190
Оның жақындарымен ара-қатынасыңыздың жақсы болуы –
еріңізді тек қана қуантады.
Отбасылық өмірде әйел қандай нәрселерден қашқаны жөн?
1. Жағымсыз ойлар.
Өз-өзіне деген көңіл толмаушылық, сары уайымға
салыну, тұнжырау – тұңғиыққа батырып, жұбайлардың ара
қатынасына кедергі келтіреді. Солғын көзқарас, жабырқау
жүріс, дірілдеген дауысты әйелден қандай еркек болса да
қашары сөзсіз.
2. Менмендік.
Күйеуіне тек табыс табушы деп қана қарайтын, оның
жан дүниесімен санаспайтын, алуды ғана білетін әйелдерден де
еркектер бойын аулақ ұстауға тырысады.
3. Енжарлық, салқындық пен қатыгездік.
Үй шаруасы мен балаларына ғана көңіл бөліп, күйеуін
«ұмытып кететін», әйелге тән нәзіктік пен еркелеуді, жылы
сөзбен ерінің жанын жылытуды білмейтін «мейірімсіз» әйелдер
еріне сүйкімсіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: