Оқылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар әзірлеу Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



бет1/2
Дата23.04.2023
өлшемі146,06 Kb.
#85858
  1   2
Байланысты:
тілін дамыту 14


Оқылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар әзірлеу
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді инновацияландыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»,-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сол себептібүгінгі күннің талабына сай білім мазмұнын,оның құрылымдық жүйесін жақсарту – білім реформасының жүзеге асуының басты шарты.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі пәні қоғамға араласуға қажетті тыңдалым, айтылым, оқылым,жазылым дағдыларын дамытады. Бұл дағдылар оқушының өмірде еркін қарым-қатынас жасауына; өзгелермен пікір алмасып, көзқарасын еркін білдіре алуына; өз ойын, көзқарасын жүйелі де нақты жеткізуіне; кез-келген ақпаратты тиімді қолдануына; түрлі ақпаратты құр оқымай, сараптай отырып оқуына; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, тың идеялар жасауға жол ашары сөзсіз. Осы төрт дағдының ішіндегі ең маңыздысы – Оқылым дағдысы, себебі оқудың тиімді жолын меңгеріп, оқығаны бойынша анализ жасай алған адам ойын еркін айта да алады, сауатты жаза да алады. Оқылым дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Оқылымды қандай стратегиялар арқылы жүзеге асыруға болады? Оқу барысында қандай әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға болады?
Ф.Оразбаева еңбегінде: «Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу»,-деген анықтама берілген. Оқылым дағдысы арқылы оқушылар мәтінді және оның мазмұны мен мақсатын, тілін түсінуге, негізгі ойды анықтауға және мәтіннің құрылымдық бөліктерін, мәтіннің стилі мен типін анықтауды, оқылған мәтін
негізінде сұрақ құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды және мәтіндерге салыстырмалы сараптама жасауды меңгереді.
Отандық ғалымдар тілді үйрену барысындағы оқылымның бірнеше түрін анықтайды: аналитикалық оқу, синтетикалық оқу, дайындықты оқу, дайындықсыз оқу, аударма арқылы оқу, аудармасыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу, т.б. Ал Ф.Оразбаева өз еңбектерінде оқылымның танымдық, зерделік, ізденімдік, көрсетімдік оқылым сияқты түрлерін жіктеп көрсетеді. Өз зерттеулерінде Ф.Оразбаева«Оқылымның берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік-қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалану керектігінің» маңызды екендігіне баса назар аударады.Оқылым дағдысы арқылы білім алушының танымы кеңейеді, ойлау жүйесі дамитын болады.
Оқушының оқу дағдысын қалыптастырда бірнеше мақсаттар ұсынылған. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мақсаты арқылы оқушы тек мәтін мазмұнын меңгеріп қана қоймай, сол мәтінді жазу арқылы автордың нені көздегенін, кімдерге арнағанын, автордың сол мәселеге байланысты қандай көзқараста екенін, оқырманға жеткізу үшін қолданған тілдік бірліктерін саралап, сараптама жасау дағдысын қалыптастырады.
Оқылым дағдысының әр мақсаты «шиыршық» принципі негізінде жеңілден күрделіге қарай ұсынылады. Қазақ тілі пәнінде мәтінтану (оқылым/тыңдалым) мен мәтінтудыру (айтылым/жазылым) – қатар жүретін үдеріс. Барлық дағдыларда мәтін ұғымы қолданылады. «Мәтін – аяқталған толық мазмұнды білдіретін қарым-қатынастың, әсер етудің ерекше бірлігі. Ол – хабарды сақтаушы және жеткізуші болып саналады». Оқылым дағдысын арттыруда мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мақсаты көп ізденісті қажет етеді. Ұсынылған мәтіндерді оқи отырып, оқушылар екі мәтінге салыстырмалы талдау жасайды: мәтіндердің формасы мен түріне, стилі мен жанрына, мақсаты мен мазмұнына, аудиториясына, тіліне сараптама жасайды.

Оқылымды, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мақсатын жақсарту ол жадағай оқудан тұрмайды. Оны жақсартудың жүйеленген әдіс-тәсілдері бар. «Оқылым – оқушының оқу сауаттылығын қалыптастырудың құрамдас бөлігі» болғандықтан, мәтінге талдау жасамас бұрын оқудың тиімді жолдарын анықтау маңызды.Солардың ішінде Оқылым стратегияларын қолдана оқу – оқу сапасын арттыратын тәсіл. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасауда Оқылым стратегиясының тиімдісін анықтап, қолдану арқылы мәтін талдауға кететін уақытты үнемдеге, нәтижеге жетуге, білім сапасының артуына ықпал етеді. Оқылымның қандай стратегиялары бар? Бұл сұрақтың жауабын төмендегі сызбадан аласыз.

Нью-Йорк мемлекеттік университетінің профессоры Винсент Р.Pyггиepo өзінің «Сыни оқу стратегиялары» атты зерттеуінде: «Кез-келген мәтінді оқып, ондағы ақпаратқа сенбес бұрын әр адам төрт сатылы сыни оқу стратегиясын қолдана білу тиіс: шолу, талдау, оқу және бағалау»,-дейді. Осындай сыни оқу стратегияларын қолдану арқылы оқырманның сараптама
жасау, сыни ойлау, талдау, салыстыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік туады. Ресейлік Г.В.Пранцова мен Е.С.Романичеваның «Современные стратегии чтения: теория и практика» атты еңбегінде оқуды ұтымды жүргізу жүйесінің теориясы мен тәжірибесі көрсетілген. Аталмыш ғалымдардың еңбегінде білім бағдарламасына сай мәтіндер, ғылыми және көркем мәтіндерді оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған тәсілдер PISA ұсынған форматта берілген. Винсент Р.Pyггиepo зерттеп оқу стратегиясына басты назар аударса, ресейлік ғалымдар рөлге бөліп оқу, іріктеп оқу, түртіп оқу стратегиялары мәтінді тереңірек ұғынуға септігін тигізеді деп есептейді.
Қазақ тілінде мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мақсатымен жұмыс барысында Оқылым стратегияларын қолдану дағдысын қалыптастырып, оны қолдана отырып талдау жасауға дағдыландырсақ, білім сапасының артуына жол ашылары анық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет