6
КІРІСПЕ
«Қазақстан
–
2050»
стратегиясы
саналатын
мемлекетіміздің жаңа саяси
курсын құрайтын идеясынан
туындаған
жаңа
бағыттар
халқымыздың
этномәдени
құндылықтарын қастерлеп, өмір салтына айналдыра алатын,
білім мен тәрбиенің негізгі бастауын ұлттық мазмұнда тағылым
алған қыз балалардың мәдени болмысымен тұтас қарастыруды
талап етеді.
«Ұлтты қыз сақтайды» деген аталы сөзді басшылыққа ала
отырып, мемлекетіміздің негізін құраушы халықтың қыз балаға
ерекше қамқорлықпен қараған дәстүрлі
тағылымына орай,
әлеуметтік саясатымызды жүзеге асыруда қыз тәрбиесіне
басымдылық бере, педагогика ғылымдарының мүмкіндіктерін
жан-жақты да ұтымды пайдалануды көздейміз.
Қазақстан Республикасының Этникалық-мәдени білім
тұжырымдамасында: «жан-жақты мәдениетті тұлға ең алдымен,
тұтас дүниетанымға ие болуы қажет.
Мұндай тұлғаның
дүниедегі, әлеуметтік орта мен мәдениеттегі байланыстары мен
қатынастарының күрделі, өзара байланысты және өзара астарлас
сипатын көрсетуге мүмкіндік беретін білім мен білігінің жүйеге
қалыптасқанын білдіреді. Тұтастық – жоғары дамыған және
тиімді
оңтайланған
дүниетанымның
өлшемі»
–
деп
қарастырылғанындай, біздің ойымыз: өткеніміз бен бүгінімізді
сабақтастыратын,
ертеңімізге
еркін
қадам
жасайтын
университет студенттері –
қазақ қыздарының бойына
қарапайым тұрмыс-тіршілігінің қыр-сырынан бастап, ұрпақ
тәрбиесінің зор жауапкершілігімен бірге, ұлттық рух пен ұлттық
сана, рухани-адамгершіліктің сұрыпталған дәнін себу.
7
Университетте оқытылатын «Қазақ аруы»
арнайы курсы
арқылы адамгершілік, имандылық,
парасаттылық, елжандылық
тәрбиесін берумен қатар,
зиялылық, іскерлік, өнерді
дәріптеушілік қасиеттерді студенттеріміздің
бойынан тауып,
дамытсақ дейміз. «Қазақ аруы» арнайы курсы гендерлік
мақсатты негізге ала отырып, өркениеттік үлгідегі ойын ұлттық
мүддемен байланыстыра білетін, мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы
ұлттық ділмен ұштасқан, кәсіптік-педагогикалық
имиджі
қалыптасқан зиялы әйел тәрбиелеуге бағытталған.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
оқу-тәрбие процесіндегі
«Қазақ аруы» арнайы курсының
Достарыңызбен бөлісу: