187
Су. Оны көп қолдану –
бет терісін жақсартып,
ажарландыра түседі.
Зәйтүн майы. Зәйтүн ағашының жемісі керемет
косметикалық қасиеттерге ие. Ол тамаққа пайдалануға, дене мен
шашқа жағуға арналған. Жасартатын ғажайып әсері бар. Бет
терісі мен денені жұмсартып, ылғалдандырады. Тырнақты
қатайтып, шашты жібектей жұмсақ етеді.
Мисуак. Оны күнделікті
қолданса тістер мықты әрі сау,
күріштей аппақ болатыны ғылыми түрде әлдеқашан дәлелденіп
қойған.
Иіссу. Құрамында спирті жоқ жұпариісті иіссуларды
пайдаланған жөн.
Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану.
Мұсылман әйелдері құнарлы тамақтанып, темекі,
спирттік
ішімдіктерден аулақ болғандықтан рак, түсік тастау, бауыр мен
жүрек ауруларын білмеген.
Достарыңызбен бөлісу: