бала күтімі үшін берілетін еңбек демалысынан келген, сонымен қатар қайтып келгеннен
кейін ұйымда қалған қызметкерлер саны
2010
2011
2012
Бала күтімі үшін еңбек демалысына шыққан жұмыскерлердің
жалпы саны
1361
1523
1556
Бала күтімі үшін еңбек демалысынан жұмысқа қайта шыққан
жұмыскерлердің жалпы саны
666
790
801
Бала күтімі үшін еңбек демалысынан жұмысқа шыққан және
жұмысқа шыққаннан кейін 12 ай ішінде жұмыс істеген/әлі жұмыс
істейтін жұмыскерлердің жалпы саны
222
243
275
6.4. іріКтЕу жәнЕ оқыту
Кадрлардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігінің
деңгейі кез-келген саланың дамуы мен келешегін
анықтайтындықтан, Компания біліктілігі жоғары кад-
рларды даярлау мәселесіне зор көңіл бөледі.
персоналды іріктеу жұмыскерлерді таңдау, қабылдау,
ауыстыру, жұмыстан шығару және Компанияда
персоналдың бейімделуі жөнінде нұсқаулықпен
реттеледі. Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес
дайындалған өзге алқалы органның немесе кәсіби да-
муын бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдары
бар және осы лауазымға қойылатын талаптарға
сай келетін Компания жұмыскерлерінің қатарынан
ішкі үміткерлерді іздеу басым сипатқа ие болады.
Компанияның немесе Қордың кадрлық резервіндегі
62/63
жұмыскерлер жоғарғы бос орындарға бірінші кезекте
қарастырылады және конкурстық таңдаудан өтпей-
ақ тағайындалады.
Ішкі үміткерлерді іздеуді ішкі үміткерлердің дерек-
тер базасын жасақтау арқылы жетекшілік ететін
басшының және/немесе құрылымдық бөлімше
басшысының қатысуымен персоналды басқаруға жа-
уапты бөлімше төмендегілер арқылы жүргізіледі:
– лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген және
Басқарма төрағасының бұйрығымен бекітілген
біліктілік
талаптарын
көрсету
арқылы
Компанияның ішкі сайтында білікті мамандарды
іздеу және конкурс арқылы таңдау туралы хабар-
ландыру орналастыру. Хабарландыруды персо-
налды басқаруға жауапты бөлімше дайындайды
және сайтты техникалық сүйемелдеуге жауапты
бөлімшеге жіберіледі;
– Компанияның және Қордың кадрлық резервіндегі
жұмыскерлердің түйіндемесін талдау;
– басқа да ішкі үміткерлердің түйіндемесін тал-
дау;
– қажет болған жағдайда бағалау комиссиясының
және өзге де алқалы органдардың ұсынымдарын,
өзге материалдарын талдау.
Білікті мамандарды іздеу және таңдау мамандарды
іздеу және таңдау рәсіміне Компанияның қоятын
талаптарын есепке алғанда, персоналды іріктеу са-
ласында қызмет көрсететін сыртқы ұйымды тарту
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Компания персоналдың біліктілігін көтеруге зор
көңіл бөледі. 2012 жылы персоналды оқытуға және
біліктілігін көтеруге Қоғам 22,5 млн. теңге бөлді.
2012 жылы Ішкі және сырттай оқыту жоспарына
сәйкес 48 оқыту іс-шаралары ұйымдастырылып, (23
ішкі корпоративтік семинар, 25 сырттай оқыту іс-
шаралары), 916 жұмыскер өз біліктілігін көтерді.
2012 жылы Компания филиалдарының өндірістік пер-
соналы (пошташылар, операторлар, сұрыптаушылар,
фельдъегерлер, экспедиторлар, электр монтер-
лер және басқалары) 12 000 жұмыскері өндірістік-
техникалық оқытудан өтті.
Мақсаттық дайындық бағдарламасы бойынша
Компанияның 9 жұмыскері оқытудан өтті.
Бүгінгі күні мақсаттық дайындық бойынша 43
жұмыскер оқып, диплом алды, олар Компания фили-
алдарында табысты жұмыс істеуде.
рефераттардың мазмұны мен үлгерімінің нәтижелері
бойынша Компанияның атаулы шәкіртақыларды
алу құқығына жеңімпаздар анықталды. 2012 жылы
атаулы шәкіртақылар 100 мың теңге көлемінде оқуға
берілетін гранттар түрінде 5 байқауға қатысушыға
берілді.
2012 жылы Компанияның бір жұмыскері «Әлеуметтік-
еңбек дауларындағы және жанжалдарындағы медиа-
ция», «Тренер-медиатордың мамандандырылған кур-
сы» оқыту бағдарламасы бойынша келіссөздер үдерісі
мен корпоративтік медиация орталығында оқытудан
өтті. Қоғам бойынша медиатордың құзырымен
бірнеше қызметкерді дайындауды жоспарлай-
ды. 2013 жылы Компания орталық аппаратының 1
жұмыскерін және әр филиалдан бір-бір жұмыскерден
(16 бірл.) оқыту мүмкіндігін қарастырып отыр.
Компаниядағы оқытылған медиаторлар мен келіссөз
жүргізушілердің саны 2013 жылғы 1 сәуірде Әп
116 жұмыскерін (13 (1%) және Өп 103 жұмыскерін
(0,5%) құрауы тиіс.
оқытудан өткен жұмыскерлер саны
2010
2011 2012
оқығандар саны, адам
869
617
924
Ішкі семинарлар саны
22
20
27
Сыртқы семинарлар саны
27
35
23
оқытуға шыққан
шығындар, млн. теңге
9,2
10,2
22,9
Барлығы:
20 688
672
974
6.5. КАдрлық рЕзЕрв
Компанияда кадрлық резервті жасақтау жөнінде
жұмыс жүргізіледі:
– орталық аппарат пен филиалдардың басқарушы
құрамындағы 51 жұмыскердің 9 жұмыскері
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының
бірыңғай кадрлық резервіне, 16 жұмыскер
Компанияның кадрлық резервіне енгізілді;
– филиалдар бойынша 611 жұмыскер кадрлық
резервке енгізу үшін қарастырылған. олардың
ішінде жоғарғы лауазымдарға 125 адам
ұсынылған;
– 2012
жылы
ішкі
резервтен
Компания
филиалдарының тағайындалатын номенкла-
тура лауазымына 24 жұмыскер тағайындалды,
бұл жалпы тағайындалатындардың 28%-ын
құрайды. филиал директорлары мен кадр қызметі
басшыларының қызмет көрсеткіштері картасына
кадрлық резервті пайдалану көрсеткішін енгізу
жоспарланған;
– Компанияда номенклатура жұмыскерлерін бос
лауазымдарға таңдау үшін конкурстық комис-
сиясы құрылып, 19 бос лауазымға 35 үміткер
қарастырылды;
– 2013 жылдан бастап филиал директорла-
рын, директорлардың орынбасарларын және
бас бухгалтерлерін алмастыру тәжірибесі
қолданылатын болады.
6.6. КАдрлАрдың
тұрАқтАмАуы жәнЕ
олАрды тАрту
Компанияда кадрлардың тұрақтамауын талдау тоқсан
сайын жүргізіледі, бұл жұмыскерлердің жұмыстан
шығуының себептерін анықтауға мүмкіндік береді, осы
көрсеткіштер мониторингі тиісті шаралар қолданып,
Компанияның
құрылымдық
бөлімшелеріндегі
кадрлардың тұрақтамау деңгейіне ықпал жасауға
мүмкіндік береді. 2012 жылы кадрлардың
тұрақтамаушылығы 2011 жылмен салыстырғанда
Компания бойынша 2,2%-ға төмендеді және 22,8%-
ды құрады.
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
Кадрлардың тұрақтамаушылығы, %
2010
2011
2012
18
22,8
25
Жыл сайын Компанияда персоналды тартуға зерт-
теу жүргізіледі, зерттеу мақсаты еңбек ұжымында
әлеуметтік хал-ақуалға баға беру болып табылады.
зерттеу «Самұрық-Қазына» АҚ пікіртерім әдісімен
персоналды тартуға зерттеу жүргізу жөніндегі
әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Компанияның әкімшілік-басқару персоналы шағын
тартымдылық деңгейін көрсетті, индексі 46%-ды
құрады және «Самұрық-Қазына» АҚ қабылдаған
тәуекел аймағының межелігіне түсті.
персоналдың қанағаттанушылық индексі 57%-ды
құрап, ол да тәуекел аймағына түсті. Сонымен бір
уақытта өтімділік индексінің мәні айтарлықтай төмен
және тәуекел аймағына түсіп, 48%-ды құрайды.
Бастаманы қолдау индексі жоғары мәнге ие, тәуекел
аймағына түсіп, 32%-ды құрайды.
персоналдың тартымдылық индексі %
Тартымды-
лық
Қанағат-
танушылық Ниеттестік
Бастаманы
қолдау
46
32
57
48
Жұмыскерлер жоғары дәрежеде барлық еңбек са-
лаларына – жұмыскерлердің тікелей басшылары-
мен қалыптасқан қарым-қатынасына (индексі 79%)
қанағаттанғандық білдіреді, тікелей басшының лауа-
зым біліктілігіне сәйкестігін (индекс 80%) белгілей
отырып, басшылық пен әріптестеріне сенім білдіреді
және әріптестерінің кәсіби шеберлігіне сеніммен
қарап, қиын жағдайларда олардан көмек сұрауға
дайын.
мансабын дамыту мен нәтижелелігіне мерзімді бағалау
жүргізілетін қызметкерлер үлесі
2010
2011
2012
Жыл аяғындағы жұмыскерлердің жалпы саны, адам
22309
22914
22219
Нәтижелікті ресми бағалаудың есепті кезеңінен өткен
жұмыскерлердің жалпы саны, адам
1192
1331
1716
Нәтижелілікті ресми бағалаудан өткен жұмыскерлер үлесі, %
5,3
5,8
7,7
6.7. мАрАпАттАу
2012 жылы Компания жұмыскерлері мемлекеттік,
ведомстволық және ішкі наградалармен марапаттал-
ды. Компанияда барлығы 527 жұмыскер марапаттал-
ды.
– 1 жұмыскер «парасат» орденімен;
– 1 жұмыскер «Ерлігі үшін» медалімен;
– 2 жұмыскер «Ерен еңбегі үшін» медалімен;
– 1 жұмыскер Қазақстан республикасының Құрмет
грамотасымен марапатталды;
– 50 жұмыскерге «Құрметті байланысшы» атағы
берілді;
– 62 жұмыскер ККМ Құрмет грамотасымен;
– 123 жұмыскер «Қазпочта» АҚ Құрмет грамотасы-
мен марапатталды;
– 288 жұмыскерге «Қазпочта» АҚ Алғысы жария-
ланды.
6.8. мЕмлЕКЕттіК
тілді дАмыту
Компанияда
2012-2014
жылдарға
арналған
мемлекеттік тілді дамыту және қолдану бағдарламасы
әзірленіп, бекітілді.
Компанияда іс қағаздары екі тілде – мемлекеттік
және орыс тілдерінде жүргізіледі. Компанияда
тілдерді дамыту және қолдану жөнінде комиссия
құрылды және тұтынушылар өтініші тілінде оларға
қызмет көрсетуге қатысты міндеттерді іске асы-
ру үшін қажетті ақпараттарды тұтынушылардың
мемлекеттік және орыс тілдерінде алу мүмкіндігі
қарастырылған. «Қазпочта» АҚ-да 2012-2014
жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамыту және
қолдану» бағдарламасы әзірленіп, бекітілді.
64/65
6.9. мәдЕниЕт
жәнЕ спорт
Компанияда жұмыскерлер арасында салауатты өмір
салты туралы үгіт-насихат жұмыстары, мемлекеттік,
ұлттық және кәсіби мерекелерді атап өту жөнінде іс-
шаралар жүйелі түрде жүргізіледі.
Спорт-сауықтыру және мәдени-демалыс іс-шаралары,
спорт түрлері бойынша жолдастық кездесулер, Ком-
пания жұмыскерлерінің балаларына арналған жаңа
жылдық ертеңгіліктер, балалар шығармашылығы
жөнінде байқаулар тұрақты негізде өткізіледі.
Компанияның облыстық филиалдары жыл сайын
спартакиада өткізеді.
6.10. ХАлықтың тұрАтын
жЕрлЕріндЕ жұмыспЕн
қАмтылуы
Бүгінгі күні Компания 22 113 персоналды жұмыс
орындарымен қамтамасыз етеді. Бұл - Компанияның
23 филиалы, ресей федерациясындағы 1 өкілдігі.
Компания филиалдарында 21 782 адам, «Астана по-
чтамты» Аф – 86, «Алматы почтамты» Аф – 1232,
Ақтөбе оф – 892, Атырау оф – 727, Алматы оф –
2162, Ақмола оф – 1475, ШҚоф – 2125, Жамбыл оф
– 1063, Қарағанды оф – 1824, Қызылорда оф – 773,
Қостанай оф – 1345, Маңғыстау оф – 524, павлодар
оф – 106, СҚоф – 1553, БҚоф – 841, оҚоф – 1825,
«Астана қ. пТБ» филиалында – 274, «оңтүстік»
АЛо филиалында – 638, «рАБҚ» филиалында – 303,
«Техникалық сервис» филиалында – 128, «почталық
сервис» филиалында – 62, «АЖпД» филиалында –
75, «Корпоративтік сатылымдар дирекциясы» фи-
лиалында – 20 адам жұмыс істейді.
жұмыскерлердің санаттары бойынша саны, адам
2010
2011
2012
Әкімшілік персонал
1479
1324
992
Өндірістік персонал
20 681
20999
21155
Көмекші персонал
554
591
72
Барлығы:
22 714
22 914
22 219
6.11. ЕңбЕКті қорғАу
Компания еңбекті қорғау жөнінде ұзақ мерзімге
арналған бағдарламаны әзірлеп, іске асыруда
және еңбек жағдайын қамтамасыз етіп, жақсартуға
жауапкершілік тартады, өндірістік қызмет нәтижелеріне
қатысты жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын ба-
сты орынға қояды.
Жыл сайын оқыту және біліктілікті көтеру туралы
жоспарға сәйкес облыстық филиалдардың еңбекті
қорғау бөлімшелерінің жұмыскерлеріне еңбекті қорғау
және қауіпсіздік техникасы мәселелері бойынша
семинар-кеңес ұйымдастырылады. 2012 жылғы 21-25
мамыр аралығында оңтүстік Қазақстан облыстық фи-
лиалында семинар өткізіліп, семинар аяқталысымен
сертификаттар берілді.
Жұмысқа қабылдаған кезде, сонымен қатар бір жыл
ішінде Компаниядағы еңбекті қорғау және техни-
ка қауіпсіздігі жүйесін реттейтін ішкі нормативтік
құжаттармен танысу тұрақты негізде жүргізіледі.
Компания еңбекті қорғау жөнінде ұзақ мерзімге
арналған бағдарламаны әзірлеп, іске асырады
және еңбек жағдайын қамтамасыз етіп, жақсартуға
жауапкершілік тартады, өндірістік қызмет нәтижелеріне
қатысты жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын ба-
сты орынға қояды.
Компания ұжымдық шарт негізінде еңбек өнімділігі
деңгейіне және өндірістік-экономикалық қызмет
нәтижелеріне байланысты Қазақстан республикасының
заңнамасына сәйкес өз жұмыскерлеріне қосымша
әлеуметтік кепілдік береді.
заңнама нормаларына сәйкес қызметтердің та-
лап етілетін көлемін есепке алғанда, сақтандыру
қызметін көрсететін компанияларды таңдай отырып,
жұмыскерлерді сақтандыруды жүзеге асырады. 2012
жылы 17 мыңнан аса жұмыскер жалпы сомасы 4,4 млн.
теңгеге сақтандырылды.
2012 жылы өндірістік жарақат алудың жалпы деңгейі
2011 жылмен салыстырғанда 24%-ға азайды.
Мүгедектік алған жарақаттанушылар, сондай-ақ қаза
болғандар тіркелген жоқ.
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
өндірістік жарақат алу серпіні
Көрсеткіштер
2010
2011
2012
Ит тістеу
4
5
4
Құлау (сыну, соғып алу)
11
8
2
Жол-көлік апаты
3
2
5
Тұншықтырғыш газбен улану
-
1
-
Қарақшылық шабуыл
-
1
-
Басқа жағдайлар
-
-
2
Барлығы
18
17
13
Жол-көлік
апатына
байланысты
өндірістік
жарақаттанудың өсу үрдісі төмендегілерді:
– жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасын
сақтау жөнінде ішкі талаптарды жұмыскерлердің
білу деңгейін;
– жол қозғалысы қағидаларын;
– автомобильдердің техникалық күйін күшейтудің
қажеттілігін көрсетеді.
Өндірісте қайғылы оқиғалар санының (мың адамға
16%) азаюы байқалады.
өндірістегі қайғылы оқиғалар саны, мың адамға
Көрсеткіштер
2010
2011
2012
Қайғылы оқиғалар санын сипаттайтын коэффициент, 1000
адамға, %
0,81
0,76
0,60
2012
жылы
еңбек
жағдайын
жақсартуға,
жұмыскерлерді міндетті түрде сақтандыруға,
пошташыларға және жұмыскерлердің басқа санатта-
рына жазғы және қысқы аяқ киімге өтемақы төлеуге
170 млн. теңгеден аса қаражат игерілді. Жаңадан
қабылданған жұмыскерлермен таныстыру нұсқамасы
және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
жөнінде қайталама нұсқама өткізілді.
Компанияның өндірістік объектілерінде өрттен
сақтандыру қауіпсіздігі шараларын нығайту жөнінде
іс-шаралары жүргізілді. Ішкі бақылау мақсатында
Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде техника
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау күні өткізілді.
Қазақстан республикасының заңнамасының та-
лаптарына сәйкес келу мақсатында еңбекті қорғау
мәселелері бойынша 2015 жылға дейін Компания
еңбекті қорғау саласында негізгі іс-шараларды, оның
ішінде: өндірісте қайғылы оқиғалар санын болдыр-
мауды; қауіпсіз еңбек әдістерін енгізуді іске асыруды
жоспарлайды.
66/67
ЭКологиялық
жАуАпКЕршіліК
7
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
КоМпАНИя КорпорАТИВТІК ӘЛЕуМЕТТІК
ЖАуАпКЕрШІЛІК ЖӨНІНДЕ СТрАТЕгИяНы ІСКЕ АСыруДы
ЖАЛғАСТыруғА МІНДЕТТЕМЕ ҚАБыЛДАДы.
{
68/69
Компания оның қызметі қоршаған ортаға елеулі ықпал
етпейтініне қарамастан, экологиялық қауіпсіздік
мәселелеріне жауапкершілікпен қарайды. Соған
қарамастан, Компания технологияны жаңғырту және
жетілдіру арқылы экологиялық қауіпсіздік дәрежесін
тұрақты түрде көтеріп отырады.
Компанияның қоршаған ортаға ықпалы Компанияның
барлық мүдделі тұлғалары алдында оның
жауапкершілігін анықтайды.
осы жауапкершілікті сезіне отырып, Компания
қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын
қабылдады. Қоршаған ортаны қорғаудағы өсіп келе
жатқан талаптарға жауап бере отырып, Компания
осы салада қосымша міндеттемелерді қабылдады.
Компания тұрақты негізде апаттық жағдайлардың
алдын алу жөнінде барлық қолжетімді және іске
асырылған шаралар кешенін жүзеге асырады,
экологиялық жауапкершілікті көтеру, Қазақстан ре-
спубликасы заңнамасының, салалық корпоративтік
стандарттар мен нормалардың талаптарын орындау
үшін мақсатты түрде жұмыс істейді.
Компания саясаты ауаға рұқсат етілмеген және
нормативтерден тыс шығарулардың алдын алуға,
қоршаған ортаны қорғау саласында менеджмент
жүйесін тұрақты түрде жақсартуға бағытталған.
2012 жылы Компанияның барлық филиалдары
қызметті Экологиялық кодекстің және қоршаған орта-
ны қорғау саласындағы Қазақстан республикасының
басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің талапта-
рына сәйкестендіру жөнінде жұмысты аяқтады.
Ластанғыш заттарды ауаға шығарудың әлеуетті
көздеріне ие объектілер үшін қоршаған ортаға эмис-
сия нормативтері белгіленеді. Шығаруды азайту
жөнінде іс-шаралар әзірленген.
ресурсті үнемдеуді, табиғи ортаға теріс ықпалды
азайтуды қамтамасыз ету мақсатында Компания
шығаруды азайту жөнінде барлық мүмкін болатын
шараларды қолданады.
Салыстырмалы талдау 2012 жылы ластағыш зат-
тарды шығарудың алдыңғы жылмен салыстырғанда
елеулі түрде 1645,2 тоннаға азайғанын көрсетеді.
осы факт 2012 жылы Компания филиалдарының
стационарлық ластану көздерінен нақты шығарудың
негізделген есептемелерін жүргізуге ішкі бақылауды
күшейту арқылы ауаны ластағыш көздер мөлшерін
реттеуге қол жеткеніне, нақты шығарудың мөлшері
реттелгеніне негізделген. 2015 жылға дейін ластағыш
заттар шығаруды 2012 жылмен салыстырғанда
13,8%-ға қысқарту жоспарланып отыр.
тұрпаты мен салмағы, тоннасы көрсетілген
маңызды ластағыш заттар құрылымы
Көрсеткіштер
2010
2011
2012
NO2
92
189
70
SO2
163
333
124
Қатты бөліктер
571
1165
433
Басқалары
457
932
346
Ауаға шығару көлемі және эмиссия төлемдері
2010
2011
2012
9501
17531,3
тонна
мың теңге
17009,9
1283
973
2619
3000
2500
2000
1500
1000
500
0
20000
18000
16000
14000
12000
10000
8000
6000
4000
2000
0
Төлемдер
Шығары
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
Компания күзгі-қысқы кезеңде өндірістік және
әкімшілік орынжайларды жылыту үшін отын ретінде
көмірді, дизельді отынды және газды пайдаланады.
Нәтижесінде ауаға шығару айтарлықтай қысқаратын
жаңартылған энергия көздерін, әсіресе күн, жел энер-
гиясын көп мөлшерде пайдалануды жоспарлайды.
Энергияны көздері бойынша тікелей пайдалану
Көрсеткіштер
2010
2011
2012
Көмір (мың тонна, 1 кг - 29,3 МДж)
322,33
302,36
291,52
отын (млрд. Дж., 1л - 36,295 МДж)
-
-
24,67
Компания шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік
қажеттіліктерге су ресурстарын пайдаланады.
Компанияның сумен қамтамасыз ететін объектілері
орталықтандырылған, пошта байланысының кейбір
бөлімшелерінде тасымал суды пайдаланады. пай-
да болған шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік
ағынды сулар құбырлар немесе септиктер арқылы
құрғатылады.
Компания қызметі өсімдіктер мен жануарлар әлеміне
теріс ықпал етпейді. Компанияда мемлекеттік
ұлттық табиғи парктер немесе қорықтар, айрықша
қорғалатын табиғат аумақтарында орналасқан
объектілер жоқ.
Компанияда өндірістер мен пайдалануда қалдықтарды
(қатты тұрмыстық қалдықтар, қағаз қалдықтары, күл,
көмірді жаққаннан кейінгі қалдықтар, пайдаланылған
майлар, сынапты люминесценция шамдары) шығару
көлемдеріне бақылау жүргізіледі.
Барлық қалдықтар осы қызмет түрін көрсетуге ли-
цензиялары бар мамандандырылған ұйымдармен
жасалған шарттар бойынша шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |