2012  жылдың  қорытындысы  бойынша  пошта-

шабармандық қызметтер нарығындағы Компании үлесі 

62,2%-ды құрады (ақшалай түрде).

пошта байланысы қызметтері нарығында ұлттық опе-

ратормен қатар өзін отандық және халықаралық опе-

ратор  ретінде  көрсете  отырып,  әрекет  етеді.  пошта 

байланысы  қызметтері  дәстүрлі  және  шабармандық 

поштаға  бөлінеді.  Қр  аумақтық  шекарасы  шегіндегі 

дәстүрлі пошта қызметтерін «Қазпочта» АҚ-мен қатар 

шабармандық  компания  ретінде  әрекет  ететін  жеке 

пошта операторлары көрсетеді (соңғы деректер бой-

ынша 50-ден аса компания). 

Жедел  пошта  қызметтерінің  негізгі  критерийі  пошта 

жөнелтімдерін  өңдеу  және  жеткізу  жылдамдығы  бо-

лып табылады. Бұл ретте жай және тіркелетін жазба-

ша хат-хабарларды жіберу жөнінде қызметтерді жеке 

операторлар Қр бойынша және қалалардың аумақтық 

шекарасы шегінде пакеттер мен жай сәлемдемелерді 

жеткізу түрінде көрсетеді. 

Pony Express қала ішінде құжаттарды, ашықхаттарды, 

жарнама  постерлерін,  кітапшаларды,  үндеухаттарды 

және журналдарды жеткізуді қарастырады. 

«Алапост»  шабармандық  қызметі  Қр  қалаларының 

аумақтық  шекарасы  шеңберінде  құжаттарды, 

пакеттерді,  мерзімді  басылымдарды  жеткізуді 

ұсынады. 

ExLine  «Шұғыл  емес  сипаттағы  жөнелтімдер»  атауы-

мен  дәстүрлі  пошта  қызметтерін  ұсынады,  жеткізу 

мерзімі Қр бойынша 3-10 жұмыс күнін құрайды. 

Avis Logistics «Қр бойынша жерүсті көлігімен жүктерді 

үнемдеп  жеткізу»  атауымен  сәлемдемелерді  жіберу 

бойынша дәстүрлі пошта қызметтерін ұсынады, жеткізу 

мерзімі 5-15 жұмыс күні. 

«Алем ТАТ» «Шұғыл емес сипаттағы жөнелтімдер» ата-

уымен дәстүрлі пошта қызметтерін ұсынады, жеткізу 

мерзімі Қр бойынша 6-17 жұмыс күнін құрайды. 

Garant  Post  Service  «Қр  бойынша  теміржол 

көлігімен  жүктерді  жеткізу»  атауымен  Қр  бойын-

ша  сәлемдемелерді  жеткізу  жөнінде  дәстүрлі  пошта 

қызметтерін ұсынады, жеткізу мерзімі 2-8 жұмыс күнін 

құрайды. 

Жеке  операторлар  үшін  дәстүрлі  пошта  байланысы 

қызметтерін көрсетуде шектеулер жоқ. Айырмашылық 

қызметтер  атауында  және  жайғасу  тәсілдерінде 

бар.  пошта  байланысы  қызметтері  нарығына  кіруге 

кедергі  көрсетілген  салада  қызмет  жүргізуге  лицен-

зия алу қажеттілігін алып тастауға байланысты едәуір 


«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ

төмендеді. Жазбаша хат-хабарларды электрондық ар-

налармен алмастыру қаупіне қарамастан, Компанияның 

ұстап  қалу  әлеуеті  ғана  емес,  белгілі  сегментте 

көлемдерінің  елеулі  түрде  өсу  әлеуеті  де  бар.  Түрлі 

елдердің пошта әкімшіліктері үшін Дпо ұсынымдарына 

сәйкес Директ-мейлдің дамуы стратегиялық міндет бо-

лып  табылады.  Тікелей  пошта  тарату  (Директ-мейл) 

–  брендті  тану  деңгейі  мен  сатылымды  көтеруге, 

халықпен  әлеуметтік  пікіртерім  өткізуге  көмектесетін 

ірі жарнамалық құрал болып табылады. Директ-мейл 

қызметі бойынша CitiServExpress, Direct Delivery, «Ала-

пост»,  Pony  Express  шабарман  компаниялары  негізгі 

бәсекелестер болып табылады.

Сәлемдемелік жөнелтімдерді саралау әлемдік нарықта 

тез дамып келеді. Сәлемдемелік жөнелтімдердің ішкі 

нарығындағы негізгі бәсекелестер ExLine, Avis Logistics, 

Garant Post Service, Asia Sky Express, DPD, Pony Express, 

«Алем  ТАТ»  болып  табылады.  Сәлемдемелер  мен 

жүктерді  халықаралық  тасымалдау  нарығында  DHL, 

TNT Express және UPS алдыңғы қатарлы компанияларға 

жатады.  ІгпЖ  және  жүктерді  тасымалдаудың  ішкі 

нарығындағы  бәсекелестерге  «Жүк  тасымалы»  АҚ, 

Алем ТАТ, Транс Комплекс Сервис, DPD, Pony Express, 

ABT&E-Trans  Forwarding  Company  жатады,  сондай-ақ 

аталған нарықта көлік-логистика компаниясы мен жеке 

тасымалдаушылар  өз  қызметін  жүргізеді.  ғаламтор-

дүкендер  мен  электрондық  коммерцияны  дамыту 

осы  қызметке  сұранысты  өсіруге  мүмкіндік  туғызады 

және Қоғам электрондық коммерцияны және еліміздің 

транзиттік әлеуетін дамытуға бағыт алады. 

Бәсекелестіктің  ең  жоғарғы  деңгейі  Қр  облыстық 

орталықтары арасында В2В нарығын саралауда, ең аз 

бәсекелестік - ауылдық нарықты саралауда кездеседі. 

Жеделдетілген  жеткізуді  дамыту  серпініне  бірінші 

кезекте  электрондық  ресми  мәлімдеудің  таратылуы-

мен,  кедендік  одақтың,  В2В  жалпы  серпінінің  және 

халықаралық  сауданың  дамуымен  шапшаңдатылған 

қашықтық сауда-саттықтың қарқынды өсуі ықпал етті. 

Құн  түрінде  жедел  жеткізуді  саралау  әуе  жүктерінің 

бүкіл  көлемінің  35%  алады.  2012-2017жж.  Компа-

ния  ұсынысына  тәуелсіз,  нарықтың  қарқынды  өсуі 

күтіледі.  Көп  жағдайда  15%  шамасында  жыл  сайын 

өсу қарқынын көрсететін онлайн-сауданың тез дамуы 

мен  шоғырлануынан  ЖІӨ  саралуда  өсу  байқалады. 

В2В-саралау өсу қарқынын айтарлықтай басып озып, 

ақырын  ұлғаятын  болады  (10%).  C2C  саралауда 

кішкене жоғарылау күтіледі (3-5%). 

Қоғам  мерзімді  баспа  басылымдарын  таратуда  зор 

тәжірибеге ие. Аяқталған өндірістік кезең пошта бай-

ланысы  жұмыскерлеріне  жазылымды  қабылдаудан, 

тапсырыстарды өңдеп, баспаларға, редакцияларға бе-

руден  бастап,  делдалсыз  газеттер  мен  журналдарды 

жазылушыларға тасымалдау және жеткізумен аяқтап, 

клиенттерге  барынша  қызмет  көрсетуге  мүмкіндік 

береді. «Евразия-пресс» ЖШС, «Эврика-пресс» ЖШС, 

«Қазпресс»  ЖШС  сияқты  бәсекелестер  өз  каталог-

тарын  шығарады  және  корпоративтік  клиенттерден 

жазылымды  қабылдайды.  В2В  нарығын  саралауда 

жазылым  баспалары  бойынша  бәсекелестік  деңгейі 

ірі қалаларда жоғары. Бұл ретте барлық өңірлер бой-

ынша жазылым таралымдары көлемдерінің өсуін атап 

өтуге болады. 

қАржы қызмЕттЕрі 

Қаржы-банктік  қызметтері  аясында  «Қазпочта»  АҚ 

валюталық-айырбастау операцияларын, депозиттерді, 

төлемдерді  қабылдауды,  есептік-кассалық  қызметтер 

көрсетуді,  ақшаларды  инкассациялау  мен  тасымал-

дауды  жүзеге  асырады,  бағалы  қағаздар  нарығында 

брокерлік  қызметтерді,  электрондық  ақша  аударым-

дарын, трансфер-агенттік қызметті және басқаларын 

көрсетеді.

Қазақстанда қаржы қызметтері нарығы тұрақты түрде 

карточкалар  бойынша  операциялар  мен  қолма-қол 

ақшалай  есептеулерге  ақырын  ауысу  арқылы  дамып 

келеді. Қаржы қызметтерінің коммуналдық және өзге 

төлемдерді  қабылдау,  сонымен  қатар  зейнетақылар 

мен  жәрдемақыларды  төлеу  сияқты  сегменттерінде 

Компания  43%  және  33%  нарық  үлестерімен 

жеткілікті тұрақты жайғасымға ие. Ақша аударымдары 

нарығындағы Компанияның үлесі 5%-дан аспайды.

01.01.2013г. жағдайы бойынша Қазақстан банктік сек-

торы Қоғамға ірі қалалар мен аудан орталықтарында 

айтарлықтай бәсекелестік тудыратын екінші деңгейдегі 

38 банкпен ұсынылған. 



дЕпозиттЕр нАрығы

2012  жылы  депозиттік  ұйымдарда  резиденттер 

депозиттерінің  өсу  қарқыны  2011  жылғы  14,3%-дан 

салыстырмалы түрде 7,2%-ға азайды, ал жинақ көлемі 

8 994,5 млрд. теңгеге немесе валюталық баламадағы 

59,8 млрд. АҚШ долларына жетті. ЖІӨ-ге қатысты де-

позиттер көлемі 30,4%-дан 29,9%-ға төмендеді. 

Депозиттік  базаның  өсу  қарқынының  азаюы  заңды 

тұлғалар  депозиттерінің  төмендеуіне  себепші  болды. 

2012 жылы банктік емес заңды тұлғалар депозиттері 

0,7%-ға,  5  662,7  млрд.  теңгеге  дейін  төмендеді,  ал 

жеке  тұлғалардың  депозиттері  –  23,8%-ға,  3  371,8 

млрд. теңгеге дейін өсті.

Валюталар  түрлері  бойынша  депозиттер  құрылымы 

жалпы  көлемі  68,6%-дан  70,2%-ға  дейін  теңгедегі 

депозиттердің  меншікті  салмағының  өсуіне  әкелетін, 

шетел  валютасында  олардың  аз  ғана  өсуімен 

салыстырғанда  теңгедегі  салымдардың  өсуінің 

жоғарғы қарқынымен қамтамасыз етілген өзгерістерді 

бастан кешірді. Ұлттық валютадағы депозиттер 2012 

жылы 9,6%-ға, 6 311,5 млрд. теңгеге дейін өсіп, ше-

тел валютасындағы салымдар 2,0% -ға, 2 683,0 млрд. 

теңгеге дейін көтерілді.

2012  жылы  банктердегі  халықтың  салымдары  (бей-

резиденттер  шоттарын  қосқанда)  23,6%-ға,  3  409,5 

млрд. теңгеге дейін өсті. Халықтың теңгедегі салым-

дары  29,7%-ға,  2  072,5  млрд.  теңгеге  өсті,  шетел 

валютасындағы  депозиттер  15,2%-ға  1  337,0  млрд. 

теңгеге дейін ұлғайды, бұл халық жинағын долларға 

айналдыру  деңгейін  азайтуға  әкеледі.  Нәтижесінде 

халықтың  теңгедегі  депозиттерінің  меншікті  салмағы 

57,9%-дан 60,8%-ға көтерілді.

2012  жылғы  желтоқсан  айында  банктік  емес  заңды 

тұлғалардың  теңгедегі  жедел  депозиттері  бойын-

ша  орташа  мөлшерлемесі  3,6%-ды  (2011  жылғы 

желтоқсанда – 2,7%), ал жеке тұлғалардың депозиттері 

бойынша – 8,3%-ды (8,4%) құрады.

Бұдан әрі ұсынылатын депозиттік өнімдердің талапта-

рын көкейтесті ету кезінде Қоғам хабардар болуы тиіс 

клиенттердің депозиттерді таңдаудағы бас критерийі 

салыстырмалы  түрде  жоғары  сыйақы  мөлшерлемесі, 

салымның  бір  бөлігін  алу  мүмкіндігі  және  салымды 

толтыруға арналған кең бөлімше желісі болып табы-

лады. 


50/51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет