Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет14/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

«Хибатул хақайк» (Ақиқат сыйы) атты өзіндік 
демократиялық бағыты бар дидактикалық дастан жазған Ахмет 
Игүнеки (ХІІ ғ.) алдыңғы даналардың ойларына сай адами асыл 
қасиеттер мен білім-тәлімнің адамзат үшін игілік екенін айта 
білген ақын. Дидактикалық сипаттағы 504 өлең жолынан 
тұратын дастанда жамандықтан қашу мен жақсылыққа 
тәрбиелеуге қалай жетуге болатынын бейнелі салыстырулар мен 
теңеулерге, нақылдар мен мақал-мәтелдерге негізделген 
ұлағатты оймен ұсынады. Әр тұжырымы таратып мақала етуге 
болатындай Ахмет Игүнеки: «Білімді әйел – ер, надан еркек –
әйел» - дегенде өмірде, отбасы жағдайында өз орнын, өз рөлін 
білмеген еркектің әйелдің тірлігіне араласуын, өз мәртебесін 
түсіріп алуын айтады. Ал білім алған, жақсы мен жаманды 
айыра білетін әйел, отбасында және ортада басшылық жасай 


27 
алатындығын 
мойындайды. 
Игүнеки 
ердің 
рөлінің 
төмендемеуін, білім мен ақыл иесі болын қалайды: «Ердің көркі 
– ақыл, сүйектің көркі – май», - деп бейнелі салыстыру 
жасайды. Отбасының берекесі сыйластықта екенін, сыйластық - 
әдеп екендігін, «үлкен-кішіге сыпайы сөйле», - деп білдіреді.
Ислам әлеміндегі жеті сұлтанның бірі – Хазірет сұлтан 
атанған Қожа Ахмет Яссауи (ХІІ ғ.) сопылық поэзия өкілі. Ол 
өзінің «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) атты еңбегінде діни-
сопылық қағидалармен қатар, бұл дүниелік жайттар: оқып білім 
алу, иманды, адал, ізгі қасиетті болуға үндейді.
Құмар болма ей, достар нәпсіге еріп, 
Ертелі кеш жалған айтып, бейғам жүріп... 
Мәжнүндерге Ләйлі керек... 
«Қабуснама» 1082-1083 жылы жазылған туынды. Бұл 
кезеңдерде Орта Азия мен Иран өлкесінің мейлінше мәдениеті 
дамып, кемелдене түскен болатын. Мұны Баласағұни 
ойларымен салыстыра отырып та аңғаруға болады. Алтын 
Орданың басқа елдермен байланыс жасай бастаған тұсында, 
қазақ жеріне Каспий теңізінің оңтүстік жағалауын мекендеген 
Гилан 
ру-тайпасында 
(1021-1022 
жылдары) 
туылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет