Қоғамының 2012 жылғы Қызметі туралы жылдыҚ есеп Астана қ., 2013 жыл



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата31.03.2017
өлшемі1,43 Mb.
#10689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3.2. 2012 жылғы мАңызды 

оқиғАлАр мЕн жЕтістіКтЕр

-   Дүниежүзілік  пошта  одағының  сарапшылары  са-

паны басқару саласында аудит жүргізіп, Компания 

«Күміс деңгей» сертификатына ие болды.

-   Компания жалпыға қолжетімді пошта байланысы 

қызметтеріне  тарифтерді көтерді. 

-   «Қазпочта»  АҚ  «Электронпост.KZ»  ЖШС-ның 

жалғыз қатысушысы болды. 

-   «Халықтық IPO» бағдарламасының бірінші кезеңі 

аяқталды.

-   Жарғы капиталы ұлғайды.

-   Астанада    роst-24  тәуліктік  қызмет  көрсету 

аймағының  үлгілі  пошта  байланысы  бөлімшесі 

ашылды, осындай заманауи пББ еліміздің өзге де 

өңірлерінде ашылатын болады.

-   Доха қаласында  (Катар) өткен Дүниежүзілік по-

шта  одағының  25-конгресінде  Компанияның 

филателиялық  коллекциясы  әлемдегі  үздіктердің 

қатарынан танылып, ең үздік бестікке  енді. 

-   Компанияның ақпараттық жүйесінің үздіксіз және 

тұрақты  жұмысын  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік 

беретін SAP ERP жаңа бағдарламалық өнімін енгізу 

бойынша жұмыстар басталды. 

-   Қашықтан  қызмет  көрсету  қызметтерінің  кең 

спектрін көрсету арқылы қызмет сапасын көтеру 

мақсатында  «Электрондық  марка»  ақпараттық 

жүйесі әзірленді, бұл Компанияның корпоративтік 

сайтында  ғаламтор  арқылы  кеңседен  шықпай-

ақ, жазбаша хат-хабарларды жіберу қызметтерін 

төлеуге  мүмкіндік  береді  және  уақытты 



«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ

айтарлықтай үнемдейді. 

-   пошта 

жөнелтімдерін 

жіберудің 

бақылау 


мерзімдерін  қамтамасыз  ету  және  көрсетілетін 

қызметтер сапасын жақсарту үшін 256 автомобиль 

көлігі сатып алынды. 

-   2070 пошта жабдығы сатып алынды.

-   Күнтізбелік қол мөрқалыптарын 6372 дана зама-

науи автоматты мөрқалыптарға ауыстыру бойын-

ша жұмыстар жүргізілді.

-   Сапа  менеджменті  жүйесінің  ХС  ИСо  9001:2008 

стандартына сәйкестігі расталды.

-   Жеткізу мерзімдері мен шығындарды оңтайландыру 

үшін  Астана,  Алматы,  петропавловск,  орал 

қалалары  арасында  автомобиль  және  теміржол 

маршруттарының  жаңа  жүру  сұлбасы  дайында-

лып,  нәтижесінде    магистралды  маршруттарға 

үнемдеу 60 млн. теңгені құрады.

-   Жалғыз 

акционер 

артықшылықты 

сатып 

алу  құқығымен  Компанияның  жарияланған 



акцияларының  санын  көбейтуді  қарастырып, 

бекітті.   

-   Нормативтік саны әзірленіп, бекітілді.

-   Стратегиялық  жылжымайтын  мүлік  объектілерін 

сатуға рұқсат алынды.

-   «Қазпочта»  АҚ  Жарғысы  жаңа  редакцияда 

бекітілді. 

Қазақстан республикасының олимпиада чемпиондары-

на арналған «Спорт» сериясының бір купоны мен жеті 

көркем маркасынан тұратын пошта блогы айналымға 

шығарылып,  осы  тақырыптағы  бірінші  басылым 

Лондондағы ХХХ Жазғы олимпиада ойындарында ал-

тын медаль алған қазақстандық спортшыларға арнал-

ды. 


-   Ішкі аудит қызметі жүргізген 2012 жылғы Қоғамның 

корпоративтік 

басқару 

диагностикасының 

қорытындысы  бойынша  корпоративтік  басқару 

деңгейінің  үздік  тәжірибе  талаптарына  сәйкестігі 

69,7%-ды құрады, 2011 жылғы рейтинг деңгейімен 

салыстырғанда 63,4%-ға көтерілді.

-   Компанияның  Директорлар  кеңесінің  сандық 

құрамы  мен  өкілеттік  мерзімі  белгіленді, 

Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына үш 

тәуелсіз директор кіреді. Компанияда омбудсменнің 

міндетін  атқаратын  жаңа  корпоративтік  хатшы 

тағайындалды.

-   Компанияның 2011 жылғы жылдық есебі «Эксперт 

рА Казахстан» рейтингтік агенттігі ұйымдастырған 

II  Жыл  сайынғы  есептер  конкурсына  қатысып, 

2011 жылғы есеп конкурсының қорытындысы бой-

ынша 28 қазақстандық компанияның арасында ал-

тыншы орынға ие болып, «он үздіктің» қатарына 

енді.

3.3. 2012 жылғы мАңызды 

КөрсЕтКіштЕр

12/13


Компанияның қызмет түрлері бойынша табыстары

пошталық қызметтер – 

12 млрд. теңге

Жалпы 


табыстың 

50%-ы


Жедел және курьерлік пошта қызметтерін, 

баспа басылымдарын тарату қызметтерін 

қосқанда, пошта қызметтерінің барлық 

түрлерін көрсету

Қаржы қызметтері – 

11,4 млрд. теңге

Жалпы 

табыстың 



47%-ы

Төлемдерді, есептік-кассалық қызмет 

көрсетуді, ғаламтор-банкинг қызметтерін 

қосқанда, қаржы және банктік қызметтердің 

барлық түрлерін көрсету 

Агенттік қызметтер – 

0,7 млрд. теңге

Жалпы 


табыстың 

3%-ы


Екінші деңгейдегі банктердің халыққа несие 

беру жөнінде сақтандыру қызметтерін 

қосқанда, агенттік қызметтердің барлық 

түрлерін көрсету  



Компания көрсететін қызметтерінің көлемі

пошта қызметтері – 2012 

жылы 311,58 млн. бірлік

2011


271,75

2010


264,35

2012


311,58

2012 жылы пошта қызметтерінің көлемі  

2011 жылмен салыстырғанда 15 %-ға, 

2010 жылмен салыстырғанда 18%-ға 

ұлғайды.

Қаржы қызметтері – 2012 

жылы 794,7 млрд. теңге 

2011


730,78

2010


613,2

2012


794,7

2012 жылы қаржы қызметтерінің көлемі 

2011 жылмен салыстырғанда 1%-ға, 

2010 жылмен салыстарғанда 2%-ға 

ұлғайды.

Агенттік қызметтер – 2012 

жылы 32,5 млрд. теңге

2011


18,34

2010


7,6

2012


32,5

2012 жылы қаржы қызметтерінің көлемі 

2011 жылмен салыстырғанда 77%-ға,  

2010 жылмен салыстырғанда 4 еседен 

астам ұлғайды.

қаржылық көрсеткіштер

ROACE, %


6,50

9,35


10,16

2010


2011

2012


2012 жылы ROACE көрсеткішінің мәні  

2011 жылмен салыстырғанда 1%-ға, 2010 

жылмен салыстырғанда 56%-ға ұлғайды.  

EBITDA, %

10,90

11,47


10,79

2010


2011

2012


2012 жылы EBITDA  көрсеткішінің мәні  

2011 жылмен салыстырғанда 6%-ға, 2010 

жылмен салыстырғанда 2%-ға төмендеді.

Таза табыс, млн. 

теңге

281,01


806,50

945,80


2010

2011


2012

2012 жылы таза табыс 2011 жылмен 

салыстырғанда 17%-ға,  2010 жылмен 

салыстырғанда 36%-ға ұлғайды.



3.4. бАсқАру жүйЕсі жәнЕ 

АтқАрымдық құрылымы

Қазақстан  республикасының  заңнамасына  сәйкес 

Компанияның басқару құрылымы келесі басқару ор-

гандарынан тұрады: 

-   Жоғарғы орган – «Самұрық – Қазына» АҚ Жалғыз 

акционері;

-   Басқару органы – Директорлар кеңесі, Компания 

қызметіне  жалпы  басшылықты  және  Басқарма 

қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады. 

-   Атқарушы  орган  –  Басқарма,  Компанияның 

ағымдағы қызметіне басшылық етеді.

  Ішкі  аудит  қызметі  (ІАҚ)  –  Қоғамның  қаржы-

шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады, 

Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында корпоративтік 

басқару және кеңес беру саласындағы құжаттардың 

орындалуына, ішкі бақылау, тәуекелді басқару сала-

сына баға береді. 

Жалғыз  акционердің  құқықтары  мен  мүдделерін 

қамтамасыз 

етуге 


бағытталған 

рәсімдерді 

Компанияның 

лауазымды 

тұлғалары 

мен 


органдарының  сақтауын,  сонымен  қатар  Қоғамның 

«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ

14/15


корпоративтік 

басқару 


аясындағы 

заңнама 


ережелері мен нормаларын, Жарғы ережелерін және 

Компанияның  өзге  де  ішкі  құжаттарын  ұстануын 

қамтамасыз  ету  Корпоративтік  хатшыға  жүктеледі. 

Корпоративтік  хатшы  өз  қызметі  шеңберінде  Ди-

ректорлар  кеңесінің  мәжілісін  дайндап,  өткізуді 

бақылайды,  Директорлар  кеңесі  мәжілісінің  күн 

тәртібіндегі  мәселелер  бойынша  материалдарды 

жасақтауды қамтамасыз етеді, оған қолжетімділіктің 

қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізеді. 

Корпоративтік 

хатшы 

Директорлар 



кеңесі 

мүшелерінің нақты және дұрыс ақпаратты уақтылы 

алуын қамтамасыз етеді. 

Компания  Басқармасы  алқалы  атқарушы  орган  бо-

лып табыла отырып, барлық операциялық мәселелер 

бойынша шешімдер қабылдайды.



3.5. КомпАния КөрсЕтЕтін 

қызмЕттЕр

Компания Қазақстан республикасының бүкіл аумағын, 

әсіресе  аудандық  және  ауылдық  деңгейде  компа-

ния қызметтерімен толық қамтуға мүмкіндік беретін 

республикадағы кең тармақталған филиалдық желіге 

ие.


Компания  пошталық,  қаржылық  және  өзге  де 

қызметтердің  кең  спектрін  көрсете  отырып, 

ақпараттық,  ақшалай  және  тауар  ағындары  өтетін 

желі болып табылады. 

Компания Қазақстан республикасының заңнамасына 

сәйкес қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді. 



пошта қызметтері:

1)   Жалпыға қолжетімді пошта байланысы 

қызметтері; 

2)   тіркелетін пошта жөнелтімдерін жіберу 

қызметтері; 

3)   жедел және курьерлік пошта қызметтері; 

4)   жазылым бойынша баспа басылымдарын тара-

ту және оларды сату

5)   филателия өнімдерін сату; 

6)   Қазақстан республикасы заңнамасына сәйкес 

пошта байланысының өзге қызметтері.

қаржы қызметтері:

7)   коммуналдық, салық және өзге төлемдерді 

қабылдау;

8)   ақша аударымдары;

9)   зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төлеу;

10) еңбекақы төлеу;

11) есептік-кассалық қызмет көрсету;

12) инкассациялау;

13) депозиттерді қабылдау және беру;

14) заңды тұлғаларға арналған ғаламтор-банкинг;

15) қолма-қол шетел валютасымен валюталық-

айырбастау операциялары;

16) екінші деңгейдегі банктердің халыққа несие 

беру бойынша агенттік қызметтері; 

«Самұрық-Қазына» АҚ

«Қазпочта» АҚ 

Директорлар кеңесі

орталық аппарат

филиалдар

Ішкі аудит қызметі

 Корпоративтік хатшы 

аппараты 

республикалық арнаулы 

байланыс қызметі

почталық сервис

Сұрыптау 

орталығы

«оңтүстік» ақпараттық-

логистика орталығы

Астана почтамты

Алматы почтамты

облыстық 

филиалдар

Еншілес ұйымдар

«Kazpost GMBH» 

ЖШС (50%)

«Электронпост» ЖШС 

(100%)


Ақпараттық жүйелерді 

пайдалану дирекциясы



17) агенттік сақтандыру қызметтері;

18) төлем карточкаларын шығару;

19) брокерлік, дилерлік және трансфер-агенттік 

қызмет.


логистикалық қызметтер:

20) сұрыптау, жинау, қорды басқару;

21) магистралды тасымалдау, жөнелтімді 

қадағалау.

Сондай-ақ,  Компания  аралас  электрондық  по-

шта  қызметтерін,  яғни  екі  технологияны:  пошта 

байланысының  ақпараттық  желісі  бойынша  ара-

лас  электрондық  поштаның  пункттері  арасында 

электрондық  жіберу  мен  пошталық  мекенжайы 

бойынша  дәстүрлі  жеткізуді  біріктіре  отырып,  жеке 

жеткізу  кезеңдерінде  электронды  түрде  жіберілетін 

жай  хаттарды  немесе  құттықтауларды  жіберу 

қызметтерін көрсетеді. 

Компания  құрамына  Қр  аумағында,  одан  тыс  жер-

лерге  пакеттік  және  сәлемдемелік  хат-хабарларды, 

бағалы  және  аса  құнды  жөнелтімдерді,  кез-келген 

заңмен қорғалатын құпиядан тұратын жөнелтімдерді, 

маңызды,  іскерлік  және  шұғыл  сипаттағы 

жөнелтімдерді тасымалдаумен және жеткізумен айна-

лысатын республикалық арнаулы байланыс қызметі 

кіреді. Бағалы жүктерге құнды және сирек кездесетін 

металдар,  асыл  тастар,  зергерлік  бұйымдар,  өнер 

және көне бұйымдар, банктік құжаттамалар, банкно-

талар, арнайы чектер, несие карточкалары, бағалы 

қағаздар және басқалары жатады.

Компания  жарнама  материалдарын  мекенжайлары 

бойынша және мекенжайсыз тарату қызметтерін не-

месе Директ-мейл қызметтерін немесе мерзімді баспа 

басылымдарына жазылушыларға қызметтерін ұсына 

отырып,  Директ-маркетинг  қызметтері  нарығында 

мол тәжірибеге ие. 

Компанияның  трансфер-агенттік  желісі  Астана,  Ал-

маты қалаларындағы почтамтардағы, Семей қалалық 

байланыс  тораптарындағы  17  трансфер-агенттік 

сектордан  тұрады.  Секторлар  арқылы  бағалы 

қағаздар  ұстаушыларының  тізілімінде  мәмілелерді 

тіркеуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың 

құжаттарын  қабылдау-табыстау  жүзеге  асырыла-

ды.  Бағалы  қағаздар  және  қор  нарығына  кәсіби 

қатысушылардың сұрақтары бойынша кеңес берулер 

мен  ақпараттар  беріледі.  Секторлардың  көмегімен 

еліміздің барлық өңірлерінде әрекет ететін Компания 

брокері  клиенттердің  бұйрықтарын/тапсырыстарын 

қабылдау-табыстауды жүргізеді. 



3.6. стрАтЕгиялық дАму 

бАғыты

Еліміздегі поштаның стратегиялық рөлі сақталып қана 

қоймай, одан әрі күшейіп келеді. Бұл құжаттамалық 

хат-хабарлардың,  мемлекеттік  органдардың,  ком-

паниялар мен азаматтардың ресми хат алмасуының 

қарқынды өсуіне, корпоративтік секторда ақпараттың 

ресми қозғалысына байланысты. 

Компания 

активтері 

ұйымдық-аумақтық 

инфрақұрылымның  маңызды  элементтерінің  бірі 

бола отырып, еліміз үшін стратегиялық мәнге ие. Кең 

аумақтық қамтылған пошта желісі көлемді мемлекеттік 

міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. 

Сонымен  бірге,  еліміздегі  поштаның  стратегиялық 

рөлі  сақталып  қана  қоймай,  одан  әрі  күшеюде. 

Бұл  құжаттамалық  хат-хабарлардың,  мемлекеттік 

органдардың,  компаниялар  мен  азаматтардың  рес-

ми  хат  алмасуының  қарқынды  өсуіне,  корпоративтік 

секторда  ақпараттың  ресми  қозғалысына  байланы-

сты.  осының  барлығы,  «электрондық  үкімет»  пор-

талы  арқылы  көрсетілетін  электрондық  мемлекеттік 

қызметтерді  қосқанда,  бүгінде  еліміз  бойынша 

мыңдаған  пошта  бөлімшелерінде  тұйықталған.  по-

штаны  жаңғырту  соның  негізінде  жүргізілетін  үш 

өлшемді желі деп аталатын тұжырымдама Компания 

қызметтерін  үш  бағытта  дамытуды  болжамдайды. 

Еліміз  бойынша  пошта  бөлімшелері  желісі  нақты, 

электрондық  және  қаржы  қызметтерін  бір  мезгілде 

көрсететін  болады,  бұл  көптеген  дамыған  елдерде 

кеңінен қолданылады. 

Компания миссиясы

Сұраныстарын толығырақ қанағаттандыратын барлық 

клиенттерге  Қазақстан  республикасының  барлық 

аумағында  заманауи  пошта,  қаржы  және  логистика 

қызметтерінің спектрін көрсету.

Компания болжамы

2015 жылы: Жоғары операциялық тиімділікпен және 

халыққа  танылған  брендпен  пошта  және  қаржы 

қызметерінің жетекші үш өлшемді операторы болу.

2022 жылы: Қазақстан республикасының әлеуметтік-

экономикалық  саясатының  негізгі  бағыттарына 

сәйкес және үздік халықаралық стандарттар негізінде 

клиенттердің сұраныстарына сай келетін өзінің жоғары 

сапалы  қызметтерін  көрсететін  ел  экономикасының 

маңызды  элементі  болып  табылатын,  ел  ішіндегідей 

әлемдік  пошта  индустриясында  нарықтық  ортаның 

өзгеруіне 

тез 

бейімделетін, 



инновациялық-

хабардарлық бизнес-құрылымды қалыптастыру.

Компанияның  бизнестер  қоржыны  пошта  желісінің 

нақты,  қаржылық  және  электрондық  үш  өлшемін 

түгел барынша тиімді пайдалану есебінен жасақталған 

және  синергия  ұстанымдарында  бірін-бірі  өзара 

толықтыратын  және  кеңейтетін  қызметтердің  үш 

түрінен:  пошталық,  қаржылық  және  логистикалық 

қызметтерден  тұрады.  Бизнес-стратегия  түбінде 

аталған  үш  нарықта  бәсекелестік  басымдыққа 

ие  болуға  және  осы  бәсекелестік  басымдықтарға 

негізделе отырып, нарықтағы алатын үлесі мен табыс 

көлемін  ұлғайтуға  қол  жеткізуге  мүмкіндік  беретін 

компанияның өзгеру бағдарламасына негізделеді. 

заманауи сыртқы және ішкі факторлар Қомпаниядан 

Ұлттық  пошта  операторының  дәстүрлі  үлгісінен 

тұтынушылардың  сұраныстарын,  қызметтер  аясын 

кеңейтуді және сапалы қызмет көрсетуді қарастыратын 

заманауи  инфокоммуникациялық  технологияның 

маңызды  ықпалын  ескеретін  компанияның  тұрақты 

және  табысты  қызметін  нығайтуды  көздейтін  жаңа 

бизнес үлгісіне көшуін талап етеді. 

пошта  қызметтері  бизнесін  пошта  жөнелтімдерін 

сұрыптау  және  тасымалдауға  байланысты  барлық 

міндеттер  логистика  қызметіне  берілетіндіктен,  өнім 

қоржыны әртараптандыру және негізгі назарды кли-

енттерге  жоғары  сапалы  қызмет  көрсетуге  аудару 

есебінен дамыту жоспарланған. пошта жөнелтімдері 



«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ

ғимаратын қамтамасыз етуге байланысты пайдалану 

шығындары өзіндік құнды азайтуға және клиенттерге 

тиімдірек ұсыныстар жасауға мүмкіндік беретін қаржы 

қызметтерін көрсету бизнесіне бөлінетін болды. 

Логистика  қызметтері  бизнесі  қоймалар,  сұрыптау 

орталықтары,  вагон  және  автокөлік  парктері,  логи-

стика тізбектерін басқару дағдылары, IT-жүйелерінің 

(өңдеу,  трэкинг)  қолда  бар  активтерінде  құрылатын 

болады.  Логистика  қызметтері  бастапқы  кезеңде 

ішкі  клиентке  пошта  қызметтерімен  айналысатын 

бизнес бірлікте көрсетілетін болады. Кейіннен қуаты 

өскеннен,  дағдылар  жинақталғаннан,  серіктестік 

желі  жасақталғаннан  және  нарық  сұранысын  жақсы 

түсінгеннен  кейін  бизнес-бірлік  сыртқы  нарыққа 

шығады.


Қаржы  қызметтері  бизнесі  нақты  инфрақұрылымды 

дамытуды  және  пайдалануды  үнемдеуге  мүмкіндік 

беретін пошта жөнелтімдері желісіне негізделетін бо-

лады. Бұл - кез-келген қаржы қызметтері көрсетілетін 

қаржылық  шағын  маркеттер.  Бастапқы  кезеңде 

бөтен  өнімдер  басым  болып,  Компания  тек  агенттік 

табыстарға  ғана  ие  болады.  Соңынан,  жеке  қаржы 

қызметтерін сатуға көшу жүзеге асырылатын болады.

Инновациялық  инфокоммуникациялық  технология-

лардан құрылған Компанияның ірі IT -инфрақұрылымы 

бизнес қоржынның және синергияның тұрақты өсуінің 

негізі болып табылады. 

Компания  бизнес-қоржынды  әрі  қарай  дамыту  үшін 

алты  негізгі  стратегиялық  даму  бағыттарын  бөліп 

көрсетеді. 

16/17


Компания  қазіргі  кезде  өзінің  бүкіл  қызметін 

Қазақстанның  жалпы  инновациялық  даму  страте-

гиясын  іске  асырудың  және  еліміздің  экономикасын 

әлемдік экономика жүйесіне, ал оның пошта сегментін 

жаһандық пошта желісіне біріктірудің бір бөлігі ретінде 

қарастырады.  Нәтижесінде  Компания  қызметтерінің 

бүкіл спектрі қалада да, шалғай ауылдарда да бірдей 

сапалы, технологиялық және әмбебап, қолжетімді бо-

лады. 

3.7. мЕншіК құрылымындАғы 

ЕлЕулі өзгЕрістЕр 

2012  жылы  Компания  «Эленктронпост.kz»  ЖШС-

ның  жалғыз  қатысушысы  болды.  «Электронпост.

kz»  бірлескен  компаниясы  2007  жылдан  бастап  өз 

қызметін  жүзеге  асырып  келеді.  Кәсіпорын  дигитал-

ды басып шығару; деректерді басқару, электрондық 

және  тікелей  маркетинг  қызметтерін  көрсетеді; 

жарнамалық-баспа  және  полиграфиялық  қызметпен 

айналысады.  Жобаны  дайындаудағы  шешуші  фак-

тор  баспа  жұмыстарынан  бастап  жөнелтімдерді 

алушыларға  жеткізуге  дейінгі  қызметтердің  бүкіл 

кешенін  ұсынатын  компаниялардың  Қазақстанда 

жоқтығы болды.

Компанияның жарияланған және төленген капиталы 

13,5  млн.  теңгені  құрады.  Компанияның  «Электрон-

пост.kz» ЖШС-ындағы үлесі есепті кезеңде 33,3%-ды 

құрады.

2012  жылы  Компанияның  Директорлар  кеңесінің 



шешімімен «Электронпост.kz» ЖШС-ына 100% қатысу 

«Қазпочта» АҚ-ға тиесілі.



3.8. ХАлықАрАлық 

ынтымАқтАстық

Жаһандандыру 

және 

технологияның 



даму 

үдерістерінен туындаған әлемдік пошта секторындағы 

маңызды өзгерістер әлемнің пошта әкімшіліктері ара-

сында  байланысты  дамытып,  нығайту  қажеттігін 

көрсетеді. 

Компанияның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы-

на  сүйене  отырып  және  өз  қызметін  Қазақстанның 

инновациялық  дамуының  жалпы  стартегиясын 

1. «пошта қызметтері» бейінді бизнесін кеңейту

        2. Логистикалық міндеттерді күшейту және сыртқы нарыққа шығуға дайындық

            3. Толыққанды банктік бизнестің қалыптасуы

            4. Қоғамның операциялық тиімділігін көтеру

        5. . IT- әлеуетін дамыту

6. Сенімділік және сапа брендін дамыту



іске  асырудың  және  еліміз  экономикасын  әлемдік 

экономикалық  жүйеге  біріктірудің  бір  бөлігі  ретінде 

қарастыра  отырып,  Компания  халықаралық  пошта 

ұйымдарымен және әлемдік пошта секторының басқа 

қатысушыларымен  өзара  іс-әрекет  жасау  арқылы 

халықаралық  ынтымақтастық  үдерістеріне  белсенді 

түрде қатысады. 

Компания  өзінің  халықаралық  қызметі  шеңберінде 

Дүниежүзілік  пошта  одағы  (Дпо),  Posteurop  Еуропа 

мемлекеттік пошта операторларының қауымдастығы, 

Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық сияқты 

ірі  халықаралық  пошта  ұйымдарының  мүшесі  болып 

табылады.

Дүниежүзілік пошта одағы (Дпо) - 1874 жылы Берн 

қаласындағы  (Швейцария)  халықаралық  конгресте 

халықаралық пошта алмасуды қолдану және барлығы 

үшін  қолайлы,  бірыңғай  қағидаларды  әзірлеу  үшін 

құрылған БҰҰ мамандандырылған агенттігі.

1992  жылы  27  тамызда  Қазақстан  республикасы 

«Қазпочта» АҚ Ұлттық пошта операторы тұлғасында 

Дүнижүзілік пошта одағына (Дпо) кірді және үш рет: 

Дпо XXI Сеул конгресінде (1994 ж.), XXIII Бухарест 

конгресінде (2004 ж.) және XXIV Женева конгресінде 

(2008 ж.) Дпо Әкімшілік кеңесіне сайланды. 

Қазақстан БҰҰ жүйесіне кіретін және әлемдік пошта 

секторының  негізі  болып  табылатын  халықаралық 

ұйым  -  Дпо  шеңберінде  геоэкономикалық  аймақты 

қамти отырып, векторлық қарым-қатынасты орната-

ды. Дпо-ға мүшелік Қазақстанға пошта операторлары 

арасында өзара қарым-қатынастың заңнамалық база-

сын  жасақтауға  белсене  қатысуға,  үздік  тәжірибені 

зерттеуге  және  сараптамалық  көмек  алуға  қатысу 

мүмкіндігін береді. 

Дпо-мен  өзара  іс-қимыл  шеңберінде  2012  Дпо-ның 

«орталық  Азия»  ХҚДЖ  (оА-да  ақша  аударымдары 

жүйесін дамыту) жобаларын, көрсетілетін қызметтер 

сапасын көтеру мақсатында Компанияның пайдалана-

тын жүйесін IPS жүйесімен біріктіру жөніндегі жобаны 

іске асыру жұмыстары жүргізілді. 

2012  жылы  Дпо  желісі  бойынша  Компания  өкілдері 

Берн  қаласында  (Швейцария)  өткен  Дпо  ӘК/ппК 

бірлескен  сессиясына  және  Доха  қаласында  (Катар) 

өткен Дпо 25-конгресіне қатысты.

Компанияның 2010 жылы Posteurop Еуропа мемлекеттік 

пошта операторларының қауымдастығына кіруі Ком-

пания  үшін  еуропа  нарығына  шығудың  және  тиімді 

пошта  байланысын  құрудың  еуропалық  тәжірибесін 

зерттеуде жаңа перспектива ашты. 

2012  жылы  Компания  өкілдері  «UNEX  2013» 

тақырыбында  қызметтер  сапасы  жөнінде  PostEurop 

семинарына және Кишинев қаласында (Молдова ре-

спубликасы) өткен қызметтер мен пайдалану сапасы 

жөнінде жұмыс тобының 13-мәжілісіне қатысты.

Компания  екі  жақты  ынтымақтастық  пен  байланы-

старды  кеңейту  шеңберінде  2012  жылы  келесі  іс-

шараларды жүзеге асырды:

-   Мәскеу (рф) және Вильнюс (Литва республикасы) 

қалаларында әрі қарай екі жақты ынтымақтастық 

мәселелерін  талқылау  жөнінде  ресей  және  Лит-

ва  пошта  операторлары  өкілдерімен  жұмыс 

кездесулері өтті;

-   Индонезия 

поштасының 

президенті 

мен 

«Қазпочта»  АҚ  Басқарма  төрағасының  кездесуі 



ұйымдастырылып,  нәтижесінде  5-ші  Астана 

экономикалық форумы шеңберінде өзара түсіністік 

туралы меморандумға қол қойылды;

-   Кенигсвинтер  қаласында  (германия)  өткен 

«пошта  секторының  болашағы»  атты  10-шы 

халықаралық  конференцияға,  сондай-ақ  Берлин 

қаласында  (германия)  өткен  «EXPO-2012.KIOSK-

EUROP» көрмесіне қатысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет