Қоңыр Мухатаева



бет2/4
Дата27.09.2023
өлшемі28,58 Kb.
#111183
1   2   3   4
Аймақтық баспалар. Елімізде зерттеуді, саны мен сапасын айыруды қажет ететін баспалар – аймақтарда. Оған көпшілік бара бермейді, сондай-ақ бұл баспалар жеке меншік қолдарда болғандықтан, тақырып аясын да өздері таңдайды. Десе де кітап ең көп басылатын аймақ – Алматы және Алматы облысы. Облыста бір жылда 2864 кітап басылса, оның 2846-сы Алматы қаласында шыққан. Ал екінші орында Ақмола облысы. Мұнда жылына шамамен 500-ден астам кітап жергілікті баспалардан басылып шығады.
Дәстүрлі баспалар. Бұл баспаларға сол 1920 жылдардан бастау алатын Қазақстан баспасынан бастап, кейін дамыған Жазушы, Жалын, Мектеп, Қайнар т. б. тек кітап шығару ісімен айналысатын баспаларды жатқызуға болады. Олардың саны 129 болады. 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Қазақстан Республикасының баспасөзі» статистикалық жинағының 2016 жылғы мәліметі бойынша 5508--кітап басылған. Оның ішінде дәстүрлі баспалардың басылымы 2455 кітап өнімдерін құрайды.
Жоғарғы оқу орындарының және орта кәсіптік білім мекемелерінің баспалары. Бұл баспа саласының саны- 75. Бұл – көпшілікке танымал бола бермейтін баспалар. Сондай-ақ сол оқу орнының ғана материалдарын басуға бетбұрыс жасаған. Мысалы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің баспасы 2015 жылы 134 атаумен кітап өнімдерін жарыққа шығарған. Сондай-ақ Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің баспасы 181 кітапты басқан. Жалпы жоғарғы және орта оқу орындарының баспаларынан барлығы 1770 аталыммен кітап жарыққа шыққан. Осылардың ішінен көпшілікке танымал бола бастаған және баспалардан аталымы бойынша көшбасшы болып келе жатқан Қазақ университеті баспасын атауға болады.Соңғы жылдары шығарған кітап басылымының саны- 631.
Ғылыми-зерттеу мекемелерінің баспалары - 23. Қазақстанның бірінші Президенті қоры жанынан құрылған әлемдік экономика және саясат институты өз баспасынан бірнеше басылым дайындаса, Философия және политология және аймақтану институты 12 кітапта баспаға дайындап, шығарған. Олардың жалпы саны – 145 аталым кітапты құрайды. Десе де бұл көрсеткіш өте аз. Себебі инфрақұрылымды дамытып, ғылымының дамуын алға қойған Елбасы саясатын негізге ала отырып, негізгі білім мен ғылымды қалыптастырып, ұсынатын ғылыми зерттеу орталықтарының бір жылда 145 аталымға да жетпейтін еңбек дайындауы азшылық етеді.Бір ескерте кететін жағдай, бұл көрсеткіштер тек Кітап палатасына келіп түскен міндетті даналар бойынша ғана беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет